Просмотр содержимого документа
«Халы?тар досты?ы ша?ыра? шатты?ы»
Өтетін күні: сағ: 12.00, 29.04.2015ж
Өтетін орны: Мектеп акт залы
Жүргізушілер: Оралбаев Диас, Акмурат Диас
5- 7 сынып оқушыларына арналған мерекелік концерт
Тақырыбы: "Халықтар достығы шаңырақ шаттығы"
Мақсаты: Оқушыларға көтеріңкі көңіл –күй сыйлай , бір-бірімен еркін араласуға ,достық қарым-қатынастарын жетілдіру арқылы сахна мәдениетін меңгерту. Оқушыларды әр қырынан көру.
1 - Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушыдар, Сіздерді 1- Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін. ! Бүгінгі мерекемізге арналған «Халықтар достығы шаңырақ шаттығы» фестиваліне қош келдіңіздер!
2 - ведущии: Добрый день, дорогие друзья. Мы рады приветствовать вас на празднике дружбы «Дружба народов - счастье страны», посвященном Дню Дружбо народов Казахстана.
1-Жүргізуші: Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.
2- Ведущии: В Казахстане в единой семье живет около 16 млн человек, представителей более 120 национальностей и народностей. На казахском, русском, уйгурском, корейском, татарском языках издаются книги и газеты, работают национальные программы, радио и телевидения.
1-Жүргізуші: Бейбітшілік әніміз. Бауырласпыз бәріміз Қазақстан даласында Жарасады сәніміз - дей келе мерекелік құттықтау сөз кезегін мектебіміздің басшысы - Муратова Улмекен Сағынқызына береміз.
Қазақ биі "Қамажай" 4б сынып оқушылары
2- Ведущии: Всех нас, людей всех национальностей объединяет общее, имеющее одно из важнейших понятий: Мы народ Казахстана! И в этом Казахстан – уникальное государство с многообразием культур и религий.
Ән: 2б класс "Пусть всегда будет солнце"
1-Жүргізуші:
Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр - дей келе келесі кезекті сыған биіне береміз
Би: 3а сынып оқушылары
1-Жүргізуші:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.- дей отырып келесі ән шашуымыз сіздерге арналады.
Ән: "Ақ көгершін" 4а, 2в сынып оқушылары
2- Ведущии:
Казахстан! Ты наполнен любовью
И творчеством ста наций мира
Кому родиной стал по веленью судьбы!
Пусть тебя стороною обходят
И распри, и войны,
Нас в обиду не дай,
В трудный час поддержи!
Би: 4ә сынып "Калина"
1-Жүргізуші:
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Байлықтың ең үлкені – келесі әнімізді тамашалаңыздар
Ән:1а сынып, "Біз өмірдің гүліміз"
2- Ведущии:
Дружба народов не просто слова,
Дружба народов навеки жива,
Дружба народов счастливые дети,
Колос на ниве и сила в расцвете
Би: 1б класс "Цветов"
1-Жүргізуші:
Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.
Би: Үнді биі, 1в сынып
2- Ведущии:
Дружба народов не просто слова,
Дружба народов навеки жива,
Дружба народов счастливые дети,
Колос на ниве и сила в расцвете
Ән: 3б класс
1-Жүргізуші:
Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде
Би: Үнді биі 1ә
Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз
Достық туымыз,
Достық әніміз - дегендей келесі әнімізді тамашалаңыздар
Ән:3ә, 2ә сынып. "Дос болайық бәріміз"
\Әннің соңында бәрі шығады\
1-Жүргізуші: Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік фестивалімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет.