kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ліппемен басталады білім ба?ы, ?оштасу балалы?ты? ?имас ша?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «?ліппемен басталады білім ба?ы, ?оштасу балалы?ты? ?имас ша?ы».

Ма?саты: білімні? бастауы бол?ан, «?ліппеден ?йренгендерін тияна?тау, ?нерлерін тамашалау, білімдеріні? артып, с?з байлы?ыны? молай?анын, саналарыны? ?скенін к?рсету. О?ушыларды ана тілі о?улы?ымен таныстыру.
Отаным, мектебім, ?стаздарын, ата-аналарын ??рметтеуге т?рбиелеу.

К?рнекілігі: шарлар, ?ріптерді? макеті, «?ліппе», «Ана тілі» о?улы?тарыны? макеті, интерактивті та?та, к?рініс, презентация.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ліппемен басталады білім ба?ы, ?оштасу балалы?ты? ?имас ша?ы»


«Әліппемен басталады білім бағы, қоштасу балалықтың қимас шағы»

Тақырыбы: «Әліппемен басталады білім бағы, Қоштасу балалықтың қимас шағы»

Мақсаты: білімнің бастауы болған, «Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.
Отаным, мектебім, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шарлар, әріптердің макеті, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының макеті, интерактивті тақта, көрініс, презентация.

Ертеңгіліктің барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ертеңгілікті ашу.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар және ұстаздар! Бүгінгі біздің 1-сынып оқушылары әзірлеген «Әліппемен басталады білім бағы, қоштасу балалықтың қимас шағы!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше , біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке.
І бөлім
Музыка әуенімен ойнап келе жатқан бала даусы естіледі. Осы кезде 2-3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді.
Мұғалім

Ойын қуған жүрген думан бұл кімдер.
Сылдыраған балаң тілмен естіледі бір үндер.

Али: Апам айтқан күзде мектепке барасың деп,
Көп-көп оқу құралдарын аласың деп.

Таңшолпан. Онда – мында машинаңды неге тастамайсың?
Мерхат. Сен әлі ешнәрсені түсінбейтін кішкентайсың.

Мұғалім

Жоқ, ол алтыға толды,
Үлкен бала болды.
Мына қуыршақты, машинаны
Бөпесіне сыйлайтын болды. (Балалар ойыншықтарын бөпелерге береді.)

Осы арада 2-сынып оқушысы Камила мектепке бара жатып, ортаға келіп қосылады.
Камила : Балалар мектепке бармайсыңдар ма?

Али: Мектеп, мектеп деген ол не өзі?
Оның бар ма мұрны, аузы, көзі

Мерхат: Онда не береді?
Менің де барғым келеді.

Камила: 6-ға толсаң, ойын қумай бос текке
Оқисың әрине сен де мектепте

Мектепте бәріміз білім аламыз,
Жан-жақты дамып өседі санамыз.
Біз секілді ағылшын тілін меңгересің
Мектепке домбыра қағуды үйренесің
Үйірмеде билегенде бір ғажайып күйге енесің
Ән сабағына қатысып ән айтасың
Интерактивті тақтада жаңалықпен қайтасың,
Спорттың неше түрімен шынығасың,
Қарның ашса, асханада сусын ішіп тынығасың.
Мектебім мінекей, ақ ордам тым асқақ
Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.
Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына
Шығайық біз бірге білімнің шыңына.

Мұғалім

Қадамыңа гүл бітсін деп халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың

Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Мұғалім. Осы біздер қандаймыз? 
Т– оқушы: Мың бұралған бишіміз
М – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз.  Сәл еркелеу бұзықпыз.

А- Біз шеберміз .Ақылдымыз
Т- Үлкенге ізеттіміз  Кішіге қамқоршымыз

М- Көп оқимыз  Терең оқимыз
А. Өнерліміз  Жанып тұрған шырақпыз 
Т.Толқынды су бұлақпыз

М. Елімізді өркендететін  Қазақ тілін көркемдететін

А. Бабаларға тағзым ететін  Аналарға бас иетін.
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!» 
Мұғалім: 
-Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық 
Мұғалім: О Т А Н: 
Мерхат: О дыбысын өткенде Отан әнін үйрендік . 
Али. дыбысын өткенде төлдер әнін үйрендік. 
Мұғалім 
-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер 
-Осының бәрін үйреткен кімдер? 
Хормен  
-МЕКТЕП! 
- ӘЛІППЕ! 
- МҰҒАЛІМ! 
- АТА-АНА! 
Мұғалім: Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті - Әліппе!
Ол сүйікті - Әліппе!
Мұғалім: Ендеше әліппені ортаға шақырайық

Хормен: Әліппе, әліппе
Әліппе: Балалар, мен бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын.

Менің атым — Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ержеткен
Апаң менен атаң да
Әкеңменен анаң да
Шопан , биші ұстаз да,
Ғарышкер де, аспаз да,
Барлық, барлық жақсы да
Әріптерден басталған

Жай келген жоқпын. Өзімнен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» шақыра келдім.
Али: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны Әліппе

Мерхат: Әліппем, менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарық пен

Таңшолпан: Әліппем, менің Әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Әліппе рахмет, көп рахмет!

Хормен
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Ән: «Әліппе»

Әліппе: Көп-көп рахмет, балалар! Сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі боламақ . Ендігі кезекті Ана тіліге берейік.

Ана тілі: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл ,
Өз тіліңді құрметте – деп ,ақын ағамыз айтқандай , мен ана тілі оқулығымын. Сендердің өнерлеріңді көріп қуанып тұрмын. Ал, балалар, сендер ойын сауықтарыңды жүргізе беріңдер!

Үшеуі кезекпен-кезек

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші

А-деген ол аналар ғой ардақты

Ә- деген ол әкелер ғой салмақты

Б-деген ол балалар ғой әдемі

Хормен: Біздің елде үшеуі де кәделі

(Оқушылардың қолдарында шарға жапсырылған қима әріптер бар)
Али. А-ға й-ды қоссаңыз
Көкте тұрған ай болар

Таңшолпан. Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақылғөй
Мерхат. Б дегенің бабамыз
Бауыржандай батыр ғой
Али. М-дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар
Таңшолпан. Ж-дегенің жөргегің
Туып өскен жерлерің
Мерхат. Ы-дегенің ырысың
Орман-тоғай өзенің
Али. О-дегенің отбасы
Отан деген ұғым бар
Таңшолпан. С әріпінен тұратын
Сый, сияпат, сенімің

Мерхат
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат ашып тойладық

Али

Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға,
Бас иеміз құрметпен.
Барлық әріп бағалы
Айтсақ әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды
Таңшолпан
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Али

Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата – ана қуанышқа бөленген
Сауатты боп шықты міне балаңыз
Әліппе; - Бәрекелді, қандай ақылды балалар? Бәрің сауаттаныпсыңдар. Мен туралы біраз нәрсе ұғыпсыңдар. Мен сендерге ризамын!
- Ал, қане маған айтыңдаршы. Сендер менен нені үйрендіңдер?
хормен. «оқу » және «жазу»

Әліппе; Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін. Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5 - тіктер тарату)
Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе! Жақсы кітап әліппе.
Мұғалім

Әліппенің тойында
Әркім құмар ойынға
Цифрлар сыр ашады
Әсем биге басады.

Мерхат

Табақта үш алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алама ?
Бір алама атама
Бір алма әжеме
Бір алама көкеме
Бір алама ініміе
Нешеуін алады
Нешеуі қалады?

Таңшолпан

5 алманың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (2)

Али

Шығармақ боп кеше есеп
Жиналады бес есек
Бесеуі ұйықтап отыр
Ынталысы неше есек (0)

Хормен

Он асықтың жетеуін,
Досың сұрап алады
Айтшы , сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады ?

Мұғалім - Ортаға сандарды шақырамыз! Санамақ айту
Али

Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтіш тәтем жүр сауып.
Таңшолпан

Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.
Мерхат

Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.
Али

Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да...
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
Таңшолпан

«Бестік» деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.
Мерхат

«Алақай!» дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?!
Али

Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.
Таңшолпан

Сен де, мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
Мерхат

Тоғыз жасқа келгенім -
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!
Хормен

Он жыл, он жас - он деген,
Он жас кіші ол менен.
Онды жаза аламыз,
Он - тұрған бір нөл менен.
Мұғалім - Мектепте ағылшын тілін де меңгеріп келеміз. Куә болыңыздар!
Ағылшын тілінде ән.
Мерхат

Отан — менің өз елім,
Отан – туған өз жерім
Отан – далам өзенім,
Гүлдей жайнап өсемін.

Али

Отан-біздің әніміз,
Отан – біздің сәніміз
Ер жетеміз туған ел
Сені сүйіп бәріміз.

Таңшолпан

Талаптанып
Қанаттанып,
Өмір сырын ұғамыз
Білім алып, тұлғаланып,
Азамат боп шығамыз

Мұғалім

Ата-ана қуанып шаттанады
Оқыды деп баласын мақтанады
Өзі жазып, оқитын халге жетті,
Құтты болсын білімі балаңыздың!

Мектеп, ұстаз, ата-ана ажырамас қазына, құрметті ата-аналар, сіздерге көп-көп рахмет!


Мұғалім

Халық «қу» деп
Қыған күлкі
Айласы көп
Бұл не?…

Әжеде бар, атада жоқ,
Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә)

Мынау доға , қарайық
Ұқсайды оған қай әріп (Л)

Ірімшікті жедің ғой ,
Тәтті екенін білідің ғой
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған

Ешкіде бар, қойда жоқ
Кеседе бар қасықта жоқ (Е)



Қорытынды


Ана тілі: Балалар ең алғашқы «Әліппені» кім жазды?

Хормен: Ахмет Байтұрсынұлы

Ана тілі: Ең алғашқы ұстаз кім?

Хормен:: Ең алғашқы ұстаз Ы.Алтынсарин

Ана тілі: Балалар сендер өнерпаз, білімді, әдепті, инабатты екенсіңдер.

Мұғалім Ана тілі, біз дана тіліміздің мәртебесін жоғары көтереміз деп уәде береміз. Енді сіз бізбен бірге болыңыз.

Шағын концерт

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар, осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

1-2-жүргізуші: Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.


















































Әліппемен қоштасу



2013-2014 оқу жылы


Өткізген Қ.Байбекова


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?ліппемен басталады білім ба?ы, ?оштасу балалы?ты? ?имас ша?ы

Автор: Байбекова Карлыгаш Ергалиевна

Дата: 09.05.2016

Номер свидетельства: 324938


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства