kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мұз патшалығындағы хикая

Нажмите, чтобы узнать подробности

Фея:  Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің Жаңа Жылда ертегі күтіп отырғандарыңды естідім. өзімнің сүйікті ертегілерімнің бірін ала келдім. Сонымен тыңдаңдар. Бір кішкентай қалашықта Кай деген ұл (Кай жүгіріп шығады), Герда деген қыз (қыз жүгіріп қасына келеді) болыпты. Әжелері өзінің сүйікті немерелерін өте жақсы көріпті. 
Кай: Герда, қарашы біздің раушан гүліміз гүлдепті.
Герда: Иә, Кай, қандай әдемі!
Кай: Герда екеуміздің гүліміз бірге тұрсыншы, екеуіміз сияқты айрылмастай достар болсын.
Герда: Жарайды, Кай
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мұз патшалығындағы хикая»

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға көңілді әуенмен балалар кіреді.

Фанфары


Хоровод №1 Дәрібаев «Жаңа жыл»


1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар.


2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.

1 - жүргізуші:

Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.

2 - жүргізуші:

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.


№2 Музыка ойналып, залға Фея майшам ұстап кіреді. 


Фея: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің Жаңа Жылда ертегі күтіп отырғандарыңды естідім. өзімнің сүйікті ертегілерімнің бірін ала келдім. Сонымен тыңдаңдар. Бір кішкентай қалашықта Кай деген ұл (Кай жүгіріп шығады), Герда деген қыз (қыз жүгіріп қасына келеді) болыпты. Әжелері өзінің сүйікті немерелерін өте жақсы көріпті.

Кай: Герда, қарашы біздің раушан гүліміз гүлдепті.
Герда: Иә, Кай, қандай әдемі!
Кай: Герда екеуміздің гүліміз бірге тұрсыншы, екеуіміз сияқты айрылмастай достар болсын.
Герда: Жарайды, Кай


Герда: Әже, қар қандай әдемі! Әже, қар қайдан пайда болады?
Кай: Иә Әже, айтшы
Әжесі: Қыс мезгілі келгенде қарларды бізге сонау алыс - алыс жерде өмір сүретін «Қыс Ханшайымы» жібереді. Сонау патшалықтан боранмен аяз бен үскірік жетеді. Ол мұзды қала, мұз сарай!
Герда: Әже, Қыс Ханшайымы сұлу ма?
Әжесі: Иә Герда, өте сұлу және жалтырап тұрады. Ол өте суық, жылуды жақсы көрмейді.
Герда: Мен қорқамын одан!
Кай: Ал, мен қорықпаймын! Келсін қазір алдыма, оны ұстап алып, ыстық пешке салып жіберемін..ха - ха - ха

3 Снежинка биі


4(Боран үні)


Қыс Ханшайымы: Не дейді мына бала!!! Мені ешкім де жеңе алмаған, жеңе алмайды да! (айнаны шашып жібереді.)қолында сынған диск болады

Герда: Әні ол,... дәл өзі, бізге қарап тұр.
Кай: Ай, көзіме бірдеңе кіріп кетті, ай - ай ауырып барады,.... жүрегім!
Герда: Кай не болды саған, әкел қарап жіберейін.
Кай: Жолама маған, болды басылды. Тарт қолыңды!
Герда: Қарашы, Кай гүлдеріміз құлап қалыпты.
Кай: Жаман гүлдер, керек емес! (теуіп жібереді гүлдерді)
Герда жылап қалады
Кай: Мен далаға шығып ойнаймын. (далаға шығып кетеді)
Герданы қармен атады. Герда жылап қалады. Кай қарқылдап күледі.

5 Қатты боран дауысы.


Қар Ханшайымы: Ах, сен мұнда екенсің ғой. Жүр менімен! (Кайды алып кетеді)

Артынан Герда жүгіріп:


Герда: Кай, Кай тоқта! Шыршаның алдына келіп: 
Қар Ханшайымы Кайды алып кетті, енді не істеймін? (Тізерлеп отырып жылайды) 

Фея: Жылама, Герда! Сенің жақсы шыдамды қыз екеніңді білеміз. Сен Кайды міңдетті түрде табасың, жол ұзақ. Жылы киіміңді киіп ал да, жолға аттан. (Тон, пима кигізеді) 

Герда: Кай, мен сені іздеп табамын! КАЙ- КАЙ -КАЙ


№6 Испан биі


7Хоровод №2. Зырлайды шанамыз


Залға Қар Ханшайымы кіреді. 


Қар Ханшайымы: Балалардың көңілді болғанын ұнатпаймын. Не ән? Не күлкі? Мен сендерге көрсетемін. 

1-бала: Сенің даусың қорқынышты емес! Суық желден де қорықпаймыз.

2- бала: Біз сеннен қорықпаймыз. Сенің суығыңнан да қорықпаймыз. Біз көңілдіміз, өйткені оқушылардың өнерлерін тамашалаймыз!

8 Би: «Вальс»



Қар Ханшайымы: Ах, солай ма, жаман қыздар мен ұлдар! Күлесіңдер, көңілдісіңдер, ендеше қорғаныңдар. Эй менің сенімді көмекшілерім, мұздар! Қайдасыңдар? Алыңдар мына қарларды, ұшыңдар, ұшыңдар, барлығын мұз қылып қатырыңдар. 


Би аяқталғанда барлық балалар «қатып» қалады. 


Қар Ханшайымы: Жарайсыңдар, менің көмекшілерім. Жақсы еңбектендіңдер.


Фея: Ой, сұмдық. Мынау не болды өзі? Аналардың жүрегі ғана бұл мұзды еріте алады. Кәне, аналар, жылдам балалардың аттарын қаттырақ айтып оятыңыздар.


Аналар балалардың атын атап, тірілтеді. Балалар бастарын көтеріп отырады. 

Фея: Кәне бұл жерден кетіңіз. Біз қазір Аяз Атаны шақырамыз. Сізге жаман болады. 

Қар Ханшайымы: Ха- ха-ха! Оны әлі көреміз, кімге жаман болатынын. Аяз ата келмейді. Герда Кайды таба алмайды. 

Фея: Бізді қорқытпа, Жаңа Жыл кешінде не күтіп тұрғанын білмейсің. 


Қар Ханшайымы: Мен көрейін не күтіп тұрғанын. Әй, сыған қызы Рада. Кел маған бал ашып бер. (Шыршаның артынан сыған қыздары биге шығады) 

9 Би: «Сығанша»


Би біткен соң


Сыған қызы Рада: Неге шақырдың Қар Ханшайымы, а-а? 

Қар Ханшайымы: Жетер билегенің, енді мені Жаңа Жыл кешінде не тосып тұр, соны айтып бер. 

Сыған қызы Рада: Қазір, қазір менің маржаным! (Картасын жайып) О, сұлуым, бүгін сен Аяз атаның сиқырымен Күннің көзінен ерисің. Карта өтірік айтпайды, алдамайды. 

Қар Ханшайымы: Сен не кеттің өзі? Оңбаған мыстан сыған, кәне жоғал! (Рада шығып кетеді, қыздар орындарына отырады) 

Қар Ханшайымы (ойланып): Аяз атаның сиқырымен Күннің көзінен еримін бе?Мүмкін емес. Карта алдайды. Бірақ мен ойланып көрейін. (Кетеді) 


Жүргізуші: Қане,балақайлар бәріміз шыршаны айналып жүріп,ән айтайық


10 Хоровод №3 Шырша жыры


Герда залға кіреді. 


Герда: Қалай ұзақ жүрдім, шаршадым, жатып дем алайын (шыршаның астына жатып ұйықтайды). 


Жүргізуші: Герда мына аязда тоңып қалған шығар, Кәне, балалар, өз өнерімізді көрсетейікші



Айқай, шу, ысқырық. Қарақшылар кіреді.


11 Би. «Қарақшылар»

Атаман: ( Герданы көріп, тұрғызады) Мынау не қылған қыз? Сен мына орман ішінен кімді іздеп жүрсің? 


Герда: Мен досым Кайды іздеп жүрмін.


Екі қарақшы Герданың екі жағынан ұстап алады да, үстіндегі киімдерін шешіп алады.


Атаман: Сенің кімді іздеп жүргеніңде шаруамыз жоқ. Сен енді біздің тұтқынымыз боласың, ешқайда сені жібермейміз.


Қарақшының баласы: (Аида) Тоқта, бұл менің ойыншығым, тимеңдер!!


Атаманша: Жақсы, тиме!!...... Менің тәрбием, Ол нағыз қарақшы болып шығады.


Герда: Мен сенің ойыншығың бола алмаймын. Жіберші мені!!


Қарақшының баласы: Сөйлеме, ешқайда да қаша алмайсың.


Герда: Жо - о - оқ. Мен енді жан дегенде жалғыз досым Кайды қалай іздеп табамын. Ол суыққа тоңып, бір жерде қасқырға жем болса мен өзімді кешірмеймін. Менде өмір сүргім келмейді онда...(жылайды)

Қарақшының баласы: (жаны ашып кетеді) Жыламашы болды, ол өлмейді. Мен сені босатамын.


Герда: рахмет саған! (Құшақтайды) 


Қарақшының баласы: Жарайды! Қойшы, Герда, мен ондайды жек көремін. Мен сені әлемдегі ең жүйрік, ең төзімді бұғыға мінгізіп жіберемін. Мә, киімдеріңді киіп ал, бірақ мынаны өзіме алып қаламын. (қолына киетінін)


12 Ән. Жаңа жыл, 5оқушы

 
Герда: Мен әлі Кайды іздеп жүрмін. КАЙ---- КАЙ--- КАЙ


Жүргізуші: Саған тек Ақшақар көмектесе алады. Кәне балалар, Ақшақарды шақырайық! 


Балалар: Ақшақар, Ақшақар! №13 ҚАР ДЫБЫСЫ


Ақшақар: Міне, мен де келдім. Сәлеметсіңдер ме, достарым. Сәлеметсің бе Герда. Сен неге жылап тұрсың? 


ЖЫЛАМА,Мен өзімен бірге өнерлі балаларды ала келдім.


Жүргізуші:


14 Көңілді тапқырлар алаңына кезек берелік (КВН)



Герда: Қалай жыламаймын. Мен үйге де қайта алмаймын, інімді де таба алмаймын. Сен маған көмектесші. 


Ақшақар: Жылама, Герда. Менің бір сиқырлы айнам бар. Соған қарап Кайдың қайда екенін көрейік. Кәне, Сиқырлы айна, бізге көмектесші. Кай қайда екенін көрсетші. Міне, Қар Ханшайымының ат шанасы көрінді. Бізге қарай келе жатыр. 
Кәне тығылайық


Шыршаның артына тығылады


Залға Қар Ханшайымы мен Кай кіреді. ҚХ таққа отырады. Кай оның аяқ жағына отырады.


Кай: Жан – жағымыз тып – тыныш. Көңілсіз бәрі. (Мұз пішіндермен ойнап отырады) 


Қар Ханшайымы: Шудан көрі тыныштық жақсы ғой. 


Кай: Бүгін барлық жерде Жаңа Жыл ғой! 


Қар Ханшайымы: Бізге ешкім керек емес. Ешкім келмейді де.

 
Кай: Достарымсыз маған көңілсіз. Мен ән айтып, би билегенді ұнатамын. 


Қар Ханшайымы: Кәне, жап аузыңды. Ыңырсымай қойшы! 


Осы кезде шыршаның артынан Герда шығады


Герда: Кай! Сен мені таныдың ба? 


Кай: Иә, таныдым, бірақ айқайлап менің мазамды алмашы. 


Герда: Сенің есіңде ме, біз қандай көңілді болдық?! 


Қар Ханшайымы: Енді ол көңілді болғанды ұнатпайды. 


Герда: Өтірік! (Аяғымен тарсылдатып) Ол мені ұмытқан жоқ! (Кайға жақындап, құшақтап, бетінен сүйеді) Мен сені таптым, Кай! 


Кай: Сәлеметсің бе, Герда!( Қолдарын шапалақтап, айналады, күледі, қуанады орнына барып отырады) 


Фея: (шыршаның артынан Шығып): Герда Кайды тапты да, біздің мейрамға келді. Біз енді мейрамды жалғастырайық, ән салып, би билейік. 


Қар Ханшайымы: Мен ән, күлкі, мейрамды ұнатпаймын! Мерекелеріңді бұзамын! Ха –ха –ха! 


Фея: Балалар, жылдамырақ Аяз атаны көмекке шақырайық. (Сағыныш киім алмастыру)


Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата!  №15 қар дауысы


Аяз Ата: Келе жатырмын. (Есіктің артынан айқайлап ) Келе жатырмын! 
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Амансыздар ма, қонақтар! 
- Ақшақар, не болып жатыр? Көңіл күйлерің жоқ қой? 


Ақшақар: Қар Ханшайымы біздің мерекемізді бұзбақшы. Сиқырлы таяғыңды алып, оны Күннің көзіне ерітіп жіберші. 


Аяз Ата:

Бір, екі, үш, 
Бері кел пеш! 
Бір, екі, үш, 
Қар Ханшайымын ерітіп жібер. (Үрлегенде, ҚХ айналып, айналып, Күннің алдына барып құлайды.) 

Қар Ханшайымы: Көмектесіңдер, еріп барамын! (Аяз Ата итеріп, шығарып жібереді) 


Жүргізуші: Қар Ханшайымын одан еріту үшін ыстық жақтан бізге қонақтар келе жатқан сияқты...


16 Би: Чунга-Чанга


Аяз Ата: Міне, Қар Ханшайымынан құтылдық. Мерекемізді жалғастырайық.

Кәне, балалар шеңбер құрып тұрайық. Шыршаның шамын жағайық! 

Барлығы: Қуант, бізді таңырқат, 
№17 Шамдарыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу) 

18 Хоровод №4 КЕЛДІ МІНЕ ЖАҢА ЖЫЛ!!!


Ойын: «» Ойын ережесін Ақшақар түсіндіреді. Ата-аналарды биге шақыру?или шар үргізу

Аяз Ата: Ал ендеше билейік! АТА-АНАЛАРмен бірге би ұйымдастыру(артық тұрған музыканы қосу)



Ақшақар: АязАта, балалар сізге тақпақтар дайындапты. Тыңдап көрейік. 


Монтаж


Аяз Ата: Жарайсыңдар, балаларым. Мен де сендерге өзіммен бірге кішкентай Аяз Аталар мен Аққалаларды ала келдім. Кәне, менің достарым. Шығыңдар, билеріңді көрсетіңдер! 


Жүргізуші: Аяз ата, сізге арнаған әніміз бар, соны тамашалайық


6В Жаңа жыл әні без номер



Аяз - ата: Жарайсыңдар! Өнерлі балалар екенсіңдер.


Аяз - ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.

Жүргізуші: Балалар бізде қазір қандай жыл?

Балалар: Доңыз жылы.

Жүргізуші: Келе жатқан жыл қалай аталады?

Балалар: Тышқан жылы.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз өткен жылмен, келер жылды ортаға шақырайық.

19 Музыка әуенімен доңыз бен тышқан залға билеп кіреді ДОҢЫЗ,ИТ даусы


Доңыз: Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендердің киімдерің қандай әдемі. Ой, неткен әсем шырша? Мұнда не болып жатыр?

Жүргізуші: Бүгін бізде Жаңа жыл мерекесі. Енді біз сізбен қоштасамыз, ИТ жылын қарсы аламыз. Бірақ, сіз біздің мерекеміздің қонағысыз.

Тышқан: Мен Жаңа жылмын ғой! Бұл біздің дүниеге келген жылымыз.Жаңа жыл мерекесі құтты болсын.


Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын сіздерді,
Жаңа жылдарың құтты болсын, ағайын.


Жүргізуші: Төрлетіңіздер. Балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.



20Жүргізуші: Би- МИККИ-МАУС

Аяз - ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де, өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.


Ақшақар: Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Балалар, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

(Қолдарын бұлғап шығып кетеді)


Балалар: Сау болыңыздар!


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар! 2020-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш алып келсін!!!


Флешмоб «Жастар биі»



Сынып жетекшілер сөзі.



МЕКТЕП әкімшілігіне сөз беру



Демеушілік жасаған ата-аналарды марапаттау



Сыйлық тарату

























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мұз патшалығындағы хикая

Автор: Аетова Г.Е. Баймурзина Г.К.

Дата: 04.01.2020

Номер свидетельства: 534361


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства