kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мемлекеттік тіл апталы?ына арнал?ан сыныптан тыс т?рбие ж?мысы «?аза? тіліні? білгірі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?аза? тіліні? білгірі.

 

Ма?саты: Мемлекеттік тілді ме?герген топты аны?тау, о?ушыларды? с?йлеу тілін дамыту, ойларын еркін жеткізуге да?дыландыру, с??дік ?орларын молайту, ?нерге, шы?армашылы??а баулу.

 

?ткізу формасы: Жарыс т?рінде.

 

К?рнекі ??ралдар: электронды та?тада?ы слайдтар, суреттер, ма?ал-м?телдер, ?анатты с?здер.

 

?йымдастыру:

М??алімні? кіріспе с?зі:

 

Сайыс?а ?ш сыныптан ?ш топ, ?р топтан т?рт о?ушы ?атысады. ?р топ капитанын сайлады, топты? атын, ?ранын ж?не эмблема жасап келеді.

 

Сайыс кезе?дері:

 

І кезе?. «Командамен танысу» кезе?і (?р топты таныстырады).

 

ІІ кезе?. «Кім жылдам?»  кезе?і (ма?ыналы с?з беріледі, одан жа?а ма?ыналы с?з ??растыру керек).

 

ІІІ кезе?. «Б?йге»  кезе?і. (жеке-жеке командалар?а с?ра?тар ?ойылады, барынша к?п ?пай жинау керек).

 

ІV кезе?. “Ертегілер  ?леміне  саяхат”  кезе?і (о?ушылар ша?ын шы?арма жазады)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мемлекеттік тіл апталы?ына арнал?ан сыныптан тыс т?рбие ж?мысы «?аза? тіліні? білгірі» »

Көкалажар орта мектебі

















Мемлекеттік тіл апталығына арналған сыныптан тыс тәрбие жұмысы

«Қазақ тілінің білгірі»

5 – 6 – 7 «А» сынып оқушылары арасында
















Өткізген: Қабдуллин Т.Е.







19.09. 2013 жыл.

Тақырыбы: Қазақ тілінің білгірі.


Мақсаты: Мемлекеттік тілді меңгерген топты анықтау, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, сөөдік қорларын молайту, өнерге, шығармашылыққа баулу.


Өткізу формасы: Жарыс түрінде.


Көрнекі құралдар: электронды тақтадағы слайдтар, суреттер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.


Ұйымдастыру:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:


Сайысқа үш сыныптан үш топ, әр топтан төрт оқушы қатысады. Әр топ капитанын сайлады, топтың атын, ұранын және эмблема жасап келеді.


Сайыс кезеңдері:


І кезең. «Командамен танысу» кезеңі (әр топты таныстырады).


ІІ кезең. «Кім жылдам?» кезеңі (мағыналы сөз беріледі, одан жаңа мағыналы сөз құрастыру керек).


ІІІ кезең. «Бәйге» кезеңі. (жеке-жеке командаларға сұрақтар қойылады, барынша көп ұпай жинау керек).



ІV кезең. “Ертегілер әлеміне саяхат” кезеңі (оқушылар шағын шығарма жазады)

V кезең. «Капитандар сайысы” кезеңі. «Сен не істейсің?» сайысы (түрлі зат атаулары беріліп, олардан не жасауға болатынын оқушылар жауап іздейді)

VI кезеңі. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» кезеңі. (салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады.)

VІІ кезең. “Тапқырлық” кезеңі (оқушылар мақалдың жалғасын табу керек)





Сайыс барысы:


І кезең. «Командамен танысу»

ІІ кезең. «Кім жылдам?»

«БАЛДЫРҒАН» деген сөз беріледі.


Ал

Ала

Аға

Ар

Ара

Арал

Ана

Адырна

Бал

Бала

Бар

Баран(ат)

Баға

Дара

Дана

Дала

т.б.


ІІІ кезең. «Бәйге» кезеңі.


І топтың сұрақтары.

  1. Қазақ тілінде неше септік бар? Жеті септік.

  2. Жүз жасаған ақын кім? Жамбыл Жабаев.

  3. Тұрлаулы мүшелерді ата? Бастауыш пен баяндауыш.

  4. Тіл апталығы қай айда өтеді? Қыркүйек айында.

  5. Сан есімнің сұрақтары қандай? Қанша? Неше? Т.б.

  6. «Шаһар» сөзінің синонимі? Қала.

  7. Қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөз табы? Сын есім.

  8. «Қыс» өлеңінің авторы? Абай Құнанбайұлы.

  9. ҚР гимнің авторын ата? Н.Назарбаев, Ж.Нәжімедденов.

  10. Мағынасы бір-біріне жақын сөздерді? Синоним.

ІІ топтың сұрақтары.

  1. «Ақылды» сөздің түбірін анықта? Ақыл+ды

  2. Жалғаудың неше түрі бар? Үш.

  3. Қашан? Деген сұраққа жауап беретін сөйлем мүшесі? Пысықтауыш.

  4. Қазақтың батыр қыздары? Әлия мен Мәншүк.

  5. Сөздің мағынасын зерттейтін ғылым саласы? Лексика

  6. «Кент» сөзінің мағынасы? Қала.

  7. «Жазғытұрым» өлеңнің авторы? Абай.

  8. Қазақ жерінен өткен жол? Ұлы жол

  9. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Тоғыз сөз табы.

  10. Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздерд? Антоним

ІІІ топтың сұрақтары.

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты және дауыссыз.

  2. «Адай» күйінің авторы? Құрманғазы.

  3. ҚР жазғы астанасы? Алматы.

  4. «Еді» сөзінің түбірін анықта? Түбірі Е+ді

  5. «Бес нәрседен қашық бол...» деп кім айтқан? Абай.

  6. Не істеді? деген сұраққа қандай сөйлем мүшесі жауап береді? Баяндауыш

  7. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл ғылымының саласы? Фонетика

  8. Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздер? Омоним

  9. Ертеде дау-жанжалды шешкен, әділ шешім тапқан адам? Би, шешендер.

  10. Асан Қайғы нені іздеді? Жерұйықты



IV кезең. «Ертегілер әлеміне саяхат»

V кезең. «Капитандар сайысы».

«Сен не істейсің?» деген сұрақ


VI кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер


Бір отбасындағы туыстық атаулар

  1. Ата - баланың әкесінің және анасының әкесі.

  2. Апа - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесі. Одан арғылары әже, үлы әже деп аталады.

  3. Аға - бірге туған ағайындылардың ер жағынан жасы үлкені.

  4. Іні - бауырлас ер адамдардың жас жағынан кішісі.

  5. Бауыр - бірге туған қыздардың үлкендеріне бауырлас ер адамдардың жасы жағынан кішісі.

  6. Әпке - бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені.

  7. Сіңілі - бірге туған қыздардың үлкендеріне жас жағынан кішісі.

  8. Қарындас - бірге туған ағайынды ер адамдардан жасы кіші қыздар.


Туыстық қарым-қатынастағы атаулар

  1. Абысын - ағайынды адамдардың әйелдері.

  2. Бажа - бір адамның немесе ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар.

  3. Бөле - бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы.

  4. Балдыз - әйел адамдардың жасы кіші туыстары.

  5. Жиеншар - жиеннен туған бала.

  6. Жиен - күйеуге шыққан қыздан туған бала.

  7. Жеңге - атаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.

  8. Жезде - туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.

  9. Күйеу - әйелдің ері, жұбайы.

  10. Келін - ата-ана үшін баласының әйелі де, жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшін інісінің әйелі.

  11. Қайын - қыз алып, қыз берген екі елдің күйеу мен келінге туыстық қатынасын білдіретін сөз.

  12. Қайын аға - ерлі-зайыптылардың туған және туысқан ағаларының оларға туыстық қатынасы.


VII кезең. «Тапқырлық» кезеңі


  1. Туған жердей жер болмас...

  2. Отан үшін отқа түс...

  3. Елдің көзі - ...

  4. Кеңесіп пішкен тон...

  5. Дос жылатып айтады...

  6. Оқусыз білім жоқ...

  7. Жігітті жолдасынан...

  8. Жеті жұрттың тілін біл...

  9. Сумен ойнама- батарсың...

  10. Ағасы бардың – жағасы бар...

  11. Жаздың бір күні...

  12. Ер қанаты- ...

  13. Ерлік білекте емес...

  14. Ұсталы ел озар...

  15. Жолдасы жақсы жолды болар...

  16. Отанды сүю...

  17. Еңбек етпесең елге өкпелеме...

  18. Көре-көре көсем боласың...

  19. Жігіт бір сырлы...

  20. Нар тәуекел - ...


Әділ-қазылар бағалап, жеңімпаздарды мадақтама қағаздарымен марапаттайды.


Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Қазақ тілі өркениетті тілдерден еш кем емес, өйткені ол әлемдегі ең таза сақталған, әрі дамыған тілдердің бірі болып есептелінеді. Ендеше, құрметті достар, қазақ тілінің болашағы мен келешегі біздің қолымызда!

Сайысымыздың соңы ән мен күйге, биге айналады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мемлекеттік тіл апталы?ына арнал?ан сыныптан тыс т?рбие ж?мысы «?аза? тіліні? білгірі»

Автор: Кабдуллин Талгат Еслямович

Дата: 19.01.2015

Номер свидетельства: 157731


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства