kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мемлекеттік тіл - менің тілім!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне арналған ашық тәрбие сағат 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мемлекеттік тіл - менің тілім!»

Ашық тәрбие сағаты 5 « Б» сынып


Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік тіл – менің тілім»

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға тіл туралы өлең, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтқызу арқылы мемлекеттік тілді меңгерудің маңызы мен қоғамдағы ролі туралы мағлұматтармен бөлісу;

Дамытушылық:Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу.

Тәрбиелік:Мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына үлес қосуға және құрметтеуге, мәртебесін биік ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың өткізілу әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап 

Сабақтың типі: сыныптан тыс сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, орыс тілі, музыка 

Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, Мемлекеттік тіл және танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, мемлекеттік тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер, шар,гүлдер,қоржын. 


Сабақтың барысы:

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып сабақты бастайды.


Мұғалім:Қайырлы күн, құрметті Қазақстан халықтары тілдері меркесіне жиналған қауым! Тіл мерекесіне өткізгелі отырған №34 Гагарин атындағы жалпы орта мектептің 5-сынып оқушыларының мерекелік тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.


Мұғалім:

Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,

Аралыммен арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау –парызым бүгін менің,


Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.

Осыдан тура 27 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. «Тіл туралы» заң еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдеде екінші рет қабылданды. Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді.

(«Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында слайд көрсетіледі).


1-жүргізуші:

Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдерінің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.

2-жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Құрметті ұстаздар, қонақтар! Ал енді, сыныбымыздың мемлекеттік тіліміз –қазақ тілі туралы тақпақтарын тыңдаңыздар.


1-бала

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.


2-бала

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.


3-бала

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.


4-бала

Бұл гүлденіп жайнаған

Гүлстандар Отаны!
Бірін-бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны!
Бұл ғажайып мұратты
Халықтардың Отаны!
Алтын заман құратын
Алыптардың Отаны!
Сол алыптың бірімін-
Отанымның ұлымын!


5-бала

Тілім, дінім, самғаған, шарықтасын
Самғаудан еш уақыт жалықпасын
Өз алдында өмірден теңдік алған
Ана тілім көгімде қалықтасын.



1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге сырлы ой салар


Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік.


Ән «Туған жер». Орындайтын: Топ


2-жүргізуші:

Ана тілім- өзгелерден бөлексің,
Бала жүрек саған арнап жыр төксін.
Қай асылға теңдесемде жарасар,
Ана тілім –баға жетпес өнерсің.


Енді оқушыларымыздың өз ана тілінде тақпақтарын тыңдаңыздар.


1-бала
Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді


2-бала
Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.


Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.


3-бала 

Узнай родной язык

В нем сила и свобода
Узнай родной язык
В нем государства гордость
Родной язык в нем честь
И совесть человека
Учи чужую речь
Свою цени навеки.

4-бала.

Там где сладко пахнет смородиной

Там где дом и родная земля.
Это все называется Родина
Дорогая, родная Земля!


5-бала.

Какое веселое доброе слово

И солнышка светит так сладко
Мы скажем все вместе
Пусть слышит по всюду


1-жүргізуші: Келесі кезекте «Мемлекеттік тіл – менің тілім» айдары бойынша викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы оқушыларымыздың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін сынап көрейік.


Викториналық сұрақтар:

1. Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)

2.Қазақстан Республикасының Елбасы кім?

3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - ... . (Қазақ тілі)

4.Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін екінші рет қашан алды? (1997ж.11 шілдеде)

5. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).

6.Қазақ тілінде қанша әріп бар?

7. Қазақстанда тілдер мерекесі қай күні тойланады? (22 қыркүйекте)


2-жүргізуші: Келесі кезекте «Мақал сөздің – мәйегі» бөлімі. Оқушыларымыздың тіл туралы мақал-мәтелдерін тыңдаңыздар. 


1-бала Сөз асылы – мақал.
2-бала. Өнер алды қызыл тіл.
3-бала. Шешеннің тілі артық.

Шебердің қолы артық.

4-бала. Жақсы сөз – жарым ырыс.
5-бала. Тіл тас жарады.-

Тас жармаса бас жарады.


1-жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

1-бала.
Жанымнан қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзден тыңдап
Үлгі өнеге алам.

2-бала.
Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.

3-бала.
Ана тілім –елдігім
Ана тілім-ерлігім.
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін

4-бала.
Ана тілім-тірегім
Ана тілім – жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.


1-жүргізуші:
Тілмен ғана қызық менің тірлігім
Тату еткен ел мен елдің бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз білім.


2-жүргізуші:
Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау
Туған тілді қорғап бақшы қазақ-ау
Сарқылмайтын қуатпенен күш берген.
Туған тілдің қасиеті ғажап-ау!


Мұғалім:

Тілім – менің тірегім, 
Сен деп соғар жүрегім. 
Асқақтай бер – Ана тіл, 
Мақтан етіп жүремін. 

Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде  үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек  болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден.

Осымен құрметті қонақтар, балалар бүгінгі тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Мемлекеттік тіл - менің тілім!

Автор: Шотаева Раушан Аскаровна

Дата: 31.10.2018

Номер свидетельства: 483046

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Мемлекеттік тіл - менің тілім!"
    ["seo_title"] => string(33) "miemliekiettik_til_mienin_tilim_2"
    ["file_id"] => string(6) "406446"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491301270"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Мемлекеттік тіл - менің тілім"
    ["seo_title"] => string(33) "miemliekiettik_til_mienin_tilim_3"
    ["file_id"] => string(6) "457805"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1518771571"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Мемлекеттік тіл - мені? тілім! "
    ["seo_title"] => string(31) "miemliekiettik-til-mienin-tilim"
    ["file_id"] => string(6) "134375"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416741124"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) ""Мемлекеттік тіл- мені? тілім!" "
    ["seo_title"] => string(33) "miemliekiettik-til-mienin-tilim-2"
    ["file_id"] => string(6) "213632"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432109126"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Мемлекеттік  тіл - мені? тілім" саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(41) "miemliekiettiktilmienintilimsabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "326343"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463145840"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства