kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?згі бал мерекелік іс-шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

"К?згі бал" мерекесі ?з де?гейінде ?тті.О?ушылар тарапынан т?рбие са?атына деген  ?ызы?ушылы?ы артты.Е?бек- т?бі береке деген ма?алды? т?п н?с?асы осы емес пе?Ата- аналар тарапынан демеу жасалды. К?згі ханзада мен ханшайым?а алдын- ала ?й тапсырмалары берілді. Оны? ішінде к?згі костюмді жарнамалау, оны ?ор?ау,к?згі д?м- к?к?ністер мен жемістерден жасал?ан салат т?рін жарнамалау, ?ор?ау. ?нер сайысы т.б сайыс т?рлері болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?згі бал мерекелік іс-шара»

«Күзгі балл» кешінің сценарийі



Күні: 21.10.2015 ж

Сыныптар: 1,2 сыныптар

Өтетін орны: акт залы

Кештің мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын, арттыру, ой-өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білуге тәрбиелеу.

Кештің өтілу барысы:

1-жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Күзгі баққа саяхат» атты күзгі балл кешіне қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-даланың дархан дастарханы. Күз - байлық, молшылық. Күзде егін жиналып, құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!?

2-жүргізуші:

Күз — мереке, күз — ырыстың белгісі,

Қайтып барады мекеніне жыл құсы.

Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,

Шат – шадыман халқымыздың тұрмысы.

1-жүргізуші:

Ақ көңілді, ақ пейілді жайыңыздар,

Үлгі тұту әрқашан ойымыз бар,

Қырандай қанат қаққан ұл-қыздарға

Қол соғып, қошеметтеп қойыңыздар, - дей келе ендігі кезекте бүгінгі «Күзгі балл» кешінің ханзадалары мен ханшайымдарын ортаға шақырайық.

2-жүргізуші:

Әділқазы, алқасына бір сәлем.

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, - дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1. Биология пәнінің мұғалімі -

2. География пәнінің мұғалімі -

3.Технология пәні мұғалімі -

4.Бастауыш сынып мұғалімі -

1-жүргізуші:

Келесі кезекте сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.

І.Таныстыру

(әр жұп өздерін таныстыру, жоғары ұпай 5)

ІІ.«Өнерлінің өрісі кең» .Күзгі вальс- топпен

(өнер көрсету сайысы, жоғары ұпай 5)

ІІІ.«Білімді мыңды жығар»

(Әр жұпқа сұрақтар жазылған жапырақтар таратылады, 3 сұрақтан 2мин, 5ұпай)

IV.« Күзгі гүл шоғы»

V.«Күзгі сән үлгісі»

(сән үлгісін көрсету)

2-жүргізуші:

Ендеше, құрметті көрермендер, қатысушыларымызға сәттілік тілеп, сахна сыртына қошеметтеп шығарып салайық.

Әр жұп реттік номірлер арқылы сахнаға шақырылады.

І.Таныстыру

(әр жұп өздерін таныстыру, жоғары ұпай5)

1-жүргізуші:

Құрметті көпшілік көрерменім,

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.

Ақ жол тілеп үкілі үміттерге

Таныстыру шартына кезек бердім.

Ендеше, бірінші номерлі қатысушылармыз 1 «А» сынып оқушылары

сахна төріне шақырамыз.

-

-



2-жүргізуші:

Әділ баға беретін әділқазылар алқасы, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.

Құрметті көрермендер, қатысушыларымыз келесі кезеңге дайын болғанша 2 «А»сынып оқушысының орындауында ------------------- әнін қабыл алыңыздар.

ІІ.«Өнерлінің өрісі кең» Күзгі вальс- топпен (өнер көрсету сайысы)

1-жүргізуші:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын.

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай.

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер,

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден-дей келе сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.

Ендеше, бірінші номерлі қатысушылармыз 1 «А» сынып оқушылары

сахна төріне шақырамыз.

-

-



2-жүргізуші:

Әділқазылар алқасы сайыскерлеріміздің бағасын берсеңіздер.



Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша бүгінгі кешіміздің қонағы 2 «Ә»сынып оқушысының орындауында ------------------- әнін қабыл алыңыздар.



ІІІ. «Білімді мыңды жығар»

(Әр жұпқа сұрақтар жазылған жапырақтар таратылады, 2 сұрақтан)

1-жүргізуші:

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

Келесі бөліміміз «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Мұнда сұрақтарға жауап

берулеріңіз керек.

Бағасын беру

Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша бүгінгі кешіміздің қонағы 1 «А»сынып оқушысының орындауында ------------------- әнін қабыл алыңыздар.



ІV . «Күзгі гүл шоғы»

(Дайындау, жарнамалау)

2-жүргізуші:

Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің

Тамаша бірдей сұлу күн мен түні.

Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте-мөте берекелі.

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені,-деп ақын ағаларымыз тебірене жырлаған.

1-жүргізуші:

Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік сый тартуды жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып. Келесі бөліміміз «Күзгі гүл шоғы»деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі жапырақтардан дайындап әкелген гүл шоғын әділқазыларға табыс етсін.

Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша бүгінгі кешіміздің қонағы 1 «Ә»сынып оқушысының орындауында ------------------- әнін қабыл алыңыздар.

.V.«Күзгі сән үлгісі»

(сән үлгісін көрсету)

1-жүргізуші:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен.

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі. Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазылар алқасы, осы кезеңнің бағасын берсеңіздер екен.

2-жүргізуші:

Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша бүгінгі кешіміздің қонағы --------------------орындауында ------------------- әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Құрметті көрермендер, «Күзгі балл» кешін қорытындылау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.(Жеңімпаз жұпты марапаттау және ең әдемі Күз ханшайымы мен ең батыл да ержүрек ханзаданы анықтап марапаттау)



2-жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.

Келешекте әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.

Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстырар, - дей отырып 1-2 сыныптар арасында өткен «Күзгі балл»атты кешін аяқтауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Тамашалағандарыңызға рахмет, сау - саламат болыңыздар!













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
К?згі бал мерекелік іс-шара

Автор: Жамантаева Шолпан Жумабаевна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 310990


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства