Просмотр содержимого документа
«Конспект внеклассного мероприятия по казахскому языку " ХХІ -?асыр к?шбасшысы" »
XXI ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын
«XXI ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,
шығармашылық ізденісін байқау.Оқушыларды қазақ тілінен
басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде
пайдалануға үйрету.
2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
3.Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі,интерактивті тақта.
Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.
Іс-шараның барысы.
Ойынға қатысушылармен танысу.
- Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біздің Ғылым күніне арналған тіл мерекесіне қош келдіңіздер! Соған орай біз қазақ тілі пәнінен 9 «А» оқушылардың арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» деген интеллектуалдық ойынды өткіземіз.
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1-ші қатысушы -
2-ші қатысушы -
3-ші қатысушы -
4-ші қатысушы -
5-ші қатысушы -
6-шы қатысушы -
7-ші қатысушы -
8-ші қатысушы
- Әділқазылар алқасымен таныстыру.
2. Кіріспе сөз.
- Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
- Бүгінгі интеллектуалды ойын бес асудан тұрады:
I асу – «Бәйге»
II асу – «Полиглот»
III асу – «Жұмбақ»
IV асу – «Көкпар»
V асу - «Жорға»
3. Ойынның барысы:
I асу – «Бәйге»
Әр ойыншының қолыңда 1-10 нөмірленген карточка. Қай
ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Әр жауап 10
ұпай.
Қазақ халқы 7 санын киелі деп санайды, сондықтан ең коп ұпай
жинаған 7 катысушы қалады.
Сұрақтар:
1.Қазақстан неше елмен шектеседі? ( 5)
2.Қазақстанда неше облыс бар? (15)
3.Қазақстандағы ең ірі көл? (Балқаш)
4.Қазақстандағы ең ұзын өзен?(Ертіс)
5.Қазақстанның қай қаланың жанында ядролық полигон орналасқан? (Семей)
6.Қазақстанның эмблемасындағы қай жануар Қызыл кітапқа енгізілген? (барыс)
7. Заттың атын білдіретін сөз табы?(затесім )
8.Басқа елдерде тұратын қазақтардың отанын атаңызшы? (Қазақстан)
9.Сан есім қандай сұраққа жауап береді? (Неше,Қанша,Нешінші)
10.Кім?,Не? Сураңына жауап беретін сөз табы? (Зат есім)
11.Мағыналары қарама-қарсысөздер?. (Антоним)
12.?Қазақ халқының бас ақыны? (Абай)
13.Дүние жүзінде қанша қазақтар тұрады? (14 млн)
14. Қазақ хандығы қашан пайда болған? (1465ж.)
15. Гүл – Наурыздың белгісі (қызғалдақ, сарғалдақ)
16. Сәулет құрылысы, биіктігі астанамыздың Алматыдан Астанаға көшкен жылына сай (Бәйтерек)
9. ... – ғылым – тілсіз мұғалім ( кітап – книга- a book)
10.... алды – қызық тіл (өнер – искусство-art)
- Қорытынды жасаймыз.
Ең коп ұпай жинаған 4 катысушы қалады.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
III асу – «Жеті жұмбақ»
- Жұмбақ шешу – ермегіміз жалықпас.
20.Математика.
Отбасында жеті ұл бала бар. Әрқайсысының қарындасы
Бар. Отбасында неше бала бар? (8 бала)
20. Қазақ тілі.
– на,-не қай септікте жазылады? (барыс септікте)
20.Ағылшын тілі.
«Ағылшын грамматикасының патшасы» деп қай етістікті атайды?
(To be)
30.Қазақстан тарихы.
1836-1838 жылдары Батыс Қазақстанда әділетсіз байларға қарсы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісі бесталады. Көтеріліс көсемінің бірі, оның бас ұраншысы, ақын кім?
(Махамбет Өтемісұлы)
30. География.
Бұл шыңның биіктігі 8848 метр.Оны Непалда Сагарматха деп атайды екен. Аспан әміршісі деген сөз.Ал Үндінің геодезия жүйесінде қызмет еткен ағылшын полковнигі әлемнің ең биік шыңы осы деп есептеп, байлам жасаған. Бір ғажабы, ол бұл шыңның басына шықпақ түгіл, етегінде де болмаған. Оның тапқыр да дәл есебін бағаланған.Сондықтан осы полковниктің атың қойған. Сол полковниктің және шыңның атын айтыңдар. (Эверест)
30.Арнайы сұрақ .Өнер.
1925 жыл. Париж. Дүниежүзілік көрмедегі қойылған этнографиялық концертте қазақтың халық әндрі «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» орындалды. Орындаушы екінші орын алды және күміс медальға ие болды. Ол кім? (Әміре Қашаубаев)
40. Биология.
Ол біздің ағзамыздағы микробтармен күреседі. Оларды қаптап алып, өлтіреді. Сен дем алатын оттегін бүкіл денеңе таратады. Пайдалынылған газды өкпеге жеткізеді, сосын сен оны деммен шығарасың. Егер сен жарақаттанып қалсаң, ол жараның бетің жабатын жабысқақ ерекше бір зат өндіреді. Ол не? (қан)
40. Арнайы сұрақ.
Жаңа сауылған жылы сүтті ұйытып, одан кейін суалғанша қайнатады. Қайнауы жеткен соң қызыл, сары түске айналады. Содан кейін оны дорбаға салып сүзеді, кептіреді. Кепкен соң май қосып жейді, жент жасайды. Бұл қандай ұлттық тағам? (Ірімшік)
Ең коп ұпай жинаған 3 катысушы қалады.
IV асу – «Көкпар»
Берілген «рақаттанушылық» сөзінен көп сөз жасау. Әр сөзге он ұпай беріледі
Ең коп ұпай жинаған 2 катысушы қалады.
Жанкүйерлерге сұрақ:
Бала туғанда жасайтын той. (шілдехана)
«Тәуелсіз Қазақстан» сөз тіркесі қалай аударылады?
Қазіргі өмір талабына қойылатын үш тіл (қазақ, орыс, ағылщын)
Қазақ халқында киелі саналатын құс? (аққу)
Наурыз мерекесінің басты асы (наурыз көже)
V асу- «Жорға».
Әр сайыскер бір минут арасында берілген сұрақтарға жауап берсе, әр жауапқа 10 ұпай жинайды.
1-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:
1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)
2. «Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)
3.Халқаралық тіл (ағылшын)
4.Экология апатқа ұшыраған теңіз (Арал)
5. Үш байлық деген не?(денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
6. Ұшақтың терезесі (иллюминатор)
7.Италияда Буратинаны қалай атайды? (Пиноккио)
8.Бала дәрігері (педиатор)
9.Астана қаласының символы (Бәйтерек)
10.Мұсылмандар діні (Ислам)
11.Жаздан кейін не келеді? (күз)
12. Күрестің бір түрі. «Өзін-өзі қарусыз қорғау» дегенді білдіреді. Ол күрестің қай түрі? (самбо)
13.Бір жылда 12 не бар? (ай)
14.Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді? (тоқшылық)
15. 61 жас неше мүшел (5)
2-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:
1.4-ші мүшел неше жас? (49)
2. Бетінде оюлары бар киізден жасалған үй жабдығы (сырмақ)
3. Солтүстік Қазақстанның бас қаласы (Петропавл, Қызылжар)
4.Қазақтың ішекті аспабы (домбыра)
5.Жер серігі (Ай)
6.Иттер туралы ғылым (кинология)
7.Қазақтың тұңғыш 1909 жылы дүниежүзілік чемпионы атағын алған палуан? (Кажымұқан Мұнайтпасов)
8.Христиандардың ең басты мерекесі қалай аталады? (пасха)