Просмотр содержимого документа
«Мерекелі к?з,берекелі к?з! »
«Мерекелі күз,берекелі күз» ертеңгілігі
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар,қонақтар! Сәлеметсіндер ме! Бүгін біздің «Мерекелі күз,берекелі күзге » арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар!
Көптен күткен «Мерекелі күз,берекелі күз » мерекесіде келді.Оны қарсы алуға әркім өз әлінше даярланды.
Міне біз де сыныпты безендіріп, өзіміз де әсемденіп «Мерекелі күз,берекелі күз » тойын мерекелеуге жиналдық.
Күз
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей .
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап,
Сайға барып бекінді.
Анасынан ажырап.
Қалған бала секілді.
Өлең «Күз келді».
Күз: (Индира кіреді)-Сәлеметсіндер ме, балалар ! Мен күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге ренжіп, бұртиып қабағымды түйе қаламын.Кейде өкпелеп,көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін. Бірақ мені бүкілі ұнатады.
Жүргізуші: жұмбақ жасырады
Өрік, шие, алма,алша.
Жидек жүзім піседі.
Қауын-қарбыз ,қияр,сәбіз.
Қоймаларға түседі.
Айтындаршы балалар
Бұл қай кезде болады?(Күзде)
Алмас : Жерде жаңбыр жалтырайды,
Жапырақтар қалтырайды.
Көкте ай, күн балқымайды,
Көлде аққу қалқымайды.
Өлең «Жаңбыр»
Таисия: Бой жаза алмай,ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кезде болады?
Жүргізуші :Ал балалар ойын ойнаймыз ба?
Ойын «Жаңбыр мен күн»
Әлия: Жапырақтар жерге қарай
Қалықтайды,қалықтайды.
Өлең «Мен жапырақпен жүремін»
Күз: Рахмет , балалар,олай болса,
Кім күз айларын айтады?
Нұрай: Жеміс-жидек пісіп жатыр,
Үсіп жатыр бау-бақта,
Жапырақтар ұшып жатыр
Түсіп жатыр жан-жаққа.
«Жапырақтар биі».
Гүлназ: Жел тұрудан жалықпайды,
Күн жылытып жарытпайды.
Тақтада ілінген жапырақтардағы жұмбақтарды оқиды:
Іші жұмсақ,сырты-қатты.
Еті қызыл,сүті тәтті. (Қарбыз)
Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар. (Орамжапырақ)
Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен. (Пияз)
Бүрі,бүрі,бүрі бар
Күн келбетті түрі бар. ( Күнбағыс.)
Ағайынды бәрі
Шықса- жасыл,
Түссе- сары. (Жапырақ.)
Анара : Бұлттар төніп,жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Жарыс: «Кім тез әкеледі» балаларды марапаттайды
Күз: Барлығынды қимаймын,
Барымды мен сыйлаймын. ( сыйлық береді )
Жүргізуші : Бүгін біздің бүлдіршіндердің мерекеге әзірлеген өнерлерін тамашаладыңыздар,мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен
құттықтаймын .Осымен біздің «Мерекелі күз,берекелі күз » ертеңгілігіміз