Просмотр содержимого документа
«Латын алфаитіне көшу-заман талабы»
Тақырыбы: Латын әрпіне көшу- заман талабы(пікірсайыс)
Латын әліпбиі: Білім– әлемдік, тәрбие – ұлттықБарысы: Латын әліпбиіне көшу- заман талабы
Мақсаты:
Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір), бейнежазба, ғаламтор материалдары.
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта, компьютер.
БарысыІ Кіріспе бөлім. «Ой шақыру»
2. Әңгіме өрбіту.
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.
Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Бүгін біздің бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікірлер айтылып жатыр.
Ендеше, «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында өткізілгелі отырған пікірсайыс алаңын бастаймыз.
ІІ Негізгі бөлім. «Еркін микрофон»
Мәселені талқыламас бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихы туралы Шәкәрім Меруерт таратып айтып береді.
Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі болды. Ендеше алғашқы талқылайтын сұрақтармен таныс болыңыздар.
І Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары:
Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?
Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?
Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек:...
ІІ Латын әліпбиін үйренудің жолдары:
Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?
Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.
Латын әліпбиіне байланысты сұрақтар
1.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қай мақаласында латын әліпбиіне көшіру жұмыстары айтылды?
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек
2.Қай жылы «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады?
1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.
3.Қай жылға дейін латын әліпбиіне көшіруіміз керек?
Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек.
4.Қазақстан Республикасының Президентінің Н.Назарбаевтың жарлығы Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлығы қашан бекітілді?
2017 жыл 26 қазан
5.Қазіргі уақытта латын әліпбиімен қай жерлерде жазылуда?
ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен
6.Латын әліпбиінде неше әріп бар? 32 әріп
7.Қазақстан Республикасының Президентінің Н.Назарбаевтың жарлығы Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлығына қашан өзгеріс енгізілді?
2018 жыл 19 ақпан
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын.
Қазақ әліпбиін латын жазуына көшіру мәселесі Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері қызу талқыланып келе жатқан тақырыптардың бірі. Былтырғы жыл соңында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасына өтетін уақытты белгілеп, бұл даудың ақырғы нүктесін қойған болатын.
Кирилшілердің дәйегі – бұрынғы орыс жазуы негізіндегі жазба мұраларымыздан айрылып қаламыз, ертең оларды ешкім оқи алмай қалады деген қауіп екені рас. Орыс жазуын бүгін-ертең ешкім өшіріп тастайын деп отырған жоқ. Оқулықтар жыл ретімен бірте-бірте латын жазуына көшіріліп отырады. Әдеби шығармалар мен көпшілік ғылыми еңбектер де сол ретпен жаңа жазуға ауысып отырады. Бұрынғы жарық көрген шығармаларымызды, мысалы «Абай жолын», ұлы ақынның шығармаларын т.б. қайта баспай отыра алмаймыз ғой, қайта басамыз және оны латын әліпбиімен теретін боламыз. Латынмен жаздың не, кириллицамен жаздың не, сол бояу, сол қағаз. Ендеше олар латын үлгісінде толық болмаса да жеткілікті түрде үзбей жалғаса жарияланады. Ендеше жазба мұрағаттарымыз оқылмай, мақұрым қаламыз деп уайымдамай-ақ қояйық. Шын мәнінде, жазушы Қабдеш Жұмаділов айтпақшы, «Оқылатын шығарма қай әліпбимен жазылса да оқылады, оқылмайтын шығарма қай әліпбимен жазылса да оқылмайды». Латын әліпбиіне көшу не үшін қажет? Бұл сауалға Әлімхан мырза: «Түркі жұртының бірігуінің негізі ортақ жазуға тіреліп тұр» деді. Екінші, қазір компьютер заманында қазақ әліпбиін барлық жерде ашатындай жағдайға жеткізу керек. Мәселен, шетелдегі қазақтар біздің жазған-сызғанымызды қаз-қалпында оқитын мүмкіндікке ие болса. Үшіншісі, ұлттық санаға байланысты.
Елбасы: «Латын алфавиті біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрыннан келе жатыр, яғни үш мың жылға жуық уақыттан бері бар. Дүниежүзі елдерінің 80 пайызы латын қарпін қолданады» дегенді айтты.
Жазылған бар сөзі
2.Мақал-мәтел (латынша жазылған сөзді оқып мақал айту) 1.Кітап Кітап-алтын қазына.