Ма?саты: ?лкеннен ?неге алу, ??рмет т?ту, ?з жетістіктерімізбен ?уанту.
К?рнекілік: Даналы? с?здер, г?л, шарлар, музыка.
Ж?ргізуші: Д?ниеге келер бір рет
Дария – кеуде, тау м?сін.
??рыштан ??й?ан, ??дірет –
?арттарым аман-саумысы?.
?здері? болса? жанымда
Ел іші жомарт е?селі
Д?н иісі ж?рген ?аны?да
Даламны? бір-бір б?лшегі.
?айырлы к?н, ?адірменді аталар мен ?желер! Армысыздар ??рметті ?она?тар. ?аза? айыны? басымен ?атар келетін ?арттар мерекесі ??тты болсын! Алтын ?я – білім ордасына ?ош келді?іздер! Б?гінгі сіздерге арнал?ан салтанатты кешімізді бастау?а р??сат еті?іздер!
Осында отыр к?п ?ауым,
К?рі де жас та кеп отыр.
?р?айсысы ты? ты?дап
М?нді ?тсін деп отыр
Ниетке де к?п рахмет,
Берсін алла берекет! – дей отыра ал?аш?ы ??тты?тау с?з кезегін мектеп басшысы Тал?ат Есім?лына береміз.
Б?гінгі кездесу жай ?ана кездесу емес, ?ымбат кездесу деп те атау?а болады, ?йткені сіздерді? алдары?ызда сіздерді ??тты?тау?а ?здері?ізді? немере-жиендері?із келіп отыр.
??лны?даймын асыр сал?ан албарда,
?озы?даймын ойна?та?ан албарда
?зі? барда ?ысылмаймын к?луге
Жылау?а да ?ысылмаймын сен барда - деп келесі с?з кезегін о?ушылар?а береміз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««??рыштан ??й?ан ??дірет, ?арттарым аман-саумысы??!»»
Ақсу негізгі мектебі
«Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым аман-саумысың?!»
Сазды музыкалық кеш
Өткізген: Смаилова Л.К.
бастауыш сынып мұғалімі
2014 жыл
«Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым аман-саумысың?!»
Мақсаты: Үлкеннен өнеге алу, құрмет тұту, өз жетістіктерімізбен қуанту.
Көрнекілік: Даналық сөздер, гүл, шарлар, музыка.
Жүргізуші: Дүниеге келер бір рет
Дария – кеуде, тау мүсін.
Құрыштан құйған, құдірет –
Қарттарым аман-саумысың.
Өздерің болсаң жанымда
Ел іші жомарт еңселі
Дән иісі жүрген қаныңда
Даламның бір-бір бөлшегі.
Қайырлы күн, қадірменді аталар мен әжелер! Армысыздар құрметті қонақтар. Қазақ айының басымен қатар келетін қарттар мерекесі құтты болсын! Алтын ұя – білім ордасына қош келдіңіздер! Бүгінгі сіздерге арналған салтанатты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Осында отыр көп қауым,
Кәрі де жас та кеп отыр.
Әрқайсысы тың тыңдап
Мәнді өтсін деп отыр
Ниетке де көп рахмет,
Берсін алла берекет! – дей отыра алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп басшысы Талғат Есімұлына береміз.
Бүгінгі кездесу жай ғана кездесу емес, қымбат кездесу деп те атауға болады, өйткені сіздердің алдарыңызда сіздерді құттықтауға өздеріңіздің немере-жиендеріңіз келіп отыр.
Құлныңдаймын асыр салған албарда,
Қозыңдаймын ойнақтаған албарда
Өзің барда қысылмаймын күлуге
Жылауға да қысылмаймын сен барда - деп келесі сөз кезегін оқушыларға береміз.
1-оқушы: Жақсы көрем қасын да,
Қардан аппақ шашын да.
Қорықпаймын ешкімнен
Атам жүрсе қасымда
2-оқушы: Менің әжем гүл әжем,
Күн шуақтай нұр әжем.
Таяғыңа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.
3-оқушы: Әжем менің шежіре
Көп ертегі біледі.
Сыртта жүрген кезінде,
Бізді ойлап жүреді.
4-оқушы: Әрбір айтқан ақылын
Жүрегіме сақтаймын
Ертегісін тыңдамай
Ұйқыға мен жатпаймын.
5-оқушы: Атам жүзге тақалды,
Ұрыспайды ұстасам
Аппақ қудай сақалды.
6-оқушы: Оқуда озат атанам
Орындалса тілегім
Мен үшін жан апамның
Мақтанарын білемін.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй – дегендей кезекті әнге бареміз.
Ән:«Асыл әжем»
7-оқушы: Әжем менің әсыл әжем қымбатты,
Бір мен үшін сұлу ғажап сымбатты.
Әжем менің құшақ жайып аймалап,
Туған күннен еркелетіп сол бақты.
8-оқушы: Аялайды мейірімді көзімен,
Қамқорлығын жүрегіммен сезінем.
Әжем менің, асыл әжем өзіңіді,
Ойлап жатып көз ілем. – деген әдемі өлең жолдарын әнімен жалғастырамыз.
Ән:«Әжетайым»
9-оқушы: Асқар тауым ақылгөйім ғұлама,
Аспандай мәңгі жаса, құлама.
Ер жетсем де еркелігім қалмайды.
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы ана.
10-оқушы: Тұра тұршы есейгенше ұл қызың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған бақыт неге керек ата-әжеау
Өзің бірге көре алмасаң қызығын.
Ән: «Қариялар азайып бара жатыр»
11-оқушы: Асыл менің анашым,
Мен деп күйіп, жанасың.
Қай теңеуге сияды
Немереңе қарасаң.
Жүргізуші: «Аталы сөз, баталы сөз» дегендей ендігі кезекте құрметті ата-әжелеріміз бүлдіршіндерге тілектеріңізді, баталарыңызды берсеңіздер.
Ән: «Ауыл қарттары»
Жүргізуші: Құрметті ата-әжелер, қонақтар, осымен сіздерге арналған «Құрыштан құйған құдірет, қарттарым аман-саумысың» атты шағын салтанатты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Назар салып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет.