kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ОШ БОЛ С?ЙІКТІ ?ЛІППЕ!

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??алім: Балалар, осы ?ліппе с?зіні? ?р ?рпін саралап айтса?.
? — ?лемді, Л – легімен, І – ізгілік, П – парасатпен, П – паш, Е – етеміз.
М??алім:
- Балалар, олай болса, с?йікті ?ліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, ?зімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен ?арындастарымыз?а табыс ету-бізді? міндетіміз. Сонды?тан біз осы уа?ыт?а дейін ал?ан білімімізді к?рсетіп, ?н-к?ймен, ?ле?дермен ?рнектеп, ?нерімізді орта?а салайы?.?ліппе, б?гін кешімізді? е? ?адірлі ?она?ысыз. Сонды?тан ??рмет та?ына жай?асы?ыз.
-Балалар, білім алу ?шін е? ал?аш ?айда келеміз ?
О?ушылар:Мектепке келеміз
М??алім: Мектеп туралы ?андай ма?ал-м?тел білесі?дер ?
Мектеп кеме, білім те?із.Мектеп-білім ордасы.

  • Іші толы ?ріпке

              Мынау-?йбат ?ліппе

              Барлы? ілім-білімні?

              ?жесі-осы ?ліппе!

Жанайым: Келгенде ал?аш мектепке

                   Білмеуші едік ?ріпте.

                   О?имыз ?азір ертегі

                   ?йреткен оны-?ліппе.

Эльдана:   ?ліппемен ?ош айтысып ?аламыз,

                  Енді ?ол?а ана тілін аламыз.

                  Ата-ана ?уаныш?а орта? бол

                  Сауатты  болып  шы?ты  міне  бала?ыз.

Асылхан:  Бар кітап?а бас бол?ан

                   ?ліппе-?ылым анасы.

                   ?ліппеден бастал?ан

                   Даналы?ты? данасы.

«?стазым» ?ні

Алина:  Алфавитті? «А» т?рады басында,

              ?р?ашанда «?» т?рады ?асында.

              Бай?ады? ба «Б» т?рады ?шінші,

              Ал осыны? сыры недет?сінші.

?айырымжан:  «А» деген ол – аналар ?ой арда?ты,

                           «?» деген ол – ?келер ?ой салма?ты.

                           «Б» деген ол – балалар ?ой ?демі,

                           Бізді? елде ?шеуі де к?делі.

                           Алша?  кетпей.

                           Сонды?тан да расында,

                           Т?рады олар Алфавитті? басында.

        Балауса:  Отан-бізді? ?німіз,
                          Отан – бізді? с?німіз
                          Ер жетеміз ту?ан ел
                          Сені с?йіп б?ріміз.

Жан?лем: ?ліппем, мені? ?ліппем,

                  Сені ?ол?а алып мен.

                  Есігін аштым мектепті?,

                  Ерте?гі с?уле жары?пен.

Камила: Ашыла берді алдымнан,

               Ке? д?ниені? есігі.

               Со?ыл?ан сандар алтыннан,

               ?ліппе – білім бесігі.

«Самба» биі

Дінм?хамед: ?ліппе деген алтын жол,

                       Апарар сені алыс?а.

                       Же?іл емес, ауыр жол,

                       Тырысып ба? намыс?а.

Ж.Алихан: О?уды к?п ойлады?.

                    ?ызы?ына тоймады?.

                    ?ріптерді ?йреніп,

                    Сауат ашты?, тойлады?.

Бекжан: ?ліппе да??ыл жол ашты,

               Жа?адан п?ндер жал?асты.

               ?ліппе сырын ??тыр?ан,

               Рахмет, ?стаз ал?аш?ы!

  «?аза?ым мені?» ?ні

Амина: ?ліппем, мені? ?ліппем,

              «А» деген бастап ?ріптен.

              С?з ??рап жаза бастадым

              Та?ылдап та?ба танып мен.

Айым:  ?ліппем, мені? ?ліппем,

             ?мірді келем танып мен.

             ?айталап айтам мы? рет,

             Са?ан к?п-к?п рахмет!

М?рат: ?ріптерді? тойында,

              ?ркім ??мар ойын?а.

              ?ріптер сыры ашады,

              ?сем биге басады.

Алуа:  ?олы?а т???ыш ?алам ап,

            «А» ?рпін ал?аш жазарсы?.

            Білім ап «А»-ны саралап,

            «Б»-сына к??іл саларсы?.

М?хаммеджан: Жа?сы  кітап – «?ліппе»,

                           ?йретеді ?ріпке.

                           Ойыншы?пен  ?оштастым,

                           «?ліппемен» достастым.

                           «А»-дан бастап ?ріпті,

                           Т?гел ма?ан танытты.

«?уырша?» биі

?алия:  ?ліппе сені? сырласы?,

             ?ліппе досы? болады.

             ?ріптерді? ш??ыласы

             Д?птері?е ?онады.

«?ліппе» ?ні

?ліппе:

  • Ал, достар, б?гін сендер енді мені?  жолымды ?рі ?арай жал?астыратын ана тілі п?німен танысасы?дар. Ана тілін орта?а ша?ырайы?.

Ана тілі:

                - С?леметсіздер ме, балалар?

                 Ту?ан елді? тілімін,

                 А?ылы?мен  танылам.

                 Т?сіндірер б?ріне

                 Ана тілі мен болам.

Балалар,  мен  сендерді?  келешекте  сауатты  азамат  болатындары?а  сенемін.         

Даяна: Ана тілі? – ары? б?л,

            ?яты? боп т?р бетте.

            ?зге тілді? б?рін біл,

            ?з тілі?ді ??рметте.

М??алім: Олай болса, балалар, ал?ан білімімізді  орта?а салайы?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ОШ БОЛ С?ЙІКТІ ?ЛІППЕ!»

23 желтоқсан 2015 жыл

Жотабаева Айгүл Рыскелдіқызы

бастауыш сынып мұғалімі, №14 орта мектеп-гимназиясы,

Талдықорған қаласы, Алматы облысы

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ. қош бол сүйікті әліппе!

(Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне арналған

ашық тәрбие сағаты, 1 «Г» сыныбы)


Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.

Оқушылардың ата- ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар.

Сәлемдесу.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпенен сіздерге,

Сәлем бердік біз.

«Әліппе» әні

Мұғалім:

  • Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын емене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата-аналар бірлескен еңбегіміздің жемісін көрейік.

Мұғалім: Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ,

Өсті білім, бойларың.

Құтты болсын тойларың!

Даяна: Алақай-ау, алақай! Алақай-ау, алақай!

Бұдан былай мен енді

Емеспін жай балақай.

Осыдан да көлемді

Оқи алам өлеңді.

Бардым бүгін мектепке

Оқушымын мен енді

Мұғалім: Балалар көңілді әріптерден сөз құрайық. Ә Л І П П Е

Хормен:

Болашаққа жол ашар –

Ол сүйікті – Әліппе!

Ол сүйікті – Әліппе!

Мұғалім:

  • Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе:

Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаңа.

Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер, балдырғандар!

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

Мұғалім: Балалар, осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ.
Ә — әлемді, Л – легімен, І – ізгілік, П – парасатпен, П – паш, Е – етеміз.
Мұғалім:
- Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей , рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету-біздің міндетіміз. Сондықтан біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән-күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.
-Балалар, білім алу үшін ең алғаш қайда келеміз ?
Оқушылар:Мектепке келеміз
Мұғалім: Мектеп туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер ?
Мектеп кеме, білім теңіз.Мектеп-білім ордасы.

Алиби: Іші толы әріпке

Мынау-әйбат Әліппе

Барлық ілім-білімнің

Әжесі-осы әліппе!

Жанайым: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте.

Оқимыз қазір ертегі

Үйреткен оны-Әліппе.

Эльдана: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты болып шықты міне балаңыз.

Асылхан: Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

«Ұстазым» әні

Алина: Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры недетүсінші.

Қайырымжан: «А» деген ол – аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол – әкелер ғой салмақты.

«Б» деген ол – балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей.

Сондықтан да расында,

Тұрады олар Алфавиттің басында.

Балауса: Отан-біздің әніміз,
Отан – біздің сәніміз
Ер жетеміз туған ел
Сені сүйіп бәріміз.

Жанәлем: Әліппем, менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Камила: Ашыла берді алдымнан,

Кең дүниенің есігі.

Соғылған сандар алтыннан,

Әліппе – білім бесігі.

«Самба» биі

Дінмұхамед: Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Ж.Алихан: Оқуды көп ойладық.

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.

Бекжан: Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет, ұстаз алғашқы!

«Қазағым менің» әні


Амина: Әліппем, менің Әліппем,

«А» деген бастап әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым

Тақылдап таңба танып мен.

Айым: Әліппем, менің Әліппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Саған көп-көп рахмет!

Мұрат: Әріптердің тойында,

Әркім құмар ойынға.

Әріптер сыры ашады,

Әсем биге басады.

Алуа: Қолыңа тұңғыш қалам ап,

«А» әрпін алғаш жазарсың.

Білім ап «А»-ны саралап,

«Б»-сына көңіл саларсың.

Мұхаммеджан: Жақсы кітап – «Әліппе»,

Үйретеді әріпке.

Ойыншықпен қоштастым,

«Әліппемен» достастым.

«А»-дан бастап әріпті,

Түгел маған танытты.

«Қуыршақ» биі




Ғалия: Әліппе сенің сырласың,

Әліппе досың болады.

Әріптердің шұғыласы

Дәптеріңе қонады.

«Әліппе» әні

Әліппе:

  • Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі:

- Сәлеметсіздер ме, балалар?

Туған елдің тілімін,

Ақылыңмен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

Даяна: Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Мұғалім: Олай болса, балалар, алған білімімізді ортаға салайық







1 слайд

2 слайд




3 слайд

4 слайд



5 слайд


«Жаса Қазақстан» әні


Әлисұлтан: Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Бақыт: Енді жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп соған жүреміз,

Сүйікті біздің «Әліппе».

Б.Алихан: Еңбегімен елге сыйлы,
Барлық адам мақтаған.
Бізге оқытқан Әліппені
Ұстазымыз жақсы адам

Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,-деп Абай атамыз айтқандай , 42 әріпті үйретіп, білімге жетелеген алғашқы ұстазымызға алғысымыз шексіз.

Азамат: Отан — менің өз елім,
Отан – туған өз жерім
Отан – далам өзенім,
Гүлдей жайнап өсемін.

Мерей: Әліппе – білім анасы,

Әліппе – кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?!

Жібек: Ұстаз деген- ұлағаттың шайыры
Қыдырының тиетұғын қайыры
Ұстаз деген – шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі.

Көрініс.

Ойын қуған жүрген думан бұл кімдер.
Сылдыраған балаң тілмен естіледі бір үндер.

Альтаир: Апам айтқан күзде мектепке барасың деп,
Көп-көп оқу құралдарын аласың деп.

Балауса: Онда – мында машинаңды неге тастамайсың?
Сен әлі ешнәрсені түсінбейтін кішкентайсың.

Даяна: Жоқ, ол жетіге толды,
Үлкен бала болды.
Мына қуыршақты, машинаны
Бөпесіне сыйлайтын болдық. (Балалар ойыншықтарын бөпелерге береді.)

Осы арада 3-сынып оқушысы Амина мектепке бара жатып, ортаға келіп қосылады.
Амина: Балалар мектепке бармайсыңдар ма?

Дінмұхамед: Мектеп, мектеп деген ол не өзі?
Оның бар ма мұрны, аузы, көзі

Айым: Онда не береді?
Менің де барғым келеді.

Амина: 7-ге толсаң, ойын қумай бос текке
Оқисың әрине сен де мектепте

Ғалия: Мектепте үйрендің сен нені?
Көп пе оның сендерге бергені.

Амина: Мектепте бәріміз білім аламыз,
Жан-жақты дамып өседі санамыз.
Біз секілді ағылшын тілін меңгересің
Мектепке домбыра қағуды үйренесің
Үйірмеде билегенде бір ғажайып күйге енесің
Ән сабағына қатысып ән айтасың
Интерактивті тақтада жаңалықпен қайтасың,
Спорттың неше түрімен шынығасың,
Қарның ашса, асханада сусын ішіп тынығасың.
Бүгін 1-қыркүйек білімнің күні
Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні
Мектебім мінекей, ақ ордам тым асқақ
Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.
Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына
Шығайық біз бірге білімнің шыңына.
Елназ: Күлімдеген, күнім деген
Қамқор болған, ұстазым
Жаны жайсаң
Жайдарлы жан
Ұғындырған сөз сырын

Бәрін білген,
Білім берген
Жас ұрпаққа талмастан
Әрбір жастың
Қарлығаштың
Көңіл сырын дәл басқан.

Наз: Ата-анадан кейінгі
Жарқыным сенсің
Ержеткенге дейінгі
Ақылшым сенсің мектебім.

Біліміңді аяма
Ата-анадай аяла
Мектеп ана болмаса
Бала құшақ жаяма.

Альтаир: Сипадың да басымнан
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім

Мұғалім:
-Балалар, біз әлі бағаланбаймыз, бірақ жаңа жылдан кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін, бағаларды сөйлетіп көрейік.

Азамат: 1 дегенің жаман баға,
Алады оны жаман бала.
Камила: 2 дегенің нашар баға,
Інішегім нашарлама.
Альтаир: 3 дегенің орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
Айым: 4 дегенің жақсы баға ,
Алады оны жақсы бала.
Бақыт: 5 дегенің үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.

Ойын «Дұрыс, дұрыс емес»

«Вальс» биі

Әліппе:

  • Әліппенің бетін жарық ет,

Ұл-қызды түгел білімді ет!

Келесі оқу жылына,

Аман-есен түгел жет!

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,

Өнер – білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз!

Әумин!

Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!

Рефлексия:

  • Сонымен, балалар, сендер Әліппе кезеңінде нені оқып, үйрендіңдер?

  • Әріпті таныдық.

  • Дыбыстармен таныстық.

  • Сөздерді буынға бөлдік.

  • Сөйлем құрауды үйрендік.

  • Диктант жаза аламыз.

  • Ертегі оқи аламыз.

  • Әңгімені мазмұндаймыз.

  • Өлеңді жатқа айтамыз.

  • Рөлге бөліп оқи аламыз.

Құттықтау сөз кезегі ата-аналарға беріледі.

Марапаттау кезеңі.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ОШ БОЛ С?ЙІКТІ ?ЛІППЕ!

Автор: Артыкбаева Бигайша Айдаркановна

Дата: 17.01.2016

Номер свидетельства: 278149

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "канспект уроков "
    ["seo_title"] => string(16) "kanspiekt-urokov"
    ["file_id"] => string(6) "184744"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426089191"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства