Просмотр содержимого документа
«?ыз?алда? ?ыз, Наурыз ана»
Тақырыбы:Желтоқсанның мұзда жанған алауы
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларғажелтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: Интербелсенді тақта, желтоқсан құрбандарының суреті, Н.Ә. Назарбаевтың портреті. І. Кіріспе . -Қазақстан Республикасының гимні. Хор
Мұғалім сөзі Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Жұртым менің не қиындық көрмеді? Жылап тұрып аналарым бұл жолда, Сан перзентін қара жерге жерледі.
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, қазақтың туын ең алғаш көтерген тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» атты, ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз! Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол, тайғақ кешуден өтті. Жанартаулар бұғып жатып, бір күнде атылады. Сол сияқты 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы да қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. ІІ. Миға шабуыл Мұғалім: Балалар сендер желтоқсан оқиғасы жайлы осы уақытқа дейін естулерің бар ма? Олай болса, осы оқиғаға байланысты мен сендерге бірнеше сұрақ қойғалы отырмын.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар 1986 жылы 16 желтоқсанда Брежнев атындағы алаңға жастар мен студенттер не үшін жиналып еді? Оқушылар: үкімет басына Колбиннің келуіне наразылық білдіру үшін. Мұғалім: Колбинге неге қарсы шықты? Оқушылар:Қазақстанда қазақ мектептері мен бала бақшалары азая бастады. Қазақтар өз ана тілін ұмыта бастады. Мұғалім: Колбин қайдан келген? Оқушылар: Колбин Ресейден келген болатын. Мұғалім: Брежнев алаңы қазір қандай алаң? Оқушылар: Республика алаңы. Мұғалім:Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер? Оқушылар: Өз алдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай, ішкі – сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды – тәуелсіз мемлекет дейміз. Мұғалім: біз тәуелсіздігімізді алдық па? Оқушылар: Иә, қазір біз тәуелсіз мемлекетпіз. Мұғалім: Тәуелсіз мемлекет атануымызға кімдердің еңбегі сіңді? Оқушылар: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты үлкен азаматтардың. Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар! Ал енді бір сәт желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық. Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік) Олардың ерлігін, не үшін алаңға шыққандығын көпшілік алдында айта кетсек артық болмас.. 1986жылы желтоқсан таңы осылай атқан еді. Таңертең Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Жастардың алаңға шығуы 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады. Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды.. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түсіп, құрбан болғандар өте көп, солардың бірі Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқа қазақ жастары. Ал енді осы желтоқсан оқиғасынан бейнеқойылымға назар аударайық
Көрініс: Сахнаға екі студент шығады, бірі – жігіт, бірі – қыз. Қолдарында конспекті дәптерлері бар.
Айгүл: Мақсат, сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді. Мақсат: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің? Айгүл: Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналады екен. Мақсат: Неге? Неліктен? Айгүл: Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті. Мақсат: Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кетейік. Тез барайық!
Желтоқсан оқиғасынан соң 99 адамның сотталып, оның екеуі ату жазасына кесілгені, соның бірі қаршадай Қайрат болғандығы баршамызға мәлім. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылғы 28 сәуірдегі жарлығымен оған кешірім жасалып, өлім жазасы жиырма жыл кесімге ауыстырылған болатын. Бірақ өкінішке қарай, Қайрат арада бір ай шамасында, нақтылап айтсақ 21 мамырда Семей түрмесінде 21 жасқа қараған шағында қолына кісен салынып, оның 21-ші камерасында қаскөйлікпен өлтірілді. Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентекгенсіз» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды. Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді. Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды. Ләззаттың өлімінде үлкен құпия бар. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атындағы музыкалық учелищеге оқуға түскен. 16 жастағы Ләззат 1986 жылы училищенің екінші курсында оқып жатқан еді.Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық уч-ще жатақханасынан табылған , ол жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Ләззатты жерлеу кезінде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылса, Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді. Ал енді осы желтоқсан оқиғасына байланысты оқушылардың тақпақтарын тыңдайық.
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның, Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның. Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың. Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы. Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің, Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды, Алатаудың көзінен де жас тамды. Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді. Тәуелсіздік күресі енді басталды.
«Нашақор»-деп, «ұлтшыл»-деп, Қазаққа күйе жаққан күн, Базары кетіп, бір түнде Қайғыға халық батқан күн.
Озбырлық күшпен тұншығып, Үміттің оты ұшқан күн. Жанына таппай бір шындық Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем, Қайрат аға рухыңа мен иілем. Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, Әділ жанның қазасына күйіне.
Мұғалім: Осы желтоқсан оқиғасына байланысты қандай ән бар? Оқушылар: Желтоқсан әні Мұғалім: Олай болса, балалар, «Желтоқсан» әнін бәріміз орындайық. Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылса, Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді және ескерткіштер орнатылды. 1986 жылғы оқиға халқымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке бастама болды.Қазақ халқының жанашыр жастарының арқасында тәуелсіздік күніне де жетті. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Қазіргі кезде біз ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз, өз конституциясы бар Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. -Енді оқушылардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. Оқушылар тақпақтары Ал енді балалар ЕЛІМІЗ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?/ СҰРАҚТАР/ 1. Біз Тәуелсіздігімізді қашан алдық? (1991 жылы, 16 – желтоқсан) 2. Биыл Тәуелсіздігімізге қанша жыл? (23) 3. Елбасымыз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев) 4. Қазақстанның астанасы, бас қаласы қайсы қала? (Астана) 5. Тұңғыш Президент күні қай күн? (1 – желтоқсан) 6. Еліміздің негізгі заңы, басты құжаты? (Конституция)
ІІІ. Қорытындылау. Ал енді сабақты қорытындылай келе, өзіміздің үй тапсырмасы бойынша «Менің Қазақстаным» тақырыбында салынған суреттеріміз жайлы өз ойларымызды ортаға саламыз. Оқушылар ойын тыңдау
Мұғалім: Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі болыңдар! Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!
Желтоқсан желі
Желтоқсан бірде, Ел тосқан түрде, Келетін мүлде жайдарлы. Сол жылы бірақ, Әдеттен жырақ Көрінді шын ақ айбарлы. Тоңдырды мені, Тоңдырды сені Желтоқсан желі ызғарлы. Солдырды гүлді, Оңдырды нұрды, Көңілде мұңды із қалды. Жоғалтып нуын, Жоғалтып қуын; Арал да суын тауысты. Қаңырап мекен, Аңырап бөкен, Өріске бөтен ауысты.
Тоңдырды мені, Тоңдырды сені Желтоқсан желі ызғарлы. Солдырды гүлді, Оңдырды нұрды, Көңілде мұңды із қалды.
Шайқалды күйім, Шайқалды миым - Бомбалар жиі жарылды. Малым да кеміп, Әлім де кеміп, Қинады берік жанымды. Тоңдырды мені, Тоңдырды сені Желтоқсан желі ызғарлы. Солдырды гүлді, Оңдырды нұрды, Көңілде мұңды із қалды. Бабалар өлер, Балалар келер, Аналар берер тіршілік. Гүлденер дала, Түрленер қала, Бұтаққа жаңа бүр шығып.
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»
Сценарий Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Сценарий Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сценарий Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Сценарий Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. Алғы сөз. Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
1-жүргізуші: Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда, Алма бақтар ак қырауға батқанда, Күңірене күн күркіреп тау жақтан, Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
2-жүргізуші: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
1-оқушы: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның. Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан. Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан. Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы. Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің, Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
1-жүргізуші: Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. 2-жүргізуші: Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
2-оқушы: Жас арудың жанарында – Желтоқсан, Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан. Қаралы өмір қайыстырған халқымның, Қара тұман қабағында – Желтоқсан. Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан, Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан. Жазықсыздың көз жасына жуынып, Абақтыға тастаған да – Желтоқсан. Намысымның шырағы да – Желтоқсан, Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан. Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан, Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
1-жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. 2-жүргізуші: Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс. Көрініс - Қыздар, мен газет әкелдім. - Не жаңалық шығыпты? - КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындапты. - Колбин деген кім екен? - Қайдан келіпті? - Колбин Ульяновтан келіпті. - Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын! - Біз демократияны талап етеміз. - Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!
3-оқушы: Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр. Колбин деген кім екен, қайдан келген? Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді, Бізге оны ешкім аяп бермейді. Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың, Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
1-жүргізуші: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді. 2-жүргізуші: Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. Соның бірі «Менің тағдырым».
4-оқушы: Өмір бойы жолым болып көрмеді, Жылап келем бұл дүниеге келгелі. Қайғы шаңы басты менің денемді, Түспейді шаң сілкінсем де мен енді. Жолдаған сәлемімді дос алмады, Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны. Айта берем, айта берем қайбірін, Ауыр менің, ауыр менің тағдырым. Тағдыр мені аямады, қорлады, Жалынсам да, жыласамда болмады. Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің, Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
1-жүргізуші: Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады. (Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді)
2-жүргізуші: 1 минут үнсіздік
1-жүргізуші: Орыны ағалардың бізбен толсын, Сәбилер ағалардың жолын қусын. 1минут үнсіздікпен еске алайық, Аруақ ағалардың ырза болсын.
5-оқушы:
Тұрса да биік өр басын, Қазаққа бақыт орнасын. Сексен алтыншы жылғыдай, Желтоқсан желі болмасын! Күн кешіп лапылдаған жастарым, Дүрліктірді желтоқсанның аспанын. Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
1-жүргізуші: «Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.
2-жүргізуші: 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан Қайраттың үйі.
Көрініс. Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге милиционер жігіт кіреді. Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне! Жеңгесі: Қайрат, бері кел. Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. (Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)
6-оқушы:
«Ақтың сөзің не? деген, Бүгін қойды сот сұрақ. Айтайын оны халқыма, Жоқ пиғыл менде жасымақ. Қорлай да беріп қайтадан, Титыққа орыс жетпесін. Туған жердің намысы, Бөтен қолда кетпесін. Салт – санадан айырылып, Арақтан ұрпақ азбасын. Қызғаныштан тозбасын, Қолдаушысыз болмасын. Барлық ұлтпен тең болып, Ешкімнен көңілің қалмасын. Ендігі жерде басыңнан, Бірлік пен бақ таймасын. Осы айтылған ақтық сөз, Туың болсын әрдайым. Мойным алып жаланы, Мен болайын құрбаны! 17 жыл мен жатырмын, Ақ жазыңтың түбінде. Мені өлтірген таксист жігіт, Тірімісің бүгінде? Тірі жүрсің өткен күнді, Еске алғанның несі бар? «Желтоқсанда» құрбан болған, Ляззат қызды есіңе ал! Халқым, саған ризамын! Батыл бас аяқты, жас достар, Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар, Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр, Бұл жерде - өрімдей… қыз жатыр. Бұл жерден мәңгілік аттанған, Халқымның есінде сақталған!
1-жүргізуші: Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.
Көрініс. Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді: «-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!! Жалалы боп, қатты батты жаныма, Жазалаушы қағаз алдым қолыма. Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек, Жазған екен маңдайыма сорыма. Біріншіден, мен сағындым анамды, Екіншіден, бұл құдайға не қылдым? Бостандықта еркін жүрген жан едім, Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос. Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе? Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін? Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе? Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын? Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой. Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала. Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де… Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін. Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, «Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық? Қайрат: Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ. Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар! Қайрат: Тоқта! Айтар сөзім бар. Күнәдан таза басм бар, Жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. «Еркек тоқты – құрбандық», Атам десең атыңдар. (Қайратты кісендеп алып кетеді.)
Ойын: «Алма ағашы»
1-жүргізуші: Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз. 2-жүргізуші: 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады. 1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды. 2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті. 1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті. 2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды. 1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды. 2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды. 1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. 2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды. 1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық. 2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы. 1-жүргізуші:2001 жылы 18мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді. 2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы. 1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары 2-жүргізуші: 2006жылы - Сыр елі өнер ордасы 1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті. 2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.
1-жүргізуші: Есті ерлер жүрмейді желік ертіп, Елеулі іске қосар емірентіп. Бүгінгі кеш қонағы апайымыз Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,-дей отырып,Төрешова Ақкенже Қонысбекқызына сөз береміз.
Өлең: «Желтоқсан желі» 1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
2-жүргізуші: Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!