Ал?аш?ы с?зімізді аналарды? анасы ?желерге,асыл аналар?а,?ам?оршы ?пкелер мен ?арындастарымыз?а арнаймыз.
Ана! не деген мейірлі,не деген шапа?атты с?з еді!Адам ?шін е? аяулы, е? ?астерлі жан – ана.Бала д?ниеге келген к?нінен бастап, ?зіні? ж?мса? ала?аны, жылы ж?зі, ысты? ??ша?ы мен мейірімін , махаббатын бере білген
аналар ?шін елімізде бір к?нді мейрам етіп белгілеген.
Ол – 8 наурыз мерекесі.
наурыз ... адамдар да,тіпті таби?атты? ?зі де б?л к?ні бізді? тамаша
аналарымызды да???а б?леп т?р?андай!Б?л мерекені? жылды? бас?а мезгілінде болуы ?исын?а келмейтіндей.?йткені, к?ктем секілді ?йелдер де адамзат?а ?мір, жылылы? пен ?семдік сыйлайды емес пе?
Алғашқы сөзімізді аналардың анасы әжелерге,асыл аналарға,қамқоршы әпкелер мен қарындастарымызға арнаймыз.
Ана! не деген мейірлі,не деген шапағатты сөз еді!Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – ана.Бала дүниеге келген күнінен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін , махаббатын бере білген
аналар үшін елімізде бір күнді мейрам етіп белгілеген.
Ол – 8 наурыз мерекесі.
наурыз ... адамдар да,тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша
аналарымызды даңққа бөлеп тұрғандай!Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей.Өйткені, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
Халқымыз әрқашан қызды қадір тұтқан. «Қыз өссе – елдің көркі,гүл өссе – жердің көркі »-демекші, « Мектеп аруы - 2014»сайысына қатысып отырған қыздарымыз бүгінгі жарыстың ажарын келтіріп , беделін биіктетсін деп аруларымызды ортаға шақырайық.
Қол соғып, қошемет көрсетейік.1.
2.
3.
4.
(отырғызу)
Сайысымызды бастамас бұрын ,төрелік етуші қазылар алқасын тағайындап алайық:
Мектебіміздің кітапханашысы: Сатанова Гүлжадыра
Қуанышқызы
Бастауыш сынып мұғаліміАбишев:а Айман Жылқайдарқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнініңі мұғалім: Қуаншалиева Мейргүл
Жұмағазықызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:Мұратова Мейрамгүл
Абатқызы.Ортаға жайғасуларыңызды өтінеміз.
Той деп бүгін ,көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Мектептегі бүгін болар сайыстың,
Әнші шығып әнмен бетін ашады, - деп Қуанова Нұргүлдің орындауында
әсем әнмен бүгінгі сайысты ажарлы етейік.
Бақ сынап , кеште жарысар,
Білікті көппен табысар.
Әр қызымыз бір дастан,
Ерекше келіп танысар – деп,қыздарымызды өздерін таныстыруға шақырамыз.
Өзін - өзі таныстыру
(бағалау)
Жүргізуші: Сән үлгісі. Келесі кезекте аруларымыз сән үлгісін көрсетеді.Қазақ халқы ежелден қыздарын гүлге теңейді.Ендеше гүлдерімізді қарсы аламыз.
Түрлі гүл бейнесіндегі қыздар ортаға шығады.(Костюмды дайындау жолын,пайдаланған материалын түсіндіріп өту)