kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"К?ктем-ана, ?ыздар-г?л"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? хал?ыны? ?лтты? ?нерін, салт-д?ст?рін д?ріптеуге ?йрету;

Студент ?ыздарымызды? танымды? ж?не шы?армашылы? ?абілетін, эстетикалы? тал?амын, шеберлігін дамыту;

К?пшілік алдында ?зін-?зі ?стай білуге, ?дептілікке, мейірімділікке, с?лулы??а т?рбиелеу. 

А?ын боп ?ділдікті жа?тап ?тем,

Ананы? а? ?мітін а?тап ?тем.

?деп пен инабатты са?тап ?скен

?аза?ты? аруларын ма?тан етем.

А?ын мен ?нші деген-ел еркесі,

?аза?ты? тар?амасын берекесі.

8-наурыз к?ні ??тты болсын,-

Аналар мен арулар мерекесі! 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"К?ктем-ана, ?ыздар-г?л"»

«Көктем – ана, қыздар гүл»

«Анашым-сағынышым»


Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету;

Студент қыздарымыздың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;

Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Мерекелік газеттер, шарлар, плакаттар.


Барысы.

1-жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды халық айтса, халық сөзі әрқашанда нанымды.

Сол өнердің жолын қуған

Жігіттердің атынан,

Қабылдаңыз шын жүректен

Мерекелік құттықтау.


2-жүргізуші: Ақын боп әділдікті жақтап өтем,

Ананың ақ үмітін ақтап өтем.

Әдеп пен инабатты сақтап өскен

Қазақтың аруларын мақтан етем.

Ақын мен әнші деген-ел еркесі,

Қазақтың тарқамасын берекесі.

8-наурыз күні құтты болсын,-

Аналар мен арулар мерекесі!


1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы аналар, тәрбиешілер, көрікті әпке-қарындастар, айбынды аға-бауырлар! Бүгін сіздер жатақханамыздың жақсы салт-дәстүріне айналған, асыға күткен «Көктем-ару, қыздар гүл» атты байқауымызбен «Ананшым-сағынышым» атты жас ақындар кешін тамашалауға келіп отырсыздар! Қош келдіңіздер! Емен жарқын болайық. Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу-маржан шашылсын.



2-жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар. Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесімен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз.

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке ырыс, әйел бақытын тілейміз.

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

«Көктем-ана, қыздар гүл» атты сайысымызды

Рұқсат болса бастайық.


1-жүргізуші: Ал, енді бұл мейрамның шығу тарихына тоқталайық. 1910 жылғы 27-тамызда Данияның Копенгаген қаласында өткен әлемдік «Екінші Халықаралық Социал Әйелдер Конференциясында» немістің «социал әйелі» Клара Цеткин әйелдердің құқын қорғау күнін белгілеуді ұсынды. Сол жолғы жиынның шешімімен 19-наурыз Әйелдердің құқын қорғау күні деп жарияланды. Алғашқы әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда және Швейцарияда 1911 жылы 19-наурыз күні шерулер ұйымдастыру арқылы аталып өтті. Келесі жылы 12-мамырға ауыстырылды. Ал 1913 жылы Германиялық әйелдер 12-наурыз күні шеруге шықты. Дәл осы жылдың 2-наурызында Ресей мен Францияда, 9-наурыз күні Австрияда, Чехияда, Венгрияда, Швейцарияда және Голландияда әйелдердің шерулері ұйымдастырылды.


2-жүргізуші: 1921 жылы КСРО-да Коммунистік әйелдердің екінші конференциясының шешімімен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні деп жарияланды. Бұл күннің таңдалу себебі, 1917 жылы 8-наурызда Петербург қаласында Ақпан төңкерілісіне қосқан үлестері үшін сол кездегі әйелдердің ерлігі болатын.

1966 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығына сәйкес 1965 жылғы 8-наурыздан бастап Халықаралық әйелдер күні Халықаралық әйелдер мерекесі және демалыс күн болып сайланды.


1-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған, халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

(Арулар кезекпен ортаға шығады)


Сайысты бастамас бұрын Қуандықов Абылайдың «Қазақ қыздары» атты өз жанынан шығарған өлеңін тыңдайық.



Қазақ қыздары


Беу қыздар аруларым қандайсыңдар

Жымиып бет бұрылып қарайсыңдар

Жігіттің арманысың сен сұлуым

Қылығың балдай тәтті арбайсыңдар.

Бұрымды-ай көрікті аққуларым

Ұнайды көл бетінде шайқуларың.

Нәзіксің сезімтал боп келесіңдер

Тағы бар жігіттерге балқуларың

Қазақтың қыздарына таң қарадым

Көрікті сымбатыңа таңданамын

Ибалы,иманына көзім түсіп

Мың қыздың ішінен бұл таңдағаным

Қазақ кызын хор қызына балаймын

Иманына мейіріммен қараймын

Әлемдегі салихалы арулар

Мен сіздерді ардақты деп санаймын.

Қуандықов Абылай 2б Іс жүргізу топ студенті.



2-жүргізуші: Аңқылдаған ақ көңілмен

Арман толы пәк сеніммен

«Қызғалдақтар» келді міні

Қарсы алыңыз қошеметпен


1-жүргізуші: Уа халайық жараңдар

Бәріңде бері қараңдар

Дидары атқан ақ таңдай

«Раушан» атты топтары

Жаратқан өзі тапқандай



2-жүргізуші: Қара шашты қос бұрымы төгілген

Қыпша белі тал шыбықтай иілген

Қошеметтеп қарсы алыңыз «Кактусты»

Өнерімен көрерменді таңғалдырған.


1-жүргізуші: Келесісі кім деп жұртым қарайды

Арманына миіріммен қарайды

Мына халқым «Түймедақты» көргенде

Қуаныш пен шаттық күлкі тарайды


1-2жүргізушілер: (бірге) Ал, халайық, аруларға тамсанайық,

Қыз қылықты дегенде ән салайық.

Атына заты сай аруларға,

Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.


2-жүргізуші: Уа, арулар, арулар!

Ешкімің жоқ алалар.

Ару болу үлкен сын,

Оны қазың бағалар. – деп әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Кусанова Рита Жасұланқызы – жатақхана медбикесі.

  2. Байтақова Нұргүл Данабайқызы-жатақхана тәрбиешісі.

  3. Нугманова Ақбота Тлегенқызы – жатақхана тәрбиешісі.

1-жүргізуші: Ақ тілеуі ата-ананың аялаған,

Баласын шапағаты саялаған.

Ежелден қыз өсірген, қайран қазақ,

Ақ батасын арудан аямаған.


2-жүргізуші: Сайысымызды Зейнешов Жалғастың «Қызыл гүлім-ай» атты әнімен бастайық

1-жүргізуші: 1бөлім: «Кел танысайық»

Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен танысуға.

(Әр топ өз командасын, эмблемасын таныстырады, ұранын айтады)


2-жүргізуші: Қыздарымыз келесі бөлімге дайындалғанша Қожанова Фариданың «Анаға сыр» атты жүрек жарды өлең шумағын тыңдайық:


«Анаға сыр»


Бір тамшы жас ақпасын деп көзіңнен,

Серт аламын сан ойласам өзімнен

Самайыңнан ақ шашыңды көргенде,

Мұңды күй бар жүрегімде сезілген.

«Құлыным» деп сипайсың-ау басымнан,

Мен дегенде аттай салып асыңнан.

«Ана» деген есімің де құдырет,

Бар әлемге шуақ болып шашылған.

Тоғыз ай күтіп, аштырдың әлем есігін,

Алақаныңда тербелді,ана,бесігім.

Ең алғашқы былдырлап айтқан бал сөзім

«Мама» деген анашым сенің есімің.

Алыстасаң сағыныш сезім маздаған,

Керек болып тұрады жылы сөзің аздаған.

Түн ұйқымды төрт бөліп маза бермейді,

Жүректе жатқан жырларым сізге жазбаған.

Сізге деген махаббатым тереңде,

Сыймайды ол қағазға жазған өлеңге.

Алладан соң өзіңсің,ана,сенерім,

Өзіңсің,ана,тіршілік сыйлар әлемге.

Қуанам,ана,жүзіңе қарап қуанам,

Өзіңдей бар деп жүрегімде жылы адам,

Табылмайды өзіңнен артық бір адам,

Мен үшін күліп,мен үшін шын жылаған!!!



1-жүргізуші: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқымның сақтай білген игі салтын,

- дегендей қыздарымыз қазақтың өнері, салт-дәстүрін қалай білетіндігін сұрақ-жауап арқылы байқап көрелік. Келесі бөлім «Зерделінің ойы озық» деп аталады, яғни қыздарымыздың шапшаңдықтарын тексерелік.

(Әр командаға 1 минут ішінде 10 сұрақтан беріледі)


1-ші команданың сұрақтары.

1.Қозы көрпештің серігі? (Баян сұлу)

2.Ананың анасы сізге кім болады? (нағашы әже)

3.Еттен жасалған тағам? (бесбармақ, қуырдақ)

4.Қазастанның Президенті кім? (Н.Ә Назарбаев)

5.Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б. Төлегенова)

6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)

7.Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз)

8.Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)

9.Қошақанның анасы? (қой)

10.Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.


2-ші команданың сұрақтары.

1.Төлегеннің серігі? (жібек)

2.Ананың сіңлісі сізге кім болады? (нағашы апа)

3.Сүттен жасалатын тағам? (көже, айран, ірімшік, қаймақ, май)

4.Аллада не жоқ? (бауыр)

5.Қазақстанның әйгілі ақыны, әрі жерлес анамыз? (А. Бақтыгереева)

6.Әйгілі күйші-анамыз? (Дина Нұрпейісова)

7.Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (дәрігер)

8.Әнші Мадина ... (Ералиева)

9.Тай, құлынның анасы? (бие)

10.Ана туралы бір мақал айтыңыз.


3-ші команданың сұрақтары.

1.Еңліктің серігі? (Кебек)

2.Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)

3.Қамырдан жасалатын тағам? (бауырсақ, нан)

4. «Ана тілі-арың бұл» кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)

5.Қазақстандық әйгілі биші анамыз? (Ш. Жиенқұлова)

6.Абай Құнанбаевтың әжесі? (Зере)

7.Ас пісіруші маман адам? (аспаз)

8.Әнші Нағима ... (Есқалиева)

9.Ботаның анасы? (түйе)

10.Бала туралы бір мақал айтыңыз?


4-ші команданың сұрақтары.

1.Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)

2.Апа сіңлінің балалары (бөле)

3.Қазақ әйелдерінің сәндік бұйымдары? (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу)

4.Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар)

5.Аққуда не жоқ? (сүт)

6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)

7. «Мен қазақпын» поэмасының авторы? (Ж. Молдағалиев)

8.Әнші Тамара ... (Асар)

9.Ешкінің төлі? (лақ)

10.Қыз туралы бір мақал айтыңыз.


5-ші команданың сұрақтары.

1.Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)

2.Киелі құс (аққу)

3.Тігінші құралы (ине)

4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)

5.Қазақтың діни мейрамы (құрбан айт, ораза айт)

6.Тіршілік иелерінің моторы (жүрек)

7.Көздің суы (жас)

8.Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)

9.Қобландының жары (Құртқа)

10.Ең зор байлық (денсаулық)


6-ші команданың сұрақтары.

1.Ас атасы (нан)

2.Ананың бауырлары (нағашы)

3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С. Назарбаева)

4.Жиреншенің әйелі? (Қарашаш)

5. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім? (М. Шаханов)

6.Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш, жүк аяқ, тұс киіз, кілем)

7.Жарға тұтатын зат (кілем)

8.Жылқыда не жоқ? (өт)

9.Әнші Роза ... (Рымбаева)

10.Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім (мәсі)


Ән: «Жібектің елі» орындайтын Кетеғұлова Іңкәр.


2-жүргізуші: 3-ші бөлім «Ою ойғанның ойы ұшқыр»

Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырда,

Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда.

Бұғы мүйіз оюы сәнділікпен

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда.

Сырмақ ойып, текемет киіз басқан,

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.

«Шеше көрген тон пішер» деген рас,

Қыздарымыз шебер қолға араласқан,

-дей отыра қыздарымыздың түйме тағу, құрақ құрауларын тамашалайық.

(Әр команда 1 минут ішінде 5 түйме қадау керек және берілген маталардан жамауды әдемілеп жамау)


1-жүргізуші: Командаларымыз келесі бөлімге дайындалғанша Қуандықов Абылайдың аналарға арнап шығарған өлеңін тыңдайық.

«Ана»


Сағындым ана,сағындым сенің жүзіңді,

Ақ сүтке мәңгі қарыздар санаймын өзімді.

Жыраққа кетіп балаң жүр білім алмаққа

Салмақты қосып өзіңіз артқан салмаққа

Сағындым ана сағындым өзен көлдерін.

Түн ұйқыңды төрт бөліп балаң үшін

Бар жақсыны жасарма анам үшін

Анашым асқар таудай асылымсың

Балаңның тілері көп жүректен шын

Ана деген асыл жан ғой ардақты

Бар қайғыны артпаңыздар,артпаңыздар салмақты

Жан ана сізді мәңгі сүйіп өтем

Қалайша парызымды қиып өтем

Мен өзіңді сыйлаймын да құрметтеп

Мәңгіге басымды мен иіп өтем.


2-жүргізуші: Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Сіздерді сонша аңсап

Би билеп, ән салып береді,

-дей келе қыздар қызғалдағымыз деп өнерлерін тамашалап көрейік. 4- бөлім «Қыз еркем-кестесімен көркем» деп аталады. Әр команда өз өнерлерін көрсетеді.


Ән: «Үкілі Кәмшат» орындайтын Марат Қолғанат.


1-жүргізуші: Тұз емеспе, астың дәмін кіргізер,

Қыз емеспе, үйдің сәнін кіргізер.

Қыздың жиған жүгіндей демейміз бе?

Сұлулық пен нәзіктігін білгізер.

-дей келе қыздарымыздың дайындап әкелген ас мәзіріне кезек берелік. 5-бөлім «Ас мәзірі» бөлімі. Аруларымыз өздерінің дайындап әкелген тағамдарын ұсынады және бесбармаққа арналған жайманы әдемілеп, жылдамдықта ысады.


2-жүргізуші: Ендігі кезекте жас ақынымыз Байкенова Диананың өз жанынан шығарған өлеңіне кезек берелік.


1-жүргізуші: Қазақ елі қызды сұлулыққа, әдептілік және нәзіктік белгісі деп білген. Қызды көктемнің күлімдеген күніне теңеген. Қызды сән мен әсемдіктің нышаны тұтқан.

Қыздарға әсемдік жарасады,

Ай көркі биіктерге таласады.

Болмаса сұлу қыз, ару әйел,

Табынып еркіндікпен санасады, -

деп аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетеді. Олай болса 6-бөлім «Сұлулық сыры» деп аталады. Қыздарымыздың сән үлгісін тамашалайық.



Ән: «Ана туралы жыр» Кетеғұлова Іңкәр


2-жүргізуші: Ә дегенде соңғы бөлімге де келіп жеттік. 7-бөлім пародия салу. Яғни аруларымыз біз атаған қазақ әншілеріне пародия салады және жатақхана тәрбиешілеріне.


Ән: «Анашым» орындайтын Орынбасаров Әліби.


1-жүргізуші: Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу, жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ару қыздарымызды анықтайтын кезге де келіп жеттік. Олай болса сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.


Марапаттау.


2-жүргізуші: Құрметті көрермендер жеңімпаздарға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін деген тілекпен кешімізді аяқтаймыз.


1-жүргізуші: Тамашалағандарыңызға рахмет, сау-саламат болыңыздар!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"К?ктем-ана, ?ыздар-г?л"

Автор: Бисариева Айтолкын Амангельдиевна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 311115


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства