kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мен, мені? маманды?ым ж?не к?сібім»

Нажмите, чтобы узнать подробности

   Кешті? ма?саты: Маманды? та?дау кезінде т?р?ан о?ушылар?а ба?ыт – ба?дар беріп, та?дау м?мкіндіктерін шешу. Оларды ?з пікірін еркін айту?а, бас?аны? пікірін сыйлай білуге, ж?йелі ойлау?а баулу ж?не жас т?лектерге адам ?мірінде маманды?ты? алатын орны, ма?ызы туралы т?сінік ?алыптастыру.

   ?атысушылар: о?ушылар, студенттер, ?стаздар, ша?ырулы ?она?тар.

Кешті? ба?дарламасы:

  1. Кіріспе с?з
  2. ?она?тарды таныстыру
  3. С?ра? бізден – жауап сізден (?она?тармен пікірлесу)
  4. ?она?тармен ойын ?йымдастыру
  5. Студенттермен с?хбат
  6. О?ушыларды?  сауалдары
  7. Студент, о?ушылармен ойындар
  8. ?она?тар?а сыйлы? беру
  9. ?орытынды
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мен, мені? маманды?ым ж?не к?сібім»»

«Мен, менің мамандығым және кәсібім» атты кездесу кеші.

Кештің мақсаты: Мамандық таңдау кезінде тұрған оқушыларға бағыт – бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу және жас түлектерге адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

Қатысушылар: оқушылар, студенттер, ұстаздар, шақырулы қонақтар.

Кештің бағдарламасы:

  1. Кіріспе сөз

  2. Қонақтарды таныстыру

  3. Сұрақ бізден – жауап сізден (қонақтармен пікірлесу)

  4. Қонақтармен ойын ұйымдастыру

  5. Студенттермен сұхбат

  6. Оқушылардың сауалдары

  7. Студент, оқушылармен ойындар

  8. Қонақтарға сыйлық беру

  9. Қорытынды

1. Кіріспе сөз. Құрметті шақырулы қонақтар, студенттер қауымы, оқушылар, қонақтар баршаңызда бүгінгі «Мен, менің мамандығым және кәсібім» кездесу кешіне қош келдіңіздер! әдетте мектептен түлеп ұшқалы отырған 11 сынып оқушыларын көбіне қандай мамандықты таңдаймын немесе таңдаған мамандыққа қалай қол жеткіземін деген ойлар мазалайтыны анық. Сондықтан да мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт – бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге ұстаздарды, кешегі түлек – бүгінгі студенттерімізді, яғни болашақ маман иелерін, және бүгінгі кешіміздің шақырулы қонақтары, маман иелері, елге елеулі, халыққа қалаулы, ауылымыздағы бетке ұстар ағаларымызды шақырып отырмыз. Бұл ағаларымызбен кездесіп, ой бөлісу, пікір алысудың маңызы өте зор.

Алдымен мамандық, мамандық таңдау деген не екеніне қысқаша түсінік беріп өткенді жөн көріп отырмыз.

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді екен. Біреулері үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, ал келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң...

Сондықтанда әрбір мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін және өз бейімділігін тану қажет және өз - өзіне «Мен кіммін?», «Болашақта қандай маман иесі боламын?», «Өмірдегі менің орным қандай?» деген сұрақтарға жауап іздеу қажет деп ойлаймын. Сондықтан мамандық таңдау – жасөспірімдердің өміріндегі күрделі де маңызды, қиын да қажетті қадамы. Ол мектеп кезінде, жас кезінде орындалады. Дегенмен осы жолда оқушыларға қиын болады: көбісі мамандық түрлерін, олардың қандай талап қоятынын білмейді. Кейбір оқушылар өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды. Жеткіншек мамандықты кездейсоқ таңдаса, ол өзіне сай келмейтін жұмысқа оңай тап болады. Осындай әрекеттің нәтижесі неге әкеп соғады? Егер адамда белгілі бір жұмысты орындауға деген алғы шарт жоқ болса, ол көптеген жағымсыз жағдайларға әкеледі. Бұлардың ішінде ең маңыздысы еңбек өнімділігінің төмендеуі, қателесулер және жұмыстағы бөгеттер. Егер сатушы қателессе, бұл өзін немесе сатып алушыны алдап жатқаны. Ұшқыштар немесе автобус жүргізушісі қателессе, онда ол көптеген адамдарды апат болуына әкеледі. Осындай келеңсіз жағдайға тап болмау үшін адам өз мамандығын таңдауда өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына үлкен мән беру керек. Э.Ф.Зеер айтқандай «Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі» дегендей мамандықты дұрыс таңдай білу алдағы өміріңнің сәттілігі деп түсіну керексің.

Мамандық тарихына үңілетін болсақ, олардың саны көп. Бұрынғымен салыстырғанда қазіргі кезде мамандықты таңдауға 100 – 200 есе мүмкіндік бар. Егер 1920 жылы Совет Одағында шамамен 10300 мамандық, 1939 жылы – 19000, 1959 жылы – 30000, ал қазіргі уақытта жаңа айтып өткендей бұл сан 40 мыңға жеткен екен. Мамандықты таңдауда барлық мамандықты білу міндетті емес, өз қабілет – қызығушылықтарын, неге бейім соны білу жеткілікті. Бірақ таңдау дұрыс болу үшін неғұрлым көп мамандықтардың мәнін білген жөн.

Ән: «Ақ Бөрлі» орындайтын 11 сынып оқушысы Досқалиева Балжан.

2. Қонақтармен таныстыру. Кездесу кешіміздің қонақтары:

1. М.Қ.Қитанов (ауыл әкімі)

2. Н.Қ.Тажмұратов («Нарын» шаруа қожалығының жетекшісі)

3. М.Н.Боранбаев («Боранбаев» шаруа қожалығының жетекшісі )

4. И.Е.Габдуллин («Есет» шаруа қожалығының жетекшісі)

5. М.Ж.Мусағалиев («Жаннат» шаруа қожалығының жетекшісі )

6. Р.А.Сисенғалиев («Сисенғалиев» шаруа қожалығының жетекшісі)

7. Е.Е.Зинешев («Ерболат» шаруа қожалығының жетекшісі)

8. Студенттер

9. 11 сынып оқушылары


3. Сұрақ бізден – жауап сізден (қонақтармен пікірлесу)

Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және ағаларымыздың ақыл - кеңестерін тыңдағанда артық етпейді деп ойлаймыз. Олай болса бүгінгі кешіміздің қонақтарынан төмендегі сұрақтарға байланысты өздерінің ойларын білдіріп отыруларын сұраймыз. 1. Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде нені басшылыққа алу керек екені жөнінде ой бөлісу

2. Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет деп ойлайсыз? 3. Ауылымызды өркендету үшін бүгінгі таңда қандай маман иелері керек деп ойлайсыздар.

4. Адам өз еңбегінің жемісін қай уақытта көре алатыны жөнінде түсінік беру 5. Ауыл шаруашылығын дамытудағы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар жөнінде түсінік беру.

6. Бүгінгі таңда ауылымыз үшін атқарылып жатқан игі істер жөнінде мәлімет беру.


4. Қонақтармен ойын ұйымдастыру

1. «Сүйікті мамандығым» ойыны

2. «Мамандық қасиеттері» ойыны


5. Студенттермен сұхбат

Адам өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең - мектеп – ана құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығы мен қызығы мол студенттік кезең екені сөзсіз. Ол басыңда мәңгі тұрақталып қалар дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да айырбастамас балалық, жастық шағың, көзді ашып – жұмғанша өте шығар сиқырлы күндерің. Міне, осындай күндердің иелері алдымызда отырған оқушыларымыз бен болашақ жас мамандарымыз, яғни студенттеріміз. Ауылымызда бүгінгі таңда әр түрлі саланың мамандықтарын игеру үшін 90 – ға жуық кешегі мектеп бітіріп кеткен оқушыларымыз – бүгінгі болашақ жас мамандар бар екен. Солардың бірнешеуі қазір ортамызда отыр.

Студент ертеңіне жол ашады,

Асқақта нұрлы болар болашағы

Дәл осы мектебімде білім алып,

Арманға аласармас қыр асады, - деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге де сөз кезегін берсек. Өздерініңіз оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып өтсеңіздер және алдымызда айтып өткен ағаларымыздың ойларына өздеріңнің қандай пікірлеріңді қосар едіңіздер.

Мысалы: 1. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз? Өздерің қай уақыттан бастап дайындалдыңдар?

2. Бұл мамандықты таңдауға не себеп болды?

3. Жақсы маман болу үшін адам бойында қандай қасиеттер басым болуы керек?

4. Осы мамандыққа жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?

5. Әттеген – ай деген шақтарың болды ма?

6. Оқушыларымызға қандай кеңестер берер едіңдер? – деген сұрақтарға өз ойларыңызды білдіріп отырарсыздар.


6. Оқушылар сауалдары.

Ендігі кезекте оқушыларымыздың толғандырып, білгісі келіп жүрген сұрақтарына береміз.


7. Студент, оқушылармен ойындар.

1. «Мамандықтар тізбегі» ойыны. «Мамандықтар тізбегі»- ойыны

Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді.

2. «Мамандықты тауып ал» ойыны.


8. Қонақтарға сыйлық беру.

Қонақтарға айтылған мәнді ой – пікірлеріне, ақыл – кеңестеріне ризашылық білдіріп, бүгінгі кездесу кешімізден естелік ретінде сыйлық таратылады.


9. Қорытынды

Күн сайын биіктеген әр сатымыз,

Біздің бір тілегіміз, мақсатымыз.

Әрдайым ашық болып аспанымыз,

Еңбекпен шыға берсін жақсы атымыз.

Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше сол еліміздің жастары, мына сіздер, Қазақстанның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата берейік.

Мемлекеттің «2030» бағдарламасын орындауда ерінбей, экономикалық талапқа сай еңбек ететін, игілікті іске бар ынтасымен кірісетін, ізгілікпен ел – жұртына көмектесетін, рухани жан дүниесі бай, ілтипатты да кішіпейіл, мейірімді жастар болып өсейік деп кешімізді аяқтаймыз. Бүгінгі кездесу кешіне уақыттарыңызды бөліп келіп, өздеріңіздің ой – пікірлеріңізді бөліскендеріңізге баршаңызға алғысымызды айтамыз. Сау болыңыздыр!

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Мен, мені? маманды?ым ж?не к?сібім»

Автор: Сайхаденова Гульжан Маратовна

Дата: 23.03.2016

Номер свидетельства: 309078


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства