- « Мектеп – білім ордасы» дегенді ?алай т?сінесі?дер?
Суреттері бойынша ??гімелеу.
- « Білекті бірді жы?ады, білімді мы?ды жы?ады» дегенді ?алай т?сінесі?дер?
ІІІ Жа?а саба?
Т?сіндіру.
- Мектеп – балалар?а білім беретін мекеме. Оны? басшылары бар. Балаларды? сауатты болуына, ?аза?ымызды? болаша?ын ойлап, ?аза? даласына ал?аш мектеп аш?ан Ыбырай Алтынсарин.
- Осы ?стазымызды? ?андай ?ле?ін жат?а білеміз?
Жат?а с?рау
- Жарайсы?дар, бізді? білім алып жат?ан мектебіміз ?алай аталады?
(о?ушылар?а слайдтан мектеп суреті к?рсетіледі)
- Осы мектепке келерде ?андай к??іл-к?йде боласы?дар?
- ?уанамыз, ?уанышты к??іл – к?йде боламыз.
- Олай болса, « Мектебім - ?уанышым» та?ырыбына берілген м?тінді о?иы?.
М??алім о?иды. О?ушылар?а о?ыта отырып т?сіндіріледі.
Мектепті? сырт?ы к?рінісі туралы не делінген?
Достары жайында не айтады?
- ?з достары? туралы не айтар еді??
Мектебі кімні? атында екен? (?з мектебіміз жайында айтылады).
- 1992 жылы Президентіміз Н. ?. Назарбаев іссапармен А?т?бе ?аласына келгенде, ?аза?станда?ы т???ыш ?аза? гимназиясы №32 гимназияны? т?сауын кескен.
Биыл мектебімізге 20 жыл толып отыр.
- Мектебімізде т?рлі ?йірмелер бар. (Суреттері к?рсетіледі)
Сергіту с?ті
?лкенге де сіз ---- Мектебі? – мынау класы?
Кішіге де сіз----- Осында он жыл т?расы?
Барша жанды ??рметтеп -- Тарыдай болып кіресі?
Бас иеміз біз. ----- Таудай болып шы?асы?.
Бала ???ы?ы туралы конвенция
- Балалар, д?ниеге келген ?р баланы? ?з ???ы?ы бар.
Бала ???ы?ын азаматтарды? ???ы?тары мен міндеттерін ай?ындайтын мемлекетті?
негізгі за?ы Конституция ?ор?айды.
(Слайд к?рсетіледі)
Мектеп ережесімен таныстырылады.
1. Гимназия ш?кірттері осы мектепті? ішкі т?ртіп ережелеріне ба?ыну?а ж?не оны? талаптарын м?лтіксіз орындау?а міндетті.
2. Гимназия ш?кірттері мектепті? ережесіне сай біры??ай мектеп формасын киюге міндетті.
3. ?зі білім мен т?рбие алып жат?ан білім ордасыны? намысын ?ор?ау?а міндетті.
Просмотр содержимого документа
«« Мектеп-білім ордасы». »
Тақырыбы: « Мектеп-білім ордасы».
Мақсаты:
1. Оқушыларға мектеп туралы, оның жұмысы, мектептегі үйірмелер жайында түсінік беру. Достары жайында әңгімелету.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін мектепке деген сағыныш сезімдерін ояту.
3. Өздерінің білім алып отырған білім ордасын құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, мектептегі жұмыс түрлері түсірілген суреттер
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
- Мектептегінің бәрі біздікі екенін дәлелдеңдер.
- Мектепке оқушылар не үшін келеді?
- « Мектеп – білім ордасы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Суреттері бойынша әңгімелеу.
- « Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ Жаңа сабақ
Түсіндіру.
- Мектеп – балаларға білім беретін мекеме. Оның басшылары бар. Балалардың сауатты болуына, қазағымыздың болашағын ойлап, қазақ даласына алғаш мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин.
- Осы ұстазымыздың қандай өлеңін жатқа білеміз?
Жатқа сұрау
- Жарайсыңдар, біздің білім алып жатқан мектебіміз қалай аталады?
(оқушыларға слайдтан мектеп суреті көрсетіледі)
- Осы мектепке келерде қандай көңіл-күйде боласыңдар?
- Қуанамыз, қуанышты көңіл – күйде боламыз.
- Олай болса, « Мектебім - қуанышым» тақырыбына берілген мәтінді оқиық.
Мұғалім оқиды. Оқушыларға оқыта отырып түсіндіріледі.
Мектептің сыртқы көрінісі туралы не делінген?
Достары жайында не айтады?
- Өз достарың туралы не айтар едің?
Мектебі кімнің атында екен? (Өз мектебіміз жайында айтылады).
- 1992 жылы Президентіміз Н. Ә. Назарбаев іссапармен Ақтөбе қаласына келгенде, Қазақстандағы тұңғыш қазақ гимназиясы №32 гимназияның тұсауын кескен.
Биыл мектебімізге 20 жыл толып отыр.
- Мектебімізде түрлі үйірмелер бар. (Суреттері көрсетіледі)
Сергіту сәті
Үлкенге де сіз ---------------------- Мектебің – мынау класың
Кішіге де сіз------------------------- Осында он жыл тұрасың
Барша жанды құрметтеп ------- Тарыдай болып кіресің
Бас иеміз біз. ----------------------- Таудай болып шығасың.
Бала құқығы туралы конвенция
- Балалар, дүниеге келген әр баланың өз құқығы бар.
Бала құқығын азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің
негізгі заңы Конституция қорғайды.
(Слайд көрсетіледі)
Мектеп ережесімен таныстырылады.
1. Гимназия шәкірттері осы мектептің ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға және оның талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті.
2. Гимназия шәкірттері мектептің ережесіне сай бірыңғай мектеп формасын киюге міндетті.
3. Өзі білім мен тәрбие алып жатқан білім ордасының намысын қорғауға міндетті.
4. Әрбір оқушы салауатты өмір салтын сақтауға, таңғы дене жаттығуларынан қалмауға міндетті.