Просмотр содержимого документа
«"?ош бол ?ліппем!" ?ліппемен ?оштасу кеші»
Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы
1 «В»сынып жетекшісі:
Мусаева А.К.
2015-2016 оқу жылы
« Қош бол құтты Әліппем» Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар. Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келдіңіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
Музыка ойнап тұрады.Сахнаға кішкене қызын жетектеген Хан шығады.Хан:
-Уа,халайық ! Армысың,
Ағайын туған бармысың.
Жарлығымды тыңдаңдар,
Босқа қарап қалмаңдар.
Мен сендерге сенемін,
Қызымды мектепке беремін.
Қызымды мектепке апарғанға,
Ат басындай алтын сыйға беремін.
ҚЫЗЫ:
-Жоқ,Әке. Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін өзім білемін.
Сабақ,оқу,әріп,жазу
Дәптер,кітап- ол не керек?
Ол маған не беред?
«Мен сұлумын,ханшамын,
Тәтті қыздың бірімін»
Оқуыңа өзің бар,
Керек емес білімің.
Тазша Бала:
Уа,тақсыр армысыз!
Кішкентай ханшайым бармысыз!-Жақсы хабарым бар, Қарғалы ауылының Алтын ұя мектебіндегі 1 «В» сынып оқушылары «Әліппемен қоштасу» тойын тойлап жатыр дейді.Мүмкін сол тойды көрген Ханшайымның пікірі өзгерер, жүріңіз тойға бірге барайық.
ХАН: Ойбай,қызыма көмегі тисе жүр,түс алға!
ХАНШАЙЫМ: Барсақ барайық,көрсек көрейік.
І-жүргізуші: Ілияс Ақеділ Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар, Білім іздеп, инемен құдық қазғандар, Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп,әнде бүгін шырқалар. І І -жүргізуші: Казиева Арай Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға.
І-жүргізуші: Ілияс Ақеділ Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық.
Тойымызды бүгінгі
Өлең-жырмен бастайық.
Тақпақтар айтады:
Сағындық Кербез Қош келіпсіз , ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балдырған Хамитова Данелия Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай болашағын мәпелер. Бүгін міне, әліппемен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби еркелер. Абат Нұрислам
Балдәурен шағындағы балалықтың, Алтын ұя бесігі ең даналықтың Бүлдіршін боп аттадым босағаңнан, Парызын сенен ұқтым адамдықтың Мұсабек Сұлтанбек Неге екенін білмеймін, неге екенін, Әйтеуір бір мәні бар мерекенің. Өйткені ол әліппемен қоштасу ғой, Салтанаты жарасқан берекенің Мұғалім: Өсті міне бойларың, Өсті ақыл- ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың! Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы. Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не? Хормен: Болашаққа жол ашар- Ол сүйікті- Әліппе! Ол сүйікті -Әліппе! Мұғалім: -Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! Әліппе Тоқтанұлы Рамазан
Сакенов Ахмет Әліппем менің Әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен. Куанышбаев Жангир
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Нурғалиев Ерасыл Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріпте, Оқимыз қазір ертекте, Үйреткен оны Әліппе!
Аллабердиев Дарын Әліппе деген алтын жол Апарар сені алысқа. Жеңіл емес ауыр жол Тырысып бақ намысқа.
Ән: «Әліппе» Орындайтын: Нурислам және Жандос
Тақпақтар айтады:
Айтбай Гулжайнар
Альфавиттің А тұрады басында, Әрқашанда Ә тұрады қасында. Байқадың ба, Б тұрады үшінші, Ал осының сыры неде, түсінші? Оқас Аяжан А деген ол- аналар ғой ардақты, Ә деген ол- әкелер ғой салмақты. Б деген ол- балалар ғой әдемі, Біздің елде үшеуі де кәделі.
Мамырбаева Диана Әліппе даңғы жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған,
Рахмет ұстаз алғашқы.
Көрініс «Шалқан ертегісі»
Ата: Нурғалиев Ерасыл
Апа: Мухтарбекова Айжан
Қызы: Сағындық Кербез
Күшік: Сағындық Малика
Мысық: Қайыпбек Гүлім
Тышқан: Сакен Ахмет
ХОР: «Мектебім»
Әліппе: -Балалар! Сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. Санамақ. Қайыпбек Гүлім
Бір дегенің-білеу,
Екі дегенің-егеу,
Үш дегенің-үстеу,
Төрт дегенің-төсек,
Бес дегенің –бесік,
Алты дегенің-асық,
Жеті дегенің-желке,
Сегіз дегенің-серке,
Тоғыз дегенің –торқа,
Он дегенің-оймақ,
Он бір- қара жұмбақ.
Әліппе:
-Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қ арай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.
І-жүргізуші: Ілияс Ақеділ Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.