kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанатты жиынына қолдануға болатын сабақ 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанаты»

Мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанаты

Даярлық кезеңі:

  1. Түрлі-түсті шарлар ілу, гүлдер қою.

  2. «Сәт сапар, жас түлек!» - баннер.

  3. Музыкалық безендірулер: түрлі музыкалық дискілер; музыкалық орталық, буклеттер, грамоталар.

  4. Қонақтарды шақыру.

  5. Ұстаздар, ата-аналарды шақыру.


Барысы:

Мектептің безендірілген кіші акт залында музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: Кеш жарық, қадірменді ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бүгін сіздер мен біздер үшін өте қуанышты күн деп айтуымыз керек. Өйткені, үкілеген үмітттерін арқалаған біздің жас түлектеріміз бүгін мектептің қабырғасынан ұшып, үлкен өмірге жолдама алып жатыр.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бүкіл аудан оқушылары, соның ішінде мектеп түлектері үшін бүгінгі салтанатты жиын – алаңсыз өмірдің артта қалып, алда жаңа өмір жолының басталатынын хабарлайды. Салтанатты мереке болса да білім нәрімен сусындатқан, нағыз достарды сыйлаған алтын ұя мектеппен қоштасу сәті. Мектептен тәлім-тәрбие ала жүріп, болашақтарыңыздың іргетасын қаладыңыздар. Дәл қазір сол күндерге деген қимастық сезімді бастан өткеріп, мұңайып, келешектеріңізді ойлап, жүректеріңіз лүппіл қағып тұр. Сіздер жаңа әлемге, білім әлеміне қадам басқалы тұрсыздар. Ол мектептегіден өзгеше әлем болмақ.

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға, -

деп, қарлығаштарымызға қанаттарың талмай, биіктерге самғай беріңдер деп қ а р с ы а л а й ы қ! (Музыка ойнап, қол соғылып, бүкіл зал тұрып, мектеп түлектерін қарсы алады. Бір ұл, бір қыз қол ұстаса, қолдарында гүлдері бар, «Жас түлек-2018» төс белгілері бар, алдарында сынып жетекшілері келеді).

(Осы сәтте оқушылардың апалары атынан бір адам ш а ш у ш а ш а -

д ы ).


Жүргізуші:

11-сыныпты 9 оқушы аяқтап отыр.

Олар:

  1. А. бала - «Алтын белгі» иегері, «Оқитын адам – табысты адам» конкурсының жеңімпазы;

  2. А. бала - «Алтын белгі» иегері, информатикадан облыстық олимпиаданың жүлдегері, биші; «Алау» әскери-спорттық командасының командирі;

  3. К. бала - «Үздік аттестат» иегері, «Оқитын адам – табысты адам» конкурсының жеңімпазы; орыс және қазақ тілінде бірнеше ғылыми жобалар қорғаған;

  4. М. бала - оқу екпіндісі, биші, концерттер жүргізушісі;

  5. М. бала – спортшы, еркін күрестен облыстық турнирлердің жүлдегері;

  6. Н. бала – спортшы, облыстық жарыстардың спринттен, граната лақтырудан, жүгіруден жүлдегері, еркін күрестен жеңімпазы;

  7. М. бала – спортшы, еркін күрестен облыстық турнирлердің жеңімпазы;

  8. Н. бала – оқу екпіндісі, мектептің әскери-спорттық командасының белді мүшесі;

  9. Д. бала – оқу екпіндісі; әскери-спорттық командасының белсенді мүшесі, географиядан, тарихтан аудандық олимпиадалар жүлдегері.


Жүргізуші: Сәт сапар сендерге, 2019 жылғы жас түлектер!


Жүргізуші: Мектеп бітіруші түлектерге кәмелеттік аттестат беру салтанатын ашық деп жариялаймын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау.

(Мектеп бітіру кешіне жиналғандар тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды).

Жүргізуші: Құрметті түлектер! Сіздерді бүгінгі үлкен өмірге қадам басқан қуанышты күндеріңмен құттықтаймын. Сәт сапар тілеймін!

Бүгінгі салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөзді мектеп директорына береміз.

Мектеп директорының құттықтау сөзі.

Құттықтау сөздер:


Жүргізуші:

а) Келесі құттықтау сөзді ауданы әкімшілігінің өкіліне ____________

__________________________________________________________________

береміз.

Жүргізуші:

ә) Жетеді құлаш ұрған арманына,

Бола біл өз еліңнің қорғаны да.

Сендер үшін жасалған бар жақсылық,

Елбасының айтылған Жолдауында.

Келесі құттықтау сөзді селолық округінің әкіміне береміз.


Жүргізуші:

2018-2019 оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықты оқу – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына беріледі.


Жүргізуші:

Өрендер, кетті сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана,
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген – өмірге берген жолдама,


- дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі, 11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі , аттестат тапсыру кезеңі келгендей.


Бүгінгі жиында мектептің директоры аттестат тапсыру салтанатын бастайды!

Аттестат тапсыру салтанаты – мектеп директоры


Жүргізуші:

Ұмытпаңдар ұстазыңның барлығын,

Сол ұстазбен өтті емес пе әр күнің.

Қайта оралмас балалық шақ, бал дәурен,

Мектептегі өмірің, өшпейтұғын ән бүгін.

Құттықтау сөз 11-сыныптың алғашқы ұстазына беріледі.


Жүргізуші:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей болып күлімдеген жарықсыздар.

Құттықтау 11-сыныптың жетекшісіне беріледі.


Жүргізуші:

Мектеп ұстаздары атынан құттықтау сөз қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне беріледі.


Жүргізуші:

Қандай ғажап қарашы айналаңа,

Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!

Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,

Қүрметпен сөз берейiк ата-анаға , - дей отырып,

барша ата-аналар қауымы атынан құттықтау сөз кезегі ...... беріледі.


Жүргізуші:

Қиял қуған, үміт толы жас кеуде,

Болашаққа нық адымда, сескенбе.

Кеше ғана сәби болсақ, ержеттік,

Бір-бір маман болсақ дейтін өскенде.


Балапан ек, қанатымыз қатайды,

Ертең бізді азамат деп атайды.

Қоштасарда тамшы тұрар көзімде,

Мектептегі қимай ағай, апайды.


Мәпеледің, білім бердің, мектебім,

Бүршік жарып, гүл боп сонда көктедім.

Тұғырым боп сен қаласың мәңгіге,

Нық ұстаймын арманымның ескегін!

Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, үлкен өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз. Мектеп түлектері атынан сөзді алтын белгі иегерлеріне береміз.

(Ортаға мектеп бітірушілер шығады да, ұстаздарға, мектепке деген алғысын айтады, арнауын оқиды, ән айтады, вальс билейді).

Соңғы қоңырауға

Гүлге бөлеп кең байтақ жерлеріңді,

Аямай төк еңбекпен терлеріңді.

Қайда жүрсең қадірлеп берік ұста,

Салт-дәстүр, ділің менен тілдеріңді.


Төтеп бер өмір-теңіз толқынына,

Көңілдер қуанышқа толды мына.

Ата-ана, ұстаздардың пәк тілегі,

Ақ жол болсын, балалар, барлығына.

(Т.Асылханов)

Құрметті жас түлектер! Сендер жаңа әлем – білім әлеміне қадам бастыңдар. Бұл мүлдем басқа әлем. Оқуға түсіп, болашақта білгір де білімді маман болуларыңа тілектеспін.

Оқу – білім негізі, білім – бақыт негізі. Сондықтан оқуды өмір бойы жалғастыру қажет.

Алда жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ келе жатыр. Сіздер 11 жыл мектепте оқып, сапалы білім алдыңыздар. Енді соны ҰБТ сынағында дәлелдеп, елімізде және шет елдің маңдай алды оқу орындарына түсіп, білімдеріңізді шыңдауға тілектеспін. Қызықты әрі сүйікті мамандық иесі болыңыздар. Сіздерден ұлы ғалым, ұлы жазушы, ұлы инженер шығатынына сенемін.

Барлықтарыңызға абырой, табыстар тілеймін. Қазақстанның дамуына үлес қоса беріңіздер. Сынақтардан сүрінбей өтулерңізге тілектеспін. Қиындықтарды жеңуде табандылық көрсетіп, ҰБТ-де жақсы нәтиже көрсетіңіздер. Қандай мамандық таңдасаңыздар да, адамгершілік қасиеттерңізді жоғалтпаңыздар, ең бастысы Сіздер ауданымыздың бүгінгі және ертеңгі игілігі екендеріңді ұмытпаңыздар. Сіздерге бақыт, береке, ақ жол тілеймін! Ал Сіздерге есеюге көмектескен, қамқор болған, жүрек жылуын сыйлап, біліммен сусындатқан педагогтарға және ата-аналарға бақ-береке, табыс тілеймін.


Сендердің жүздеріңнен әрқашанда күлкі кетпесін, ал жүректеріңе қуаныш пен жақсылықтың жарқын сезімі ұяласын!

Ұстаздар мен ата-аналар! Балаларыңыз үміттеріңізді ақтап, болашақта еңбектеріңіздің өтеуі қайтсын. Барлықтарыңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, бақыт тілеймін!

Құрметті мектеп түлектері, ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Осымен мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты аяқталды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанаты

Автор: Ағзан Сәуле Ағзанқызы

Дата: 26.02.2020

Номер свидетельства: 541164


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства