Просмотр содержимого документа
««?лемге таныл?ан, Т?уелсіз ?аза?стан» »
Сынып сағатының тақырыбы:
«Әлемге танылған, Тәуелсіз Қазақстан»
Сабақтың мақсаты: Туған елі, Отаны-Қазақстан Тәуелсіздік туралы түсінік беру, сөздік қорларын байытып, мемлекеттік тілді, рәміздерімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Жылулық шеңбері: Оқушылар бір-біріне қарап жылы күлкілерін сыйлайды.
Мұғалім:Оқушылар бүгінгі сабағымыз тәуелсіздік күніне арналады. Сабағымыздың тақырыбы:
«Әлемге танылған, Тәуелсіз Қазақстан»
Мұғалім: Қазақстан егеменді ел тәуелсіз мемлекет.1991-жылы 16 желт оқсан күні тәуелсіздік күні болып жарияланды.Қазақстанның жері кең, табиғаты алуан түрлі.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев
Мұғалім: Сонымен балалар бүгінгі сабақты сайыс түрінде өткіземіз. Біз қазір үш топқа бөлінеміз.
Бәйтерек тобы
Ханшатыры
Пирамида
Мұғалім: Сайыстың бірінші кезеңі «бәйге». Бұл сайыста қай топ тез әрі түсінікті жауап берсе, сол топ көп ұпайға ие болады.
Мұғалім: - Қазақстанның жері қандай?
- Біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
- Біздің Қазақстан егеменді ел тәуелсіз мемлекет.
-Тәуелсіздігімізді қашан алдық?
- Сендер тәуелсіздік алдық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Тәуелсіздік мерекесіне арналған тақпақ білесіңдер ме?
- Елбасымыз кім?
- Еліміздің бас қаласы қай қала?
- Астана қаласында қандай көрікті жерлерді білесіңдер?
- Әр мемлекеттің өзінің рәміздері бар, сол сияқты біздің елдің де рәміздері бар
-Рәміздеріміз қандай?
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы
суретші Шәкен Ниязбеков
Кім ту туралы тақпақ біледі?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы қандай балалар?
Тақпақтар
ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Елтаңба туралы тақпақтар
Гимніміздің сөзін жазғандар ?
Әнін жазғандар?
Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
Тіл туралы тақпақ білесіңдер ме?
Сергіті сәті: Көк жалау желбіре
Асқақтап аспанға
Жас ұлан ел бірге
Сап түзе жасқанба
Кім жылдам ойыны: - Тұңғыш президентіміз кім?
-Қазақстан туының түсі қандай?
-Тәуелсіздік күні қай күн?
-Қазақтың ұлттық валютасы?
-Қазақтың ұлттық сусыны?
-Қазақ халқының тұрмыс үйі?
-Ақындар сайысы?
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
1.Отанды сүю- ........ басталады.
2. Ер қанаты-...........
3. Халық күші- ...күші
4. Отан оттан да-.....
5. Ел құлағы-......
6. Тіл қылыштан да- .......
7. Жері байдың- ....... бай
Мұғалім: ҚР қазіргі кезде бай да бақытты, болашағы зор, тәуелсіз егеменді ел. Олай болса осындай мемлекетте тұратын біз де бақыттымыз.