kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ХИУАЗ-?А?АРМАН ?ЫЗЫ ?АЗА?ТЫ?

Нажмите, чтобы узнать подробности

«.Мені? де к?з алдыма Хиуаз апай сол бір жалында?ан жасты? ша?ында, керемет ?ш?ыш кейпінде елестейді. Біз к?пшілігіміз б?л кісіні? майдангер екенін ж?не оны? штурман ?ш?ыш бол?анын білсек те, ?андай та??ажайып ерлік жаса?анын ?арулас достарынан естімесек, жы?а танып біле ?ой?ан жо? едік. Сол ол?ылы?ты? орны толды. Шынды? айтылды. Биыл “Егемен ?аза?стан” газетіні? бетінде ?лы Же?істі? 60 жылды?ы ?арса?ында к?зі тірі майдангерлер Хиуаз Доспанованы? Алтын Ж?лдызды батыр?а лайы? ерлігі кезінде еленбей ?ал?анын, енді “ештен кеш жа?сы” дегендей, сол кісіге лайы?ты ??рмет к?рсету ж?нінде ?з пікірлерін жариялап, ?лденеше д?ркін ?н ?атты. Жалпы, ж?ртшылы? арасында б?л ?сыныс ?лкен ?олдау?а ие болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ХИУАЗ-?А?АРМАН ?ЫЗЫ ?АЗА?ТЫ?»

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты ,Халықаралық Түркітілдес поэзия фестивалінің лауреаты , ақын Маржан ЕРШУДЫҢ “Халық Қаһарманы” халқымыздың тұңғыш батыр қызы Хиуаз Доспановаға арналған «ҚЫРАН» атты поэмасы негізінде жазылған инсценировка


Сценарийавторы: мұғалім Фатима Жакаева




ХИУАЗ-ХАҺАРМАН ҚЫЗЫ ҚАЗАҚТЫҢ




Қатысушылар:


Ақын

Аэроклуб басшысы

Комиссар

Күзетші

Хиуаз Доспанова –жас кезі

Хиуаз Доспанова-әже кезі

Дәрігер

Ұшқыш қыздар

Жаралы солдат

Екінші жаралы солдат

Оқушылар





Бірінші көрініс




Әнұран ойналып тұрады. Стол үстінде ақын қағаз жазып отырады. «Егемен Қазақстан» газетін алып оқи бастайды .



«...Менің де көз алдыма Хиуаз апай сол бір жалындаған жастық шағында, керемет ұшқыш кейпінде елестейді. Біз көпшілігіміз бұл кісінің майдангер екенін және оның штурман ұшқыш болғанын білсек те, қандай таңғажайып ерлік жасағанын қарулас достарынан естімесек, жыға танып біле қойған жоқ едік. Сол олқылықтың орны толды. Шындық айтылды. Биыл “Егемен Қазақстан” газетінің бетінде Ұлы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында көзі тірі майдангерлер Хиуаз Доспанованың Алтын Жұлдызды батырға лайық ерлігі кезінде еленбей қалғанын, енді “ештен кеш жақсы” дегендей, сол кісіге лайықты құрмет көрсету жөнінде өз пікірлерін жариялап, әлденеше дүркін үн қатты. Жалпы, жұртшылық арасында бұл ұсыныс үлкен қолдауға ие болды.

Жақында Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен осы бір абзал жанға “Халық Қаһарманы” атағы беріліп, Алтын Жұлдыз айырықша белгісі тапсырылды”, – деп жазыпты. Міне, қуанышты хабар! Ел болып көптен күткен хабар.Ақын жүрегін толқытқан . Қаһарман қыздың ерлігін жырлайын ендеше.

Өлең оқиды.

Аспан, Аспан.

Ақ аспан, алау аспан,

Ала бұлт, қара бұлтпен араласқан.

Аспан деген іңкәрлік әлеміндей

Қызығатын кішкентай бала жастан.


Ақ бұлттарды орап ап құшағына,

Қанат бітіп түсінде ұшады ма?

Хиуаз сан қиялдың жетегінде

Ұшқыш болсам” деген оймен құсалы да.


Жас қыздың жігері от боп жалындайды,

Батылойкейдеешкімгебағынбайды.

Ұшқыш болу қолымнанкелерме” деп

Кей түніұйқықашыпуайымдайды,


Арманың, – дейдібіреу: жәйбірмазақ,

Бұлойлайды: Мен де бірмықтықазақ.

Орысқызы Раскова – ел аузында

Биіктеұшудегенқандайғажап!


Елемейазабын да, ауырын да,

Кездесерқиындықтыңбәрімұң ба?

Хиуазқайсармінезқалпыменен

Келдібатыл “Аэроклуб” ауылына.



Екінші көрініс


Аэроклуб алаңы. Жүгіріп Хиуаз келе жатады. Маңдайшада-“Аэроклуб»

деген жазу тұрады. Басшының кабинеті. Хиуаз құжатын ұстап бөлмеге кіреді.

Хиуаз: Ағатай,амансыз ба? Мен ұшқыш болғым келеді.Атақты Раскова сияқты. Сабақ үлгерімім өте жақсы . Міне аттестатым. Өзім спортшымын, батылмын.Ісіме тиянақтымын.

Аэроклуб басшысы: Қалқам!Үйренем десең, оқимын десең , үмітіңді үзбе болашақтан. Біздің оқу орны тек “Запастағы ұшқыш” деген куәлік бере алады. Әуе академиясы Мәскеуде .

Хиуаз: Ұшқыш боламын деген талабымды құптағаныңыз үшін сізге рахмет, аға! Сенімдеріңізді ақтаймын.

Аэроклуб басшысы: Көзіңде от ұшқыны алаулап тұр екен. Өзің Исатай-Махамбеттердің ұрпағы емессің бе?!

Хиуаз: Иә, аға! Елім Жайық бойынан. Қазақтың батыр мінез бір қызы болсам арманы жоқ.

Аэроклуб басшысы: Боларсың ,қарағым. Енді сабағыңа бара ғой.


(Самолеттердің дауысы, музыка, түрлі-түсті жарық беріледі)


Соғыс!деген қатты дауыс естіледі.



Үшінші көрініс


Комиссар бөлмесі. Стол үстінде телефон.Кағаздар шашылған.Комиссар телефон құлағын бұрап сөйлескелі жатқанда, бөлмеге есік алдындағы күзетші жігітті қаға-маға ішке Хиуаз кіріп келеді. Колында өтініш арызы.

Күзетші: Жолдас комиссар! Мына қарындас сіздің рұхсатыңызсыз, мен бөгей алмадым.

Комиссар (қабағын түйіп): Жолдас азаматша!Дереу кабинеттен шығып тұрыңыз! Менің бір минут уақытым да жоқ. Сіздің өтінішіңізді тыңдауға.

Хиуаз:Жолдас комиссар! Міне-Арызым!Мені майданға жіберіңіз!Жау жағадан алғанда үн-түнсіз қала алмаспын.Елімді қорғауға аттанам! Міне, запастаға ұшқыш деген куәлігім.Раскова бастаған ұшқыш қыздар полкі жасақталып жатыр деп естідім радиодан. Менің қай жерім кем?! Отаным үшін –жан пида! Қасық қаным қалғанша күресем жаумен!Жіберіңіз мені майданға.

Комиссар: Түсінікті. Жолдас Доспанова! Өзің айтқаныңнан қайтпайтын қайсар қыз екенсің. Ертең аттанасың майданға! Әттеген -ай, жап-жас ана сүті аузынан кеппеген бала екенсің. Бұл 1942-нің соғыс сұрапылы жасты да, кәріні де аямай тұр-ау! Жолың болсын,ұшқышым! Мына «запастағы ұшқыш» атты куәлігіңмен Расковның жасақтап жатқан ұшқыш қыздар полкіне барасыз!

Хиуаз(қолын шекесіне апарып): Құп болады, комиссар!


Мина, бомбалардың дауысы



Төртінші көрініс


Музыка естіледі. Ағаш жанында Үстіне ақ жамылғы жамылған ақын отырады. Өлең жазып жатады. Ақ қағазын жазып өлеңін оқиды.



Қауіп–қатер, тауқымет–тосын бәрі,

Күйзеліс, қиындық та қосылғаны.

Әуедегі шайқаста отқа оранған

Ұшақтардың гүрілі басылмады,


Соғыстың аты – суық, жүзі – қатал,

Еліүшінқайранжүрекжалынатар.

Қыздардыңавиаполкікөкжүзінде

Жауынашүйлігедішашыпқаһар.


Бетпе – бет келуқандайқатерменен,

Үрейліойсененқашыпкетердеген.

Жүйкегекүштүскенде ми дамылдап

Сескенугеуақытжетермеекен?!


Батырлықдепайтпадымұныбілген,

Тек қорқақтарқашадыінгеіннен.

Етігімен су кешкенесілерлер

Ерліктіңөзінсезген, құнынбілген.


Ұрыс осы.Қарсыалароқпен, отпен,

Қарсыласуполкіндежекпе–жекпен.

Соғысөртібояды, аямады

Жиырмадағықыздардыңшашынақпен.


Жаудыңкүшінтойтарыпқұлатқанда,

Ақшаш, әжімкірмейдісұрақтарға.

Әуеденбомбалайдытапсырмаалып

Өжетқыздарбосаңдықтыұнатқанба?!


Қаншагүлертесолдысағағынан,

Қаншытамырсуалдыжанарынан.

Шынашақтайтағдырлар тарам–тарам

Уақыттұр. Қаржауыпқабағынан.


Небірқиынтосқауылдарқарсыалады,

Сезілмейдікүйрегені, шаршағаны,

Жаужағыбұлполктіңатынестіп

Қорқыныштымыстандар” деп жар салады.


Тапсырмаларқауіпті. Қатерліүн,

Отқаораныпұшақтар,

Жоғалыпшекерліүн.

Қаруластаразайдыкүнненкүнге

Беудүние! Біркүніөтермісің.


Әткеншектепкендейме бар атырап?

Көзінеелестейдіжер, топырақ.

Жан жақтанзу–зуеткеноқтарүні

Құлдилаған не ұшақ, не жапырақ?!




Бесінші көрініс


Аурухана. Төсекте қол-аяғы ақ дәкемен таңулы Хиуаз жатады. Мұңды музыка «Жұмыр қылыш» күйінің әуеніне ұласады. Күй ырғағымен Хиуаз қозғала бастайды. Жан жағына қарап ,әлдекімді іздегендей болады. Біресе ойланып отырады. «Қолдай гөр! Құдыретті Жаратқаным! деп алға ұмтылады. Жолдастар, мұнда кім бар деп айқай салады.Дәрігер келеді.




Дәрігер : Ұшқыш Доспанова! Сіз ауруханадасыз,

Емделесіз, амансыз, тосылмаңыз!

Хиуаз:Жолдастарым аман ба, олар қайда

Дәрігер жолдас, айтыңыз, жасырмаңыз!


Дәрігер(қинала сөйлеп Хиуазғадәрі мен су береді ): “Дәріңізші ішіңізші.Сабыр етіңіз,жолдас Доспанова! Тапсырманы орындауға барған экипаждың мүшесі түгел мерт болған. Ұшақта аман қалған өзіңіз тек!


Хиуаз: Қалайша? Менің батыр құрбыларымның бәрі мерт болғаны ма? Қайран қырандарым-ай! (жанарынан жас жылайды қолымен керуетін соғып жыр айтады):

Сендер! Сендер!

Ерлікпен шайқастыңдар!

Жер астында тып–тыныш жатпассыңдар.

Екпіні қатты сұңқарларым!

Арыны асау тұлпарларым!

Сендер жүректілер мен

Рухы күштілердің –

Жадында қалар жарқын мысалсыңдар,

Жұмақта құс болып ұшарсыңдар.

О, қайран қыран құрбылар!

Сырдыұғар!

Кімсынбас, кімсынар

Сендер – құламасбіршынар!


Долданыпкегімқайнасын,

Толқын ем – айналамтасқынға.

Қаруласқұрбыларқайдасың

Айғаұлыдымқасқырдай...



Ұшқыш қыздардың биі аққу тәріздес ақ киіммен қалқып билейді.



Алтыншы көрініс


Аурухана ауласы. Жаралылар есік алдында отырады. Ақ қанатты періштедей ақын пайда болады.Үстінде ақ желбегей жамылғысы. Жаралыларға сыртынан қарап тұрады. Қолында қалам ,қағазы. Хиуаз ойланып отырады жапырақты қолына ұстапжалғыздан жалғыз.Оны ешқайыссы көрмегендей. Әркім өз тірлігімен. Біреулер шашка ойнап, біреулер кітап оқып, біреулер үйіне хат жазып жатады. Ақын өлеңін оқи жөнеледі.

Ақын:

Тұманды аспан.

Солқ–солқ еткен қара жер.

Жылап тұрды.

Бомбалардың үніне құлақ тұнды.

Темірдей тегеурінді бір алып қал

Ұшағынан жұлып ап лақтырды.


Сандырақтап есінен танып жатты,

Ұшақтан айрылғаны жанға батты.

Мен ұшамын” дегендей екі қолмен

Ұстайтындай қызыл отты, қаңғалақты.


Бұл – түсі еді. Ұшқыш енді түсінеді,

Қинайды жанын оның күші кемі.

Сауығып аман шықса госпитальдан

Жауының төбесінен жай түсіреді.


Көкке ұшуға қанатын қомдағандай,

Тістенеді шегінер жол қалмағандай.

Мынау бөлме. Дәрі сіңген госпиталің

Тар қамалдай.


Жаралы солдат: (Хиуаздың жанына жақындап келіп отырады)

Қарындасым! Жүзіңде тұр айбының,Ұшқышсың ғой,естігем.

Қандай ұшақ айдайсың?


Хиуаз:Мен ұшпаймын. Ұшқыш та емеспін мен,

Сендергекерегі тек егесбілем.

Ауруханатөсегіндежатсамдағы

Өзімдіқыранқұспентеңестірем.


Жаралы солдат:Ұшқыштыңмінезі бар мінезің де,

Ұшқыштыңарыны бар бірөзіңде.

Жан–тәніңмен, ақыл–ой, қуатыңмен

Ұшқышсың! Өзіңсоныбілесіңбе?


Екінші жаралы:

Қарындасым, Қуыршақтайқызекенсің. Ашаңжүзді.

Қос жанарың ұшқындар жанған шамдай. Өзіңнен

батырдың өр мінезін танығандаймыз. Туған жеріңді, ата-анаңды, бауырларыңды сағынған боларсың.


Хиуаз: Туған жерім Жайық бойы, Атырау өлкесі.Сағындым Жайықты,Жайықтың жусаны сағындым.Жауды жеңіп, Соғыс тез аяқталса екен.


Жаралы солдат: Хиуаз шырағым! Болмысың қыз болғанмен, заты – нар азамат екеніңді бұл соғыста таныттың. Ата бабаңның аруағы қолдасын сені..Бұл соғыста сендер, батыр қыздар!Ерлерше соғыстыңдар!Нәзіктіктерің қайратқа айналды. Елін сүйген жүрек қана осындай ерліктерге жасай алады.

Екінші жаралы солдат:Раскованың авиаполкі ерлік іспен

Тарихта “Қыран полк” боп аты қалды.Бұл полк кілең қыздан құралса да.Ерлік жырына айналар мәңгі.

Хиуаз:Жақында майданға ораламыз.Жарамыз жазылғанша асықтық.«Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі»демей ме атам қазақ.

Жаралылар: Жеңеміз жауды! Жеңіс туын желбіретеміз. Рухымыз биіктей берсін.

(Ақын шығады сахна алға қарай ) Ақын: Мен жырлайын елі үшін, елінің қамы үшін басын бәйгеге тіккен ерлерді! Хиуаздай қахарманын жырлайын.Қазақтың тұңғыш батыр ұшқыш қызының ерлігін жырлайын.Сол госпитальдан шыққан соң Хиуаз өз полкіне оралды.


Хиуаз от боп оралды өз полкіне,

Қаруластар жауға соққы жүр төндіре,

Отан–ошақ өртке айналған ауыр тұста

Қарлығаштар қанатымен су бүркіді.


Мәскеутүбі, Кавказ, Кубан, Қырым,

Украина, Белоруссия, Польша жерін.

Жаушебінеүшжүзретұшыпбарып

Көрсеттіерліксынын.


Жаужеңіліп “Жеңіс” депжасаққанда,

Асыққандадүйім ел ғажаптаңға.

Германия түбіндесоққыберіп

Жеңістуынжелбіреттіұшақтарда.


ҚазаққызыХиуаз оттай жарық,

Қаһармандықерлігінжұртытанып.

ОралдытуғанжергеолЖеңіспенен

Омырауына сан түрлі орден тағып...




Жетінші көрініс

Астана.Бәйтерек. Мектеп формасындағы қуанышты оқушылар. Әнұраннан үзінді орындалады.Жалауша-ту, Шарлар, гүлдер ұстаған қолдарына.



Ұл бала:

Еркін елдің еңсесі бүгілмейді,

Кешсе де қиындықты иілмейді.

Бүлдіршіндер қолына шоқ гүл ұстап

Жеңіс күні алаңдарда күлімдейді.


Қыз бала:


Өткеннің көз жүгіртсек тереңіне,

Жүрекке – мұң, көзге – жас келеді де.

Қираған қалалар мен жетім, жесір

Толғандай дүниенің кемеріне.


Ұл бала:

Елін қорғар ерлердің нарқы биік,

Тұрғандай кең иығы бұлтқа тиіп...

Туған елдің топырағын қорғау үшін

Қаншама ер кетті күйіп.


Қыз бала:

Бауыржанның ерлігі – сұрапыл дүр,

Нүркен, Талғат – биікте тұратын жыр.

Рейхстагқа ту тіккен Қошқарбаев

Әлия, Мәншүк – қайсарлық қуатым бұл!


Ұл бала:

Толғандай тебіреніске, жүзі – назға,

Батырын бағаламас елдер аз ба?!

60 жыл өткеннен соң дүлей соғыс

“Батыр” атағы берілді Хиуазға.


Шыдаған қиындыққа, қанша сынға,

“Қазақстан” әлемнің картасында.

Ер ерлігі алтынмен әдіптелді

Көрегенді Елбасының арқасында.


Қыз бала:

“Алтын басты” әйелдің өзі ардақты,

Ал, ерлігі – тарихта бар салмақты.

“ХалықтыңҚаһарманы” белгісі оны

Халықтыңалғысыбопбірсамғатты.


Мұғалім:Балалар, өздерің көрсек деп шақырған қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова апаларың бізгеқонаққакеліпті. Кәне балалар, Батыр апамызға сәлем берейік. (Балалар қолдарына кішкентай жалаушылар,гүлдер ұстап тұрады, балалар қолдарындағы гүлдерін апайға береді.Хиуаз апай ортаға биік орындыққа отырады. Бәрі Хиуазды қоршай жерге отырады.Фотоға түсіріп жатады.бәрі көңілді.)


Хиуаз Доспанова: Аманбысыңдар, Айналайын, шырақтарым! Егемен еліміздің ертеңі-гүлдей жайнаған балғын бөбектерім! Сабақты жақсы оқыңдар,ата-аналарыңа қолқанат болыңдар, ұстаздарыңды сыйлаңдар. Кітапты көп оқыңдар.Ата-бабаларыңның тарихын біліңдер.Ел басына күн туған шақта Сендердің жарқын болашақтарың үшін Отанымызды қорғадық.Батыр Бауыржан Момышұлы аталарың «Батырлық –табиғат сыйы емес, ұзаққа созылған тәрбиенің жемісі»деген еді ғой.


Бірбала: Хиуаз апай, айтыңызшы, сонда

“Қаһармандықдеген не?” Мен қаһарман бола алам ба?


Хиуаз Доспанова:(баланың басынан сипап, орнынан тұрып қолымен балаларды жетектеп ортаға шығады): Батырлық пен қаһармандық егіз ұғым, шырақтарым. Елін сүйген батыр ерлік жасайды, елінің атын шығарады. Сен де бір күн қаһарман боларсың, қарағым. Ол үшін ең әуелі жақсы оқуың керек. Халқымызда «Б ілекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады» деген мақал бар. Балаларым, батырлық пен қаһармандық дегеніміз ол егіз ұғым ,үлкен ұғым.


“Қаһармандық – еліңді сүю болар,

Қаһармандық – тарихыңды білу болар!

Қаһармандық – қастерлеп ата–анаңды

Отаныңа басыңды ию болар!..”



Бәрі бастарын иеді. Ән . Сахнаға барлық кейіпкерлер шығады.


Шымылдық.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ХИУАЗ-?А?АРМАН ?ЫЗЫ ?АЗА?ТЫ?

Автор: Жакаева Фатима Темирболатовна

Дата: 20.02.2016

Номер свидетельства: 296334


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства