kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мемлекеттік тіл-досты? пен бірлікті? белгісі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Интелектуальный конкурс посвященный Дню языков народа Казахстана, проводился во время декады. Конкурс начинают 2 ведущих, со слов Президента страны Н.Назарбаева о значимости государственного языка. Объявляются так же этапы конкурса. Из присутствующих зрителей избирается жюри. Ведущие знакомят их с условиями конкурса. В конкурсе участвуют 2 команды по 6-7 человек. Каждый этап имеет свое название. Так же используется трехязычее в разгадывание загадок. Для зрителей проводится викторина. Конкурс завершается подведением итогов жюри и награждением победителей дипломами.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мемлекеттік тіл-досты? пен бірлікті? белгісі» »


Тақырыбы: «Мемлекеттік тіл-достық пен бірліктің белгісі»

«Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің тілі»        (Интеллектуалдық сайыс)


Мақсаты: Студенттердің зеректік қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру. Студенттердің дүниетанымын, білімге қызығушылығын, ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін арттыру, өз елі мен жерін мақтаныш етуге тәрбиелеу.

Әдісі: командалар жарысы.

Түрі: интеллектуалдық сайыс

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, Ақын жазушылардың тіл туралы пікірлері.

- «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» (А. Байтұрсынов)
- «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмытпау - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмытпау» (Б. Момышұлы)
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер, халық педагогикасы.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен танысу.

Мұғалім:
   Құрметті студенттер, ұстаздар, қонақтар!

Бүгінгі студенттер арасында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл – достық пен бірліктің белгісі» атты 22 - қыркүйек «Тілдер мерекесіне» арналған интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек. Сондықтанда намысқа тырысып, тіліміздің мерейін асқақтату үшін тілімізді қорғап, қолдап жүрейік.

1 жүргізуші

Қазақ тілі – туын биік ұстаған,

Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.

Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі,

Құрметтеп отыр бүгін ел сені!

2 жүргізуші

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойда, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалдық сайыста алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 2 топ қатысады. Ойын 5 кезеңнен тұрады.

  1. кезең  Таныстыру

  2. кезең «Мықты болсаң тауып көр»

  3. кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»

  4. кезең «Тапқыр болсаң, озып көр»

  5. кезең «Жекпе - жек»

Ойын ережесімен таныстыру.

Ал, қанекей, келіндер,

Біріңе-бірің еріндер.

Білімімізді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер - дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.

Ортаға ойынға қатысатын топтарды шақырамыз.

 Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.  - демекші, әділ қазыларды таныстырып өтейін:

1.

2.

3.

Таныстыру кезеңіне кезек береміз (әр топ мүшелері таныстырылады, ұраны және топтың өлеңі айтылады)

І топтың аты - «Білім», ұраны «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің  жоқ”»
ІІ топтың аты - «Бірлік», ұраны «Бірлік болған жерде , тірлік болады».

І. Кезең  «Мықты болсаң тауып көр»

Бұл бөлімде жұмбақ шешіліп, жауабы үш тілде айтылады.

Дұрыс жауапқа -10 ұпай

Дұрыс жауапты

Орыс тіліне аударса – 20 ұпай

Ағылшын тіліне аударса – 30 ұпай

1 топ

Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (шаңғы, лыжа, snow shoe)

Жеп көріп ем өзін

Жас шығарды көзімен (пияз, лук, onion)

Түнде бармын, күндіз жоқпын.

(жұлдыз, звезда, star)

2 топ

Жайшылықта жекесің, қарай қалсаң екеусің.

(айна, зеркало, mirror)

Қыста келген, көктемде еріген.

(қар, снег, snow)

Көп әңгіме, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім

Соған тиер көмегім.

(кітап, книга, book)

ІІІ. Кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»
Мақал – мәтел құраудан жарыс. Тапсырмалар саны – 6
Дұрыс жауап 10 ұпай. Толық емес жауап – 5 ұпай

1.

Аяқ

Бәле
жауабы: басқа бәле тілден
Қол
Арқа
Бас
2.
Тіл
Өтер
жауабы: сөз сүйектен өтер
Сөз
Ет
Қан
3.
Намыс
Күшті жауабы: өлімнен ұят күшті
Ар
Қулық
Ұят
4.
Әже
Қыз
жауабы: анаға қарап қыз өсер,
атаға қарап ұл өсер
Ана
Жеңге
Сіңлі
5.
Тіс
Тас
жауабы: тіл тас жарады,
тас жармаса бас жарады.
Құлақ
Қол
Тіл
6
Адам
Шүберек
жауабы: адам көркі шүберек
Қалам
Бала
Дала


Ендігі кезең «Тапқыр болсаң озып көр»

Бұл кезеңде әрбір команда берілген уақыт аралығында (1 минут) берілген сөзден бірнеше сөз құрастырады. (көп сөз құрастырған команда бұл кезеңде жеңімпаз болып есептеледі, оларға 2 ұпай беріледі) Берілетін сөздер: 1-топқа-«Тәуелсіздігіміз», 2 -топқа-Қазақстанымыз.

Жекпе жек (капитандар сайысы)
І топтың капитанына 10 сұрақ
3 - кезең. «Жекпе - жек» (капитандар сайысы)
Орысша берілген мақалдың қазақша баламасын табу.

1-топтың капитанына 5 мақал


1. Доброе слово – половина блага/ Жақсы сөз жарым ырыс
2. Сказанное слово – вылетевшая пуля/ Айтылған сөз атылған оқ
3. Даже говоря в шутку - подумай/ Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
4. Начало искусства красноречие/ Өнер алды – қызыл тіл
5. Человек без Родины, как соловей без леса/ отансыз адам, ормансыз бұлбұлмен тең

1-топтың капитанына 5 мақал


1. Язык до Киева доведет/ сұрай, сұрай Меккеге жетерсің

2.Язык острее клинка/ тіл – қылыштан да өткір
3. Кто слов не ценит, сам себя не ценит / сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді
4. То что не поднимет слон, поднимет язык / піл көтермегенді, тіл көтереді
5. Много видевший станет предводителем, много говорящий станет оратором / көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей шешен боларсың


Енді біздің студенттердің мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.


1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).

3.Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).

4. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).

5. «Орфография» қай елдің сөзі? (герк).

6. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).

7. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).

8. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).

9. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»).

10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.)

1 жүргізуші

Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары бізге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат.
2-жүргізуші
Осымен «Тіл мерекесі» өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!



Пайдалынған әдебиеттер тізімі:

Р. Өміржанова, “Тіл – ұлттың тірегі»,Республикалық ғылыми әдістемелік журнал Сынып жетекші, 27 б















І топтың аты - «Білім», ұраны «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің  жоқ”


ІІ топтың аты - «Бірлік», ұраны «Бірлік болған жерде , тірлік болады».



І топтың аты - «Білім», ұраны «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің  жоқ”


ІІ топтың аты - «Бірлік», ұраны «Бірлік болған жерде , тірлік болады».



І топтың аты - «Білім», ұраны «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің  жоқ”


ІІ топтың аты - «Бірлік», ұраны «Бірлік болған жерде , тірлік болады».



І топтың аты - «Білім», ұраны «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің  жоқ”


ІІ топтың аты - «Бірлік», ұраны «Бірлік болған жерде , тірлік болады».



І топтың аты - «Білім», ұраны «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің  жоқ”


ІІ топтың аты - «Бірлік», ұраны «Бірлік болған жерде , тірлік болады».



І топтың аты - «Білім», ұраны «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің  жоқ”


ІІ топтың аты - «Бірлік», ұраны «Бірлік болған жерде , тірлік болады».



І топтың аты - «Білім», ұраны «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің  жоқ”


ІІ топтың аты - «Бірлік», ұраны «Бірлік болған жерде , тірлік болады».



І топтың аты - «Білім», ұраны «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің  жоқ”


ІІ топтың аты - «Бірлік», ұраны «Бірлік болған жерде , тірлік болады».

І топтың аты - «Білім», ұраны «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің  жоқ”


ІІ топтың аты - «Бірлік», ұраны «Бірлік болған жерде , тірлік болады».



І топтың аты - «Білім», ұраны «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің  жоқ”


ІІ топтың аты - «Бірлік», ұраны «Бірлік болған жерде , тірлік болады».





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«Мемлекеттік тіл-досты? пен бірлікті? белгісі»

Автор: Балгарина Бота Ашимовна

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171262


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства