kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мақала. Үш тілді білім беру-болашақтың бағдаршамы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әлемде қанша ұлт нәсіл болса, соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары - тіған тілі. Әр тіл - өз орнында ұлы, әр тіл бүкіл адамзат қазынасыныңортақ политрасындағы өз өрнегімен қымбат.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мақала. Үш тілді білім беру-болашақтың бағдаршамы.»

Үш тілді білім беру – болашақтың бағдаршамы

Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір – бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. Әр тіл – өз орнында ұлы, әр тіл – бүкіл адамзат қазынасының ортақ палитрасындағы өз өрнегімен қымбат. Бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап, аналарымыз әлдилеп өскен қазақ тілінің еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпал етуде.

Ғылым жолы – білім жолы. Ғылым адамзат дамуының қозғаушы күші. Елбасы Адам капиталын жетілдіру ісінде ғылымсыз жүзеге аспайтын, ғылым мен инновацияны дамытуда үш тұғырлы тілді дамытудың үлесі зор екенін айтады. Бүгінгі ұрпақ ана тілін игеру арқылы тарихи тұлғалармен байланысқа түседі, ана тілі арқылы төл мәдениеті мен әдебиетін бойына сіңіреді. Тарихи сабақтастықтың негізі де осы ана тілін жетік білуде жатыр. Бұл - басты, бірінші негіз. Екіншіден орыс тілі бүгінгі таңда Қазақстан үшін ақпарат тілі ғана емес, ұлтаралық байланыс тілі болып тұр.Үшінші, ағылшын тілі ғылым, инновация тілі десек, оны жетік игеру ғылымды дамытуға ықпал етері даусыз. Басты мақсат – мемлекеттік тілдіңбасқа халыхаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһандану заманындағы жаһандық тілдермен тең қолданатын биікке жеткізу. Ол үшін жас ұрпақтың қабілеттері мен дарынын дамытып, оларды әлемдік тілде еркін сөйлеуге үйрету. Үш тілді жетік меңгерген жастар әлемді танудың кілтін қолына алады. Ол – жаһанданудың кепілі.

Мектептерде қазіргі таңда – 1 сыныптардан бастап ағылшын тілін оқытылуда. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту- уақыт талабы. Функционалдық сауаттылық зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматты әлемдік, әлеуметтік бейімдеу болып табылады. Белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алу, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болады. Осының бәрі мектеп қабырғасында қалыптасады.

Мен орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінің бастауыш мұғалімімін, бастауыш сыныптың сабағында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жоспар жасап, түрлі ойындарды жаңа технология элементтерін қолдана отырып, сабақты оқушының ауыз – екі сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегияларын қолданып жүрмін. Олар : «Кластер», «ЖИКСО», «Синквеин», «Өзара сұрақ», «Венн диаграммасы» тағы басқалар. Сабақ барысында тапсырмаларды үш тілде беремін.

«Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе». Бұл – қазақ тілінің ұлттық деңгейде меңгерілу қажеттілігін үстем етер сөзсіз.

Орыс тілін меңгеру – біздің мәдени байлығымыздың ажырамас бөлігі, әлемдік білімдердің қалың қатпарларын танудың, ұлтаралық қарым – қатынастарды нағайтудың кепілі.

«Ағылшын тілін меңгеру – әлемдік жаңа саясатқа кірудің басты кілті », -деп Елбасымыздың айтқан сөзі – Ұлт болашағының жарқын бейнесі.

Қостанай қаласы, қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Бутагарина Арайлым Ерболатқызы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Мақала. Үш тілді білім беру-болашақтың бағдаршамы.

Автор: Бутагарина Арайлыи Ирбулатовна

Дата: 03.03.2017

Номер свидетельства: 397576


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства