kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

“Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!”

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 24 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 24 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын!
Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!
Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«“Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!”»


Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:

“Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!”

Жалпы мақсаттар:


Мақсаты: Ата-бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған жерін, елін сүюге тәрбиелеу, патриотизмге баулу, танымдық шығармашылық қасиеттерін дамыту.
Міндеті: Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығымен, Қазақ халқының ұлттық Ассамблеясының мен Қазақстан Республикасының – Конституциясына 20 жыл толу мерекелеріне орай іс-шаралар өткізу.

Күтілетін нәтиже:

Тарих қойнауындағы терең сырларға ден қойып, қызығушылығы артады, өзіндік бағалау дағдысы қалыптасады, өзінің шығармашылық қатынасын көрсете біледі.

Негізгі идеялар:


«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 24 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 24 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын!
Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!
Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.

Ресурстар:

Интернеттен қосымша материалдар

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер, стикер, А-4 қағаз, түрлі-түсті қағаздар, қыстырғыштар

Оқыту әдістері:


Интерактивті оқыту әдістері, СТО, диалогтік оқыту, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап,

жеке жұмыс

Дерек көздері:


www.kazakhstan.awd.kz

www.tarih.ru

www.kazhistory.ru

www.calend.ru

www.history1997.forum24.ru

www.tarih.spring.ru

Тапсырмалар:

Сұрақ-жауап, салыстыру, ассоциация


Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Уақыты

Жағымды психологиялық азуал туғызу.

Оқушылар ортаға шаттық шеңберін құрады, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады

1 мин

Ой қозғау: «Қазақстан»

(мұғалім оқушыларға «қала» деген сөзге қандай ассоцияция туындайтынын сұрайды)

Оқушылар «Қазақстан» деген сөзге ассоциация құрайды, өз ойларын ортаға салады, бір-бірлерінің ойын тыңдайды

2 мин

Топтастыру: «Қазақ елі», «Мәңгілік ел», «Нұрлы жол» (мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша сыныпты үш топқа бөледі)

Оқушылар түрлі-түсті қаламдар арқылы үш топқа бөлінеді

2 мин

Топтық таныстырылым (мұғалім топ мүшелерін өз топтарын таныстырып өтуін сұрайды)

Үш топ арнайы берілген уақытта топты таныстырып шығу керек

2 мин

Мағынаны тану: «Қазақстан Республикасы-Тәуелсіз Мемлекет» (мұғалім бүгінгі сабақтың мағынасын түсіндіріп өтеді)

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

5 мин

Топ жұмысы: «1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні», «16 – желтоқсан Желтоқсан оқиғасы», «16 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» (мұғалім оқушыларға топ жұмысының барысын түсіндіріп өтеді)

Берілген тапсырманы компьютерде орындау, өз ойларын ортаға салу, суреттеу, қорғау, баяндау

8 мин

Сергіту сәті: «Қара жорға»

(мұғалім оқушыларды сергіту сәтіне шақырады)

Оқушылар «Қара жорға» биіне билейді, бойларын сергітеді, көңіл-күйлері көтеріледі

2 мин

Шығармашылық тапсырма: «Отан»

(мұғалім оқушыларға тақырып бойынша өлең шығаруды ұсынады)

Оқушылар берілген тапсырма бойынша топпен бірлесіп өлең шығарады, бір-бірлерін тыңдайды, оқиды

8 мин

Кластер толтыру:

1-топ: “Қазақ Хандығына – 550 жыл ”
2-топ: “Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл”
3-топ: “Қазақстан Республикасының Конституциясына – 20 жыл ”
(мұғалім топтарға тапсырмаларды бөліп береді)

Берілген тапсырма бойынша оқушылар топта бірлесе отырып берілген тапсырманы орындайды, қорғайды

8 мин

Синквейн: «Қазақ елі»

(мұғалім оқушыларға бес жолды өлеңді құрастыруды ұсынады)

Берілген тапсырма бойынша әр бір оқушы «Қазақ елі» деген сөзге бес жолды өлең құрастырады

2 мин

Эссе хат: “Қазақстанның жетістіктері” (мұғалім оқушыларға эссе хат жазуын сұранады)

Оқушылар берілген тақырыпқа эссе хат жазады

5 мин

Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, кір қыстырғышпен іледі

1 мин




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
“Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!”

Автор: Омарова Айнұр Жақсылыққызы

Дата: 26.04.2017

Номер свидетельства: 411910


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства