Просмотр содержимого документа
«"М??алім - мектепті? ж?регі" »
«Мұғалім – мектептің жүрегі»
1-жүргізуші:
Күрең күздің жаңға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріңіз - Ұстаздар күні де келіп жетті. Бүгін сол дәстүрлі мерекеге орай мектебіміздің оқушылары барлық ұстаздар қауымын, сіздерді шын жүректен, құттықтау тілегімен, бәріңізге жақсы мерекелік көңіл- күй сыйламақ ниетпен өз өнерлерін көрсетпек.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
2-жүргізуші:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.
Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.
1- жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән – шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Қадірлі ұстаздар! Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы да ардақты ұстаздар!
Мектеп оқушыларының сіздерге арнаған ыстық лебіздерін қабыл алыңыздар ( әдеби монтаж)
2-жүргізуші:
Ұстаз ана - болашақтың анасы.
Ұстаз ана-ақыл-білім анасы.
Жүзіндегі пәк мейірімді көргенше,
Әр шәкірттің оянады санасы.
Құтты болсын, ұстаздарым, мерекең,
Артсын сенің абыройың, берекең.
Осы күні ұлы тойды тойлайық,
Қуанышты, ұзақ болсын мерекең!
9- сынып оқушыларының орындауында би.
1- жүргізуші:
Мектеп- кеме, білім- теңіз, ал ұстаз мектептің жүрегі, тынысы, үні. Ұлағатты ұстаз- ең алдымен, шәкірттеріне өмірді, білімді үйретуші. Ұстаз шәкірттерінің жан саулығын, тән саулығын, оның адамдық асыл қасиеттерінің жақсара беруін қадағалап, қамқорлық жасап отырады.
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай шуағым.
Арманым қонса, қолыма.
Арқаң деп сенің ұғамын.
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін. Келесі орындалатын ән ұстаздар сіздерге арналады. «Ұстазым әні»
2-жүргізуші:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін.
Құрметтеік мәпелеп,
Ұстаздардың есімін.
Келешекке – алтын бақ,
Қосар таудай үлесін,
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
2-жүргізуші:
Сыйлар бәрін еліңіз,
Сізге жыр да, тілек те,
Шыңға өрлей беріңіз,
Білім сеуіп жүрекке.
Домбырасын қағып қап,
Төгілдірер нелер саз,
Шабыты асқақ шарықтап,
Ортаға шықсын өнерпаз деп ортаға 8 сынып оқушыларының орындауында әзіл- ысқақ. Қабыл алыңыздар.
1- жүргізуші:
Қымбатты біздің ұстаздар! Алтын күздің аясында жарқыраған жүздерің бізбен бірге мәңгілікке қалмақ. Сіздер секілді мәуелі бәйтеректерден тамырланып, мектеп бітірер сәтте сан тарапқа қанат қағамыз. Бірақ аяулы мектебімізде білімнің қайнар көзіндей қалған мұғалімдерімізді біз еш уақытта ұмытпаймыз.
Суретші болсақ, ең әсем бейнені ұстазға арнаймыз, сәулетші болсақ, ең көрікті ғимаратты ұстаздарға саламыз, жүрек күйін тербетер сазгер болсақ, асыл әнді ұстазға шырқаймыз, сезімді бойлайтын ақын болсақ, нұрлы жылдардың әр тармағын аяулы ұстаздарымызға арнаймыз днй келе, ортаға 11-сынып оқушылары өздерінің құттықтауларын сіздерге арнайды, құрметті ұстаздар.
Ұстаздарға арналған ойын.
2-жүргізуші :
Ұстаз болам өзіндей,
Үйретер ақыл, парасат,
Аянбай еңбек етемін,
Болсыншы деп бала шат!
Тілеймін саған мол бақыт,
Еңбегің болсын жемісті!
Тіліңді алып әр уақыт,
Тындырамын көп істі. деп ортаға 10- сынып оқушыларының құттықтау тілегін қабыл алыңыздар
Флешмоб.
1- жүргізуші:
Мұғалім- зор тұлға. Мен ұстаздарымды күннің құдіреті сәулесіне теңеймін. Мұғалім әділ де турашыл, жоғары мәдениетті, салмақты, әдепті кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Сүйікті ұстаз- баланың өмірге қарайтын мөлдір де, таза әйнегі.
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алып үйренсін деп ,
Таңертең күнде шуақ жаяды алдан.
9 сынып оқушыларының құттықтау жылы лебіздерін қабыл алыңыздар. Ортаға шақырамыз.
Ойын.
2-жүргізуші:
Көп ізденіп алсаң биік бүл шынды,
Отырғызар шын қүрметтеп торі бар.
Үстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған,
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам
Сахнаға 8 сынып оқушыларын шақырамыз.
1- жүргізуші:
Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі- ұстаз.Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар- бәрі – бәрі бір адамға қарыздар. Ол- ұстаз.Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жан дүниеңді түсінетін, қиынды кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық, өйткені ол диқан сияқты. Адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап, көңілінде табады.
Үйретіп өмір заңдарын
Үлгілі іске нұсқадың.
Ақ көңіл, іскер қашанда,
Ақылшым менің – ұстазым!
Сахнаға 7 сынып оқушыларын шақырамыз.
Ойын.
2-жүргізуші:
«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.
Құйылады жыр ағын,
Көптен дары пырағым.
Құтты болсын мерекең,
Заңғар тұлға мұғалім.
Сахнаға 6 сынып оқушыларын шақырамыз.
1- жүргізуші:
Құрметті ұстаздар сіздерді тағы да төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.Сіздерге отбасы шаттығын, ана бақытын, шығармашылық табыс тілейміз!
Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз мәнді, сәнді қуанышқа тола берсін! Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтары мен патриоттары болып өссін!
Сахнаға 5- сынып оқушыларын шақырамыз.
Ән «Ұстазым», «Мұғалім ол біздің».
1-4 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Құттықтау сөз мектеп директорына беріледі.
1-жүргізуші:
Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,
Тілектермен нығайсын мерекеңіз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осымен аяқталды мерекеміз!
Назар аударып тыңдағандарыңызға көп рахмет! деп ұстаздар сіздерді тағы да ұлы мерекелеріңізбен құттықтап, қош сау болыңыздар, кездескенше дейміз.