Просмотр содержимого документа
«Көрініс. «Қалмақ ханы Қоңтажыға сөз байласуға бару »»
Көрініс. «Қалмақ ханы Қоңтажыға сөз байласуға бару »
Хан ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп:
Иә қазақтар, неменеге келдіңдер,айтатындарың болса айтыңдар,-депті.
Қазақтан Тайкелтір би:
Өлеңді өзгеге бердік,
Өрлікті төменге бердің.
Алдияр, тақсыр,алдыңа келдік.
Берсең алдық,
Бермесең қалдық,
Сөзді өзіңе салдық!
Қоңтажы:
Олай болса кешке шейін бір жауап қайырармын, жауап қатпай қалатын күн болса, ат-тонның амандығында елдеріңді тапқандарың дұрыс болар
Қазыбек:
Ел ебелек емес, ер көбелек емес, дат тақсыр!
Қоңтажы:
Өй өзің жөніңді айтшы, атың кім?
Қазыбек:
Атым Қазыбек, халқым қазақ, руым қаракесек
Қоңтажы:
Дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датыңды айтшы!
Қазыбек:
Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт- береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм- тұзын ақтай білген елміз. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан, алысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!
«Желтоқсан жастары» көрінісі
«Ақтық сөзің не?» деген
Бүгін қайғы сұм сұрақ,
Айтайын оны халқыма.
Қорлай беріп қайтадан
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы
Бөтен қолда кетпесін!
Ендігі жерде басыңнан Бірлік пен бақ таймасын. Осы айтылған ақтық сөз Туың болсын әрдайым».