kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кітапхана ж?мысыны? о?ушы шы?армашылы?ын дамытуда?ы р?лі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: о?ушыларды? кітап  о?у?а ??марлы?ын арттыру, кітап о?у ар?ылы оларды? с?здік ?орыны? молаюы, ой-?рісіні? дамуы, рухани байлы?ыны? толуы, шы?армашылы?  ?абілетіні?  артуы.

 Сапалы білім, саналы т?рбие алу ?шін к?п о?ып, к?п  іздену  керек  екенін  тусіндіре
отырып оларды адамгершілікке, мейірімділікке, шынды??а, ізгілікке, ?дептілікке т?рбиелеу.
К?рнекілігі:  на?ыл с?здер  «Кітапты?  ба?асы арзан,  іш  тол?ан маржан»,  «Кітап - адамны?  рухани  азы?ы,  а?ыл,  білім алатын - ке?есшісі». «Кітап - ?алым, тілсіз м??алім», «?мірдегі е? жакын ке?есші? - кітап».
Бакыт т?те (кітапханашы):
Шіркін  ?мір!       

Жетелеген мені ал?а.

?анатыма ?уат беріп.    

К??іліме медет беріп,
Ас?ар тауды? жетсе?ші шы?ына!                                                                   

Ол шы?, ол белес, ?тер асу алдымда к?п т?р?андай,                          

    Шіркін ж?рек, сезіп оны со?ып т?р-ау  бір тынбай,  

    Ас?а? арман,  ?лкен сенім, ?міт мені жетелеп.                        

    Кітап о?ып білімменен,                                                       

    С?рінбестен  ?тем  деймін  достар-ай!                          

Г?лнар  т?те (кітапханашы):
А?  санды?ын  аш?анымда  алтынны?,
?нерлі ?нер, білім-?ылым б?ла?ын
Алдым тауып кітабынан  хал?ымны?.
Н?рлы  кітап - ?зі? жыр, ?зі? тарих,
Келеміз жаттап о?ып, біліп, танып,                                 

Секілдісі?  ?лы  адамдай

?р с?зі?нен  о?ырман  ?алар ?анып.

Ендеше, б?гінгі «Кітапхана ж?мысыны? о?ушы шы?армашылы?ын  дамытуда?ы  р?лі» та?ырыбында?ы  ж?ргізілетін  д??гелек  ?стелін бастау?а  р??сат  еті?іздер.

 И?, Мен  бала?,

Жары?  к?нде  с?уле  ?у?ан,

Алу?а  айналды барып,  белді бу?ан -демекші. ендігі с?зді ж?ргізушілерге берейік.

1-ж?ргізуші:

?азанатты? жолында

Жазы? та бар, ор да бар,

Азаматты? жолында

Ба?ыт та бар, сор да бар.

2-ж?ргізуші:

Акылда ?лшем жо?

А?ылына сенсе? де.

А?ылдаса ж?ргейсі?,                                               

Жа?сыларды жатсынбай,

Жа?ындаса  ж?ргейсі?.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кітапхана ж?мысыны? о?ушы шы?армашылы?ын дамытуда?ы р?лі»

Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға құмарлығын арттыру, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорының молаюы, ой-өрісінің дамуы, рухани байлығының толуы, шығармашылық қабілетінің артуы.

Сапалы білім, саналы тәрбие алу үшін көп оқып, көп іздену керек екенін тусіндіре
отырып оларды адамгершілікке, мейірімділікке, шындыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер «Кітаптың бағасы арзан, іш толған маржан», «Кітап - адамның рухани азығы, ақыл, білім алатын - кеңесшісі». «Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім», «Өмірдегі ең жакын кеңесшің - кітап».
Бакыт тәте (кітапханашы):
Шіркін өмір!

Жетелеген мені алға.

Қанатыма қуат беріп .

Көңіліме медет беріп,
Асқар таудың жетсеңші шыңына!

Ол шың, ол белес, өтер асу алдымда көп тұрғандай,

Шіркін жүрек, сезіп оны соғып тұр-ау бір тынбай,

Асқақ арман, үлкен сенім, үміт мені жетелеп.

Кітап оқып білімменен,

Сүрінбестен өтем деймін достар-ай!

Гүлнар тәте (кітапханашы):
Ақ сандығын ашқанымда алтынның,
Өнерлі өнер, білім-ғылым бұлағын
Алдым тауып кітабынан халқымның.
Нұрлы кітап - өзің жыр, өзің тарих,
Келеміз жаттап оқып, біліп, танып,

Секілдісің ұлы адамдай

Әр сөзіңнен оқырман қалар қанып.

Ендеше, бүгінгі «Кітапхана жұмысының оқушы шығармашылығын дамытудағы рөлі» тақырыбындағы жүргізілетін дөңгелек үстелін бастауға рұқсат етіңіздер.

Иә, Мен балаң,

Жарық күнде сәуле қуған,

Алуға айналды барып, белді буған -демекші. ендігі сөзді жүргізушілерге берейік.

1-жүргізуші:

Қазанаттың жолында

Жазық та бар, ор да бар,

Азаматтың жолында

Бақыт та бар, сор да бар.

2-жүргізуші:

Акылда өлшем жоқ

Ақылына сенсең де.

Ақылдаса жүргейсің,

Жақсыларды жатсынбай,

Жақындаса жүргейсің.

1-жүргізуші:

Өнер қуған, өнерлі болады,

Білім қуған, білімді болады,

Дүние қуған, жырынды болады.

2-жүргізуші:

Әліне қарап шаппаған,

Мәреге жетпей зорығар,

Қол жетпеске қол созған,

Көп ұзамай торығар.

Шамасын білмеген,

Кімнің де болса соры бар.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, ата жұрттың айбынды ұрпағы!

Армысыздар аяулы ұстаздар, ардақты ата -аналар, кұрметті оқушылар!

Білім алу - батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер. Даналық білімнен нәр алады. Даналыққа апаратын жол ұзақ, әрі қиын. Сондықтан да жастарға басты қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік ақыл ойға сәтті кіруге көмектесетін жолбасшы қажет.

2-жүргізуші: Кітаптан алған біліміңді терендетіп, ұғындырған, әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыннан сипайтын адам - ол, әрине, ұстаз.

1-жүргізуші: Бүгінде білім туын көтеріп, ғылым жолын тапқан оқушылар мен ұстаздарымыз бар деп мақтаймыз және мақтана аламыз.

2-жүргізуші:

Ұстаз болып енші алған бұл өмірден,

Сабағына күн сайын күле кірген,

Ағылшынша үйретіп шәкірттерге

Гүлнар апайдың іскерлігін білемін мен.

1-жүргізуші: 1) Гүлнар апай, осы сіз үш тұғырлы тілдің ағылшын пәнінен сабақ бересіз. Егеменді еліміздің білім беру барысында қандай қиындықтарға жолықтыңыз және қалай тәрбиелеуге болады?

2) Баяғыда даналарымыздың айтқаны бар емес пе? «Кітап - ең жақын дос. Өмірдің барлық қиын сәттерінде кітаптарға жүгінуге болады. Олар ешқашан опасыздық жасамайды». Ғылыми жұмыс қорғауда әдеби кітаптардың маңызы бар ма?

2-жүргізуші: Ұстаз – шәкірт жүрегіне жол табатын, оның жан – жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына жауап беретін жан. Ендеше, Гүлнар апайдың шәкірті, оқушысы Қ.Айгерімді дөңгелек үстел басына шақырайық.

1-жүргізуші: Айгерім, сен ағылшын тілінен ғылыми жұмыс қорғадың Ағылшын несімен қызықты?

2-жүргізуші: Әлия апай, Қош келіпсіз араға,

Жақсы ұстаз жарыстардан қалама?

Келесіз сіз ұзақ жылдар тер төгіп,

Биологияны үйретумен балаға.

1-жүргізуші:: Әлия апай, «Әр оқушы-өзінше талантты , ол мұғалімнің мақсаты - осы мүмкіндікті ашу». Осы тұрғыда өз ойыңызды айтып кетсеңіз.

2-жүргізуші: Кітап - Адамзат ақыл - ойыңның інжу - маржанын бойына жинайды да, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізеді. Біз бір уыс гүл топыраққа айналамыз, ол кітап дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей ғасырлар бойына жалғасады ендеше, Әлия апай сіздің ойыңыз.

1-жүргізуші: Педагогсыз сегіз қырлы, бір сырлы ,

Білім – шыңына жетеледің жұртыңды.

Шәкірттердің әр сөзінен үлгі алып

Қос қырандай биіктерге ұмтылады,-дей отырып Күлайхан апайды ортаға дөңгелек үстел басына шақырамыз.

2-жүргізуші:Елбасымыз айтқандай: «Дарындылар-еліміздің қуатты әлеуеті».

Дарындылар-даңқымыз. Сонымен дөңгелек үстелге дарынды оқушыларымызды шақырайық.

1-жүргізуші: Енді оқушылармен әңгіме бастамас бұрын, бізге жолбасшылық ететін тек ұстаздар ғана емес кітапханашы апайлар да бар. Сіздерден білгіміз келетіні «Кітап – жан айасы» осы бір қанатты сөздің мағынасын ашып берсеңіздер?

2-жүргізуші: «Кенгуру», «Ақбота», «Алтын кино» атты сайыстар арқылы ой-өрісіңді, кеңейтуге, болашағыңның негізін қалауға мүмкіндігің бар ма? Қалай ойлайсың?

1-жүргізуші: Ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып: -Мені жеме, жібер, -дейді.

-Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әруақытта шат болып жүресіңдер? Сонда ақ тиын: -Мені жіберіңіз,сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, -дейді. Қасқыр ақ тиынды босатады. Ақ тиын ағаш басына шығып алып: Сен, қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады, сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әруақытта шат болып жүреміз,-депті. Осындай адамдар өмірде мақсатына жете алама?

2-жүргізуші:Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана Білім. Ендеше, осы білім шыңына қалай жетуге болады?

Бір оқушыларға поэзия немесе прозалық шығармалар, ал кейбіреулер тарихи деректер оқығанды ұнатады. Ал саған ше? Әдебиеттің қай саласын ұнатасың?

1-жүргізуші: «Армансыз адам -қанатсыз кұс» демекші кедір-бұдыры көп өмірдің сан белестерінен сүрінбей өтіп, өз орныңды тауып, кірпіш боп қалану үшін бойыңда қандай қасиеттер болуы керек және қазіргі кезде сенің бойыңда осы қасиеттер кездесе ме?

2-жүргізуші: Сен осы біздің жерлесіміз Ілияс оқуларына қатыстың. Ілияс шығармаларының әдеби көркемдік мәні, тағылым тәрбиесі туралы не айтар едің?

1-жүргізуші: (ортақ сұрақ)

Әрбір елдің болашағы-ол жастар. Бұл тек әдемі сөз ғана емес, онымен барлығымыз санасатын нәрсе. Ал мемлекетіміздің болашағына сенімді болу үшін мынандай сұрақ қоюымыз керек:

Біздің жастар қандай? Олар өмірде нені бағалайды және нені қадірлейді? Олардың өмірде қалыптасуына қандай нақты көмек керек?

2-жүргізуші: Сен ғылымға болсаң ынтық,

Бұл сөзімді әбден ұқ:

Білгеніңді жақсысын қыл,

Білмегеніңді біле бер

Білген ердің бол шәкірті

Білмегенді қыл шәкірт

Үйренуге қылма намыс,

Үйретуге болма кер.

Өнеріңді кұр шірітпе.

Орнына анық жұмсалмай,

Өкінішті кетпес оның.

1-жүргізуші: Көзге елестетер таңғы нұрды,

Жарасқан өн бойына әр қылығын.

Баулыған шәкірттерін ізгілікке,

Қарсы алайық апайымыз Сырғалыны.

2-жүргізуші: Адамның дүниетанымын кеңейтетін рухани дүниесін оятатын – кітап. Өз ойыңызды айтсаңыз...

1-жүргізуші: Абыроймен өтеп ұстаз парызын,

Шәкіртіне шашқан жүрек жалынын,

Мұрат ағайдың әрбір сөзі – тағылым,

Маманы ол сызу менен технология пәнінің.

2-жүргізуші: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді мұндай жақсылыққа қасында болып, өз өнерінің шебері ретінде аудан, облыс, республика көлемінде танылып, төсіне жұлдыз тағылып келген Қастеев атамыздың шәкірті деп санасақта артық болмайтын Мұрат ағамыздың қуанышты сәтін бізбен ортақтасса дейміз.

1-жүргізуші: Шын дарынға шың да аласа ел іші қашаннан шынайы таланттарға, нағыз өнерлі де қасиетті жандарға зәру болған емес дана қазақ халқының да заман ағымына сай талай таланттары , өре көкжиекті кең, дарынды ұлы адамдар болған.

2-жүргізуші: Қазақтың өнерлі де өрелі халықтың абыройы даңқын биікке көтеріп халқымызды талантымен қуантып жүрген ұл-қыздарымыздың дарыны бізге үлгі.

Өз бойында босқа өлер,

Қай ғылымды білсеңізде .

Қазір оны елге жай

Құр ішінде кеткенінше ,

Пайдалансын өзгелер.

1-жүргізуші: Шын наданға білгеніңді,

Ұқтырам деп ойлама

Қаншама бидай шашсаңдағы,

Болмас егін тасты жер

Тотыға тіл үйретілсе,

Сөзі – адам , өзі – құс.

Сол сықылды ол наданды,

Ермек үшін сөйлетер.

Кісі бағын деме бағым,

Өз денеңді нұлы қыл

Ай сықылды болма жарық

Қарыз алып күннен нұр

2-жүргізуші: Түн сықылды тым түнеріп, көзді тартып байлама.

Күндізі бол, байқасын жұрт,

Келгені мен кеткенің .

Сусағанның сусыны боп,

Бірақ ондай болма сақын,

Ел көңілін қалдырып

От сықылды жылы болсын,

Жүзіңіз бен сөзіңіз.

Бірақ ондай мархаматсыз

Болма өртіп жандырып.

1-жүргізуші: Жер сықылды пайдалы бол,

Пайдалансын ел сенен .

Тасты жердей қатты болма

Тілше жұрттың табанын.

Сен бұлттай бол көлеңке,

Мезгілімен бер жауын.

Сел ағызбай , жай түсірме

Бұзба елдің шаруасын.

Дәриядай – дап – дайын бол,

Параходпен жүрсе де.

Болма толқын , ашпағын құлқын

Жұтамын деп баршасын.

2-жүргізуші: Ендеше біз әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабиден, «Ғылым таппай мақтанба» деп өсиет еткен ұлы Абайдың данышпандары болған, тарихы терең де жатқан, туған жері тұнған шежіре, «Намысын бермеген , Қазағым мықты ғой» деп әнұранын шаттықпен шырқаған тәуелсіз Қазақстанның азаматтарымыз, ұландарымыз.

Тәуелсіздік алған аз ғана жылдың ішінде жеткен жетістіктерімізді бүкіл әлем мойындады. Алға қойған мақсаттарымыз бен бақытымыздың дұрыстығы ретінде жақын арада болған Дүниежүзілік мемлекеттердің басын қосқан саммит дәлел.

1-жүргізуші: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген

Қашан қазақ атандым, ел адамзат.

Есіміме береді бала жасын,

Құлпытасты тұқыған кей азамат.

«Қазақ осы» ән.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Кітапхана ж?мысыны? о?ушы шы?армашылы?ын дамытуда?ы р?лі

Автор: Ашимова Гульнара Сагатовна

Дата: 09.02.2016

Номер свидетельства: 290859


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства