kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ол?нер халы? ?азынасы-?асырлар м?расы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?й ?осылып т?рады 12 о?ушы та?та?а кеп т?рады.

1 о?ушы: Мира-?нерді тауды? б?ла?ынан,

                              ?ойды? ??ла?ынан,

                              Апамны? киізінен,

                              Ешкіні? м?йізінен ?йрендім.

2 о?ушы:  Алина-  ?ткенді еске алып ой?а толам,

                                С?рыптап тезге салып, к?п ойланам.

                                Ой т?біне жете алмай титы?тасам,

                                ?олыма ?айшы алып, ою оям

3 о?ушы: Н?рым-Бір айтпадым, к?п айттым, керек ?нер. Б?л айт?ан?а халы? та, к?п те к?нер.

4 о?ушы: Дана-?нер адамды ас?а? сезімге б?леуге, адамны? жан д?ниесін н?рландырып, байыта т?суге, ал ?мірді? ?зін кемелдендіріп, игілікті етуге тиіс.

5 о?ушы: Мерей-?нерліні? тірлігі о?ынан келер, ?йткені оны? ?олынан келер.

6 о?ушы: Елана-?нер  дегеніміз-адамны? бойында?ы ?абілетті? е? биік к?рінісі.

7 о?ушы: Шы??ыс-?нер шын м?нінде адамгершілікті д?ріптесе ?ана, ??рмет пен с?йіспеншілікке б?ленеді.

8 о?ушы: Эльмира-?нер, ?ылым ?йренсе, е?бек етіп. Маза? болмай, елдікке жетер ?олы?.

9 о?ушы:  Милана-?нерлі с?рінбейді, Басы жерге иілмейді.

10 о?ушы:  Даяна-Егер сен ?нерден л?ззат ал?ы? келсе, ?нер ж?нінде білімдар адам болуы? керек.

11 о?ушы: Гульфия-А?ыл к?пке жеткізер, ?нер к?кке жеткізер.

12 о?ушы: Бекбай-Таусылар алтыны? да ?оры?да?ы, ?нері?-бітпес д?улет ?олы?да?ы.

1 ж?ргізуші Алина:  ?ол?нер-халы? ?азынасы, ?асырлар м?расы. Халы? ?олынан шы??ан заттар ел т?рмысына с?н беріп, адамдар?а рухани л?ззат ?келген. Шо?ан У?лиханов: «?нерді? міндеті-халы? ?мірін шынды? т?р?ысынан к?рсету» деп білді. Ендеше сіздерді ?лтты? ?ол?нер туындыларымен таныстыра отырып, халы? ?міріні? шынды?ын тану?а ша?ырамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ол?нер халы? ?азынасы-?асырлар м?расы"»

Күй қосылып тұрады 12 оқушы тақтаға кеп тұрады.

1 оқушы: Мира-Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен үйрендім.

2 оқушы: Алина- Өткенді еске алып ойға толам,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам.

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям

3 оқушы: Нұрым-Бір айтпадым, көп айттым, керек өнер. Бұл айтқанға халық та, көп те көнер.

4 оқушы: Дана-Өнер адамды асқақ сезімге бөлеуге, адамның жан дүниесін нұрландырып, байыта түсуге, ал өмірдің өзін кемелдендіріп, игілікті етуге тиіс.

5 оқушы: Мерей-Өнерлінің тірлігі оңынан келер, Өйткені оның қолынан келер.

6 оқушы: Елана-Өнер дегеніміз-адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі.

7 оқушы: Шыңғыс-Өнер шын мәнінде адамгершілікті дәріптесе ғана, құрмет пен сүйіспеншілікке бөленеді.

8 оқушы: Эльмира-Өнер, ғылым үйренсе, еңбек етіп. Мазақ болмай, елдікке жетер қолың.

9 оқушы: Милана-Өнерлі сүрінбейді, Басы жерге иілмейді.

10 оқушы: Даяна-Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, өнер жөнінде білімдар адам болуың керек.

11 оқушы: Гульфия-Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер.

12 оқушы: Бекбай-Таусылар алтының да қорыңдағы, өнерің-бітпес дәулет қолыңдағы.

1 жүргізуші Алина: Қолөнер-халық қазынасы, ғасырлар мұрасы. Халық қолынан шыққан заттар ел тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген. Шоқан Уәлиханов: «Өнердің міндеті-халық өмірін шындық тұрғысынан көрсету» деп білді. Ендеше сіздерді ұлттық қолөнер туындыларымен таныстыра отырып, халық өмірінің шындығын тануға шақырамыз.

2 жүргізуші Әділ: Сұлулықты бойына жиып тұрған,

Өнер деген құдірет тұнып тұрған.

Қош келдіңдер қолөнер әлеміне,

Әсемдікті үйретіп сыр ұқтырған!


2 жүргізуші Әділ: 1 қолөнер залы. «Жүннен жасалатын заттар»

1 жүргізуші Алина: Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен рөл атқарған және оны ұқсатуды ел бұрыннан білген. Мал жүнінен ең асылы бұйымдар жасауға: түйе, қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, жылқының жал құйрығы пайдаланылған.

2 жүргізуші Әділ: Түйе жүнінен: шекпен, қап, белбеу, кілем, қоржын тоқиды. Көрпеге салады, шапанға салады, ол әрі жеңіл, әрі жылы болады. Түйенің шудасынан. Жамау-жасқаулық жүн иіріледі, «Шертер» аспабына шек есебінде тағылған.

1 жүргізуші Алина: Қой жүнінен: күпі, бөстек, көпшік, жеңіл байпақ тігеді. Қозы жүнінен, күзем жүннен қалпақ, кебенек, киіз етік, пима жасалады, текемет, киіз басылады.

Би «КИІЗ БАСУ». Орындайтындар. Тоқтарова Алина, Жакиянова Гульфия, Рамазанова Эльмира, Қарлықбаева Елана.

2 жүргізуші Әділ: Атамыз қазақ: «Ешкі сойғанның екі малы бар: мүйізі пұшпағына сап, терісі-бұтына қап» деп ешкі жүнінен, түбітінен: шәлі, шұлық, қолғап, жылы киімдер тоқиды. Қазақ ұғымында ешкі түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес деп саналған. Ешкі қылшығынан арқан-жіп есіледі.

1 жүргізуші Алина: Жылқының жал құйрығын «қыл» дейді. Ол арқан жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге жұмсалады, терімен қаптап көпшік, қобызға тағуға пайдаланылған.

2 жүргізуші Әділ: Құстың жүндерінен: жастық, құс төсек жасаған, қауырсындарын жебелерінің желбезегіне желімдеген. Тымақтың маңдайына, найзаның ұшына, салт атты адамның атына тағылған құс қауырсыны «өте асығыс» деген белгіні білдірген. Үкінің жүні әсемдіктің белгісі болған. Ел атқамінерлері үкі тағып жүрген, ұзатылар қызға, алғаш отау құрғанда шымылдыққа үкі қадаған. Жүнделетін бір үкі, бір аттың құнымен бағаланған. «Үкілі қыз сүйкімді» деген сөз осыдан қалса керек.

Оқушы Нұрым: Киіз үй көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы болған. Ол тез жығып, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалады. Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды оған. Кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ жатады. Киіз үйді тіккенде үй сүйегі бір-бірімен бау-басқұрлар арқылы таңылады. Оның сыртынан ши тұтылып, киіз әбзелдер: туырлық, үзік, түндік, киіз есік жабылады. Киіз үйге лайықталған ішкі жиһаздар: әбдіра, жүкаяқ, тұс киіз, кілем, төсеніштер,: алаша, сырмақ, текемет, бір салар және тұтыну заттары: аяққап, қоржын, қолдорба т.б болады. Киіз үй атақты үйшілер мен білгір үй жабушылар, шебер өрмекшілер мен тамаша тоқымашылардың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Қазақ үйінің әрбір бұйымына шебердің маңдай тері, көз майы қол еңбегі сіңген. «Өнерлінің қолы алтын» деген сөз осыдан қалса керек.

Оқушы Мира: «Тұс киіз» Т.Молдағалиев.

Аңқаулықты, аяулым, қара біздің,

Ұшқыр екен қиялы анамыздың.

Қалай ғана көшірген тұс киізге,

Өзендерін, көлдерін, даламыздың.

Даласына ғашық боп басында өзі,

Бәрін көріп ананың асыл көзі,

Тұс киізге жайнатып түсіріпті-ау,

Туған жердің жайнатып жасыл кезін.

Тұс киізге күн шуақ төкті күліп,

Баратқандай бейне бір от жүгіріп,

Балам туған даласын ұмытпасын,

Деп тұсыма анашым кетті ме іліп?!


1 жүргізуші Алина: 2 қолөнер залы. «Зергерлік өнер»

2 жүргізуші Әділ: Зергерлік сәндік тұрғысында қалыптасып, дамыған қолөнердің бір түрі. Қазақ зергерлері алтын, күміс, сүйекті пайдаланып, әшекейлі жиһаз, қыз-келіншектердің сәндік бұйымдарын, қару-жарақ, сауыт-саймандар, ер тұрманды және үй іші мүліктерін, аңшылық жабдықтарды, музыка аспаптарын зерлеген.

Қазақ қыздарын ажарландыра түсу үшін әшекей бұйымдар: білезік, жүзік, сырға, сақина, алқа, түйреуіш, қаптырма, мақпал, дүрия белбеу, шашбау, шолпы сынды бұйымдар зергердің қолынан шыққан.

1 жүргізуші Алина: Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында құдағи жүзік деп аталатын өте көлемді және аса сәнді жүзік жасалады. Мұның бауырында екі саусаққа бірдей кигізетіндей қосарланған сақинасы бар. Ал, жүзік оң қолдың ортаңғы екі саусағына кигізгенде төрт саусақ сыртын түгел жауып тұрады. Құдағи жүзікті адамды көргенде ақ ниетті, мейірімді, әділ адам екен деп ізет көрсетіп төрге отырғызады.




Оқушы Шыңғыс: (ортаға шолпы таққан 2 қыз шығады АлинаЗ, Мерей)

Сылдыр, сылдыр, сылдыр,

Қанымды қайнатты құрғыр,

Шық-шық жүрекке тиеді,

Күлпара талқан боп сыңғыр.

Сылдыр, сылдыр, сылдыр,

Өзекті өртеді құрғыр,

Әдейі іргеден жүреді,

Сұлу қыз санадан солғыр!

Сылдыр, сылдыр, сылдыр,

Жүректі жандырды құрғыр,

Кеудені кернеді жалын,

Сәулем, періштем тез, кір.

Сылдыр, сылдыр, сылдыр,

Есімнен аудырды құрғыр,

Лебізіңнен еріп барамын,

Жаным-ай жақында, қол бер!

Сылдыр, сылдыр, сылдыр,

Талдым, қалды сүлдер,

Сыбырға айналды сылдыр,

Сылдыр, сылдыр, сылдыр-деп ақын Мағжан Жұмабаев «Шолпы» өлеңінде жырлағандай қазақ қыздары шолпы таққан. Шолпыны ызған немесе кестелі бауға тағып, шашпен бірге өріп қойған.


Ән «Шашбаулым». Орындайтын: Мұқаш Әділ.



1 жүргізуші Алина: 3 қолөнер залы. «Қазақтың ұлттық киімдері»

2 жүргізуші Әділ: Қазақтың мәрттігін танытатын-ол ұлттық киімдер. Ол көбінесе ,көшіп-қонуға, жергілікті ерекшеліктерге сай тігілген. Ұлттық киімдер 3 ке бөлінеді. 1) бір киер киім. 2)күнделікті киетін киім. 3)жұмыс киімі.

Бір киер киім жиындарға, той-думанға барғанда киетін сәнді киімдер. Онда өрнек көптеп қолданылған. Олар-ашық түсті көйлек, камзол, шапан, аң терісінен тігілген ішік, үкілі тақия, сәукеле, бөрік сияқты әсем де көрікті киімдер. Зер салып қараған адамға қазақтың ұлттық киімдерінде сәнді сезімталдық пен сыпайлылық қасиеттер қатар дамып, отырған. Ондағы өрнектер адамның бет-әлпетін, дене бітімін, түр-түсін сымбаттай түседі.

«Үкілі кәмшат» қыздар киім үлгісін көрсету. (мода)



2 жүргізуші Әділ: 4 қолөнер залы. «Ою-өрнек»

1 жүргізуші Алина: Қазақтың өрнекті әшекейімен жасалатын қолөнерінің түрлері көп. Солардың ішінде халық арасында кең тарағаны ою-өрнек. Ою-өрнек ісі қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп, әшекейлеудің негізі болып келеді.

2 жүргізуші Әділ: Ою деген сөз бен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау не екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады.

1 жүргізуші Алина: Қазақ көбінесе бір өрнекке салып, қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, барлық қошқар мүйіз өрнектерін ою дейді. Ал өрнек-әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы. Ою-өрнек ісі әсіресі сырмақ, текемет, тұскиіз, сандыққап, киіз есіктің маңдайшасы, түйенің жабуы, керегеқап, сияқты киізден ойылып алынатын заттарға, ұлттық киімдерге салынған.

2 жүргізуші Әділ: Ою-өрнектер мағынасына қарай жіктеледі (ортаға оқушылар алып шығып отырады,көрсетеді)

Алина: 1. Жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі өрнектер: «Гүл», «Жапырақ», «Жауқазын», «Ағаш», «Терісбұтақ» т.б.

Әділ: 2. Үй жабдықтары, тұтыну заттарына байланысты өрнектер. «Тарақ», «Балта», « Жарты сірге» т.б.

Алина: 3. Құстарға байланысты өрнектер: «Қазмойын», «Туырлықаз», «Құсқанат», «Қанатты ою», «Құстаңдай» т.б.

Әділ: 4. Аңға, аңның денесі, ізіне байланысты өрнектер: «Сынық мүйіз», «Өркеш», «Тышқан із» т.б

Алина: 5. Көк әлеміне байланысты өрнектер: «Күн», «Айшық», «Құсжолы», «Аймүйіз» т.б

Әділ: 6. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер: «Қос өркеш», «Қошқар мүйіз», «Өркеш» т.б

Алина: 7. Геометрилық фигура тектес өрнектер: «Көпбұрыш», «Шынжыра», «Шиыршық», «Бес дөңгелек» т.б

1 жүргізуші Алина: Қазақ халқының ерте кезден келе жатқан салты, бөтен жерге, елге, алыс ауылға қоныс аударған адамдар белгілі бір уақыттан кейін өзінің туған жеріне сәлемдеме жіберу дәстүрі бар. Сәлемдемеде адамдар өзінің тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. Осы салт бойынша алақандай жарғақ, оның бетіне бойы сорайған ұзын және өте жіңішке, әрі арық адам бейнесі кестеленіп салынған және оның жанында дөп-дөңгелек адам тұрпаты бейнеленсе, бұл сәлемдемеде адамның «отырса опақ, тұрса сопақ» болған мүшкіл халін түсінген. Ал басқа ретте «құстың» бейнесі салынған сәлемдеме келсе, адамның құстай ерікті, басы бостандықта, жағдайы жақсы екендігін ұғатын болған. Сол себепті сәлемдемеге құстұмсық жүзік немесе құстұмсық ою өрнекті тұскиіз, басқұр сияқты зат келсе, ауыл аймағы қуанып, той жасап, атап өтуді әдет еткен. Демек, ою-өрнекті тудырушы көшпелі өмір салты мен сол көшпенділердің дүние танымы.

2 жүргізуші Әділ: 5 қолөнер залы. «Мал терілері мен аң терілерін өңдеу және «Ат әбзелдері»

Оқушы Бекбай: Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі малмен байланысты болғандықтан мал терілерін ұқсата білген.

  • Қой, ешкі терілері. Қой терілерінен. Жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқа тері деп он түрге бөлінеді.

  • Мына тұрған тон. Ол қырықпа теріден жасалған, қырықпа тері-жабағы жүн мен күзем жүндері қырқылғаннан кейін сойылған малдың сұйық жүнді терісі.



Оқушы Милана: Жүнді терілерден: мес, дорба, шарқай сынды заттар тігілсе, ал құрымға салынып ысқа ұсталған: саба, торсық жасалады. Иленген теріден: таспа, қайыс, қапшық, жүген, етік, мәсі, ертұрман, тақия, белдік, шалбар, тіпті тұс киіз сияқты көлемді заттар да жасалады.

Мал терілерінің илеуі қанып, бояу сіңген былғары су тартып езілмейді. Одан жасалған мүлік шегені берік ұстайды, тігісі ыдырамайды, өзі тұтынуға төзімді әрі әдемі.



Оқушы Дана: Былғарыдан: саптама, шоңқайма, мықшима сынды етіктер, мәсі, кебіс және ұлтарақ, қамшы, тұсамыс, тізгін сынды заттар тігілген.

  • Аң терілерінен: қасқыр ішік, түлкі ішік, сусар бөрік, құндыз бөрік, қоян ішік, түлкі тымақ сынды киімдер тігілген.





Оқушы Шыңғыс: (ат әбзелдерін ұстап тұрып таныстыру) «Ер қанаты-ат» деп білген халық атты-қанат, келістіріп мінуді өнер санаған. Қазақ оның ер-тұрман, жүген-құйысқанын сәндеп, абзалдауды салт еткен. Ат-тұрман әбзелдері ертоқым, онда үзеңгі, өмілдірік, құйысқан, қамшыны айтуға болады.

Би «Қаражорға»



2 Жүргізуші Әділ: 6 қолөнер залы. «Тоқыма өнері» және «Кесте өнері және көркемдеп тігу»

Оқушы Даяна: Қолмен тоқу өнері-ол арнайы орынды, жабдықты қажет етпейтін әрі қарапайым, әрі тиімді өнер. Қолмен:

  • Шәлі, шарф, қолғап, байпақ

  • Шілтер, төсек жапқыш

  • Шиден, қамыстан, шіліктен тоқылған заттар

  • Кендір жіптерден, өсімдік сабақтарынан сөмкелер

  • Шыбықтан, қамыстан шарбақтар, орындықтар, ықтырмалар тоқылған.



1 жүргізуші Алина: кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің түрі. Қазақ халқының дәстүрінде киім-кешек пен төсек орын жабдықтары, қалыңдық пен күйеудің, батырлар мен сауыққойлардың бас киімі, белбеуі, киімінің жең-жағалары, балақтары және үй-іші мүліктері де кесте өрнегімен безендірілген.

Оқушы Мерей: Кестенің: біз кесте, шым кесте, әредік кесте, айқыш-ұйқыш тігу сынды түрлері бар. Халық «Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды» деп қорытқан.

Ақын Абай: Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас,

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар баһра ала алмас,-деп қолөнерінің кейбір детальдарын тіл өнерінің қасиетіне теңестіре айтады.


2 жүргізуші Әділ. 7 қолөнер залы. «Сүйек пен мүйізді ұқсату өнері»


Оқушы Шеберлік өнер шығармаларының тағы бір тобы –сүйектен, мүйізден жасалатын бұйымдар. Сүйекті жону, өрнектеу, шегелеу, сүйекке күміс қақтау сияқты жұмыстар өте нәзік болумен қатар аса шеберлікті талап етеді. Сүйектен: шүмек, алқа, бесік, бәкі сап, ине, қамшы сап, табақ сынды заттар жасаған. Әсіресе семіз малдың сүйегі пайдаланылған себебі, ол шытынамайтын май сіңген, майысқақ келеді. Олар кесуге де тесуге де ыңғайлы болған.


Оқушы Ал мүйізден: пышаққа сап, асадал, қасық, білезік, ожау, ер, ыдыс-аяқ сынды заттар жасалған. Мүйіз өңдеу-мүйіз өрнек ата-бабаларымыздың ерлік еңбектері мен ежелгі ел салтының шежіресі іспеттес. Аққудың мойынындай иілген сары мүйіз ожаумен немесе ыс сіңіп, сарғыш тартқан мүйіз ожаумен үйеңкі тегенеден қымыз сапырғанда, оны ерекше дәмдендіріп тұрғандай сезінесің. Мұндайда «мүйіз ожау күнге қызбайды, сондықтан ол сар қымызға салқын леп береді арқар мүйізіне өңез жабыспайды, шыбын қонақтамайды» деп айтатын қарттар сөзі еске түседі.



1 жүргізуші Алина. 8 қолөнер залы «Ағаш бұйымдары»

2 жүргізуші Әділ. Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасаған.балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, қақпа тіреу секілді заттарды істейді. Ағаш ұстасы: сандық, кебеже, ыдыс-аяқтар: тостаған, астау, табақ келі-келсап, саба, тоқпақ жасайды.

Ағаш оюшылар-оны жонып күйдіреді, бояулап, өрнектейді.

Ағаш бұйымдарының ең көрнекті үлгісі киіз үй болып табылады. Сондай-ақ халық музыка аспаптары: қобыз, сазсырнай, сыбызғы, жетіген, домбыра да ағаштан жасалып, халықтың жан күйін, сезімін түсінуге әкелетін негізгі күшке айналған. Домбыра жайлы толық мәліметті сынып жетекшімізден сұрағымыз келеді. (ортаға шығып домбыраның құрылысымен таныстырамын)

Ұлттық аспабымыз домбыра жайлы айтып кетпесек, қазақтығымызға сын болар. Домбыра-қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Домбыра негізгі 4 бөліктен тұрады. 1) басы. 2)мойыны. 3)шанақ.4) ішек. Қасиетті қара домбыраның күмбірлеген үнін есту баршамыздың жүрегімізге ерекше жол салары анық. Ендеше сіздерге Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» атты күйінен үзінді орындап берейін.

(күй ойналады Кыдырмолда Е.А.)


1 жүргізуші Алина: 9 қолөнер залы «Тас өңдеу өнері»

2 жүргізуші Әділ: Тасқа паналау, тас қалау, тасты құрал-жпбдық ретінде пайдалану және өрнектеу, тастан мүсін жасау өнері ертеде пайда болған. Тас өңдеу жартастарда салынғантсуреттерде, балбал тастарда, құлпытастарда, мазарларда кең етек алған. Қазақ халқы тасты үй, қора, мешіт, зират, мұнара салуға, құдық шегендеуге пайдаланған. Қазақ халқының сәулет өнерінің тастан жасалған ескерткіштері: Айша Бибі мазары (11-12 ғ), Алашахан мазары (13 ғ) және Қожа Ахмет Яссауи мазары (14 ғ).

1 жүргізуші Алина: Халқымыздың мұндай шеберлік мұрасын қазірде кәсіби суретшілеріміз шебер игеріп, дамытып келеді. Бұл тұрғыда Х.Наурызбаев жасаған: Абай, Шоқан, Жамбыл мүсіндерін ерекше мақтаныш сезімімен айтамыз.


2 жүргізуші Әділ: 10 қолөнер залы «Аталар мұрасы» деп аталады.

1 жүргізуші Алина: «Ел іші-өнер кеніші» демекші халық арасынан шығып, өз өнерлерімен танымал болған тұлғалар қаншама.

2 жүргізуші Әділ: Иә, дұрыс айтасың, бізідің сынып ішінде де өнерімен елге танымал болған ата-әжелер өнері де баршылық. Осындай ата-әжелеріміздің өнері біздердің жанымызда, қанымызда. Ол біздерді өнерге бағыттайтын ұлы рух деп те айтуымызға болады.







1 жүргізуші Алина: Танымдық көрмені аралап халық қолөнер туындыларымен таныстыңыздар. «Адамды өнер танытады» демекші осы көріп тамашалаған заттарыңыздың көбін өзіміздің сыныбымыздың оқушылары жасаған. Қолөнер туындыларын өмірге әкелумен қатар, ұлттық болмысты тануға ықпал етіп, рухани байлығымызды жасаушы жасампаз шеберлерімізді, оқу озаттарымыз бен спортшыларымызды ортаға шақырайық.


Атамекен.

Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем.

Маңдайымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем.

қ/сы.

Қайда жүрсем атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі қимай оны,

Ұясына батады екен.


Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем.

Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін,

Қазағымның махаббаты деп білем.

Қ/сы.

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Асқар тауың аспаныммен астасқан,

Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қ/сы:


Сынып жетекші: Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет! Оқушыларға айтар тілек, лебіздеріңіз болса айтуларыңызға болады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"?ол?нер халы? ?азынасы-?асырлар м?расы"

Автор: Кыдырмолда Еркежан Ай?ын?ызы

Дата: 27.03.2016

Номер свидетельства: 310788


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства