Просмотр содержимого документа
«конспект на тему "«Маманды?ты д?рыс та?дау-табысты ?мірді? кілті»»
Байқоңыр қаласы, №273 коммуналдық мекемесі
Раманкулова Гулмира Асылбекқызы,
бейінді-бағдарлы орынбасар.
Кеш тақырыбы: «Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті»
М а қ с а т ы :Мамандық таңдау сатысына жақын тұрған болашақ әртүрлі мамандық иесі,бүгінгі шәкірттердің бағдарын айқындау, бағыт-бағдар беру және казіргі таңдағы ең қажетті мамандықтар туралы ақпараттандыру,өздерімен пірілесу.Өз пікірлерін еркін айтуға, өзгенің пікірін сыйлай білуге, қоғамдағы әр тұлғаның қызметі мен мамандығына құрметпен қарауға,елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың нақыл сөздері,тақырыпқа сай әзірленген ақпараттық презентация, әртүрлі мамандық суреттері.
3.Пікірталас :Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде!
4.Сергіту ойыны «Бұл кімге лайық?»
«…Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да, қойып кет, белді шеш те, кешіп өт…»дегендей барлықтарыңыз да санаулы айлардан кейін сүрлеу жолдың бір-бір жолаушысы боламыз деп талаптанып отырсыздар.Ең алдымен ойға оралатын сұрақ «Кім болам?».Міне,осы сұрақ төңірегінде сіздермен ойбөлісіп,пікірлессек.
Әлемде 10 мыңнан аса мамандық бар. Ал оған арнаула мамандықтардан басқа да қосымша маман түрлерін қосып санағанда 50 мыңнан асады. Ол үшін мамандық әлемін оқып – үйрену керек.
Мамандық алудың мынандай 5 баспалдағын жоспарлау керек:
1. Арман-тілегің
2. Қажеттілігіне көз жеткізу
3. Жоспарлау
4. Әрекет ету
5. Игеру
Мамандық сенің денсаулығыңа, әртүрлі жағдайларыңа , біліміңнің сапасы мен кәсіби деңгейіңнің дайындығына байланысты екенін есіңнен шығарма. Сондықтан да мамандық таңдар алдында «Мен осы таңдауымды жүзеге асыра аламын ба, қабілетім жете ме ?» деген сұраққа жауап беру керек.
Мамандық таңдау маңызды.
Халық аузында өмірлік таңдау екі нәрсеге байланысты оның алғашқысы-жар таңдау, соңғысы-мамандық таңдау деп айтылуы тегін емес.Сондықтан мамандық таңдауда қателік жібермеуге тырысайық,жас достар!
Оқушыларға «Бір-бірімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайық!» тренинг барысында есіміне байланысты жақсы сөздерді тарту етті.Мәселен: Жансезімге «Жауқазындай жайна»,Азизаға «Атқан таңдай арайлы бол!» деген сияқты әдемі тілектерімен көңіл күй көтеріп, жағымды ауа райын қалыптастырды.
Интербелсенді тақтада көрсетілген тірек сөздерді ортаға салып,оқушылар өздерінің таңдауымен пікірлесті,ойларын дәлелдеді.
Көпшілігі*Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі. деген ойдың өз ойларымен сай келетіндігін байқатты.
Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде:
*Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады
*Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
*Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
*Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
*Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
*Ақша болса, мамандық қажет емес
*Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет
*Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
*Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды
*Мамандық таңдау – күн көріс қамы
Болашақта кім қандай мамандыққа сай келетіндігін байқау мақсатында түрлі геометриялық фигураларды оқушылар өз таңдауымен алып, өзінің қандай мамандыққа бейім екенін білді.
«Мен қандаймын?»
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администраторшығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
«Бұл кімге лайық?» ойынын ойнату барысында интербелсенді тақтадан әртүрлі мамандық иесі көрсетіліп,оқушылар өздерінің арасында оған лайықты адамның есімін атады.Мәселен: мұғалім,дәрігер,инженер,әншіт.б.
Бейтаныс біріне айтсам кісілердің, Мендегі қуанышты түсінер кім?! Мен кеше шәкірті едім ұстазымның, Ал бүгін ұстазымын кішілердің,- деп Ақжайықтың ақ шағаласы Ақұштап апамыз айтқандай, бүгінгі кеш барысында ,болашақ шәкірттер жүрегіне сүрлеу жол салғаныма қуандым. Арман қуған әр жүрекке шоқ салғандай болдым дегім келеді.Еліміздің ертеңі жастарымыздың адаспай жол табарына сөзсіз сенемін!