Просмотр содержимого документа
««?ыз ?ылы?ымен к?рікті» сыныпта?ы арулар бай?ауы»
ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы
«Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ 7-сынып жетекшісі Тұрысбекова Кенжегүл
7-сынып оқушысы: Кәріпбаева Бағжан
«Қыз қылығымен көрікті» арулар байқауы
Міне,көптен күткен Наурыз мерекесі келіп жетті. Бұл күні күн мен түн теңеліп,табиғат ерекше өзгеріске ұшырайды.Мысалы, адамдар бір-біріне деген өкпе –ренішті ұмытып, төс қағысып, туыс болады. Бұл күні ағаштар бүр жарып,өзендер сарқырап ағып, алтын күн жарқырап, гүлдер жайнап, құстар сайрап, табиғат ерекше бір әсерге бөленгендей болады. Бұл күн адамды толқытып, бойынды бір кереметтей сезімге бөлейді.
Дәл осы керемет күні біздің яғни, 7-сыныптың жетекшісі Тұрысбекова Кенжегүл Тұрысбекқызы бізге өз ойын білдірді. Мұғалім бізге «Қыз қылығымен көрікті» тақырыбына байланысты өтетін «Сынып аруы» байқауын өткізуді сеніп тапсырды. Біздің қыздар бұған қызу кірісіп кетті. Біразы ән айтуға дауысын дайындап жатса,енді біреулері би шығарып, ал бірсыпырасы жақһзған өлеңін қайта-қайта шимайлап әуре болып жатыр. Бірақ әзірге кімнің жеңетіні белгісіз. Әйтеуір барлығы абыр-сабыр. Ал, сән үлгісіне газеттен ,жылтыр қағаздан,енді бірі үстел үстіне жаятын дастарханнан көйлек,шапан т.б жасап жатыр.
Міне, көптен күткен күн де келіп жетті-ау,әйтеуір... Бәріміз абыр-сабыр болып жүрміз. Шіркін,кім жеңеді екен... Сайыстың нәтижесі де анықталды. Біздің сынып қыздарының ішінде «Сынып аруы» атағын жеңіп алған Қайырлыбек Еркеназ сыныптастарының және сынып жетекшіміз Тұрысбек Кенжегүл мұғалімнің атынан шың жүректен құттықтаймын! Сенің өмірінде осындай сәттіліктерге жетуіне тілектеспіз! Енді мектепшілік байқаудан да жеңіске жетуіне тілектеспіз! Біз саған сәттілік тілейміз!
Қолөнер байқауынанда арамызда озып шыққан –Қайырлыбек Еркеназ. Сұрақ жауап байқауында бәріміз бірдей баға алдық. Келесі өз өнері байқауында 4 қыз сүйретіліп алға шықты. Сән үлгісі кезеңінде барлығымыздың киім үлгіміз ерекше болды. Бірақ арамызда басқаларынан өзгеше әрі тартымды болып шыққан, дастарханнан тігілген шапанның иесі- Қайырлыбек Еркеназдың киім үлгісі болды. Сөйтіп, сайыстың нәтижесінде Еркеназ атты қыз « Сынып аруы» атағын жеңіп алды.