kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ХХ ?асырды? ?лы жаршысы ?лихан Б?кейхан

Нажмите, чтобы узнать подробности

       ?лихан Н?рм?хамед?лы Б?кейхан (05.03.1866 жыл, ?ар?аралы уезі, Семей облысы, Дала ?лкесі -27.09.1937 жыл, М?скеу) — XIX ?. со?ы мен XX ?. басында?ы ?аза? зиялыларыны?, ?о?ам ж?не мемлекет ?айраткерлері ?атарында?ы аса ерекше т?л?а. К?рнекті ?о?ам ж?не мемлекет ?айраткері, ?лт-азатты? ж?не Алаш ?оз?алысыны? жетекшісі, Алашорда автономиялы ?кіметіні? т?ра?асы, публицист, ?алым, аудармашы.

      Ата тегі Шы??ыс ханны? ?лкен ?лы Жошыдан тарайтын т?ре т??ымы. Ар?ы атасы ата?ты С?лтан Бара?. ?аза?ты? со??ы хандарыны? бірі Б?кей осы С?лтан Бара?ты? баласы. Б?кейден Батыр, одан Мырзатай, одан ?лиханны? ?кесі Н?рм?хамед.

     ?лиханды ?кесі то?ыз жасында ?ар?аралы?а апарып, жергілікті молданы? ?олына о?у?а береді. Біра? зерделі бала молдадан о?ы?андардан г?рі осында?ы мектепте о?ып ж?ргендерді? сауаттылы?ын а??арып, ?алада?ы ?ш класты? бастауыш мектепке ?з еркімен ауысып алады.

     Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары ?ар?аралы ?аласында?ы ?аза? балаларына арнал?ан мектепте о?иды.

      1886-1890 жылдар аралы?ында Омбыда?ы техникалы? училищеде о?ып, оны "техник" маманды?ы бойынша бітіріп шы?ты.

       1890-1894 жылдар аралы?ында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялы? институтыны? экономика факультетінде о?ыды. М?нда ол студенттік ?ызу пікірталастар?а ?атысып, XX ?асырды? боса?асын атта?алы т?р?ан Ресейді? ?андай жолмен дамуы тиімді болатынды?ы туралы ?айшылы?ты пікірлер ?а?ты?ысына ку? болды, ?з ойын да шы?дай т?сті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ХХ ?асырды? ?лы жаршысы ?лихан Б?кейхан»

« ХХ ғасырдың ұлы жаршысы Әлихан Бөкейхан»

Ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған оқырмандар конференциясы

Мақсаты: Оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын,сүйіспеншілігін арттыру.

Ә.Бөкейханның өмірі мен еңбек жолын , шығармаларымен таныстыра отырып, оқушылардың әдебиетке деген сезімін ояту.

Оқушылардың дүниетанымын дамыту.

Көрнекілігі: Слайд. Ә.Бөкейханға арналған бұрыш, кітаптары.



Барысы:

Құрметті ұстаздар мен аяулы менің оқырман достарым, « ХХ ғасырдың ұлы жаршысы Әлихан Бөкейхан» атты оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер!

Бүгін –  XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толу қарсаңында мектебімізде көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Міне осыған орай бізде қалыс қалмай, осы конференцияға атсалысып отырмыз. Ендеше Әлихан Бөкейханның өмірі мен еңбек жолымен таныс болайық.


«Әлихан Бөкейханның өмірі мен еңбек жолы» баяндама ( Аружан)


Ендеше конференциямызды Әлихан Бөкейханның қанатты сөздерімен жалғастырайық.

Қанекей оқырмандар Әлихан Бөкейханның қандай қанатты сөздерін білеміз?


(Оқушылар Ә.Бөкейханның қанатты сөздерін айтып шығады)


Алаш  қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері, көсемсөзші Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланатын болды. Бұл туралы ЮНЕСКО-ның 18 қарашада Парижде аяқталған Бас конференциясының 38-ші сессиясында жария етілді.  Бұл күллі қазақ халқы үшін үлкен абырой. Кешегі алаш зиялыларын әлем мойындағанының дәлелі. Ендеше біз Әлихан Бөкейхановтың мерейтойына орай, сан түрлі өнерді бойына жыйған дарын иесінің  бірер қырына арнайы тоқталып, ел есіне сала кеткенді жөн санап отырмыз.


Әлихан Бөкейханов жайында анықтама. ( Зейноола Сәулет, Таңшолпан)


Қазақ ғұламасы Ә.Бөкейханов революция жасала сала “Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары — қазақтарға” деген өз үндеуін жариялады. Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін ХХ ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда “Алаш” партиясының ролі ерекше болды.

1917 жылғы маусым айындағы басылымында “Қазақ” газеті – автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін айтып, оның үш негізі бар екендігіне оқырман назары аударылды (территория, мәдениет және ұлттық ерекшеліктер). 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкілқазақтық құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша “Алаш” партиясының бағдарламасы жарияланды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл мәдениетті дамытуға мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде “Алаш” қайраткерлері алдыңғы қатарда тұр.

Ә.Бөкейханов мұраларын зерделеу болашақ ұрпақтың әрдайым назарында болуы керек.


«Ә.Бөкейхан – қазақтың өлкетанушы ғалымы» баяндама ( Еркеназ)


Мұзафар Әлімбаев ағамыздың Әлихан Бөкейханға арнап жазған «Әлихан Бөкейхан» өлеңін тыңдап корейік. Өлеңде жазушы Әлихан бейнесін тамаша бере білген.


«Әлихан Бөкейхан» өлеңі оқылады. (Нұрсаддам)


Енді Әлихан Бөкейханның шығармаларына берейік.

«Баяғы заман» (Баешова Марал)


«Соғыс көлеңкесі» (Айдана )


« Кітапхана » (Маратова Гүлзат)

Ендігі кезекті викториналық сұрақтарға берейік.

Осымен « ХХ ғасырдың ұлы жаршысы Әлихан Бөкейхан» атты конференциямыз аяқталды. Конференциямызды әнмен аяқтаймыз.



























ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН

(1866-1937)

Партиясы:

Алаш

Білімі:

Омбы техникалық училищесі
Орман шаруашылығы институты(Санкт-Петербург)

Мамандығы:

публицист, ғалым, аудармашы



Діні:

ислам

Дүниеге келуі:

5 наурыз 1866
Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі

Қайтыс болуы:

27 қыркүйек 1937 (71 жас)
Мәскеу, Ресей КФСР



Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05.03.1866 жыл, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі -27.09.1937 жыл, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.

Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.

1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.[1]

Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петербургға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.

Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.

«Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.

1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.

1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды.

Абақтыдан шығып Санкт-Петербургға жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейхан да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.

1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде

1908 жылы Санкт-Петербургда жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.

1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.

1911-14 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.

20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.

Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.

Сөз соңында, ғалым, Ә.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз.



















































Әлихан Бөкейханның қанатты сөздері




Талас-тартыс жоқ болса, өмір абақтыға айналар еді.

 


Ақылға саңыраулық та – айып.

 


Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.

 


Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.

 


Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.

 


Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа.

 


Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

 


Көзі соқырдан, көңілі соқыр жаман.

 


Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.



Тіршілік – бәйге: жүйрік алар, шабан қалар. 

Еріншек пен езге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ.

 


Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.

 


Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң, саған ақыл не керек?!

 


Би түзу, билік әділ болсын.

 


Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса, сөз кестелі болады.

 


Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры.

 


Мансапқұмар елі – кемелдікке жетпеген ел.

 


Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой.



Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.



Адам баласы – нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды.





Әлихан Бөкейхан жайында анықтама

Әлихан туған халқы алдында өзін неге айыпты сезінді? 

Әлихан ата тегі Шыңғыс ханның  үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Бөкейдің 1816 жылы хан тағына отыруынан тура 50 жыл өткен 1866 жылы 5 наурызда Әлихан дүниеге келген. Ұлтының тарихын зерттей келе  әйгілі энциклопедист ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы,  алты алаштың бірлігінің болмауы, соның салдарынан тәуелсіздігінен айырылуының ең басты сыры - бұрынғы хан-сұлтандардың Ресей империясы тарапынан отарлау қаупі төнген сәтте де өз билігіндегі ру-жүздерді біріктіре алмауы екенін біледі. «Бұрынғының көбі, күш-қуатты тиісті орнына жұмсамай, бірінің көзін бірі шұқудан уақыты артылмады, істегенінің бәрі жәбір, залым болды; қылғанының бәрі зорлық-зомбылық еді» - деп жазды Әлихан Нұрмұхамедұлы 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақ тарихы» мақаласында. Сол себепті де Әлихан туған халқы алдында бұрынғы хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы ретінде өзін айыпты сезінді, кең сахара даласында емін-еркін ғұмыр кешкен, өзіндік салт-дәстүрі, мәдениеті бар халқын еш қарсылықсыз отарлыққа жегіп жіберген алдыңғы хан-сұлтандардың бар кінәсі мен халқының келешек тағдыры үшін бар жауапкерлікті өз мойнына алды. Әлихан 1914 жылы жазған мақаласының бірінде «Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» - деп жазды. Әлихан соңғы демі біткенше осы сертіне адал болып қалды.

Өзінің тарихи зерттеулерінен соң жасаған Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә. Бөкейхановтың тағы бір саяси маңызды тұжырымы - қарулы күрес арқылы қуатты орыс империясының отарлық шырмауынан құтылып, ұлттық мемлекетті қалпына келтіру іс жүзінде де, теория тұрғысынан дұрыс та, мүмкін де емес. Қалың қазақты өзін өзі билеу құқына да, одан соң толық ұлттық тәуелсіздікке де қайта қол жеткізетін жалғыз жол, Алаш қозғалысы жетекшісінің көзқарасы бойынша, заман талабына сай ұлттық мәдениет қалыптастыру және қазақ қоғамын еуропалық деңгейге жетелеп жеткізу болды.

Ғылымның әр саласын меңгерген ғалым  

 XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысқал ол 1896 жылы көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланған. Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды. 1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды. 1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.  Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері осындай көп еңбектенудің арқасында өз ұлты туралы көп нәрсеге көзі жетеді.

Алашорда автономиялы үкіметінің тұңғыш төрағасы сол кездегі Алаш зиялылары сияқты әр саланың білгірі. Ресми түрде атайтын болсақ - ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. 









Ә.Бөкейхан – қазақтың өлкетанушы ғалымы.

... Маңғыстауға шыққан және бір экспедиция

– өлкенің экономикасынзерттейтін еді. Оның

бастығы біздің аса құрметті қандасымыз,

беделді ғалым, экономист, Ленинград

университетінің профессоры

Әлихан Бөкейханов болатын...

(Әлкей Марғұлан)

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – Қазақ өлкетану ғылымының негізін қалаған, самодержавиялық Ресей империясына да, отаршыл империяның «мұрагері» болып қалған келесі ұлы держава – Кеңес мемлекетіне де кеңінен танылған ғұлама ғалым болды. Жер бетіндегі құрлық атаулының 1/6 бөлігін құраған алып мемлекетке кең танылатындай көрнекті мемлекет қайраткері Ә.Н.Бөкейханның енді ғалым ретінде атқарған ісі мен сіңірген еңбегі де ұшан теңіз-ді. Ол бір кездегі: «тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді,қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» -деген сөзін жерге тастамай, туған халқына ақтық демі біткенше қызмет етіп өтті. Ешқашан қайсыбір ғылыми дәрежеге, не ғылыми атаққа құмартып көрмеген Алаштың Әлиханы 1894-1934 жж. Аралығында түрлі ғылыми, мәдени, әдеби және т.б қоғамдар мен ұйымдардың жұмыстарына етене араласты. Олардың арасынан ең маңызды дегендерін атап кететін болсақ: 1894-ші жылдан шамамен 1908-ші жылға дейін дерлік Ресейдің Императорлық География Қоғамы Батыс Сібір бөлімінің толық мүшесі болды және онымен қарама-қатар Мәскеудің ауылшаруашылық қоғамының Омбы бөлімінің толық мүшесі 1908-1917-ші жж. Ф.А.Брокгауз бен И.А.Ефронның құрастырып шығарып тұрған энциклопедиясының редакция алқасының мүшесі ретінде, осы ұжым әзірлеп жарыққа шығарған 22 томдық «Жаңа энциклопедиялық сөздігінің» тұрақты авторының бірі; 1908-1910 жж. – «Сибирские вопросы» ғылыми-публицистикалық журналының авторы; 1922-1927 жж. – Мәскеудегі КСРО халықтарының Орталық баспасы Қазақ редакциясының әдеби қызметкері әрі Ленинградтың мемлекеттік университетінің профессоры, 1926-шы жылы – КСРО Ғылым академиясының одақтас және автономиялы республикаларды зерттеу жөніндегі арнайы Комитетіне Қазақстан бойынша тұрақты сарапшы ретінде қызметке шақырылды; 1934-ші ж. Мәскеуге «Көркем әдебиет,сын және публицистика жөніндегі Орталық мұражайға» оның директоры В.Бонч-Бруевич оны қызметке шақырды. 1913-1917 жылдар Әлиханның Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сынды екі көрнекті үзеңгілесімен «Қазақ» атаулы газеттің дүниеге келіп, тұңғыш жалпыұлттық мерзімді басылым болған, 1915 жылға дейін апталық, сол жылдан бастап Кеңес үкіметі күштеп жапқан 1918 жылдың наурызына дейін аптасына 2 рет шығып тұрған газет беттерінде бір Әлиханның 250-ден аса туындылары жарық көрген. Әлиханның осы газет арқылы сіңірген еңбегін Қошке Кемеңгерұлының мынадай бірауыз сөзімен сипаттауға болады: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауында да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан. Әлиханның қазақ еліне істеген тарихи қызметі:әдеби тіл тууына себеп болды, өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды».

Осы кезеңде туған халқына саясат майданында да, ғылым мен білім және мәдениет саласына да сіңірген теңдессіз қызметі үшін Ә.Н.Бөкейханға «Алаштың Әлиханы» деген атақ берілді.





Әлихан Бөкейхан

Зерек ойлы, алғыр ақыл жас ұлан

Ғылым іздеп, кітап жазып жасынан,

Шетелдердің сайрап тоғыз тілінде,

Өз жұртына білім дәмін тасыған.

Туған елге тілеп бақыт, бостандық,

Ет жүрегі сыздап, жаны ашыған...

Ақ патшаның зорлығына басынған

Қаны қайнап, арыстандай ашынған.

Ұлт көсемі, ұлы бабаң Әлихан

Бар әлемге қазақ даңқын асырған...

Пір тұтатын бүкіл Алаш баласы

Көз жазбасын алдындағы асылдан!







































БАЯҒЫ ЗАМАН

Бұ жеті Алтайға жайлауға барған Қытай қазақтарын монғол келіп ұрып – соғып, малдары мен қоса шұбыртып Алтайдан әрі асырып, алдарына салып айдап кетті. Бұлар монғолдың шеруі болмаса керек, жай қарапайым кезбе – қашқын босқыны деседі. Бұл кеткен қазақтардан әлі хабар жоқ. Бұл сүргіннен қашып құтылған қазақтар Ертістің оң жағына тоқтап, Ертістен бері өтіп, жалайыр кетпек еді. Шарасүмбедегі қытай шерулері бұларды «қорықпаңдар, осында отырыпжайлай беріңдер, мұнда монғол келмейді, біз сендерді қорғауға келгенбіз» деп өткізбеді. Бұл шапқынның мағынасы Қобда маңайындағы манғол шеруі қазақтардан « сүйсін» сұраған екен, қазақтар бермеген. Соған ерегісіп, қазақтарды шауып жібергені болса керек, шеруі қарсы аралас. Артынан Қобда маңайындағы 500- дей қазақ жасанып, Қобдаға таяу манғолдың « Қалқа» деген табын шауып қайтты. Қатын – баласы манғолда қалып, малдарын тастап, соқа басын алып қашып келген қазақтар көп.



СОҒЫС КӨЛЕҢКЕСІ

Осы соңғы жылдарда Англия әйелдері саясат партиясын жасап, үкіметке қарсы қол іс қылып, шіркеу өртеніп, бомба тастап, министрлерді ұрып, бізге саясат жолында ерлермен бірдей теңдік шығар деп үкіметпен таласып, тартысқан еді. Бұл әйел партиясының лақап аты «Суфражистка».

Англия бұл Еуропа соғысына кірмес деп, неміс үмітінің бәрі осы «Суфражистка» жанжалы еді. Соғыс басталған соң бұлар жұрт ұйымына кіріп кетті, жанжалды уақытша қаңтарды.

Жақын арада Францияға 6 мың суфражистка келіп, әскер артында майданда қызмет қылуға араласты. Бұ да Еуропа соғысының көлеңкесі болар.

КІТАПХАНА

Нию-Йорк – Америкада біздің орыстың Москвасы сияқты қала; Осы қалада Астур һәм Карнеги деген байлар салғызған кітапхана бар; бір қалада кітап қырық жерде оқуға беріледі. Бір адам болса я алты сом аманат берсе, сұраған кітабы екі – төрт жұмаға беріледі. Бұл кітапханада табылмайтын кітап болмайды.

1912-ші жылы екі жүз он жеті мың тоғыз жүз жетпіс сегіз кісі-жеті милион тоғыз жүз алты жүз алпыс төрт кітап алып оқыған.

Кітап алатын балаларды бұл кітапханада артық құрметтейді. Өткен жылы балалар алып оқыған кітап екі милион тоғыз жүз елу тоғыз мың қырық төрт.

Соқырларға беретін кітаптар өз алдына. Соқыр кітаптарын қолмен сипап оқытын әріппен бадырайтып басқан. Бұл кітапханада соқырды оқытатын медресе тағы бар.

Кітапхананың тоғыз миллион сом ақшасы болып, бір жылғы шығыны екі миллион екі жүз сексен сом; мұнда бір миллион екі жүз отыз екі сомын Нию – Йорк қаласы береді.

Бір жылғы сатып алған кітапқа ұстаған ақша бір жүз қырық мың төрт жүз жеті сом. Қызмет қылатын тоғыз жүз жиырма жеті кісісі бар.



Викториналық сұрақтар:

  1. Әлиханды әкесі тоғыз жасында қай жерге апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді?

Ж: (Қарқаралыға)


  1. Қай жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты?

Ж: (1886-1890)



  1. 1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Не себепті?

Ж: (Өйткені Ә.Н. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды.)


  1. Қай жылдары «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді?

Ж:( 1911-14)


  1. Әлихан Бөкейханның партиясы?

Ж: ( Алаш)


  1. Ә.Бөкейханның мамандығы қандай?

Ж: (публицист, ғалым, аудармашы)


  1. Ә.Бөкейхан қай жылы, қай жерде, неше жасында дүниеден озған?

Ж:(27 қыркүйек 1937 (71жас) Мәскеу, Ресей КФСР)






















« ХХ ғасырдың ұлы жаршысы

Әлихан Бөкейхан»


Ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған оқырмандар конференциясы













Өткізген: А.Уснадинова














2016 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ХХ ?асырды? ?лы жаршысы ?лихан Б?кейхан

Автор: Уснадинова Айдана Иманбаевна

Дата: 09.04.2016

Номер свидетельства: 316816


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства