Просмотр содержимого документа
««Мендалиев аруы-2015» бай?ауы »
«Бекітемін»
Мектеп директоры
___________С.К.Утегулова
«___»__________2015ж
8-ші наурыз халықаралық әйелдер және арулар күніне орай мектеп оқушыларына арналған «Мендалиев аруы-2015» атты байқауының сценарийі.
Өткізілетін орны: акт залы
Өтетін күні: 06.03.2014 сағ: 16 00
1 жүргізуші: Искалиева Арайлым
2 жүргізуші: Мұқамбетқалиев Нұрбек
(Сахна тақырыпқа сай әдемі шарлармен безендірілген)
1-жүргізушіАрай:
Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!
2-жүргізуші Еркош: Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Мендалиев аруы-2015» байқауына қош келдіңіздер!. (бірге)
1-жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып, Келеді міне ортаға толқып тасып Аруларын сыйлаған, халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық! (Арулар ортаға шығады) 1-жүргізугші:
Болмасын деп ешкімнің өкпе-назы,
Бағалайтын әсем дауыс, әсем сазды.
Бізбен бірге осы кешті бағалайтын
Алдарыңызда сіздердің әділ-қазы.
Әділ-қазы алқасымен таныс болайық:
2-жүргізуші:
Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1 Таныстыру
2 «Қыздың 40 айласы» сұрақ-жауап
3 «Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету
4 «Сән үлгісі» үй тапсырмасы
1 жүргізуші:
Сайыстың шарттарымен таныс болсақ үміткерлеріміз әділ-қазы алдынан өз нөмірлерін суырсын.
2-жүргізуші:
Ендеше ортаға бірінші нөмердегі аруымызды шақырайық
1 жүргізуші: Келесі кезекте 2 аруымызды қарсы алайық.
2-жүргізуші: 3,4,5,6,7,8,9
Бірінші кезең аяқталды
Қазылар алқасынан арулардың бағасын сұраймыз.
1 жүргізуші:
ІІ кезең: «Қыздың қырық айласы» сұрақ-жауап
Екінші бөлімімізді бастау үшін аруларымызды ортаға шақырайық.
2-жүргізуші:
Ал, арулар сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі талай сын бар,
Сұрағыңды ала қой қымсынбай кеп,
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар!
Бұл бөлімде өздеріңіз таңдаған сұрақтар бойынша жауап берулеріңіз қажет
(1 жігіт салт-дәстүрге байланысты билеттерді подносқа салып алып келеді)
1-ші арудың сұрақтары. 1. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б. Төлегенова). 2.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан) 3. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз). 4. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали) 5.Қошақанның анасы? (қой). 6. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз. 2-ші арудың сұрақтары. 1. Төлегеннің серігі? (Жібек) 2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа) 3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май). 4. Аллада не жоқ? (бауыр) 5. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
6. Еңбек туралы мақал айтыңыз 3-ші арудың сұрақтары. 1. Еңліктің серігі? (Кебек) 2. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке) 3. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан). 4. «Ана тілі – арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли) 5. Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере). 6. Бала туралы бір мақал айтыңыз. 4-ші арудың сұрақтары. 1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа) 2. Апа сіңлінің балалары (бөле) 3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу). 4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар). 5. Аққуда не жоқ? (сүт) 6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан). 5-ші арудың сұрақтары. 1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта) 2. Киелі құс (аққу) 3.Тігінші құралы ( ине) 4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали) 5. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт) 6. Білім туралы мақал мәтел айтыңыз 6-шы арудың сұрақтары. 1. Ас атасы (нан) 2. Анаңның бауырлары (нағашы) 3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С.Назарбаева) 4. Достық туралы мақал мәтел 5. Апа сіңлінің балалары (бөле) 6. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем)
7-шы арудың сұрақтары
1 Әнші Мадина … (Ералиева) 2.Тай, құлынның анасы? (Бие). 3. Ана туралы бір мақал айтыңыз.
4. Жылқыда не жоқ (өт). 5. Әнші Роза … ( Рымбаева) 6. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім (мәсі)
8-шы арудың сұрақтары
1. Көздің суы (жас) 2. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже) 3. Денсаулық туралы мақал мәтел 4. Ең зор байлық (денсаулық)
5. «Мен қазақпын» поэмасының авторы (Ж.Молдағалиев) 6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
9-шы арудың сұрақтары 1. Әнші Тамара… (Асар) 2.Ешкінің төлі ? (лақ). 3. Қыз туралы бір мақал айтыңыз.
4. Тіршілік иелерінің моторы (жүрек)
5. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар). 6. Аққуда не жоқ? (сүт)
Әділқазы алқаларынан қорытынды баға сұралады.
ІІІ кезең: «Өнерлі өрге жүзер»
2-жүргізуші:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға
Арулар аянбай – ақ жан салыпты.
Ендігі кезекте әр қыз өзінің өнерін көрсетеді.
1. 5.
2. 6.
3. 7.
4. 8.
Әділқазы алқаларынан қорытынды баға сұралады.
ІVкезең: 4 «Сән үлгісі» үй тапсырмасы Аруларымыз сән көрсетеді.
1 жүргізуші:
Үміткерлеріміздің бағасын беру үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
Ұлтымыздың әр сөзі
Асып жатты кәдеге,
«Қыздар сыны» мінеки
Келіп жетті мәреге.
2-жүргізуші:
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!