kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?лемні? жары?ын сыйладын сен ма?ан..." атты т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лемні? жары?ын сыйлады? сен ма?ан.

                                                           Б?рі де,ана,бір ?зіннен басталады,

                                                           Сен деп жаздым ал?аш ?ле?,дастанды.

                                                           ?уандым ба,

                                                           ?зі? бар деп ?уандым.

                                                           Жыладым ба,

                                                           ?зі? жо? деп жас тамды.

                                                           Б?рі де, ана, бір ?зіннен басталды,

                                                           Жанары?нан к?рдім ал?аш дастанды.

                                                           Еркелесем, бір ?зіне еркелеп,

                                                           Жас?андым ба,

                                                           Тек ?зі?нен жас?андым.

                                                                                         ?адыр Мырзалиев.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?лемні? жары?ын сыйладын сен ма?ан..." атты т?рбие са?аты »

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...

Бәрі де,ана ,бір өзіннен басталады,

Сен деп жаздым алғаш өлең,дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана, бір өзіннен басталды,

Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды.

Еркелесем, бір өзіне еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Қадыр Мырзалиев.

Тәрбие сағатымыздың мақсаты:

а) 8­наурыз мейрамының маңызын түсіндіру,ананы сыйлауға баулу,патриоттық тәрбие беру;

ә﴿ Оқушыларды аналарды сыйлауға, құрметтеуге,салт­дәстүрімізді ту қып ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

1.8­наурызға арналған мерекелік газеттер.

2.Ана туралы өлеңдер

Тәрбие сағатымыздың өтілу барысы:

I.Ұйымдастыру.

II. Кітапханашы: Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді.Ол­ Ана.Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да­ Ана.Әрқашан дұрыс,таза жүр, адал бол деп тілейтін де­Ана.Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға.Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек , мөлтілмейтін жанар жоқ.Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін,шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын,қызыл гүлдің солмауын тілейді.Біз қазақ қасиетті халықтың қыздарымыз.Қыз Жібек пен Баян сұлудың, Мәншүк пен Әлияның

сіңлілеріміз.Қазақ қыздарын әлемге әйгілі еткен бұлбұл әншілеріміз Күләш Байсетітованы, Роза Бағланованы, атақты күйші Дина Нүрпейісованы, сахнаның сәні Әмина Өмірзақованы, ақын қыздарымыз Фариза Оңғарсынова мен Ақұштап Бақтыгерееваны т.б. көптеген аналарымызды әрқашан үлгі тұтып мақтан етеміз.

Ана деген ­ асыл жан болаттай,

Ана деген ­ мөлдір жандар бұлақтай, ­ деп ақын жырлағандай,әйел тек аяулы ана, нәзік қыз емес, сонымен белсенді қызметкер.

Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.

Ана ­ перзент тәрбиелеуші,

Ана ­ қызметкер,

Ана ­ ғалым,

Ана ­ зейнеткер.“ Ат биеден туады, алып анадан туады ” дейді халқымыз.Дүниеде анасыз адам жоқ.Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен.Ана ­ тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Елін, жерін сүйетін, ей адамдар!

Алдымен ананы аялаңдар!

Ана ­ алып бәйтерек,

Бауырына топтасып саялаңдар!

Құрметтесек ананы құрметтейік дегендей, мереке қарсаңында біз де осы аяулы аналарымыздың басын қосып отырмыз.

Жылына бір рет келетін мерекеде еңбектерін бағалап,сый­ құрмет көрсету біз үшін қуаныш, әрі парыз да.Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін!

Ш.Қалдаяқовтың “Ана туралы жыр әні” орындалады.Орындайтын:

Жүргізуші : Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

­Жоқты бар, ашты тоқ ететін ­ мейірімді әке.

­Жоқ, әке қанша мейірімді болғанмен ананың жөні бөлек.

­Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол ­ ана.Анасыз бала ұйықтамайды.Ана ­ үйдегі бақ, әке ­ отыратын тақ.Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы.

Кітапханашы: Үйдегі алтын қазық кім?

­Үйдегі алтын қазық, ол әрине ­ ана.Ана ақылды болса,бала дана болады.Ана тәрбиесі ­ қызға үлгі,әке тәрбиесі ­ ұлға үлгі.Ана ­ ақылшың, әке ­ қамқоршың.Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйлмағанның жақыны кем.Ананың мейірімі көзінде,ықыласы көңілінде,ақылы сөзінде.

III.1-оқушы: Сен білесің бе, дүниедегі ең сұлу кім?

2- оқушы:Білемін, дүниедегі ең сұлу ­ қазақ әйелі.

3- оқушы :Қазақ әйелі ­ бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әлемдегі ізгі адам.

4- оқушы: Қазақ әйелі ­ бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана.

5- оқушы: Ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы.

Жүргізуші : Ия, бүгін мақтасақ ­ барлығын женетін, тіршіліктің бұлағы әйел­ананы мақтайық.

IX.Кітапханашы: «Анаңды Меккеге үш рет апарсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың» деген даналық сөз дәл айтылған.Анаға қандай құрмет, қандай қамқорлық жасасақ та қарымыздың ширегіне де тұрмайды.Сондықтан да абзал аналарымызға тарту етіп, балалық жүрегімізден шыққан жыр жолдарын арнаймыз.

1 –оқушы: Анашым ақ сүт берген, аялаған,

Балаңнан еш нәрсені аямаған.

Мен сені мерекеңмен құттықтаймын,

Жүзіңнен күлкі көрем аялаған.

2 –оқушы: Айналайын анашым,

Сен болмасаң не етер ем.

Жарқыратып жұлдыздай,

Сені аспанға көтерем.

3 –оқушы: Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

4 –оқушы: Сен жалықпай жетектеп,

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтіңді өтермін.

5 –оқушы: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейміз жас сәбидей жарқылдап.

Ана деген ­ бәйтерегі өмірдің,

Ана деген ­ алтын қазық, алтын бақ.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту­таралғының, бақыттың керегі жоқ.

Ән .“ Анаға сәлем”.Орындайтын:

V.Кітапханашы: Ойын. “Өз балаңды иіскеп тап!”) Аналар көзін орамалмен байлап, өз анасын табады.﴿

VI. Жүргізуші: Қонақтарға сөз беріледі.

VII. Қорытындылау.

Кітапханашы: Ал, аналар, балалар және жиналған қауым, бүгінгі әдеби­сазды кешімізді ақын ағамыз Баязиевтің “Ана туралы ой” деген өлеңімен аяқтағым келеді.

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма, аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыныз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір­ақ нәрсе Отан ғана!

Адам баласы үшін ең қастерлі сөз ­ Ана деп білеміз.

Тамашалағандарыңызға рақмет!!!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"?лемні? жары?ын сыйладын сен ма?ан..." атты т?рбие са?аты

Автор: Арыкбаева Гаухар Кадилбековна

Дата: 28.04.2015

Номер свидетельства: 206489


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства