kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«К?КІРЕГІМДЕ ЖЫР С?УЛЕСІ МАЗДАЙДЫ...» атты ?деби-сазды кешті? сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

«К?КІРЕГІМДЕ ЖЫР С?УЛЕСІ МАЗДАЙДЫ.»

 атты ?деби-сазды кешті? сценарийі

Кешті? ма?саты:        ?асырлар то?ысында М??а?али  Ма?атаевты? а?ынды?                                         талантын  о?ушы ж?регіне ?ялату, оларды? ?нерге деген                                         с?йіспеншілігін  ?алыптастыру.

Т?рбиелігі:                   о?ушыларды поэзияны с?юге, а?ын жырларын, ?ндерін айта                                        отырып, Отанын, елін, ?лтын с?юге т?рбиелеу.

Дамытушылы?ы:      жыршы ?ле?дері ар?ылы?аза? ?дебиетіндегі поэзиялы?                                                  туындыларды? та?ырыбы мен ой тере?дігін ке?ейте білуге,                                        м?нерлеп о?у ?абілеті мен рухани танымдарын дамыту.

1-ж?ргізуші:

Армысыздар, жыр с?йер, ?н с?йер ?ауым!

2-ж?ргізуші:

?айырлы к?н, ??рметті ?она?тар, ата-аналар ж?не о?ушылар! Хал?ымызды? к?рнекті а?иы? а?ыны М??а?али Ма?атаевты? рухани м?расына арнал?ан, ?ле?деріне деген с?йіспеншілігімізді? д?лелі ретінде ?ткелі отыр?ан бай?ауымыз?а ?ош келді?іздер!

1-ж?ргізуші:

             Б?гінгі к?н ?аза?ты? ?ара ?ле?і ?шін, ?ала берді иісі ?аза? ?шін ерекше к?н. Олай дейтініміз,  ?зі ?лсе де артына ?лмейтін с?з ?алдыр?ан ?аза?ты? а?иы? а?ыны М??а?али Ма?атаевты? ту?ан к?ні. Олай болса, б?гінгі «К?кірегімде жыр с?улесі маздайды.» атты ?деби-сазды бай?ау а?ын есімін арда?тау?а, М??а?али м?рагерлеріні? ?нерлерін тамашалау?а арналма?.

2-ж?ргізуші:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««К?КІРЕГІМДЕ ЖЫР С?УЛЕСІ МАЗДАЙДЫ...» атты ?деби-сазды кешті? сценарийі »

«КӨКІРЕГІМДЕ ЖЫР СӘУЛЕСІ МАЗДАЙДЫ...»

атты әдеби-сазды кештің сценарийі


Кештің мақсаты:        ғасырлар тоғысында Мұқағали Мақатаевтың ақындық                                         талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген                                         сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта                                 отырып, Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: жыршы өлеңдері арқылықазақ әдебиетіндегі поэзиялық                                        туындылардың тақырыбы мен ой тереңдігін кеңейте білуге,                                        мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын дамыту.

1-жүргізуші:

Армысыздар, жыр сүйер, ән сүйер қауым!

2-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ата-аналар және оқушылар! Халқымыздың көрнекті ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың рухани мұрасына арналған, өлеңдеріне деген сүйіспеншілігіміздің дәлелі ретінде өткелі отырған байқауымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Бүгінгі күн қазақтың қара өлеңі үшін, қала берді иісі қазақ үшін ерекше күн. Олай дейтініміз, өзі өлсе де артына өлмейтін сөз қалдырған қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Олай болса, бүгінгі «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» атты әдеби-сазды байқау ақын есімін ардақтауға, Мұқағали мұрагерлерінің өнерлерін тамашалауға арналмақ.

2-жүргізуші:

Жыл сайын біздің киелі шаңырағымызда туған күні тойланатын жалғыз ақын бар. Ол - Мұқағали. Бұл өзі бұйрықпен де, шешіммен де, жарлықпен де келген дүние емес. Бұл ақынның мұраларына деген жыр сүйер қауымның махаббаты... Міне, Мұқағали ХХ ғасырдан аттап, ХХІ ғасырдың дарбазасын ашты. Ендеше бүгінгі «Менің пірім-Мұқағали» атты әдеби-сазды байқауымызды саралайтын сарабдал әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:



1.

2.

3.

1-жүргізуші:

Қай тақырыпқа қалам тартса да, нені жырласа да жүректерге жеткізе, құлақтың құрышын қандыра, жаныңды тербете жырлайтын Мұқағали хақындағы поэзия кешін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Қанипа Бұғыбаеваның ақынға арнаған өлеңінің мына бір шумағымен бастағымыз келіп отыр:

Сол баяғы өз аспаным, өз елім,

Өз елімде келді сөйлер кезегім.

Сол кішкентай Қарасаздан басталған,

Кеңейді ғой сенің өмір-өзенің, - деп бүгінгі әдеби-сазды байқауымыздың номинацияларымен таныстырып өтейік:

І . «Айтып өткен ақында арман бар ма?». Бұл бөлімде үміткер

М. Мақатаевтың бір өлеңін немесе поэмасын мәнерлеп, жатқа оқиды. Жүріс-тұрыс мәдениеті, өзін сахнада еркін ұстауы ескеріледі.

ІІ. «Өлең деген тулайды қайшылықта» айдарында – оқушы өз туындысын оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, тақырыптың игерілуі ескеріледі.

ІІІ. «Ақын мұражайын менің үлесім...». Бұл айдарда оқушының ақын шығармашылығына байланысты қылқалам шеберлері салған суреттері ұсынылады.

ІҮ. «Жырлайды жүрек» айдарында – ақынның бір әнін орындайды. Онда дауысы, сахна мәдениеті, өзін ұстауы ескеріледі.

2-жүргізуші:

Қазаққа тән қара өлеңге табынды,

Ата-баба дәстүрінен ап үлгі.

Ұшан-теңіз ұлылықты паш еткен,

Мұқағали – поэзия алыбы, дей келіп, байқауымыздың «Айтып өткен ақында арман бар ма?» атты бірінші бөлімін бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Ұлықтаймыз ұстаз деп нар ақынды,

Жарқыратқан жан нұры қара түнді.

Ең бірінші халқым деп қандай айтқан,

Мен де жайдым өлең деп қанатымды, - дей отырып, «Өлең деген тулайды қайшылықта» деп аталатын ІІ номинацияны бастайық!

2-жүргізуші:

Қазынам бар

Біреуге берсем бе екен?

Өкпелейді-ау бермесем,

Берсем бөтен.

Бар байлықты қойныма тығып алып,

Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?

Мұқағали қазынасы – өлең, досы да – өлең. Ендеше, «Ақын мұражайына менің үлесім...» деп аталатын үшінші номинацияға кезек берейік.

1-жүргізуші:

Әлімсақтан еліміз «Ән – көңілдің ажары» деп асыл бата берген екен. Әнді сүймейтін, әнді салмайтын әнші жоқ шығар, сірә, соның ішінде біздің қазақ халқы әнге құмар-ақ. Ақын өлеңдері бір күндері әнге айналып жатты, әлде де бізді сиқырлы әндерімен тербетпек. «Әу» демейтін қазақ жоқ демекші ендігі номинацияны ақын өлеңдеріне жазылған әндерге бермекпіз. Ендеше, келесі номинация «Жырлайды жүрек» деп аталады. Кезек әншілерде.

Соңы.

Жыр керуені алға жылжыған сайын Мұқағалидың өшпес мұрасы Алаш поэзия көгінде жарқырай бермек. Өйткені, ол тұтас поэзия үшін жаралған жан еді. Қара өлеңнің құдіретін Мұқағалиды оқымай, Мұқағалиды білмей тану мүмкін емес. Абай – заңғар шың, Қасым – асқар тау, Мұқағали – асқақ белес! Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен де бақытты!

...Жыр сөздері жай болып атылғанда,

Атылғанда, аспаннан оқылғанда,

Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп,

Жанар пайда болады соқырларға, - деп ақын аманатында жазылғандай, шынымен де қазақтың қара өлеңіне «таласы бар», азат ойлы жас ұрпақ, еркін рухты жаңа толқын дүниеге келді!

Ендеше, әділ-қазылар алқасы өз шешімдерін хабарлағанша, кезекті әсем әнге берейік!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
«К?КІРЕГІМДЕ ЖЫР С?УЛЕСІ МАЗДАЙДЫ...» атты ?деби-сазды кешті? сценарийі

Автор: Маликова Шолпан Касымовна

Дата: 19.05.2015

Номер свидетельства: 213209


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства