kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Маманды? та?дау- ?те жауапкершілікті ж?не ма?ызды іс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?жірибе бойынша, ?абілет со??ы кезекте ?ана ескеріледі, ал ата- аналарды? пікірі ?атты ?сер етеді. Маманды?ты та?дауда?ы 8 фактор / Е.А.Климов бойынша/

1. Жан?яда?ы ?лкен адамдарды? ?сері. Сені? ?мірі? ?шін ?зіне на?ты жауапкершілік артатын ?лкендер де бар. Б?л ?ам?орлы? сені? болаша? маманды?ы? туралы м?селеге де ?атысты.

2. Дос-жарандары?ны? к?з?арасы. Сені? жасы?да досты? ??ымы ?те биік, ?рі берік ж?не сені? маманды? та?дауы?а ?лкен ?серін тигізеді. Тек жалпы ке?ес беруге болады: сені? ?ызы?ушылы?ы?а с?йкес ж?не ?зі? ?мір с?ретін ?о?ам талабына сай болатын шешім д?рыс болма?.

3. М??алімдер мен мектеп ?стаздарыны? к?мегі. Мектеп ?абыр?асында о?ушыны? о?у ?рдісіндегі ж?не саба?тан тыс белсенділігін ба?ылай отырып, т?жірибелі ?стаз сен туралы ?зі? бай?амай ж?рген ?абілеттерді к?реді. Білікті ?стаз сені? жаны?а жа?атын маманды?ты та?дау?а к?мектесе алады.

4.Жеке к?сіби жоспарлар. Б?л жа?дайда, жоспар деп отыр?анымыз- сені? к?сіпті ме?геру сатылары туралы т?сінігі?.

5. ?абілет. ?зі?ні? ?абілеті?ні? жан- жа?тылы?ын білімде ?ана емес, бас?а да т?рлі ?рекет жетістіктерінен бай?ау?а болады.
6. ?о?амды? ??рметке деген ы?ылас де?гейі. ?з е?бек жолы?ды жоспарлай отырып, ?з ы?ыласы?ны? на?ты м?ддесін ?ор?ау ?те ма?ызды.

7.А?параттандырыл?анды?ы.Сен та?да?ан маманды? туралы м?ліметтер д?рыс,  на?ты ?рі к?п жа?ты болуына сен толы? сенімді болу керексі?.

8. ?уес?ойлы?ы. ?уес?ойлы? ?зі?е ?найтын ж?не к?п уа?ыты?ды со?ан б?летін істарде бай?алады. Б?л- на?ты ?абілеттерге байланысты ?ызы?ушылы?тар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Маманды? та?дау- ?те жауапкершілікті ж?не ма?ызды іс»

Тақырыбы: Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс

Мақсаты: ”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.

  • мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.

  • Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.

  • Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: түрлі-түсті қағаздар, стикер,үлестірмелі қағаздар

Тәрбиеші сөзі: Сәлем түзелмей,әлем түзелмейді деген мақалды бекер айтпаған деп ойлаймын.Сондықтан сабағымызды сәлемдесуден бастайық!

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен

Нәтижесінде: қызығушылықтары артады.

Тәрбиеші: сәлемдесіп болдық келесі «Танысу» деп аталатын бөліміне берейік. Адамға ұнайтын түстер арқылы жанымыздағы адам туралы көп болмаса да, біршама қабілеттерін білейік.

Мақсаты: Адамға ұнайтын түстердің маңызды екенін сезіндіру, өздерінің және басқа адамдардың ұнататын түстерге құрметпен, сүйіспеншілікпен қарау. Қиялды, шығармашылық қабілетін дамыту.

Нәтижесінде: жанындағы отырған адам туралы біледі. Әрбір адамды дұрыс сезініп, оны тек жақсы жағынан көруге және қабылдауға, алған әсерін ашық айтуға шақырды.

Жүргізуші: алдымен мына жерде тұрған парақшалардың өздеріне ұнайтын түсті таңдап алып, сол түс бойынша көршілес отқан адам оның қандай екенін экраннан қарап,салыстырып айтады.

Қызыл түс – энергия түсі, ол адамды іс-әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп отырады. Жоғары сезімді, жігерлі, күшті, мінез-құлқы батыл тұлға.

Сары түс – көңілді түс адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдап алған адамдар – іскер, мінез-құлқы мықты, жаратылыстану пәндеріне жақын.

Қызғылт сары түс – шығармашылық, белсенділіктің түсі. Осы түсті таңдап алған адамдар – жауапкершілігі мол, өз сезімдеріне мықты.

Жасыл түс – адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, жүрген ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Осы түсті таңдап алған адамдар мейірімді, ақ көңіл, табиғатты сүйеді.

Көгілдір түс – сенімділік, үйлесімділік, тыныштық түсі. Бұл түсті таңдап алған адамдар - өз-өзіне сенімді, рухани байлығы мол.

Қоңыр түс – еңбекшіл, мейірімді, қолдарынан бәрі келеді.

Қара түс – ақ көңіл, шыншыл.

Ақ түс - өз мақсатына жетеді, дарынды әрі мәдениет саласында өнерлі.

Нәтижесінде: көршілес отқан адамның қандай екенін танып білдік деуге болады.Әрбір адамды дұрыс сезініп, оны тек жақсы жағынан көруге және қабылдауға, алған әсерін ашық айтуға шақырды.

Тәрбиеші сөзі: Демек, бұл танысу жаттығуы бізге көп көмегін көрсете алды.

  1. Мамандық таңдау (ассосация жасау)

Мақсаты: әрбір мамандық таңдаушының пікірі мен ойың білу.Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту.

Жүргізуші: А3 форматтағы «Мамандық таңдау» деген ұғымды әрбір топ мүшесі өз ойың жазып оны қорғауы керек.


Мысалы:


Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.


«Мамандық таңдау»











Мамандық таңдау (ассосация жасау)

Мақсаты: әрбір мамандық таңдаушының пікірі мен ойың білу.Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту.

Нәтижесінде: Мамандық таңдаудағы ойың анықтай отырып, мамандық таңдауға дұрыс бағыт беру.Жауапкершілік пен оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелейді.

Тәрбиеші сөзі: Мамандық - қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.


МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУҒА АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕР

Тәжірибе бойынша, қабілет соңғы кезекте ғана ескеріледі, ал ата- аналардың пікірі қатты әсер етеді. Мамандықты таңдаудағы 8 фактор / Е.А.Климов бойынша/

1. Жанұядағы үлкен адамдардың әсері. Сенің өмірің үшін өзіне нақты жауапкершілік артатын үлкендер де бар. Бұл қамқорлық сенің болашақ мамандығың туралы мәселеге де қатысты.

2. Дос-жарандарыңның көзқарасы. Сенің жасыңда достық ұғымы өте биік, әрі берік және сенің мамандық таңдауыңа үлкен әсерін тигізеді. Тек жалпы кеңес беруге болады: сенің қызығушылығыңа сәйкес және өзің өмір сүретін қоғам талабына сай болатын шешім дұрыс болмақ.

3. Мұғалімдер мен мектеп ұстаздарының көмегі. Мектеп қабырғасында оқушының оқу үрдісіндегі және сабақтан тыс белсенділігін бақылай отырып, тәжірибелі ұстаз сен туралы өзің байқамай жүрген қабілеттерді көреді. Білікті ұстаз сенің жаныңа жағатын мамандықты таңдауға көмектесе алады.

4.Жеке кәсіби жоспарлар. Бұл жағдайда, жоспар деп отырғанымыз- сенің кәсіпті меңгеру сатылары туралы түсінігің.

5. Қабілет. Өзіңнің қабілетіңнің жан- жақтылығын білімде ғана емес, басқа да түрлі әрекет жетістіктерінен байқауға болады.
6. Қоғамдық құрметке деген ықылас деңгейі. Өз еңбек жолыңды жоспарлай отырып, өз ықыласыңның нақты мүддесін қорғау өте маңызды.

7.Ақпараттандырылғандығы.Сен таңдаған мамандық туралы мәліметтер дұрыс,  нақты әрі көп жақты болуына сен толық сенімді болу керексің.

8. Әуесқойлығы. Әуесқойлық өзіңе ұнайтын және көп уақытыңды соған бөлетін істарде байқалады. Бұл- нақты қабілеттерге байланысты қызығушылықтар.


«Джунглидегі жаңбыр» сергіту сәті.
Күн ашылды жарқырап (екі қолды екі жаққа қатты ашу),
Бұлт аспанды торлады (екі қолды жоғары қарай сермеу).
Жаңбыр жауды тасырлап (екі қолды жан - жағына сермейді),
Мен жүгірдім паналап (орнында тұрып, ақырын жүгіреді).
Жердің бәрі балшық боп (аяқты ауырсынып, орнында тұрып қозғалады),
Аяғым батты балшыққа (аяғын жерге нық - нық басады),
Үсті - басым су болып (екі қолын сермеп, денесін қозғалтады),
Аяқтарымды тазарттым балшықтан (екі аяғын екі жаққа сілкілейді).

  1. «Менен сұрақ, сенен жауап».

Мақсаты: « Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту.Келеңсіз болған оқиғаларға психологиялық дайындығын анықтау
Жүргізуші: Әр топқа 3 сұрақтан беріледі. Сол сұраққа 1 минут ішінде жауап беруі тиіс.Ең үздік жауап берген топқа арнайы марапатымыз бар.

І - топ


1. Егер сенің таңдаған оқуыңа түсуіңе ата - анаң келіспесе не істейсің?
2. Қалаған мамандығыңа қол жеткізе алмаған жағдайда қосымша баламаң бар ма?
3. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

ІІ - топ
1. Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
2. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалу керек деп ойлайсыз?

3. Оқуға түскен соң оқуың ұнамай қалса не істейсің?

ІІІ топ
1. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
2. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
3. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?


2. «Менен сұрақ, сенен жауап».

Мақсаты: « Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту.Келеңсіз болған оқиғаларға психологиялық дайындығын анықтау

Нәтижесінде: Кез келген жағдайға психологиялық дайындық жасайды.


  1. «Шынымды айтқанда» жаттығуы.

Мақсаты: балалардың психологиясын білу.Мамандық таңдауда жауапкершілігін түсіндіру.
Жүргізуші: Аяқталмаған сөйлемдер карточкасы таратылады.Сіздердің алдарыңызда карточкалар тұр. Қазір біртіндеп шығып бір карточкадан аласыздар. Карточкадағы аяқталмаған сөйлемді бірден ойланбастан аяқтау керек. Барынша шын көңіліңізбен ашық айтуға тырысыңыз.
Мысалы:
Шынымды айтқанда, алда келе жаткан ҰБТ - ны ойласам...
Шынымды айтқанда, ҰБТ - ға дайындалу кезімде...
Шынымды айтқанда, үйге келгенімде...
Шынымды айтқанда, ата – анамның маған қатысты емтиханға қобалжығанын ойласам...
Шынымды айтқанда, менің бос уақытым болғанда...
Шынымды айтқанда, мен толқығанымда...
Шынымды айтқанда, мен ойымды жинақтай алмаймын...
Шынымды айтқанда, емтихан жайлы естісем...
Шынымды айтқанда, мен дайындыққа келгенімде...
Шынымды айтқанда, сабаққа қатысқанымда...
Жүргізуші: Сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?
Сұрақ: Осы сәттегі сіздің өмірлік ең маңызды мақсаттарыңыз қандай?
Нәтижесінде: әрбір баланың ҰБТ туралы өзіндік пікірін біле алады.Сонымен қатар, қобалжу және алдын ала өз өзіне дайындық жасай алады.


  1. Ойын: «Тізбекті үзбе»

Мақсаты:

Жүргізуші: Сіздерге жіп беріледі. Сол жіпті қатысушының бірі мамандықты атап жалғастырады,келесі адам аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты атайды.

Мысалы: мұғалім – медбике -

Нәтижесінде: Түрлі мамандықтың атауын біле алады.

  1. Сен болашақ мамандығыңды дәл таңдадың ба? (сауалнама)

Мақсаты:
2. Таңдау себебі- материалдық қызығушылық па?
3. Таңдаған мамандығыңда Сені ең алдымен жұмыс процесі қызықтырады ма?
4. Сен жұмыс (оқу) орнын оған достарың барғандықтан таңдадың ба?
5. Сен жұмыс (оқу)орнын сенің үйіңе жақын болғандықтан таңдадың ба?
6. Қалаған мамандығыңа қол жеткізе алмаған жағдайда қосымша баламаң бар ма?
7. Өзің таңдаған мамандық туралы басылымдардан оқисың ба?
8. Таңдаған мамандығыңның зиянды тұстарын білесің бе?
9. Кім болып істеген маңызды емес, маңыздысы қалай жұмыс істеуде.
10. Сенің пікіріңше мамандықты таңдауды ойламас бұрын куәлікті алу қажет пе?
11. Сенде өзің таңдаған мамандыққа қажет қандай сапалық көрсеткіштер жетіспейді?
12. Кәсіби маңызды сапаларды дамытуда жұмыс жасайсың ба?
13. Сен денсаулықтың мамандық таңдауға әсері жоқ деп ойлайсың ба?
14. Мұғалімдер сен таңдаған мамандықты құптайды ма?
15. Сен өзің таңдаған мамандықтың жағымсыз тұстарын білесің бе?
16. Сен таңдаған мамандыққа жақын қызмет түрінен сынақ жасап көрдің бе?
17. Сен дәрігермен болашақ мамандықты таңдау туралы кеңестің бе?
18. Мамандықты таңдауда маңыздысы-кәсіптік оқу орнына түсу мүмкіндігі.
19. Сен өзің таңдаған оқу орнына түсу шарттары туралы білесің бе?
20. Сен өзің таңдаған мамандық бойынша жұмысқа тұру мүмкіндіктері туралы білесің бе?
21. Сен туыстарыңның жұмысқа (оқуға түсуге) орналасуда көмек беретініне сенімдісің бе?
22. Өзің таңдаған мамандық өкілдерінің табысы туралы білесің бе?
23. Егер өзің таңдаған оқу орнына түсе алмасаң қайтадан түсуге талаптанасың ба?
24. Мамандықты дұрыс таңдау үшін «қаладым» деген сөз жеткілікті ме?
Нәтижесінде: баланың мамандық таңдаудағы ойын білу арқылы мамандыққа дайындығы анықталады.

Алынған нұсқаларды төмендегіше екі бағанға қойып шығыңыз.  
1- қатар-1,3,6,7,8,11,12,14,15,16,17,19,20,22,23- сұрақтарға «иә» жауаптарыңыз жиынтығы.
2- қатар-2,4,5,9,10,13,18,21,22,23-сұрақтарға «жоқ» жауаптарының жиынтығы.
Алынған сандарды қосып, келесі шкала бойынша оқушылардың мамандық таңдауға дайындық деңгейін анықта:
0-6 ұпай- дайын емес;
7-12 ұпай – төмен дайындық;
13-18 ұпай-орта дайындық;
19-24 ұпай – жоғары дайындық.
Білім беру ұйымының мониторинг матрицасына оқушылардың жалпы жауаптар санының есебінен пайыздық қатынаста жалпы берілгендер енгізіледі.
Ескертулер бағанына жауап берген оқушылар санын енгізу қажет

  1. «Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығу.
    Нұсқау: Ыңғайласып үлкен шеңбер құрып отырайық. Сіздерге түрлі түсті қағаздар беремін.Көршілес топтарға сол қағаздан жасай алған бұйымдарыңызды сыйлыққа тарта отырып,тілектеріңізді жолдайсыздар!


  1. Жадынама тарату

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң және т. б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Өз - өзіне “Мен кіммен?” “Осы өмірдегі менің орным қандай”, “Қалай өмір сүремін?” деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандық бар. Осы көп салалы мамандықтар арасынан таңдау жасау әрине оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.

Мамандық таңдауда қойылатын талаптар:
белсенділік
әлеуметтік жауапкершілік
жоғарғы ой - өріс
терең білімділік
кәсіби сауаттылық

Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер:
мамандыққа бағыт - бағдар берушілерге ауып кету;
бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт беру;
достарынан қалмау үшін мамандық таңдау;
мектептегі таңдаған пәннің мамандыққа сәйкес келмеуі;
өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу

Тәрбиеші сөзі: Мамандық таңдауда қиындық туындаса, «Артылған шешімдердің жеті жолы» әдісін пайдалансаңыз болады.

1. Қажетті кәсіптердің тізімін құрастыру
Сізге ұнайтын, қызықтыратын, сіз жұмыс істегіңіз келетін, сізге ыңғайлы кәсіптердің тізімін құрастырыңыз.
2. Таңдалған кәсіпердің талап тізімдерін құрастыру
Өз талаптарыңыздың тізімін құрастырыңыз.
Таңдалған кәсіп және болашақта айналысатын ісі.
Таңдалған кәсіп және өмірлік құндылықтар.
Таңдалған кәсіп және өмірлік мақсаттар.
Таңдалған кәсіп және менің бүгінгі күнгі өзекті мәселелерім.
Таңдалған кәсіп және мамандығы бойынша шынайы жұмысқа орналасуы.
Кәсіби дайындықтың қалаулы деңгейі.
Таңдалған кәсіп және менің бейімділігім, менің қабілеттілігім.
Жұмыстың қалаулы мазмұны, сипаты мен шарты.

3. Әрбір талаптың маңыздылығын анықтау 
Барлық аталған талаптардың маңыздылығын анықтаңыз.
4. Әрбір кәсіптердің талаптарының өзіндік үйлесімділігін бағалаңыз
Кәсіптің талаптарына, сіздің денсаулығыңыз, психологиялық, сіздің интелектуалды қабілетіңізге кәсіби талаптар сай келе ме, анықтаңыз.
5. Қорытындыларды талдау
Барлық пунктердің қайсысы, тізімдегі кәсіптердің қайсысы сізге сәйкес келеді, қорытындылаңыз.
6. Қорытындыны тексеру
Сіздің кәсіптеріңіздің дұрыстығын, психологпен, кәсіби кеңес берушімен, достарыңызбен, ата- анамен, мұғаліммен талқылаңыз.
7. Сәттілікке  жетудегі негізгі практикалық жолдарды анықтаңыз
Шешім қабылдаңыз, сіздің алдыңызда келесі міндет тұр: сіз қандай жоғары оқу орнын таңдайсыз?

Рефлексия

Талдау:

Бүгінгі күн сізге нені әкелді?

Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай? (Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі)



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Маманды? та?дау- ?те жауапкершілікті ж?не ма?ызды іс

Автор: Смадулла Алтыншаш ?теген?ызы

Дата: 06.11.2015

Номер свидетельства: 249019


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства