kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? Елбасым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биыл біз 3-рет 1 желто?сан мемлекеттік мереке Президент к?нін атап ?тіп жатырмыз.Б?л орынды да, себебі 1991 жыл?ы 1 желто?санда тарихымызда т???ыш рет ?ткен жалпыхалы?ты? сайлауда ?аза?станды?тар ?з еркімен ?аза?стан Президентін сайлады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мені? Елбасым»


ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ «273 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ











Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Менің Президентім»



(25.11.2015 жылы 6 «В» сыныбында өткізілді.)

Сынып жетекшісі: Жамалатова Г.










Байқоңыр қаласы, 2015 жыл




Бекітемін күні: 25.11.2015ж. сағат 1210

Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі 6 «В» сыныбы.211 кабинет.

_____________

«____» _________2015 ж.


Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Президентім

Мақсаты:қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың өмір жолы, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері

туралы мағлұмат беру;

Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге,

ержүректілікке,азаматтылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,

құрметтеу;
Көрнекілігі: слайдтар көрсету,шарлар, суреттер,кітаптар бұрышы.

Өтілу барысы:

Кіріспе:

1.Мұғалім сөзі;

2.Елбасы туралы өлеңдер;

3.Оқушылардың шығармашылық жұмысы;

4.Қорытындылау.




























Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Президентім

Мақсаты:қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың өмір жолы, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері

туралы мағлұмат беру;

Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге,

ержүректілікке,азаматтылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,

құрметтеу;

Күтілетін нәтиже:Тұңғыш Президентіміздің қоғамдағы орнын біледі. Сіңірген еңбегі мен алатын орны туралы мағлұмат алады. Президенттің халықпен бірге екендігін оқушылар айқын түсінеді.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер,кітаптар бұрышы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

«Шаттық шеңберіне шақыру» оқушылар бір-біріне өз есімдерінің бас әріптерінен басталатын тілек айтады.

Биыл біз 3-рет 1 желтоқсан мемлекеттік мереке Президент күнін атап өтіп жатырмыз.Бұл орынды да, себебі 1991 жылғы 1 желтоқсанда тарихымызда тұңғыш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда Қазақстандықтар өз еркімен Қазақстан Президентін сайлады. Еліміз егемендік алып, дамудың жаңа жолын таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз тәуелсіздік туын биікке шығарды. Ата заңымызды, Рәміздерімізді және басқа да рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, өміріміздің сан саласын дамыта, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді.

Толқын:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6 шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау-бақша  өсіруіне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Атасы Назарбай, әжесі Мырзабала,әкесі Әбіш, анасы Әлжан.Ата-анасының көптен күткен баласы болды.

Айгерім:

1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы мамыр айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғарытехникалық оқу орнын бітірді.
1969-1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1977-1979 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы, 1979-1984 жылдары Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984-1989 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы,1989-1991жылдары Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990жылдың ақпан-сәуір)болды.Қазақстанны қайта құрылуы
Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі-1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР-і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.



Өлеңдер:

Жеңіс

Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.
Өзің болдың көшбасшысы елімнің,
Өзің болдың биік ұшқан қыраным.
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,
Лебізіңнен ел арманы өрілген.
Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,
Достық әні шарықтайды төрімнен.

Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің елбасыны қолдайтын.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан.

Дамир

Елбасымыз жолдайды, Халқы оны қолдайды. 
Ешқашанда орынсыз, Шешімдері болмайды. 
Елбасы елді қорғайды, Халық қамын ойлайды. 
Осындай жақсы адамның, Жақсылығы тарайды. 
Тәуелсіздікті елге сыйлады, Бейбітшілікті қалады. 
Орындалып арманы, Халқымыз да ажарлы. 
Осының бәрі әрине, Елбасының арқасы. 

Назерке
Ауыр күнді артымызға тастауы – 
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. 
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы 
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Мұрат

Болашағы Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан,
Халқымыздың таңдап алған таңдауы.

Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәңгі жансын Тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.

Арлена

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

Арманын орындадың бабалардың,



Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

Назерке

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып.

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.


Ән: «Менің Қазақстаным» Төлепбергенов Мадияр









Мұғалім:Оқушылар, елбасының өмірімен, еңбек жолымен таныстық.Енді «Балалық шағымның аспаны» деген елбасы туралы кинодан үзінділер көрсек.(10 минут) үзінді көрсетілді.



  1. Бала Нұрсұлтан кім болуды армандады?

  2. Өзінің армандаған оқу орнына түсе алды ма?

  3. Оқу орны қалай аталды?

  4. Қалаған оқу орнына түсіп, не себепті оқи алмады?

Мұғалім: Оқушылар,киноны толық көрген екенбіз.Елбасының кішкентай кезінен бастап, еңбекқор, ата-анасын сыйлап, сөзін жерге тастамайтын, тіл алғыш, сабақты өте жақсы оқығанын, күнделікті дайындықпен келетінін, турған жерінен 5-6 км. жерге қатынап оқығанын, біздер сияқты Абай атамыздың мектебінде оқығанын білдік.

Кітап бұрышымен таныстырылды. «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл», «Жылдар мен ойлар», «Тарих толқынында», «В потоке истории», «Стратегия независимости», «Эпицентр мира», «На пороге XXI века».

Эссе: Тлеулиева Әлия

1 желтоқсан-тұңғыш Президент күні. Нұрсұлсан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Бұл кісіні балабақшадағы сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін біледі. Еліміздің алға қойған мақсаты мен міндеттерін, қуанышы мен жетістігін, сенімділік пен үмітті басшылыққа ала отырып, алға тартып келеді. Отанымыз тыныш, көрші елдермен тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп келеміз.

Қазақстанда тұрып келе жатқан жас мемлекетіміздің әрі қарай дамуының басында бірінші күннен бастап осы кісі тұр. Кемені басқарған штурман да, бағыт көрсетуші де-Елбасымыздың өзі, сондықтан да мемлекетіміздің әр азаматы болашаққа деген сенімділікпен өмір сүреді.

Нұрсұлтан атамыз-ел болашағын бүгін ойлайтын кісі. Балаларға үлкен қамқорлық көрсетуде.Соның бір дәлелі біздің облысымызда Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектебінің таяу маңда ашылуында.

Менің арманым-президент атамыздың атындағы зияткерлік мектепте оқып, елімнің үмітін ақтау.Біз болашаққа сеніммен қарауымыз керек. Ал болашақ- біздің қолымызда.

Эссе: Төлегенова Назерке

Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана тілімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім-Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 24 жыл толып отыр. Осыны ойласам, кеудемді үлкен үлкен қуаныш сезімі кернейді. Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын.Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі-халқымыз өз таңдауымен ел президенті сайлады. Оған үлкен сенім артты,міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегендікпен саралап болжай білетін азамат, өткеннің өзі көпке үлгі өмірбаян.

Ән: «Алға,Қазақстан» Нагиметуллаева Толқын,Тулепбергенов Мадияр

Абиева Айткүл: «Кие» поэмасы Маралтай Ыбыраев.

Мұғалім: оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымызды бір сөзден түйіндесек.

Айгерим:1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. Содан бері 24 жыл өтіпті.

Нұрхан:Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі аламыз.

Рахат:Тәуелсіз Қазақстан тарихында еліміздің әнұраны 2 рет 1992, 2006 жылы бекіді.2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» жарлыққа тиісті түзету енгізіп,еліміздің жаңа әнұранын бекітті.Әнұранның авторлары: Жүмекен Нәжмединов пен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жеңіс:Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

Арлена: Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым-президенттік қызмет-елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.

Санжар:Біз елбасын құрметтейміз.

Бекзат:Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

Мурат:Нұрсұлтан Назарбаев-мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы.

Т.Назерке: Кезінде Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын.

Толқын:Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.

Алигер: Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген.

Айзат: Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай - ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

Орынбасар:Нұрсұлтан ата-ақкөңіл, сезімтал жан, біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.

А.Назерке:Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

Арман:Елбасы-халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.

Гаухар:Бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Ернур: халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін ақтап келе жатқан, қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

Айдос:«Балалық шағымның аспаны» деген Елбасы туралы фильммен таныстық.

Дамир: Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты.

Айткүл: Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қосқан үлесі орасан зор.

Гулзат:Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқын келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Бектас: Елбасының өмірімен, отбасымен, қызметімен таныстық.

Мадияр:«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жауқаш: 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Әлия:Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз.Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да,балалар, біздің алдымызда тек қана бір талап, міндет, ол-білім алу.Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

Мұғалім:Кез келген халықтың тағдыр тауқыметі бар. XX ғасыр қазақ халқы үшін қайғысы мен қасіреті аз болған жоқ. 70 жылдан астам коммунистік диктатураның шеңгелінен босап, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке де қол жеткіздік. Қазақ тарихында 200-ге жуық көтерілістер, қозғалыстар, бұлқыныстар, бас көтерулер болған,-дейді тарихшылар.Аңсай күткен тәуелсіздік қазақ жұрты, қазақ елі, қазақ мемлекеті үшін тәңірдің берген сыйы десек те болады. Жеріміздің бүтіндігін, дініміздің тазалығын, тіліміздің, дініміздің халін бағамдай бастадық. Тәуелсіз ел тарихында аты алтын әріппен тарихта қалатын тұлға-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Жиырма жылдан сәл астам уақыт өтсе де, ғасырға татырлық оқиғаларды басынан өткерген қазақ тарихында Елбасының алатын орны ерекше. Бұны ішкі, сыртқы саясаткерлер де мойындап, Елбасының салиқали да сарабдал саясатын сан рет мойындап, саясаткерлік шеберлігіне тәнті болған еді.

Біз- көп ұлтты елміз. Бізді елдің тұтастығы территория бүтіндігі, тіл мен діннің тазалығы, айрықша ойлантады. Қазіргі күн сайын 180 С өзгеріп отыратын жаһандану заманында еліміздің саяси және эконикалық тұрақтылық, халықтар арасындағы достық қарым-қатынас, діндер арасындағы толеранттылық шет мемлекеттердің көпшілігі мойындап, президент саясатына оң бағасын беріп жатады. Ең алдымен, қоғамдағы консолидация, яғни ауызбіршілік, саяси тұрақтылық,экономикалық даму-біздің ертеңіміздің кепілі. Ата бабаларымыздан қалған өсиет сөздер, мысалға алсақ, Қазыбек би мен Бұқар жырау бірінші орынға «Бірлігі кеткен ел жаман» деп айтып кетсе, сол бірлікті тұрақтандырып, оны одан әрі нығайтуда Н.Ә.Назарбаевтың саясаты мен қадамдары көпке үлгі десек те болады.Елбасының қайсыбір бағдарламасы болмасын, Жолдауы болсын, ұзақ жылдарға арналған саяси бағдарламалары болсын- ол елдің мәңгілік болуы, өнер мен мәдениеттің дамуы, халықтың әл-ауқатын көтеру мен жарқын болашаққа бастар айқын жол деп қарастырсақ болады. Сондықтан да президент және оның командасы халықтың қолдауына ие болып, еліміздің ертеңін ойластыра, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, нақты қадамдар жасауда.

Махамбеттің толғауларында мынадай бір жолдар бар.

...халық қозғалса,

Хан тұра алмайды тағында-ай!

Махамбет айтқан «атадан туған аруақты ер» ғана ел жүгін арқаласа керек. Алмағайып мына заманда қайсыбір елдердің басшыларына ұқсап, ел ішін бүлдіріп, алтыбақан алауыз болып, басқа елді паналап кеткен жоқ, олай болмайды да. Өйткені халқы Елбасымен бірге, мұраттас, тағдырлас.Сондықтан біздер Ата заңымыздың 46-бабында айтылғандай оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмейміз.

Президент-біздің адами және азаматтық құқықтарымыздың бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

Біз әрқашан Президентпен біргеміз!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мені? Елбасым

Автор: Жамалатова Гулзада Отанбековна

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 325743

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) ""Менің Елбасым!""
    ["seo_title"] => string(13) "menin_elbasym"
    ["file_id"] => string(6) "487170"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1542950067"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Елін баста?ан-Елбасы"
    ["seo_title"] => string(23) "ielin-bastag-an-ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "274218"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452347410"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Мені? Отаным – ?аза?стан" "
    ["seo_title"] => string(28) "mienin-otanym-k-azak-stan-10"
    ["file_id"] => string(6) "228560"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1441381516"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Менің Елбасым-ертеңгілік"
    ["seo_title"] => string(30) "mienin_ielbasym_iertien_ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "375299"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483526220"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін с?йген -Елбасы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(32) "ielinsuighienielbasytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "290462"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454953621"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства