kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??а?али м?расы м??гілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??а?али м?расы м??гілік атты т?рбие са?атын о?ушылар а?ынны? шы?армашылы?ымен танысады. ?ле?дерін жат?а о?иды. М??а?али поэзиясы шынайы, о?ушыны адамгершілдікке, батылды??ы, елжандылы??а баулиды. о?ушылар М??а?али ?ле?дерін с?йіп о?иды.  Мектебімізде, ауданда, облыста, республикада жыл сайын М??а?али о?улары ?теді. Бізді? ??мсай орта мектебінде де М??а?али?а арнал?ан кештер, о?улар ?тіп отырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??а?али м?расы м??гілік »









































Ақтөбе облысы

Мұғалжар аудандық білім бөлімі





Оқушылармен жүргізілген шығармашылық бағыттағы тәрбиелік

іс-шаралар топтамасы


Әдістемелік құрал














Мамыр-2015





Құрастырған:

Ибраева А.Ж.- Құмсай орта мектебінің қосымша білім беру педагогі

Пікір жазған: Төлемісова А.Қ АББ-нің әдіскері





Бұл жинақтағы іс-шаралар талаптарға сәйкес, үлкен шығармашылық ой негізінде құрастырылған. Жинақты мектеп мұғалімдері және жас мамандарға көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.





Әдістемелік жинақ мектеп мұғалімдеріне және жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.






























Мектептің өзекті мәселесі:


Орта білім бағдарламасын жүйелі меңгерген, шығармашылық ойлау қабілеті дамыған, интеллектуалды жеке тұлғаны тәрбиелеу



Мұғалімнің өзекті мәселесі:


Әрбір оқушының жеке-дара қасиетін ұғынып, оны саналы да жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру


















Сайыстың тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»


Сайыстың мақсаты: Оқушыларды мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту. Өз қазақ әдебиетін құрметтеуге, өз тілін мақтан ете білуге тәрбиелеу. өз ойларын әдеби тілде жеткізе білуге баулу, ой жүйріктігін дамыту.

Сайыстың барысы:

І.Кіріспе бөлім

- Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазынаның бірі- мақал-мәтелдер. Оқушыларға мақал-мәтелдерді үйретіп ұғындыру, баланы көптеген жақсы қасиеттерге адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейді. Мақал-мәтелдер дегеніміз сөз арқылы ықшамды, жинақталған, өтімді түрде айтылатын күрделі ойдың қорытындысы, бейнелі тіл байлығымыз. Қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, мақал –мәтелдердің шығуына негіз болған. Мақал- мәтелдердің бала тәрбиесінде маңызы өте зор. Ал, жұмбақ шешу арқылы оқушының ой-өрісі, дүниетанымы кеңейеді. Оқушы ізденімпаздыққа, тапқырлыққа үйренеді. Дегенмен, мақал-мәтелді орынды қолдана білу, мағынасын түсіне білу де өнер.

-Ендеше, «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырайын. Ортаға үш топ шығады, «Тұлпар», «Сұңқар», «Қыран». Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады, жартылай жауап 5 ұпаймен бағаланады.

І тур. "Білгенге маржан"мақал-мәтелдің жалғасын табу

ІІ тур. «Кім жүйрік ?»тапсырмаларды орындау

ІІІ-тур."Тапқыр болсаң, тауып көр"Жұмбақ шешу.

ІҮтур. «Намыс-Дода» бөлімі топ басшылар жарысы

Ү тур. Көрермендер көрімдігі.

Әділқазы алқалары:



- 1 -

1.Тәрбие ісі меңгерушісі Төлемісов Берік Қаршығаұлы

2. «Мұрагер» ОҒҚ мүшесі 11 кл. оқушысы Сарина Айжанат

3.Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Байжанова Айгүл Жайлыбайқызы

ІІ.Негізгі бөлім

1 тур

"Білгенге маржан"мақал-мәтелдің жалғасын табу

1. Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)

4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5. Көп жасаған білмейді....../көп көрген біледі/

6. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)

7. Жері байдың... (елі бай)

8. Досы көпті жау алмайды.... /ақылы көпті дау алмайды/

9.Жауға жаныңды берсең де...... /сырыңды берме/

10.Өз білмегеніңді кісіден сұра.... /кісі болмаса, кішіден сұра/


1. Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін өледі)
2. Әдепті бала – арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)
3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)

4. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
6. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)

7. Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)

8.Саналы адам сағыңды сындырмас... /жаман адам жағыңды тындырмас/

9.Бейнетің қатты болса.... /Татқаның тәтті болады/

10. Еңбек етпесең, елге өкпелеме...../Егін екпесең жерге өкпелеме/










-2-

1. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
2. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
3. Мың малын болғанша,... (бір балаң ғалым болсын /

4. Тіл тас жарады, ... (тас жармаса, бас жарады)

5. Ерді намыс өлтіреді, ... (қоянды қамыс өлтіреді)

6. Басқа елде сұлтан болғанша, ... (өз еліңде ұлтан бол)

7. Ердің атын... (еңбек шығарады)

8. Малы жоқ деп ерден түңілме...../Шөбі жоқ деп жерден түңілме/

9. Ер жігіт ел үшін туады,...../елі үшін өледі/

10. Білім қымбат......../Білу қиын/


ІІ тур

«Кім жүйрік ?» 10,20,30,40 сандарына қарай әр тақырыпқа 5-10 мақал айту,


10 ұпай Ұстаз туралы мақал айту:

Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.

Шәкіртсіз-ұстаз тұл.


20 ұпай. Тіл туралы мақал айту:

«Өнер алды – қызыл тіл!

«Бас кеспек болсаң да, тіл кеспек жоқ»

«Басқа пәле тілден»

«Бал тамған тілден – у тамар»

Тіл жоқ жерде, ұлт та жоқ.

30 ұпай Жақсылық пен жаманшылық туралы мақал айту:

«Жақсы бала - сүйеніш, жаман бала - күйініш»

«Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,

Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі»

Жақсылық пен жамандық егіз

Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен





-3-

40 ұпай Мал туралы мақал айту:

Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді.

Нар жолында жүк қалмас

Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір

Ер қанаты – ат

Сиырдың сүті – тілінде

10 ұпай:Табиғат туралы мақал айту:

Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.

Не ексең, соны орасың.

Бір тал кессең, он тал ек.

20ұпай Оқу-білім, өнер туралы мақал айту:

Оқу-инемен құдық қазғандай.

Оқусыз- білім жоқ, білімсіз – күнің жоқ.

Ел іші-өнер кеніші.

Өнерлі өрге жүзер.

Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.

30 ұпай Ерлік, батырлық туралы мақал айту:

Батыр майданда шынығады.

Жаңбыр жауса жер ырысы, батыр туса ел ырысы.

40ұпай Ата-ана, отбасы туралы мақал айту:

Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап ұл өсер.

Ата-ананың қадірін, балалы болсаң білерсің.

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.


ІІІ тур "Тапқыр болсаң, тауып көр"Жұмбақ шешу.

І топқа сұрақ

Жерді көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көлді көрдім, өзен көрдім
Сулары жоқ терең дейтін (карта)






-4-

. Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)
Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама (Кітап)
Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)

Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді /Ұстаз-учитель-teacher /

Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп жатыр / тіс – зубы - tooth /

ІІ топқа сұрақ
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)
Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)

Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. /кітап/
 Жұмбақтың шешуін орыс, ағылшын тіліне аудару:

Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады / алма – яблоки – apple /



-5-

Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді / су – вода - water /

ІІІ топқа сұрақ

Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. /автобус/
Әжем уыстап сығып
Далада кептірген.
Қатты әрі, дәмді
Көп жесең, шөлдеткен /құрт/
Күмбір-күмбір күйі бар
Құлағыңа құйып ал! /домбыра/
Тақылдатып таңдайды
Уақыттан бір қалмайды /сағат/

Сақалы жоқ, шашы бар, 
Бет-аузы жоқ, басы бар
Белін бекем байлаған
Қоқысты қоймай айдаған /сыпырғыш/

«Ұйқасын тап !»
1. Өзінше ноян, қорқақ ( қоян )
2. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді (шымшық)
3. Кезіп жүрген шандақты, көрдім жаңа (қаңбақты )

4.Алмастан тыным, шабады (құлын)

ІҮтур «Намыс-Дода»бөлімі топпен мақал айту

/асық алу алу арқылы, тақырып таңдап, сол тақырыпқа білгенінше мақал айтуы тиіс/

а/Отан, туған жер туралы ә/ Ас, тамақ туралы б/ Дос туралы мақал айту







  • 6-

Ү тур Көрермендер көрімдігі.

Көрермендерге мақалдың бір жолын айтады, олар екінші жолын табады,

1. Отан туралы:

«Отан үшін отқа түс, күймейсің»

«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл»

2. Ашу, ыза туралы:

«Ашумен басталған іс абыроймен аяқталмайды»

«Ашу дұшпан ақыл дос,

Ақылыңа ақыл қос»

3. Ар – ұят намыс туралы:

«Мал үшін таласпа, ар үшін талас»

«Арлы арына қараса, арсыз жеңдім дер»

4. Бала туралы:

«Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар»

«Бала тілі - бал»

5. Денсаулық туралы:

«Денсаулық - зор байлық»

«Дені саудың - жаны сау»


Жұмбақ шешу:
1. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)

2. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсен жылатады (Пияз)
3. Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас (Тасбақа)
4. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)
5. Тал басынды түндіксіз отау (Ұя)






-7-

Берілген тұрақты сөз тіркестердің мағынасын ашу:

Иығынан су кетті / жолы болмау /

Тонның ішкі бауындай / тату-тәтті, дос /

Ат шаптырым жер / алыс жер /

Екі көзі төрт болды / күтіп қалу /

Тайға таңба басқандай / анық /

Таяқ тастам жер / жақын жер /

ІІІ. Қорытынды бөлім.

«Тұз астың дәмін келтіреді,

Мақал сөздің мәнін келтіреді»

«Мақал қайдан шығады ой болмаса,

Киіз қайдан шығады қой болмаса» - дегендей, мақал-мәтелдермен жұмбақ жарысын тамашаладық. Жарысқа қатысушы сайыскерлер өздерінің сөздік қорын байытып, қазақтың мақал – мәтелдерін, жұмбақтарын жақсы білетіндіктерін көрсете білді. Осы жаттаған жұмбақ, мақалдармен шектелмей, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, шешендік сөздерді көбірек біліп, тілге шешен, сөзге жүйрік болуға ұмтылыңыздар.

Марапаттау.

Әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топтарды мараппаттайды.


















-8-




Тақырыбы: «Ақын болсам, айбарлы жыр жазатын»

Кештің мақсаты:

Жас қаламгер оқушыларды анықтап , таланттардың жан-жақты, өрісі кең азамат болуына ықпал ету. Әр оқушының бойындағы дарынын, талантын, шығармашылығын көрсету. Елжанды, намысты, өз елінің салтын сақтай білетін ұлан тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, көркем сөздер, шарлар, сыйлықтар

Ж: Құрметті ұстаздар, оқушылар «Ақын болсам, айбарлы жыр жазатын» атты жас ақындар мүшайрасына қош келдіңіздер!

Ақындық өнер – бір жылдық жеміс емес. Ол ғасырды ғасырға жалғайтын ұлтымыздың құнды мұраларының бірі. Ақын өткенді еске ала отырып, болашақты болжайтын, сауатты, жаны нәзік, талғамы биік, көрген нәрседен тез әсер алғыш жан. Біздің мектебімізде де ақындық өнерді жанына серік етіп, поэзияны сүйіп оқитын, өз ойын өлеңдерімен өрнектеп жүрген



-9-

жас таланттар аз емес. М.Шаханов: «Бала жүрегі кішкентай күйсандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әркез сол кілт жүруі керек», демекші әр оқушы өзінше бір әлем. Осындай жас қаламгерлеріміздің талантын бүгін саралап көрмекшіміз.

Еңсе тіктеп қазақтығым, елдігім

Тәуелсізбін деп айтатын келді күн.

Бүкіл қазақ жаза алмай жүр қазір,

Бір Абайдың жазып кеткен игі ісін.

Қара сөзі, қара өлеңі – қарымды,

Толғады Абай мұңым менен зарымды,

Абай сынды данасы бар халықтың,

Ұл-қызы да болу керек дарынды,-дей отыра бүгінгі ақындар мүшайрасының әділқазы алқасымен таныс болыңыздар:

1/ Жас ақын Жұмашева А.С

2/ «Мұрагер» ОҒҚ мүшесі, озат оқушы Жұмағазиев Н.Ж

3/ Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Есмағанбетова Б.Қ

Мүшайраның бөлімдері:

1/ Обл. «Мұғалжар ауданы оқушыларының шығармашылығы» атты кітабына бірқатар жас ақындарымыздың өлеңдері енді, осы кітаптың тұсаукесер рәсімін жасауды қазақтілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Қ Есмағағанбетоваға береміз.

2/ «Менің сүйікті ақыным» /сүйікті ақын өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу/, «Мой любимый поэт» /выразительное чтение стихов/

3/ «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» /өзі шығарған өлеңдерін оқиды/ «Стихотворчество» / чтение стихов собственного соченение/

4/ «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» /берілген шумаққа өлең құрау/

«Найти рифму, докончить строки» /сочинить стихи на данные строки/










-10-

5/ «Менің қолтаңбам» /әр оқушы кештен алған әсерін, өлең жолдарымен жазып, плакатқа жапсырады/ «Свое суждение об этом вечере»

Нәр алып өмірімнің қырларынан

Сусындап поэзия сырларынан

Қазақтың қара өлеңін әрлендіріп

Кештерде көрінейін әр қырымнан,- дей келе ортаға жас ақындарымызды шақырамыз:

*Сөйлесе бұлақ болып ағылатын,

Жанынан жақсылардың табылатын.

Әйгерім бүгін біздің ортамызда,

Жүрегінде жыр жаухары жағылатын.

*Десек те уақытпен жарыспайды

Қияға қиялымен қарыштайды.

Жұлдызай шын жүректен тебіреніп,

Өздеріңе жырларын бағыштайды.

*Шығады өнер жастан, асыл тастан

Тәрбие түгел болса әуел бастан.

Снежана аруды шақырамыз,

Өздеріңе жыр төктірсін тайсалмастан.

*Бір ісі асып түсер, бір ісінен

Күш қайрат сезілетін жүрісінен.

Ортаға Ұлпанды шақырамыз,

Кішіге үлгі болған әр ісімен.

*Өнерге әркімнің-ақ бар таласы,

Аруға қай өнерде жарасады

Лидияны шақырсақ ортамызға

Кім менің бұл ойыммен таласады ?.

1/ Обл. «Мұғалжар ауданы оқушыларының шығармашылығы» атты кітабына бірқатар жас ақындарымыздың өлеңдері енді, осы кітаптың тұсаукесер рәсімін жасауды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Б.Қ Есмағағанбетоваға береміз.






-11-

Жадырап маңдайынан таң атқандай,

Жанары тұнық сырын сан ақтарды-ай,

Қазақтың қара өлеңін серік еткен,

Мектебімнің дарындары ғажап қандай!- дей келе 2-бөлімге кезек береміз

2/ «Менің сүйікті ақыным» /сүйікті ақын өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу/, «Мой любимый поэт» /выразительное чтение стихов/

1.Өлеңді қай жастан бастап жаза бастадың ?

Соңғы оқыған әдеби шығармаң қалай аталады?

Мақалды жалғап, мәнін түсіндір:

Күшіңе сенбе,

........................./Ісіңе сен/

2.Болашақта кім болуды армандайсың?

Өлеңді қай уақытарда жазасың ?

Мақалды жалғап, мәнін түсіндір:

Асыл тастан шығады,

..................................../ақыл жастан шығады/

3. Осы күнге дейін қанша өлең жаздың, көбіне қандай тақырыптар қызықтырады?

Баспасөз беттеріне қанша өлең жібердің?

Мақалды жалғап, мәнін түсіндір:

Талабы жоқ жас,

.........................../Қанаты жоқ жас/

4.Что любишь читать, что знаешь о прочитанной?

Как проводишь свое свободное время?

Докончить пословицу, обьяснить ее значение:

Ученье – свет,

....................../А неученье тьма/

5. Қай ақынның өлең жазу мәнері ұнайды?

Бос уақытыңда немен шұғылданасың?

Мақалды жалғап, мәнін түсіндір:


Кекшіл болма,

.........................../Көпшіл бол/

-12-

Бүлкілдейді жас ақынның көмейі,

Келеді олар жылдан-жылға көбейіп.

Өсе берсін, өне берсін өнерлім

Бал бұлақтың көзін ашып көрейік,-дей келе 3-бөлімге кезек береміз.

3/ «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» /өзі шығарған өлеңдерін оқиды/ «Стихотворчество» / чтение стихов собственного соченение/

Сөз қадірін сезінсе жас таланттар,

Келер күнге қадамын оңай аттар.

Белестерге биіктеп, бастай берсін,

Бүгінгі сендер жүрген баспалдақтар,- кезекті 4-бөлімге береміз

4/ «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» /берілген шумаққа өлең құрау/

«Найти рифму, докончить строки» /сочинить стихи на данные строки/

Өңірі Құмсайымның сала-сала,

Бұл жердің дәмін татқан, талай дана

.........................................................

Өнерге құлашын сермеген,

Жастар көп намысын бермеген.

..............................................................

Көктем келді, көк майса,

Желіндейді мал жайса.

...........................................

Пришла весна,

Пригрело солнце

.............................

Менің балғын құлашымды тербеткен,

Қиялымды алыстарға серметкен,

..................................................

,- дей келе кезекті 5-бөлімге береміз.

5/ «Менің қолтаңбам» / кештен алған әсерін, өлең жолдарымен жазып, плакатқа жапсырады/ «Свое суждение об этом вечере»










-13-

Өз арнауы: Жұлдызай

Үйретеді әр баланы даналыққа,

Үйретеді әр баланы адалдыққа.

Осы кешке жиналған көп көрермен,

Ақындардың өлеңін есте сақта!

Байқаудың қорытындысы шығарылып, әділқазыларға сөз беріледі.


Тақырыбы: «Өнерлінің өрісі кең»

Мақсаты: Мектебіміздегі дарынды оқушылардың шығармашылығынмен таныстыру, жалт еткен кішкене таланттарын жарқ еткізіп биіктен көрсету.

Көрнекілігі: плакаттар, қанатты сөздер, слайд

Барысы:

Қайырлы кеш, құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі дарынды оқушыларымыздың ұйымдастыруымен өткелі отырған «Өнерлінің өрісі кең» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Дүниеге келген әрбір сәби өзінше қабілетті, барынша талантты. Бүгінгі кешімізде аудан, облыс, республика көлемінде өздерін таныта білген оқушылардың жетістіктеріне тоқтала өтеміз.

Күлімдесек кеңейер керегеміз,

Бір тамшы білімді біз, көп етеміз

Ұстаздарым, еңбегің жемісті боп,

Құтты болсын, дарындылар мерекесі !

Армысыздар, топтан озған таланттарым,

Талмай биік самғасын қанаттарың.

Мәртебесін биіктетіп мектебімнің,

Жетістікке толы болсын парақтарың! ,-дей келе ,келесі кезекте

Аудандық «Тәуелсізбін, еркінмін, азат елмін» атты ақындар мүшайрасының І орын иегері 10кл. оқушысы Жұмағазыев Нұрымжан

«Шәмілге жазған хаттардан» өлеңін оқиды.






-14-

Аудандық «Кішкентай ханшайым, кішкентай ханзада» атты байқауына мектебіміздің 3кл. оқушысы С.Қ.Тасбулатов, 1кл. оқушысы Ж.Д.Тұрақбай қатысып, ІІІ орынды иеленді.

Бүгінгі кешке мектебіміздің жас суретшілері Э.Алмағанбетова, А.Шағанбаева өз портреттерін ала келді.

Осы оқушыларымыздың құрметіне мектебіміздің жас әншісі облыстық байқаулардың жүлдегері Ж.Е.Мұңайтпасовтың орындауында «Жарығым-ай» әнін қабыл алыңыздар!

Сен аман бол, ел тұтқасы- жас ұрпақ

Өзіңменен гүлге толар жасыл бақ.

Өзіңменен өркен жаяр әманда,

Және бір жыл күн парағы ашылмақ.

Аудандық «Отаным-алтын бесігім» атты патриоттық әндер байқауына мектебіміздің жас әншіліері қатысып жүлделі оралды.

Ендеше, ортаға 5кл. оқушылары Н.А.Таубаева мен А.Ж.Жұмағазиеваны «Ертегілер» әнімен шақырамыз.

Жандары қаламайды аласаны

Таланттары алда талай бел асады.

Әлемге туған елін танытатын

Дарындылар - еліміздің болашағы.

Алматы қаласында өткен ІХ Республикалық ән байқауына МАД тобынан Мұқанов Н. 7кл. оқушысы Сағынова Ж.Б, 10кл. оқушысы Убайдоллаев Ә.Ж қатысып, диплом иеленді.

Ортада Убайдолаев Ә.Ж «Есіңе мені алғайсың» әнімен.

Желтоқсан айында аудандық пән олимпиадасына 17 оқушымыз қатысып, 11 оқушы марапатқа ие болса, математика пәні бойынша І орын иегері А.С.Сағындық Т.Ә.Әбдірашеваның жетекшілігімен облыстық пән олимпиадасына қатысып, ІІІ орынды иеленді.

Жалықпастан үйрететін өнеге,

Отырғызып білім атты кемеге.

Теңіздейін тереңіне батырып,



-15-

Мектебімізді көтеретін белеске- демекші, жас әншілер А.Ж.Сарина мен Н.А.Мұқанованың «Ұстазым» әні мектебіміздің барлық ұстаздарына арналады.

Ембі қаласында өткен аудандық «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады» атты байқауға 8 кл. оқушылары қатысып,

І орынды иеленді.

8кл. көрініс: «Отрардың күйреуі» М.Шаханов

Биік қып ойды шынардан,

Жастардың шығып үні алдан.

Спорттан озып қатардан

Жарыста қолға ту алған- дей келе аудан мен облыстық спорт жарыстарында жүлделі оралған мектебіміздің волейбол командасымен, жас балуандарымызға алда табыс тілейміз.

Ән: «Көк тудың желбірегені» Убайдоллаев Ә.Ж


Талант барда қыран құстай самғайтын,

Асу қалмас бағынбайтын, алмайтын,

Құтты болсын жаңа белес, жаңа өмір

Болашақты болашаққа жалғайтын- дей отыра бүгінгі кешімізді аяқтаймыз, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!















-16-







-17-

Кештің тақырыбы: «Саз өнерінің шебері»

Кештің мақсаты: Жас ұрпақты Шәмші шығармашылығымен таныстыру, Шәмшінің қайталанбас саздарын жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Кештің көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер, әдебиеттер, журналдар т.б

1-ж:Құрметті, өнер сүйер көрермен, халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, «Вальс королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Саз өнерінің шебері» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Музыка- жүректің тілі, шынайы өмір. Атақты биолог Ч.Дарвин: «Егер маған өмірді екінші рет берсе, мен белгілі мөлшерде әрі кеткенде аптасына бір рет музыка тыңдауды ереже қылар едім. Бұл талғамдардан айырылған бақыттан айырылғанмен тепе-тең»,- деп баға берген екен.

Еліміздің елдігін, жеріміздің кеңдігін, салтымыздың сарынын, дәстүріміздің діңгегін, тіліміздің тынысын танытатын Тәуелсіздігімізді алғаннан бері, жоғалғанымызды тауып жатқандаймыз. Сан жылдар бойы қазақтың даласы мен баласын, бабасы мен данасын ән әуенімен тербеткен, әндері сонау шет елдерде шырқалған, Шәмші шығармашылығының шырқау шыңы биік.

Шәмші керуегі мен жусаны жүз түрлі дертке шипа қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отрар ауданы, Шәуілдір ауылында 1930 жылы, 15-тамызда дүниеге келген. Шәмшінің әкесі Әнапияны /аяғындағы қалына қарап Қалдаяқ атап кеткен/, түрлі аспаптарда ойнайтын өнерлі, зергер, ұста болған. Анасы Сақыпжамал әнші, ауыл кештері онсыз өтпейді екен.

Шәмші Жамила әжемізге аяулы жар, Әбілқасым мен Мұхтардай ұлдарға қадірлі әке, іні-қарындастарына ардақты аға бола білген.












-18-

Жалын атқан сезім сыйлап баршаға,

Жүректерді шаттандырдың қаншама

Жан жүйемді тебіренткен тәтті әуен,

Жаса мәңгі, Ән жұлдызы-Шәмші аға!

2-ж Қазақстан қойнауы дәнге де әнге де кенге де толы ырысты, берекелі өлке. Шәмшінің еліміздің тыныштығына, бірлігіне арнап 1956 жылы Жұмекен Нажмиденовтың сөзіне жазылған, еліміздің Әнұранына айналған әні «Менің Қазақстаным».

Ән: ҚР Әнұраны «Менің Қазақстаным»

Ұнайды баршаға

Тыңдайды тамсана

Әлдилеп жанды барады,

Әндерің сырлы, Шәмші аға !

Әндерің сазды, Шәмші аға !


Ұйқысыз түндер өтіпті таңнан нұр сауған

Нәресте үні шекер-ау күтіп тұрса алдан

Дүниеге сені әкелген жанды ардақтап

«Ана туралы жыр» әні шырқалған

Ән: «Ана туралы жыр» орындайтын Жұмағазиева Ақерке

1-ж: Шәмші жүрегінен шыққан ән әуездері Мұхтар жүрегінен жыр болып төгіліп, өзара үйлесімділік тауып жатты. Бірде екі дос достарының үйлену тойына бармақшы болады. Не сыйласақ екен деп ойлана отырып, тойға сыйлық ретінде екеуінің қаламынан шыққан жыр «Ақ бантик» тарту еткен екен.

Әні: Ш.Қалдаяқов Сөзі М.Шаханов : «Ақ бантик»

2-ж:Шәмші ағамыз «Мені танығысы келетіндер әндерімді тыңдасын. Патшалар небір үкіметтер келеді-кетеді, ал-халық мәңгілік. Бар бақытым- халықтың маған деген сүйіспеншілігінде, ән айтқанның бәрі әнші емес, ән жазғанның бәрі-Шәмші емес»,- деп өз-өзін жұбатып қояды екен.

Ән: «Өмір –өзен





-19-

2-ж:Шәмші өмірімен шығармашылығының зерттеуді қажет ететін белгісіз тұстары жетерлік. Осындай мақсатта Құмсай орта мектебінде «Дарын» жетекшісі Ибраева Алтынай Жолшықызының жетекшілігімен 2007 жылдан бастап зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Өз облысымыздың көлемінде айтылғанымен, тарих беттерінде Ш.Қалдаяқовтың алғашқы еңбек жолын қай жерде бастағандығы туралы жазылмаған. Шәмші Шымкенттегі Қапланбек атындағы ауылшаруашылық техникумын бітірген соң, 1950-1951 жылдары Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Құмсай ауылында /бұрынғы Жұрын ауданы Темір кеншарында/ зоотехник болып жұмыс жасаған. Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында оқушыларымыз Қонақова М.Қ, Сарина А.Ж, Құрманбаев З.Д ғылыми жобалар қорғап, жүлделі орындар иеленіп, тарихқа кішкене үлестерін қосты. Шәмші осы шамалы уақыт ішінде ауыл тұрғындарымен достасып, әскерге де осы ауылдан аттанған. Шәмшінің әскерлес достары Искаков Ахмеди, Абат ақсақал, Хасенов Болат. 1976 жылы Шәмші Құмсайлық досы Жұмағазы ақсақалдың шақыруымен Құмсай ауылына екінші рет келіп, ауыл адамдарымен дидарласады. Кейін Ор бойына арнап ән жазатындығын айтады. Жұмағазы ақсақалдың сол 1976 жылы дүниеге келген немересіне «Айнұр» деген есімді Шәмші қойғанын мақтанышпен еске аламыз. Шәмшінің көзін көрген замандастары жыл санап азайып барады. Дегенмен, ортамызға Шәмшінің көзін көрген тұрғындарымыз зейнеткер ұстазымыз Балқия Садуқызы, мал шаруашылығына еңбегі сіңген малшы зейнеткер Байболов Темірғали атамыз келіп отыр, осы кісілерге сөз кезегін береміз.











-20-


Болар ма, әсте, осыдан артық сый деген,

Жазира жолға шыққандай әсем күйменен.

Буыны балқып, шаттықтан басы айналып,

«Бақыт құшағында» билеген.

Ән: «Бақыт құшағында»

Өлең: «Шәмші» Т.Молдағалиев поэзияға жаны құмар 8кл. оқушысы Бегенов Ғалым

Халқымның жүрегінде мәңгі есімің,

Сазыңмен тербетеді тал бесігін.

Қазақтың вальстерін қасиетті

Шәмші аға орынына қойып бердің.

Шәмшінің «Қуаныш вальсін» білмейтін жан кемде-кем болар. Осы әнді бимен өрнектесек одан да сұлулана түсері сөзсіз.

Би: «Қуаныш вальсі» 9кл. оқушылары

1-ж

Әндерің ғасырларға жалғасатын,

Жаңғырып жадымызда қалар атың.

Дүбірлі дүниені түгел шалсам

Өзіңнен артық сазгер бар ма асатын?!

Әуезді әуеніңе дала тұнған,

Ауаның торабымен таралды ән.

Ерекше ел аузында дара тұлғаң

Жүрегің сазды әуеннен жаратылған.

Қазақтың бұлбұлы Б.Төлегенова : «Қалдаяқов - бәрінен ерекше, ешкімге ұқсамайтын дара тұлға. Өзінің ерекше жолымен жүрді. Оның шығармалаларын кәсіби әншілер де, эстрадалық әншілер де көп орындайтын. Қазіргі уақыттағы композиторлар маған ренжімей-ақ қойсын, Қалдаяқовтай композитор жоқ.»- дейді әнші.








-21-

--

Шәмші аяғы басқан киелі өлкеден өнерпаз жастардың шықпауы мүмкін емес. Аудандық, облыстық ән байқауларының жеңімпазы, Республикалық «Ақ көгершін» ән байқауының дипломанты 10кл. оқушысы Убайдоллаев Әділханның орындауында «Сыған серенадасы» әнін қабыл алыңыздар.

2-ж.Мектебіміздің жас ақыны, аудандық ақындар мүшайрасының жеңімпазы 10кл. оқушысы Алимов Әбілманатты Шәмшіге арнаған өлеңімен ортаға шақырамыз

  1. ж.Бағдат. Алтаев «Арыстың жағасында» 6-кл.оқушысы Әубәкіров Бахтияр

Арыстың жағасына

Шақырсам барасың ба?

Мөп-мөлдір тамшыларын

Моншақ қып тағасың ба?

Ақынды тамсандырған

Бұлбұлға ән салдырған

Кербезім, басымды идім

Өмірге ән қалдырған


Жағаға барайыншы

Есіме алайыншы.

Мұхтар мен Шәмші салған

Әуенді салайыншы.

Сол өзен өзің көрген,

Жан аға, әлі ағады.

Мұхтарың бірақ жалғыз

Жәудіреп тұр жағада


Қазақта дарасыңдар

Арысқа баласыңдар.

Бірің -ән, бірің-өлең

Аңыз боп қаласыңдар!




-22-

Мектебіміздің жас әншісі, аудандық, облыстық ән байқауларының жеңімпазы Мұқан Нұрбибінің орындауында 3 тілде «Арыс жағасында» әнін қабыл алыңыздар.

2-ж.

Хош иісті бұйра бүршік аршаға,

Ұқсатушы ем, нұр бейнеңді біршама

Ақпан соқса, Тоқпан соқса өлмейтін

Әдемі әндер қалдырдың сен, Шәмші аға!

Атың –аңыз, жұрт айтады тамсана,

Арманға асар жолда дейсің шаршама.

Алдың-пейіш, артың кеніш болса екен,

Алты алаштың аяулысы – Шәмші аға.

Алты алаштың аяулысы – Шәмші аға!

Аудандық патриоттық әндер байқауының, облыстық «Жас талант» ән байқауларының жүлдегері 10кл. оқушысы Мұңайтпасов Жансеріктің орындауында «Қайықта» әні

  1. ж.Ағылшындық Роберт Файлер «Қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300-ге тарта ән шығару үлкен ерлік. Ондайларға ескерткіш орнату керек»,- деп баға берсе,

Мұхтар Әуезов «Шәмші саздары Ақан сері, Біржан сал өнерпаздығынан кейінгі бір жыл келгендей жаңалық сездіретін үздік құбылыс»деп өзінің жылы лебізін білдіреді.

Аудандық мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпазы 10 кл. оқушысы Жұмағазиев Нұрымжанды Шәмшіге арнауымен ортаға шақырамыз

  1. ж:

Шәміл-ау!

Шәмші қайда ?

Шәмші қайда?

Шәмшіге айт,

Тағы да бір таңдандырсын!

Жандандырсын, жүректі, жандандырсын!

Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер,





-23-

Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын!- деп Мұқағали ақынымыз жырлағандай, ортамызға аудандық ән

байқауларының жүлдегері, Республикалық «Ақ көгершін» байқауының дипломанты 7кл. оқушысы Сағынова Жарқынайдыт«Әнім сен едің» әнімен шақырамыз.

1-ж:

Отрардың ән, жыр даңқы қазір екеу ғанамыз

Ал рухи көшбасшымыз Әбунасыр данамыз

Екеумізді он орайтын өтті қанша бабамыз

Тіпті оларды түсінуге жетер емес санамыз

Сол тұлғалар арасында біздер мүлде баламыз,

Біз төменнен санағанда бірінші орын аламыз,-

деді Шәмші Қалдаяқов бұдан 30 жыл бұрын

Әуеніне жалғап тұрып Сырдың сұлу сыңғырын-деп Мұхтар ағамыз жырлаған Шәмші ағамыз, өз уақытында атақ, даңқ иеленбеген жан. Жыл өткен сайын Шәмші шығармашылығы жаңарып, жасарып келеді. 1965 жылы Жастар сыйлығының лауреаты атанса, « Халық әртісі» атағын өмірден қайтар шағында 1991 жылы желтоқсан айында алған. 1992 жылы, 29 ақпанда қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлы Ш.Қалдаяқов өмірден озды.

Өлең: «Қалдаяқов өзені» М.Шаханов /Жантілесов Нұржан/

Бар қазақты тамсандырған,

Таңнан-таңға ән салдырған Шәмші едің.

Өзін әнмен қарсы алдырған Шәмші едің.

Зорсығанның көбісі құры сүлде.

Ешкім көзі тірісінде

Ән көгінен дәл өзіңдей таба алған жоқ нар сенім,

Қандай ғажап кереметің бар сенің.

Ұлылыққа еліктегіш отсыз, нәрсіз көздер көп,

Біреулер жүр саусағының көмегімен сазгер боп,

Ал сен ұлы жүрегіңмен.

Пейіліңмен, тілегіңмен,

Дарын едің алдыңа жан салмаған,




-24-

Ұлт сезімін арқалаудан талмаған

Отрардың еңкеймеген рухын

Әр қазақққа ән арқылы жалғаған.

Бәлкім, содан маңдайыңның қасіреті тым қалың,

Пенделік пен кенделікті көп көрсең де, сынбадың.

Заманында ұшырсаң да әннің небір сұңқарын,

Тіпті сазгер қоғамына мүше болмай кеттің –ау

2-ж:

Табиғи талантының арқасында халқының шексіз сүйіспеншілігіне бөленген Шәмші мұрасы – мәңгілік. Қазақ халқын 40 жыл әсем әуенімен сусындатқан, «Вальс королі» Шәмшінің өзі де әнге айналып кеткендей. Асқар таудың биіктеген сайын асқақтай түсетіні секілді, жылдар өткен сайын Шәмші саздары асқақтап, Шәмшіге деген құрмет күшейіп келеді.Тума таланттың түбінде тұғырына қонары сөзсіз.

Ән: «Ән-аға» Убайдоллаев Әділхан

Ән әлемінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған кешімізді аяқтаймыз.


















-25-



«Жүзден жүйрек» интеллектуалдық ойынынан көрініс

«Тұлпар» тобы «Сұңқар» тобы


Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»

/1-4кл интеллектуалдық ойын/
Ойынның мақсаты: Оқушыларды жан - жақты сауатты, дарынды, озық ойлы болуға, еркін сөйлей білуге үйрету. Ой - өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту. Оқу білімге, өнерге қызығушылықтарын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үнтаспа, сұрақтар жинағы, тренинг
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу, дүниетану, математика т.т

Әділқазы алқасы:

Қарап тұрмай, бәйгемізге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкіртке

Бәйге, бәйге, бәйге туын беріңіз!


-26-

Өтілу барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: Құрметті, көрермендер бастауыш буын оқушылары арасында ұйымдастырылғалы отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атты» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!

Өз-өзіңмен балашым,

Жаның тапсын жарасым,

Теңдесі жоқ ешкімге,

Бұл өмірде дарасың.

Желден жүйрік көңіл күй,

Есті сөзді ойға түй.

Жылуына бөлеген,

Жаным, жарық күнді сүй.

Тарихты біл, тілді сүй,

Төрт түлігің төлді сүй,

Орманды сүй, белді сүй,

Айдын шалқар көлді сүй.

Халықты сүй, елді сүй,

Ел басқарған ерді сүй.

Қасиетті мекенің-

Туып өскен жерді сүй...

-Бүгін, біз ойында үш топқа бөлінеміз. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Берілген сұрақтарға жауапты тез, толық және нақты жауап берулерің керек.

1 кезең: «Таныстыру»
2 кезең: «Білгенге - маржан»
3 кезең: «Тіл өнері»
4 кезең: «Кім жылдам?»
5 кезең: «Ақиқат алаңы"
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректілік,





-27-


Жеткізер сіздей өренді,
Білімнің нәрлі сырына-

Бас иіп топ алдына шығатын,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын - дегендей сайысымыздың бірінші «Таныстыру»
кезегін топ басшыларына береміз. Өздерінің топтарын таныстырып өтсін.

І кезең: «Таныстыру»

Тобымыз: «Тұлпар»
Ұранымыз:
Оқу-білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.

/Аманжол, Дильназ, Назия, Нұрсұлтан, Анюта/

Тобымыз: «Сұңқар»

Ұранымыз: Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

/Ұлжан, Даниэль,Нұржан,Темірлан, Жеңісгүл/

ІІ кезең: «Білгенге - маржан» Сұрақтарға жауап беру.
«Тұлпар» тобына

1. Көктем айларын ата / Наурыз, сәуір, мамыр/
2. Тірі табиғатқа нелер жатады? / адам, жануар, құстар, өсімдіктер/
3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары? /Заттың атын білдіретін сөздер /
4. ҚР - ның тұңғыш президенті кім? / Н. Ә.Назарбаев/

5.Қазақ алфавиті қанша әріптен тұрады? /42/

6. Абылай ханның шын аты кім? /Әбілмансұр/
7. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата? /домбыра, шертер, қобыз, жетіген, сыбызғы, сазсырнай, дауылпаз/
8. Ұлы Отан соғысының батыр қыздары /Әлия, Мәншүк/
9. Қазақтың ұлы ақыны кім? /Абай Құнанбаев/
10. Әліппенің атасы кім? /А. Байтұрсынов/




-28-

«Сұңқар» тобына

1. Сын есім дегеніміз не? Сұрақтары? /Заттың сынын, сапасын білдіреді/
2. Жыл мезгілдерін ата? /жаз, қыс, көктем, қыс/
3. Жаз айларын ата / маусым, шілде, тамыз/
4. Абайдың әжесінің есімі кім? /Зере/
5. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? /12/
6. Қабанбайдың шын аты кім? /Ерасыл/
7. Қазақтың ұлттық тойларын ата? /шілдехана, бесіктой, тұсау кесер, ашамайға отырғызу, сүндет той,тілашар, мүшел той 13 жас, үйлену тойы/
8. Рейхстагқа ту тіккен қазақ? /Р. Қошқарбаев/
9. «Менің атым Қожа» әңгімесінің авторы /Б.Соқпақпаев/
10.. Күй атасы кім? /Құрманғазы/
2 кезең: «Тіл өнері»
Бұл кезеңде берілген мақалды аяқтау керек
«Тұлпар» тобына
Еңбектің наны тәтті,... /жалқаудың жаны тәтті/
Жақсы сөз... /жарым ырыс/
Ойнап сөйлесең де... /ойлап сөйле/
Әдепті бала - арлы бала,.../ әдепсіз бала – сорлы бала./
Жақсыдан үйрен -.../жаманнан жирен/
«Сұңқар» тобына
Үлкенге құрмет -.../кішіге ізет/
Бірлік болмай.../тірлік болмас./
Еңбек етсең ерінбей,... /тояды қарның тіленбей/
Туған елдей ел болмас,.../туған жердей жер болмас/
Жүз теңгең болғанша,.../жүз досың болсын/

3 кезең: «Кім жылдам?»
Жұмбақтың шешуін тауып, екі тілде жауап беру.
«Тұлпар» тобына
1. Тұмсығымен қозғалар
Соңынан аппақ із қалар /бор – мел/




-29-

2. Үсті толы ине,
Бірақта, іс тігіп,
Қадамайды түйме. /Кірпі – еж/
3. Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. /Жел – ветер/

4.Ашылып жабылады
Әр үйден табылады /есік – дверь/
«Сұңқар» тобына
1. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде /қалам – ручка/
2. Сағат сайын соғылады
Мектептен табылады. /қоңырау – звонок/
3. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен /Пияз – лук/
4. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама /кітап – книга/
4 кезең: «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде 12 ұяшық, Қалауы бойынша таңдап, артындағы сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап берсе, ұяшықтағы ұпай саны беріледі.
10 10 10
20 20 20
30 30 30
40 40 40
1 - ші қатардағы ұяшықтар
1. Атақты үш биді ата? /Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би/
2. Ұзындық өлшеуіштерін ата / мм. см. дм. м. км./
3. Сөйлемнің неше түрі бар? Қандай? / хабарлы, лепті, сұраулы/
4. ҚР Рәміздерінің авторларын ата?
/ Әнұран – авторлары: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдыаяқов.





-30-

Ту – авторы: Ниязбек Шәкен Оңласынұлы
Елтаңба – авторы: Мәлібекұлы Жандарбек, Шот – Аман Уалихан/

2 - ші қатардағы ұяшықтар
1. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз? /қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы/
2. Қазақтың тұңғыш суретшісін ата? /Әбілхан Қастеев/
3.Әлемдегі ең кіші құсты ата? /Колибри/

4. ҚР Ұлттық валютасы /теңгесі/қай жылы айналымға енді? /12 қараша, 1993 ж/

3 - ші қатардағы ұяшықтар
1. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз? /Ұзындығымен биіктігінің көбейтіндісі/
2. Республикамыздағы көмірлі қаланы ата? /Қарағанды/
3. Қазақстанның 7 кереметін ата? / /
4. Кеше Айнұрдың туған күні болған. Ертең бейсенбі болады. Айнұрдың туған күні аптаның қай күні? /сейсенбі/

Қорытынды:
Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан түсіндік ғұлама ойлар.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып дей отырып бүгінгі сайысымыз аяқталды.














-31-



Тақырыбы: «Аққудың қанатына жазылған жыр»

Байқаудың мақсаты: 

Мұқағали Мақатаевтың өмірімен таныстыру, ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау, ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу.
Тәрбиелік мәні: 

Жеке тұлғаны рухани жан-жақты болуға тәрбиелеу, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге, оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу.

Көрнекілігі:

Ақынның портреті, шығармалар жинағы, ақын туралы естеліктер, слайд.






-32-

Барысы: 

Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар бүгінгі «Мұқағали мұрасы-мәңгілік» атты Мұқағали шығармаларын оқу байқауына қош келдіңіздер!

Мұқағали – сөз құдіретінің мән-мағынасын терең түсініп, сөз маржанын бейнелі жырмен кестелеген, ғажайып, сыршыл, гумманист ақын. Мұқағалиды сан қырынан тануға болады. Ол – қара өлеңнің шебері, өмірге қайта келген ақын. Ол – драматург, ұстаз, сатирик, жазушы, журналист. Мұқағали бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия. Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан. Ол биік адамгершілікті де, достықты да, бауырмашылдықты да, табиғатты да, махаббаты да, тілмен тәуелсіздікті де жырлаған. Балалық шағы соғыс пен тұспа-тұс келген Мұқағали Мақатаев

өлеңді 10-11 жасынан жаза бастайды.

Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы ауыр жағдайда өтті. Әкесі соғысқа кетіп оралмады. Соғыстың ауыр жылдарын басынан өткізді. Зерек, алғыр, өткір мінезді Мұқағали мектепке жасы толмай-ақ ерте барды. Мектепте үздік оқып, қоғамдық жұмыстардың ұйтқысы болды. Өзінің естелігінде ақын «Мені сөзге, жырға үйір еткен халық, сүюге тәрбиелеген әжем» дейді.

Халықтың рухани бай әдеби мұрасынан күш-қуат алған Мұқағали қазақ әдебиетінде қаламдас достары ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға.Табиғатына тартып туған ақынның асқар таулардай биіктігі, Шәлкөде жайлауындай кеңдігі, Қарасаз шалғынындай шалқыма көңілі туған жердің қасиеттілігінен бе деп қаласыз?!

1960-70 жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.





-33-

Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, «Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана деген байламды берік ұстап, шен- шекпенге де, лауазым атаққа да қызықпаған». Мұқағали Мақатаевтың «Қаламқас», «Қарлығашым келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір дастан» т.б. жыр жинақтары туған. Мұқағали Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Оның үлкенді-кішілі прозалық туындылары жарық көрді. Соның бірі «Қош махаббат» драмасы. Ол үш актілі, тоғыз оқиғалы драма.

Абай үндес Мұқағалидай асыл перзенті бар халық – шынымен бақытты халық. Мұқағалидың рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын ХХІ ғасырдың жастары – сендерсіңдер. Мұқағалидың поэзисы таусылмайтын қайнар бұлақ,- дей келе сөз кезегін Мұқағалидың шығармаларын сүйсініп оқитын, поэзияны жанына серік еткен дарынды оқушыларымызға береміз.

Мұқағали оқулары 3 кезеңнен тұрады:

1.«Менің сүйікті ақыным» /ақын шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу /

«Әнді сүйсең, менше сүй» /ақынның өлеңіне жазылған әндерді орындау /

«Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» /ақынға арнау/

Бүгінгі байқауымызға әділқазыларымызды сайлап алайық

1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Зоя Абилхалыққызы

2. Музыка пәні мұғалімі Мұқанов Айболат Сарсенұлы

3. Оқу ісі меңгерушісі Әбубәкірова Ақалқа Кеңесқызы













-34-

І бөлім

Талай түскен ақын жаны талқыға,

Сөйтіп жүріп сыр ақтарған халқына

Мұқағали тек қана ақын болатын,

Сауысқандар атанғанда «қаршыға».


Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай.

От боп жанып өтіп кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай – деп Айтақын ағамыз жырлағандай, кезекті «Менің сүйікті ақыным» /ақын шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу, жаттаған өлең тізімін әділқазыларға ұсыну /

Қатысқаны -14 оқушы Жатталған өлең саны-195 Оқылғаны - 30

ІІ бөлім

Өмірге бір-ақ келген асыл едің,

Теңіздей тебіреніп тасып едің.

Сағымға еніп кеткен кемедейсің,

Аралап ХХ ғасыр елін.

Өмірін өлеңменен өрген ақын.

Тағдырдың тапшылығын көрген ақын,

Қазақтың қасиетті қара өлеңі.

Жалғаса береріне сенген ақын- деп толғана еске ала отырып, кезекті ІІ бөлімге береміз.

«Әнді сүйсең, менше сүй» /ақынның өлеңіне жазылған әндерді орындау / Қатысқаны – 4 оқушы

Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген тулайды қайшылықта.

Ақын болсаң, жарқыным,алысқа аттан,

Күнделікті тірлікке бой суытпа,








-35-

Не сыйлайды, не береді келер күн,

Не де болса тірі тұрсам көрермін.

Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің- дей келе ІІІ бөлімге кезек береміз.

«Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» /ақынға арнау/

Қатысқаны-4

Әділқазы мүшелерінің шешімі дайын болғанша, көрермендерге сауалдар қойғалы тұрмыз.

1.Мұқағалидың қандай өлеңдерін білесіздер?

2.Ақынның өлең-жырлары қандай тақырыптарға арнап жазылған?

3. Ақынның қандай поэмаларын білесіздер?/«Райымбек, Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда», «Табыт үні», «Жесірлер үні», «Жетімдер үні»/

«Мұқағали туралы естеліктер»

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер ме мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы, – деп ақын өзі жырлағандай жарық дүниедегі аз ғұмырының мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты. Ол туралы естеліктер жазылып жатыр, әлі де жазылады.


(Әлнұр Мейірбековтың естелігінен үзінді оқылады)

«Мұқағали адам ретінде жіберген кемшілігінде, азамат ретінде артықшылығын да ақын жүрек арқылы сана саңылауынан өткізді. Әркімнің жүрек тұсынан сөйлеп тұратын Мұқағалидың артықшылығы сол. Ол басынан өткерген барлық тауқымет пен азапты өзімнің ғана тағдырым деп ұққан еді. Ол үшін халқына өкпелеген жоқ. Керісінше бас иіп өтті». Ол туралы ақын былай дейді:








-36-

(Ақын, жазушы Әбіш Кекілбаевтың естелігінен үзінді) 

-Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарасым мен келісімнің жаршысы. Оның туған аулына, Алатау табиғатына, сүйген жарына, аяулы әжесіне, балаларына, достарына, сағынышты махаббатына, баршасына арналған өлеңдері де шын тебіреністен, шын қуаныштан, шын сағыныштан туған жырлар – дейді.

( Нұрғиса Тілендиевтің естелігінен үзінді оқылады)

« Бірде Мұқағали, әйелім Дариға үшеуміз қыдырып келіп, күрең шайды рахаттана ішіп отырғанда көңілденіп кетіп әйеліме«Дариға домбырамды берші маған» деппін. Қиядағыны көзбен шалатын Мұқалиға әлгі сөз әсер етіп, әсем жырды төге салды да, «Енді осыған ән жазыңыз, аға!»- деді. Сөйтіп, тамаша ән дүниеге келді. Ол ән, «Дариға домбырамды берші маған» болатын.

(Әжесі Тиынның естелігінен)

Ақынның атасы көкпар тарттырып жүріп аттан құлап аяғы сынады. Ел – жұрт оны аттың алдына өңгеріп, аяғын салбыратып әкеледі. Туысқандары сынықшы іздеп кеткенде,

әжесі атасына «Мына аяқ түбінде аяқ болмайды, шауып тастау керек» дейді. Атасы келіседі. Балтаны өткірлеп, ақынның батыл әжесі аяқты шауып тастап, жуып, таза шүберекпен орап қояды. Үш күннен кейін сынықшы келіп, бәрін дұрыс істегендігін айтып батасын береді. Бәйбішесінің мінезіне қарап атасы Мұқағалидың әжесін «Көк дауыл» дейді екен.

Әжесіне арнап ақын «Сөнбейді әже, шырағың» деген әнді шығарған. Мұқағали Мақатаев ғасырдан ғасырға жырлары жаңарып жетіп отыратын тот баспайтын шын асыл.

/Ақынның жары – Лашын Әзімжанова апамыздың күнделігінен/

Күнделік жаз, жарқыным! Өмірде не кездеседі, әдемілемей-ақ қорықпай қағаз бетіне түсіре бер. Түбінде керек болады- деп айтушы еді.







-37-

Күнделікті тірлікті ойлап, бар бақытқа күн таба алмай жүргенде жалғыздықты, сағынышты жолдас қылып, аяулы асыл досымнан айрылып, сең соққандай есеңгіреп қалғанымды жаңа ғана сезгендеймін.

Қараңғыда, жарықта да, түсімде де, өңімде де қанша көрейін деп тесіле қарасам да таудай Мұқағали бейнесін көре алмай сағыныштың қасіретінен қолыма қалам алдым.

Сонымен ақынның 1960 жылы ақпан айында Лашынға жазған өлеңі.

Тағдырыма тура келген серігім,

Мен бейбаққа сыйлады екен сені кім?!

Шар басымда, шаңырағым, сен тұрсың,

Басқалардың барлығынан жерідім.

Ауырлықтың көтердің-ау көбін сен,

Сенен келіп қуат алдым жеңілсем,

Сен-Жер болдың, нөсер болып төгілсем,

Шұғыласың, қара бұлт боп көрінсем, - деп ақын ағамыз жырға қосқан Лашын Әзімжанқызы сол жұмбақ күйінше бақилық сапарға аттанды. Кеудесінен шыбын жаны шыққанша Лашын әпкеміздің әрбір күні, әр сағаты Мұқағалимен бірге өтті.

/Оқушыларды марапаттау/

- Міне оқушылар, Мұқағали жайлы біраз мәлімет алдыңдар. Ақынның бейнесі жылдар өткен сайын биіктеп тұлғалана түсуде. Тау биіктегенімен, теңіз тереңдегенімен, дала кеңдігімен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын жырларымен сүйікті, өлеңдерімен көрікті.

Ақынға ғасыр ауысқан кезде «Ғасыр ақыны» атағы берілген еді. Жыл керуені алға

жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарқырай бермек.

 Халық барда ақынға өлім жоқ. Мұқағали өмірден өткенімен ұлы адамдардың бейнесі халық көңілінен еш уақытта кетпек емес. Осымен «Мұқағали мұрасы-мәңгілік» атты Мұқағали шығармашылығына арналған кешімізді аяқтаймыз.





-38-



Дебат тақырыбы: «Махаббат – өмірдің мәні »


Адамзатты аялаған ақ арман,

Барлық ғалам махаббаттан жаралған.

Өмір-өзен сан тарапқа ақса да,

Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.

Махаббаттың тоймай ішіп дәміне,

Адамзаттың талмай айтар әні ме?

Өзіңді де өзгені де сыйласаң

Жете аларсың махаббаттың мәніне- дей отыра «Махаббат өмірдің мәні » атты дебатымызға қош келдіңіздер!

Дебат дегеніміз – оқыту технологиясы. Дебатта оқушы өз ойын, пікірін ашық айтуға, қарсылас топтың пікірін сыйлауға, сөйлеу мәнерін, мәдениеттілікті сақтай білуге үйренеді.

Дебаттың мақсаты: оқушыларды Отанын, туған жерін,ата-анасын, достарын сүюге тәрбиелеу. Оқушы бойында адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік, нәзіктік қасиеттерді қалыптастыру. Оқушының ой-өрісін, танымын, сөздік қорын кеңейту.




-39-

Мұғалім: Махаббат сезімі - достықтың, татулықтың шыңы, адам өмірінің ұлы жарастығы . Әлемдегі барлық жақсылық махаббат арқылы келеді, онсыз өмірдің мәні, қызығы, құны жоқ. «Махаббатсыз дүние бос» - деп ақын Абай тегін айтпаса керек. Махаббат адам өмірінің барлық тіршілігімен байланысты. Адам дүниеге келгенде ата-ана махаббатының жылуына бөленсе, одан соң дос жарандарының сүйіспеншілігін біледі, бірте-бірте сүйіктісінің, жарының махабатымен қауышады. Сондықтан да барлық жақсылықтың мәні махаббаттан басталып, адам жүрегін нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді. Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалады. Ендеше, бүгінгі дебатымызда қыз бен жігіт арасындағы махаббат сезімі жөнінде сыр шертпекпіз.

-Ортаға екі топты шақырамыз:

Резалюциясы:

1.Махаббат- шынайы, мәңгілік сезім

2.Махаббат- өткінші, уақытша сезімге айналып барады

І топ Жақтаушы ІІ топ Даттаушы:

Тағаберген Айдана спикері Сағынова Жарқынай

Отаралина Айымгүл Аманова Нұрбибі

Мұқан Нұрбибі Тауман Жансая

Шағанбаева Айжан Отаралин Әділбек

Бегенов Ғалым Аубакиров Бақтияр

«Махаббат» символы қандай құс ? / аққуды ілгізу/

Белгілі махаббат жұптарының сыңарын табайық? / Қозы –Баян, Жібек-Төлеген, Еңлік-Кебек, Қалқаман-Мамыр, Ләйлі –Мәжнүн, Ер Тарғын-Ақжүніс суретті ашқызу/

1. Постермен жұмыс : «Махаббат», «Бақыт» сөздерінің мәнін ашу

/постерді қорғау, бір-біріне пікір қосу/

2. Адамзаттың өмірге, жалпы тіршілікке деген махаббаты жөнінде не айта аласыз?






-40-

3. Ата-бабамыз «Қызға қырық үйден тыю»- деп қыз балаға деген тәрбиеге үлкен көңіл аударған осы тұрғысында өз ойларыңызды білсек ?

4. Ең алғашқы махаббат сезімі қай уақытта сезіледі ?

Көрініс: 9 кл оқушылары «Махаббат бекеті» кинофильмінен үзінді.

/кинофильм бойынша өз пікірлерін ортаға салу/

5.Қыз бен жігіт бір-біріне махаббат сезімін қандай орындарда білдіргені дұрыс және өз сезімін алғашқы болып кім білдіргені жөн деп ойлайсыз?

6. Қабатов Тұрсынбек бір кешінде: бұрынғы кезде үйдегі теледидарымыз кішкентай еді, бірақ ішінен аларымыз көп болатын, ал қазір теледидарымыз үлкен аларымыз аз- деді, күлдіріп айтса да ойланатын мәселе, жалпы ақпарат құралдарының жастардың тәрбиесіне әсері қандай?

7.Махаббат пен достықтың байланысы мен арақашықтығын қалай түсінесің?

8.Махабатта кемшілік бола ма, адам өз махабатынан зиян шеге ме?

/азаматтық неке, есеппен үйлену, агент, интернет арқылы танысу, алып қашу/

Тренинг: «Жүрекке нұр құю» /мәтін оқылады, жай музыка ойнап тұрады./

Жаймен көзіңізді жұмып, мені тыңдаңыздар.

Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңыз бен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз

өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағаны мен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір. Сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз. Сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бірқалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелеріңіз тыныштыққа және күн нұрына бөленуде.








-41-

Сіз жақсы демалудасыз. Енді көзімізді жайлап ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз, жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.

7. Махаббат адам бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыра ала ма?

8.Махаббат сезімінсіз адам болуы мүмкін бе?

9. «Махаббат пен жеккөрушіліктің арасы бір қадам» деген ұғымды қалай түсінесіз?

Қазіргі замандағы өздеріңіз үлгі тұтатын махаббат жұптарын айта аласыз ба?

/Ескендір –Дарико, Оразалы –Ажар, Болат-Айнұр, т.т/

10.Елімізде «Махаббат» күні аталып өткенін қалайсыз ба, қай мезгілде болғаны дұрыс деп ойлайсыз?

11. «Махаббатсыз – дүние бос» деген Абай атамыздың даналығын қалай түсінесің, махаббаттың құндылығы, құдіреті неде деп ойлайсыз?

Тренинг: «Жүректен-жүрекке» жүрек тәріздес болып тұрғызу /майшам арқылы бір-біріне тілек айтқызу/

Қорытынды: Дебатымызды қорытындылай келе, қазақтың әр отбасында тәрбиелеп отырған ұлдары ұсақшыл болмасын ұлықты болсын, қыздарымыз қызылшыл болмасын қылықты болсын. Махаббат сезіміне толы жүректеріңіз шуақты болсын, еліміз қуатты болсын-демекпін.
















-42-















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
М??а?али м?расы м??гілік

Автор: Ибраева Алтынай Жолшиевна

Дата: 01.10.2015

Номер свидетельства: 235376


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства