kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепішілік іс-шара. Наурыз думан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепішілік іс-шара Тақырыбы: Наурыз думан. Мерекелік қойылым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепішілік іс-шара. Наурыз думан»

















































Жүргізушілер : Абдыханова Ш С . Омариева А А

Қыдыр баба рөлінде : Советов Оралғазы қанатұлы.

Жер ана рөлінде : Макенова Майсара Оразбековқызы.

Қарт әже рөлінде : Есенғулова Құралай Серікжанқызы.

Немере рөлінде : 1 «а» сынып оқушысы: Рымбаев Диас

Тырна рөлінде : Сүйеукенова Шолпан Шакенқызы

Жолбарыс рөлінде: 10 «ә» сынып оқушысы:Тұрсынов Бақытжан

Тышқан рөлінде: 1 «а» сынып оқушысы : Тұрсынтаева Айым

Түлкі рөлінде : 1 «ә» сынып оқушысы: Есімхан Нұрай

Шегіртке рөлінде : 1 «а» сынып оқушысы: Мұқатаева Жанель

Қоңыз рөлінде: 1 «а» сынып оқушысы : Ернатов Архат

Көбелек рөлінде: 1 «а» сынып оқушысы : Орынбасарова Альбина

Құмырсқалар рөлінде: 1 «а» сынып оқушылары : Құсайынов Айдос. Тілеубердинов Нұрсұлтан. Жеңісов Нұрсұлтан.

Шықбермес Шығайбай рөлінде: 5 «г» оқушысы:Маратов Асхат

Алдар көсе рөлінде: 5 «г» оқушысы: Саясатов Елдос

Ән және бимен көркемдеушілер: Байжукенова Айнұр Жазылбекқызы. Торайғырова Шахинұр Оралхановна

Музыкалық нөмірлер:

1 2009 жылғы қалалық «Ерке айым» өнер сайысының қатысушысы «Кішіпейіл қыз» номинциясын жеңіп алған 2«а» сынып оқушысы: Түкібаева Дильназ (би)

2 2009 жығы «Әнші балапан» өнер сайысының қатысушысы 2 «ә» сынып оқушысы: Ниязбекова Балауса (ән)

3 2010 жылғы қалалық «Ерке айым» өнер сайысының қатысушысы «Бұрымды қыз» номинциясын жеңіп алған 1«а» сынып оқушысы: Тұрсынтаева Айым (ән)

4 2010 жылғы қалалық «Ерке айым» » өнер сайысының қатысушысы «Көрермен көзайымы» номинциясын жеңіп алған 1«а» сынып оқушысы: Мұқатаева Жанель (би)

5 2«а» сынып оқушысы: Асылханов Нұрлат (ән)

6 2«а» сынып оқушысы: Мұқатаева Даяна (би)

7 2010 жылғы қалалық «Ерке айым» өнер сайысының қатысушысы «Ертекші қыз» номинциясын жеңіп алған 1«ә»сынып оқушысы: Есімхан Нұрай және ұлдар (би)





Тақырыбы: «Наурыз –думан» мерекелік қойылымы.

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық салт – дәстүрді таныстыру. Қазақтың ұлттық өнерін , мәдениетінен тәлім – тәрбие беру. Ұлтжандылыққа , әдептілікке тәрбиелеу. Сахнада , көпшілікте өзін –өзін ұстауға дағдыландыру.

Көрнекіліктері: көрпе,жастық, қамшы, ұршық, бесік,үйшік, қамыс, кілемше, шырақтар т.б .

Барысы: Сахна әсем шаңырақпен безендірілген, Р.Рымбаеваның «Наурыз – думан» әні әуелеп тұрады.

  1. Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, ұстаздар,оқушылар! «Наурыз – думан» мерекесін бастауға рұхсат етіңіздер!

  2. Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алу, барша халықтың дәстүрлі мерекесі.Әр халықтың өзінше мерекесі болады. Мұсылман халқының жаңа жылы «Наурыз» айының 22 – сі .Ұлы қазақ халқы жаңа жылын «Наурыз» дейді.

1-Жүргізуші: Кеңінен елге таралған,

Негізі ерте қаланған.

Еңбек шаттық жыл басы,

Наурыздан бастап саналған.

2 -Жүргізуші:Наурыз келсе құт келгені халайық,

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.

Олай болса,

Зоя Қайсайқызын қарсы алайық

( Көрермендерге шашу шашылады )

1-Жүргізуші: Ұлы халқымыздың, әлемсақтан тұрмыстық мерекесі болып келген , жаңа жыл мейрамы – Наурыз мейрамы құтты болсын халайық.

2-Жүргізуші: Досым - ау ,жаңа жыл әлі келе қойған жоқ ,осы әредікте,ескі жылды есте қаларлықтай етіп ,жақсылығын марапаттап ,табыстарын құрттай санап, асылдарын жүктей қапттап, моншақтай тізіп алайықта , бір мақтап, мадақтап.

1- Жүргізуші: Құрбым – ай ! Сіздің өткен жылды қимайтындай сыршыл екеніңізді білсемші.Өткен жылда еліміздің іргесі аман,қазанымыз бүтін болды. Біреуміз екеу болып ,басымызға бас қосылды,жаңа шаңырақтар көтерілді. Өмірге жас нәрестелер келіп, ұрпақ өсті.

2- Жүргізуші: Иә, еліміздің егемендігі нығайып,халқымыздың тәуелсіздігі артты.Газет, журналдар,теледидар қазақ тіліне көшіп болды.Басқа ұлттың өкілдері қазақ тілінде сөйлейтін болды.Тіліміздің мәртебесі артты деген осы емес пе құрбым.

1- Жүргізуші: Иә , дұрыс айтасың,құрбым! Жақсылық тек жақсылыққа жалғаса берсін. (Бұрылып қарап) Оу, бізге қонақ келе жатқан сияқты.

(Сахнаға Қыдыр баба шығады.Ұл балалар тізерлеп бата тілеп отырады.)

Қыдыр бабаның батасы:

Ұлыстың ұлы күнінде,

Ұлың оңға қонсын,

Қызың қырға қонсың,

Қыруар малың өріске толсын,

Елдеріңнің іргесі берік болсын,

Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,

Сөздерің серттей берік болсын,

Еккендерің өнімді болсын,

Өмірлерің көңілді болсын,

Төрт - түлік төлді болсын ,

Баққандарың шөлді болсын,

Ақ көп болсын ,

Уайым – қайғы жоқ болсын,

Сапарларың оң болсын,

Дәулетіңді асырсын,

Дұшпаныңды басырсын.

Әумин!

( Сахнаға Жер ана шығады. Қыз балалар тізерлеп отырады.)

Жер ананың аластау рәсімі:

Алас , алас пәледен алас,

Алас , алас баладан алас,

Алас , алас жаманнан алас,

Көзі жаманның көзінен алас

Тілі жаманның тілінен алас,

Елімнен алас, жерімнен алас,

Алас, алас! Алас, алас!

2-Жүргізуші:Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып басып,

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді кошеметпен қарсы алайық!

Музыкалық нөмір: Қыздар тобы «Қазақ биі» 1- «а»,1 «ә» сыныптары



Сахналық көрініс. Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе. 5 «г»-сынып

Шығайбай: - Аллау , сақтай гөр! Неменеге қаптап кеткен мына жұрт? Шығайбайға ас беріп жатыр дей ме екен ? Шығайбайдың малын шашпақ қой , ойлары. Тағы да спонсор бол , көмектес деуден тайынбас. Кетейін, көрінбей көздеріне.

Алдар көсе: Оу, Шәке қайда бара жатырсыз, қайдан келе жатырсыз?(- деп төс қағыстырмақ болады.)Оу,оу Шәке қайда бара жатырсыз жылыстап. Бүгін той , көктем мерекесі, ел мерекесі. Көппен бірге болмайсыз ба?

Шығайбай: Бұл , Алдар пәле, қайдан тап болды екен-а. Алдаржан ,шеттен әкелген тауарларым бар еді, өтпей жатқаны. Шәй– пәй , бұл–пұл дегендей. Сонда бармасам болмас.Он табын жылқының құны еді.

Алдар көсе:Бүгінгі мерекенің құрметіне тауар 50 % - ға арзанға,сатылсын деген жарлық болғанын естіп пе едіңіз?

Шығайбай:Тек, оның бетін аулақ қылсын, құдайым –ай! Бір пәлеге кіріп кетпей тұрғанда жөніме кетейін.(деп ақырын жылыстап шығып кетеді)

Алдар көсе: Оу, Шәке елмен бірге болыңыз Шәке!(жүгіріп кетеді)

1- Жүргізуші:Наурыз тойым!

Құтты болсын халайық!

Қане достар

Шырқап әнге салайық

2-Жүргізуші: 2010 жылғы «Ерке айым» қалалық өнер сайысына қатысып, «Бұрымды қыз» номинациясын жеңіп алған 1-«а» сынып оқушысы Тұрсынтаева Айымды «Біз бақытты ұланбыз» әнімен ортаға шақырамыз.

1- Жүргізуші: 2010 жылғы «Ерке айым» қалалық өнер сайысына қатысып, «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алған 1- «а» сынып оқушысы Мұқатаева Жанельді мың бұралған «Шығыс» биімен ортаға шақырамыз.

2 Жүргізуші: Кеңінен елге таралған ,

Негізі ерте қаланған.

Көнермей салт – дәстүріміз

Көп елдерге таралған.

Өтірік өлең айтысы. 1 «ә»- сынып оқушылары

1 -Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен жақсы күй

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

2009 жылы өткен «Баласымын қазақ деген киелі елдің» атты ән байқауында жақсы өнер көрсетіп , бас жүлдені жеңіп алған 2- «ә» сынып оқушысы Ниязбекова Балаусаны «Наурыз» әнімен ортаға шақырамыз.

2- Жүргізуші: 2010 жылғы «Ерке айым» қалалық өнер сайысына қатысып, «Ертекші қыз» номинациясын жеңіп алған 1- «ә» сынып оқушысы Есімхан Нұрайды «Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз.

Сахналық көрініс. ( Сахнаға қарт әже мен немересі шығады. Немересі екпетінен еркелеп жатады.)

Немересі: Әже , әже ,маған ертегі айтып беріңізші.

Әжесі: Е, балам қазақтың ертегі айт десең ертегі айтайын , жыр айт десең жыр айтайын, мысал айт десең мысал айтайын.Әлди , әлди.Ұйықтай ғой, ұйықтай ғой.(деп бесікті тербетеді.)Е, қазақтың ертегілерінде көптеген тәрбие мен білім жатыр ғой. Мұқият тыңдасаң көптеген білім мен тәрбие алуға болады, балам.Мен саған қазыр тамаша бір ертегі айтып берейін. Ол ертегі «Жақсылыққа жақсылық» деп аталады. Ерте ,ерте, ертеде бір кербез жолбарыс шүйгін шөптің үстінде дем алып жатады.

Ертегі қойылымы: «Жақсылыққа жақсылық» Әжесі:Сөйтіп кішкентай тышқан мен жолбарыс дос болыпты.Міне балам біреуге жақсылық жасасаң өзіңе қайтады деген осы.

Әжесі:Құдайға тәубә! Қазыр ел іргесі тыныш, аман есен өмір сүріп жатырмыз.Еліміз жылдан жылға гүлденіп , дамып келеді.Көпұлтты мемлекетіміз жасай берсін!

Немересі: Әже , сонда көпұлтты мемлекет деген немене?

Әжесі: Осындай сұрақ қойған түріңнен айналайын. Көпұлтты мемлекет деп мысалы біздің мемлекетімізді айтады .Бірнеше ұлт өкілдері тұрып, өмір сүретін мемлекетті көпұлтты мемлекет деп атайды.О, жаратқан ием ,қытайы да , қырғызы да , қазағы да орысы да қоян қолтық өмір сүріп жатырғой. Ал, орыс халқымен сонау ертеден достық қарым қатынастамыз,ұлым.

Немересі: Әже, онда маған орыс халқының ертегісін айтып беріңізші.

Әжесі:Айтайын,айтайын.Орыс халқының «Түлкі мен тырна»деген ертегісін білуші едім.Ұмытпасам осылай болатын. Ерте,ерте ертеде түлкі мен тырна дос болыпты.Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырыпты........

Ертегі қойылымы: «Түлкі мен тырна» Әжесі:Сөйтіп түлкі мен тырнаның достығы біржола үзіліпті деседі.



Немересі: Әже осы ертегідерді кімдер жазады - а? Әлде өзімен өзі шыға ма?

Әжесі: Жоқ балам ,ертегі өзімен өзі қалай шығады.Ертегілерді ақын жазушылар жазады. Ақындар ертегіні жыр , өлең түрінде жазса Жазушылар әңгіме түрінде жазады.Әр елдің өз ақын, жазушылары болады. Ал, мен қазыр ақындардың ақыны , жазушылардың жазушысы Абай Құнанбаевтың «Шегіртке мен құмырсқа» деген мысалын айтып берейін.

Немересі: Әже ал, мысал деген не? Сол туралы айтып беріңізші?

Әжесі: Балам ,оны сен өз көзіңмен көр. Жарайма.



Абай Құнанбаевтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы

1 -Жүргізуші: 2- «а» сынып оқушысы Асылханов Нұрлатты «Бала тілегі» әнімен ортаға шақырамыз.

2010 жылғы «Ерке айым» қалалық өнер сайысына қатысып, «Ертекші қыз» номинациясын жеңіп алған 1- «ә» сынып оқушысы Есімхан Нұрайды «Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз.

1 -Жүргізуші: Ертегі аңыздарды айтар атаң,

Келіндер сырмақ сырып жүгіреді.

Түскиіз оң қапталға ілінеді.

Есікті суағарға дейін түріп,

Жылқышы бал қымызын сіміреді.



2- Жүргізуші: Іргеден маңдай төсеп екпе желге

Қымыз іш қарыс қылмас еш денеңе,

Кесе қап ,аяқ қап, әбдіре сандық.

Болмаған артық мүлік көшпелі елде

1 -Жүргізуші: Наурыз жырын жырлаймыз

Онымен де тұрмаймыз.

Шыңдалып жеткен бұл күнге,

Ел дәстүрін сыйлаймыз.

Қазақтың салт – дәстүрі : «Балаға ат қою»

Қазақтың салт – дәстүрі : «Бесікке бөлеу» Сахнада әже , келіншек, бала– шаға және сәби қуыршақ.

Ән «Қазақтың бастарханы» Орындайтындар 1 «а» - сынып оқушылары.

Ән айтылып болған соң, жақсы тілектер шашылады (айтылады): Жаңа жыл құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын.Ұлыс бақты болсын! Төрт – түлік ақты болсын! Бәле – жала жерге енсін! Ұлыс береке берсін! Жұрт аман есен болсын! – деп сальют (конфети) атылады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Мектепішілік іс-шара. Наурыз думан

Автор: Габдоллина Гаухар Габидоллаевна

Дата: 18.11.2016

Номер свидетельства: 360202


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства