kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Халы?аралы? ?йелдер к?ніне арнал?ан "Ана - ?мірді? г?лі" атты т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Ана - ?мірді? г?лі. Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а ?лемні? жары?ын сыйла?ан аналар мерекесі туралы т?сінік беру. Мейірімділікке, сый - ??рметке т?рбиелеу, ?лт?а т?н жа?сы ?асиеттерді ?алыптастыру. К?рнекілік: даналы? с?здер жазыл?ан плакаттар. Саба?ты? барысы: ?йымдастыру б?лімі. (О?ушылар мерекеге сай ?демі киініп отырады. Сыныпты мерекеге сай етіп безендіру). ?нтаспадан А.?оразбаевты? «Ару ана» ?ні ?алы?тайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Халы?аралы? ?йелдер к?ніне арнал?ан "Ана - ?мірді? г?лі" атты т?рбие са?аты »

Сабақтың тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекілік: даналық сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

(Оқушылар мерекеге сай әдемі киініп отырады. Сыныпты мерекеге сай етіп безендіру).

Үнтаспадан А.Қоразбаевтың «Ару ана» әні қалықтайды.

Негізгі бөлім.

  1. Жүргізуші: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген- бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық алтын бақ

  1. Жүргізуші: Ана деген- асыл жандар болаттай

Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай

О, адамдар қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл- ойды тонатпай

1-Жүргізуші: Адам үшін ең аяулы жан, ең қастерлі жан – ана. Бала шырылдап дүниеге келгеннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін,махаббатын бере білген аналар үшін елімізде бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8- наурыз мерекесі.

2- Жүргізуші: 8- наурыз халықаралық әйелдер күні. Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы мерекеге орай аяулы да ардақты аналарға, ақ жаулықты әжелер мен әсем, сұлу аруларға арнамалқшы. Ол болса мерекелеріңіз құтты болсын!

1-Жүргізуші: Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.

1-оқушы: Ана... Бұл сөз әрбір халықта бар. Ол барлық тілде де қасиетті сөз. Нәзік те мейірімді жылы естіледі.

2-оқушы: Ана дегеніміз – әлемнің жан дүниесі. Ол дүниеге тіршілік тұқымын себеді.Ана сөзі бізді елең еткізбей, жылылықты пен шуақты сездірмей қоймайды.

3-Оқушы: Өзіңе еліктеп өсермін

Борышты өтермін қалайда

Тым нәзік, жұтаңдау жырымды

Жүректе жылытшы, жарай ма?

4-оқушы: Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.

Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

2-Жүргізуші: Ия, аналарымызға деген біздің көңіліміз, мейіріміз ұшан – теңіз.Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.

1-Жүргізуші: Ана десем шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген тіршілікте пана боп

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Бүгін оқушылар өз аналарына, ұстаздарына арнап көптеген сыйлықтар дайындады.

Алдарыңызда 4 «в» сынып оқушысы Гүлімді «Аяулы анашым» атты әнімен қарсы алайық.


5-оқушы: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

6- оқушы: Әлпештеген баласын

Ана – бақыт, ана күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын.

7-оқушы: Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған

8 –оқушы: Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны ешқашан қарыздармын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы

9-оқушы: Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз

Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын

Анаға арнап тағы бір ән саламыз

2-Жүргізуші: Хор: Анашым

10- оқушы: Алтын анам жасымнан аялаған

Мен үшін игілікті аямаған

Сабақтан шаршап үйге келгенімде

Бал сөзі - жаным деген, сая маған.

11 - оқушы: Құтты болсын, ардақты ана

Асыл анам мерекең,

Құтты болсын теңдік алған.

Қуанышты берекең.

12 - оқушы: Құрметтейік, о адамдар аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі, ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істейтін әр қадамды.

13 - оқушы: Аналар – ау менің шалқар көлдерім,

Көлдерім мен асқар – асқар белдерім.

Мына өмірде қуанышты жүргенім,

Сенің арқаң бұл өмірге келгенім.

1-Жүргізуші: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік. Ойын: «Аялы алақан» Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу.

2-Жүргізуші: Мерекені қарсы алып,

Мәз болғанда барша жұрт,

Гүл ұсынып қыздарға,

Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)

1-Жүргізуші: Ұлдар сендерге қыздардың атынан үлкен рахмет айтамын. Олай болса бүгін ұлдар қыздарға арнап ән айтпақшы. «Біздің сыныптың қыздары-ай». Орындайтын 4в сыныбының ұлдары.

14 - оқушы: Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым

2-Жүргізуші: Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

1-Жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа

– дей отырып бүгінгі «Ана – өмірдің гүлі!» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Халы?аралы? ?йелдер к?ніне арнал?ан "Ана - ?мірді? г?лі" атты т?рбие са?аты

Автор: Тасжанова Амангуль Сагиновна

Дата: 23.02.2015

Номер свидетельства: 177547


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства