kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?аза?ты тарихымен ?ауыштыр?ан»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?аза?ты тарихымен ?ауыштыр?ан»

/ о?ырман конференциясы /

  Ма?саты: ?аза? ?дебиетін насихаттау, тарихи-м?дени ж?не рухани м?рамызды са?тау, жастарды отаншылды??а, ?негелілікке т?рбиелеу, сондай-а?, о?ырмандарды ?деби-к?ркем кітаптарды о?у?а, кітапхана?а тарту?а ба?ыттал?ан «Бір ел - бір кітап» республикалы? акциясы биыл сегізінші рет ?йымдастырылуда.

Кітапханашы: ??рметті о?ырман, ?стаздар, ?она?тар б?гінгі «Бір ел – бір кітап» акциясына арнал?ан о?ырмандар конференциясына ?ош келді?іздер!

Конференциямызды бастамас б?рын сіздерге  «Бір ел – бір кітап» акциясыны? шы?у тарихы туралы ?ыс?аша м?лімет беріп ?тсек.

     
   Ол кезде м?ндай шы?арманы жазба? т?рма?, ?аза? хал?ыны? ертеректе ?мір с?рген артында мол м?ра ?алдыр?ан, елім деп е?іреген, ел ?шін, жер ?шін мерт бол?ан батырларды?, хандарды?, шешендерді? атын атауды? ?зі, олар ж?нінде ??гіме ?оз?ауды? ?зі ?иын еді, ?ауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осыны? б?рін біле т?рып ?аза? хал?ыны? ?ткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол ма?л?мат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, о?ырман?а ?сыну жай ерлік ?ана емес, талантты жазушыны? саяси же?ісі еді.

  1. Алмас ?ылыш романында ХV –ХVІ ?асырларда ?аза? ханды?ыны? ??рылуы, ?біл?айыр, Ж?нібек, Керей хандарды? та? ?шін таласы, ?аза? руларыны? бірлесу идеясы суреттеледі.
  2. Жанталас романында ХVІІ –ХVІІІ ?асырларда?ы ?аза?станны? шетел бас?ыншыларымен к?ресі ж?не ?біл?айыр ханны? ?аза?станны? Батыс б?лігімен Ресей патшалы?ы ?ол астына кіруі сипатталады. ?алма? ханды?ыны? ?аза? еліне опасызды? шап?ыншылы?ы, Алак?л ма?айында, Ордабасы ??ірінде бол?ан ?ыр?ын ?рыстар, Ресей патшалы?ыны? ?ол астына кірген ?біл?айырды? т?пкі армандарыны? жеке басында?ы т??ілістері туралы жазыл?ан.
  3. ?а?ар романында ХVІІІ ?асырда Абылай хан баста?ан ?аза? хал?ыны? ?алма? бас?ыншыларын біржолата тал?ан етуі, Абылайды? ?аза? елін дербес ?аза? ханды?ына біріктіру ?рекеттері ж?не Абылай хан мен оны? батырларыны? ел т?уелсіздігі ?шін к?рестегі ерлік, даналы? істері баяндалады. Абылай ханны? ?аза? елін біріктіру жолында?ы жанталас к?йзелістері суреттеледі.
  4. : Осы романдарда  суреттелген басты кейіпкерлерді? образдарын тарихта?ы деректер бойынша   ?штастырып, салыстыра отырып о?ушыларды? дайындап ?келген баяндамаларын ты?дап ж?не пікір таластырып, тал?ылап отырса?.
  1. Алмас ?ылыш романы бойынша ?біл?айыр хан, Ж?нібек хан, Керей хан

?уанды??ызы ?семн?р 10-с - ?біл?айыр хан, ??сайын А?н?р 10-с – ?аза? ханды?ын ??рушы Ж?нібек хан, Керей хан

  1. Жанталас романы бойынша ?асым хан, Ха?назар хан, Абылай хан, Б??ар жырау

М?хтар Жанн?р 8-с - ?асым хан, Марат Фариза 10-с –«?аза? жерін біріктіруші Ха?назар хан», Зейнел Ар?ат 10-с - Абылай хан, Д?улетхан Н?р?ат 10-с - Б??ар жырау

  1. ?а?ар романында бойынша  Асан ?ай?ы, ?азту?ан, Кенесары хан, А?ыбай батыр 

?арсыбек Тол?ын 10 –с - Асан ?ай?ы, Мейірханова А?тоты 9-с - ?азту?ан, Бейсембай Айдана 9-с – «?аза?ты? со??ы ханы -Кенесары хан», А?ыбай батыр ?алел Олжас 10 – с.

Ілияс Есенберлин ?з ?мірінде арт?ы?а жетерлік мол ?азына жазып ?алдырды. Біз оны? осы шы?армасын о?и отырып, б?рын тек тарихтан ?ана есімдерін біліп, ерлік істерімен ?ана шектелетін батырларымызды? ?мір т?рмысын, ар?ы тарихы мен тере? сырларын біле аламыз. Шы?армада?ы тарихты? ?р с?ті ?те к?ркем ?рі д?л суреттеледі. ?аламгер ?з заманын болаша? заманы, ?рпа? ?мірі деп білген, сол себепті ?ткен ?мірді? ба?а жетпес деректерін к?ркем ?рі т?сінікті тілде ?рпа??а жеткізген. Еліне деген, ?мірге деген ысты? с?йіспеншілік оны? осы туындыны жары??а шы?аруына септігін тигізген болса керек.

Не десек те біз, кейінгі ?рпа?, оны? осынау та?ылымынан ?лгі алып, ?лт жау?арларын ?адірлей білгеніміз ж?н. Себебі, б?л - ерлік белгісі, ?лт болып ?йысуды? алтын ді?гегі, халы?ты? асыл м?расы. Ол ?з с?зінде: «Б?л арада барлы? м?селе жазушыны? жеке басына келіп тіреледі. Ол ?мірден нені к?рсе, ?мір, адамдар жайында нені біліп, нені пайымдаса, жадында нені ?стаса, неге ала?даса, азаматты?, адамгершілік к?з?арасы ?алай болса, оны? шы?армашылы?ы да солай болады» - деген. Демек, б?л трилогия - жазушыны? да к?рген-білгені, білімі мен адамгершілік к?з?арасы.

Ілияс Есенберлинні? шы?армалары ты? та?ырыпта жазылып, ?аза? ?дебиетінде о?ан дейін м?лде к?терілмеген м?селелерді ?оз?а?ан, ?дебиетке серпін ?келген, о?ырман с?йіспеншілігіне б?ленген туындылар.

Есенберлинні? шы?армалары б?рын?ы Ке?ес Ода?ы д?уірінде барлы? республикалар о?ырмандарыны? с?ранысына ие болды, ал ?аза?станда б?гінгі к?нге дейін с?реде жатып ?ал?ан емес. ?сіресе 15 ?асырдан берідегі тарихымызды тол?ай жаз?ан «К?шпенділері» Т?уелсіздік жылдарыны? ?зінде сан м?рте басылып лезде ?олдан ?ол?а тарап кетті.

?лтты? рухын оят?ан «К?шпенділер» трилологиясы орыс тіліні? ?зінде 12 рет басылып, 1,5 миллион тиражбен тарады. Жалпы б?л трилология ?лемні? 30 тілінде жары? к?ріп, 50 рет ?айта басылды. 2005 жыл?ы есеп бойынша, д?ние ж?зіне тарал?ан жалпы тиражы 3 миллион дана. Сонды?тан ?рбір ?зін сыйлайтын адам Ілияс Есенберлинні? тарихи трилогиясын о?уы ?ажет. ?йткені б?л ата?ты тарихи шы?арма эпикалы? ??лаш-?арымымен‚ о?и?аларды? серпінділігімен‚ ?аза? тарихыны? жанды ?рі ?айталанбас т?л?аларды? бейнесімен‚ тіліні? шынайлы?ымен ж?не ай?ындылы?ымен ерекшеленеді. Тарихта еш?андай «жо?алып кетулерді?» болма?анын‚ осы ?асырларды? б?рінде де ?аза? хал?ы ?зіні? ежелгі жерінде ?мір с?ріп‚ е?бек еткенін сенімді т?рде к?рсетеді.

    ??рметті ?стаздар, ?она?тар  осы конференциядан ал?ан ?серлері?ізбен б?лісіп, ?орытындылап ?тсе?іздер.

??рметті о?ушылар сонымен «Бір ел – бір кітап» акциясына арнал?ан о?ырмандар конференциясы ая?талды. Келгендері?ізге к?п рахмет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?аза?ты тарихымен ?ауыштыр?ан»»

«Қазақты тарихымен қауыштырған»

/ оқырман конференциясы /

Мақсаты: Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы биыл сегізінші рет ұйымдастырылуда.

Кітапханашы: Құрметті оқырман, ұстаздар, қонақтар бүгінгі «Бір ел – бір кітап» акциясына арналған оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер!

Конференциямызды бастамас бұрын сіздерге «Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихы туралы қысқаша мәлімет беріп өтсек.

Жобаның идеясы АҚШ-та өте танымал болған. Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты - Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты - Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго, Буффало, Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды.

«Бір кітап, бір Чикаго» бағдарламасы Чикаго көпшілік кітапханасында басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып - отбасында, жұмыста жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда талқылауға ынталандыру болып табылады.

Ал енді, өз елімізге келетін болсақ, «Бір ел – бір кітап» акциясы өз жұмысын 2007 жылдан бастап Абайдың қарасөздерін оқудан бастады. 2008 жылы М.Әуезовтің «Қилы заман» кітабын, 2009 жылы Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» атты кітабын, 2010 жылы Тұманбай Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасың, 2011 жылы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романының, 2012 жылы Оралхан Бөкеевтің «Қайдасың, қасқа құлыным?» атты повесі ұсынылған, ал 2013 жылы Атыраудың ару ақыны, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағы, жалпы ақынның шығармалары енгізілген. 2014 жылы қазақтың көрнекті жазушысы Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» шығармаларын оқуға берілген. Айтып өткендей акцияның мақсаты – бүкіл ел бір уақытта бір кітапты оқып талқылау.

Биыл Қазақстан халқы үшін 2015 жыл аталып өтетін мерейтойларға толы жыл. Олар: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл, ҚР Конституциясының қабылданғанына және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл. Сонымен қатар жоғары деңгейде аталып өтетін саяси-қоғамдық маңызы бар мерекелер – Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығы.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни 2015 жылы бүкіл ел болып оқуға Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалды. Бұл таңдау классик жазушы, ғажайып сөз зергері Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО аясында дүниежүзілік дәрежеде аталып өтуімен және жоғарыда аталған тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келіп отыр.

Кітапханашы: Ілияс Есенберлиннің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндама


Өмірбаяны және шығармашылығы


Ілияс Есенберлин 1915 жылдың 10 қаңтар күні Ақмола облысы Атбасар жеріндегі ағаш шеберінің отбасында дүниеге келген. Ілияс інісі Раунақ екеуі ата-аналары қара шешек індетінен қайтыс болғандықтан ерте жетім қалады. Раунақты жақын туыстары паналатып, қамқорлық жасайды, ал 9 жасар Ілияс балалар үйіне орналастырылады.

Шығармашылыққа бір табан жақын өскен бала Ілияс мектеп қабырғасында болған кезінде өзінің таңқаларлық математикалық қабілетін көрсете білді, сонымен қатар ол әртүрлі оқиғалар мен құбылыстарды жылдам талдап жүйелей алатын, қазақ ауыз әдебиетін өте жақсы білуімен қатар әлемдік классикалық шығармаларды сүйіп оқитын, сурет салумен әуестенетін және жылқы малына жаны құмар болды. Оның мінезі жарқын, өте жігерлі, шыдамды және есте сақтау қабілеті ерекше, өмірге құштар болды.

Мектепті тәмамдаған соң жұмысшы факультетінің студенті атанып, үздік аяқтайды. Кейін Қарсақпайдағы аудандық атқару комитетінде жұмыс істей жүріп, Алматы Тау-кен металлургиялық институтына түсіп, «тау инженері» мамандығын алып шығады.

1940 жылы институтты аман-есен аяқтап, Жезқазғанға жұмысқа жіберілген. Сол жылы күзде Қызыл әскер қатарына шақырылып, Рига әскери-саяси училищесінде оқып, соғысқа аттанды.

1942 жылы қатты жарақаттанып, госпитальге түсіп, бір жылдан соң мүгедек болып елге оралды. 1947 жылға дейін Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің аппаратында инструктор болып жұмыс істеді. Соғыс аяқталарда, 1937 жылы атылып кеткен әділет халық комиссары Хамза Жүсіпбековтың қызы Диляра Жүсіпбековаға үйленіп, қайын енесін АЛЖИР-ден алдырғаны үшін НКВД-ның назарына ілігіп, 1949 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын Қарақұм каналы құрылысында жарылыс жұмыстары жөнінен тау инженері болып бес жыл жұмыс істеп өтеді. Сталиннің өлімінен соң ақталып, босатылады. Жұбайымен Семей облысындағы кеніштерде жұмыс істейді. Артынан Қазақ КСР-ның Геология министрілігінде, кейін шахтада басқарма басшысы болып қызмет атқарады.

Көркем шығармаларын Ілияс Есенберлин соғыс кезінде жаза бастайды. Оның алғашқы өлеңдері мен поэмалары 1945 жылы жарияланады. Бірақ ол өзінің шығармашылыққа және әдебиетке деген бейімділігін соғыстан кейінгі жылдарда ғана анық сезіне бастайды.

Жанұясымен Алматыға оралып, қатардағы редактор лауазымында, көркем әдебиет баспасына жұмысқа орналасқан соң проза жанрындағы алғашқы «Адам туралы ән» романын жазады. Кейінірек Есенберлин «Қазақфильм» киностудиясына ауысып, танымал әдебиет пен өнер майталмандары - Қапан Сатыбалдин, Шәкен Айманов, Олжас Сүлейменов сияқты т.б. өзіне жақын адамдардың ортасынан табылады. Ол киностудияда көптеген фильмдерді редакциялап, ондаған киносценарийлер мен пьесалар жазады. Бірақ жазушы кейіннен өзінің кәсіби драматург бола алмағанын мойындайды.

Ілияс Есенберлин Алматы қаласында 1983 жылдың 5 қазанында, ұлы жаңа ғана баспадан шыққан бес томдық шығармалар жинағын әкелген күні жүрегі жарылып, дүние салды.

Кітапханашы: «Көшпенділер» тарихи туындысының жарыққа шығу тарихына тоқтала кетсек.

Қазақтың көрнекті жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ілияс Есенберлин – ұлт тарихын көркем әдебиетте алғаш суреттеген қаламгер. Қаламгер өз халқының тарихын зерттеп зерделеуге көп назар аударады. Ол ғылыми монографияларды оқып, мұражайлар мен мұрағаттарға жиі барып ізденетін, түпнұсқалық құжаттарды барлық зейін-ықыласымен зерттеп, тынымсыз еңбектенетін. Өзінің ойға алған алғашқы тарихи романын жазу үшін ол үздіксіз еңбектеніп, көптеген мәліметтер жинап, оларды өңдеуден өткізді. Ал 1965 жылы Есенберлин бар-жоғы үш айдың ішінде өзінің әйгілі трилогиясының бірінші кітабы «Қаһарды» жазып бітіреді, көп кешікпей жаңа «Көшпенділер» атауымен трилогияның қалған екі кітабын да жариялайды.

Елбасымыз айтқандай: «Осы туынды арқылы аса көрнекті жазушының шығармаларын қастерлеушілер мен бағалаушыларға, біздің тарихымызды қымбат көретін барша жұртшылыққа бұл шығармаға жаңаша - ежелден азаттыққа ұмтылып, ұлттық тәуелсіздік үшін ерлікпен күрескен қазақ халқының жүзеге асқан арманы тұрғысынан қарауға мүмкіндік беріледі. Бүгінгі күні бұл трилогияны қайта-қайта оқи отырып, біз керемет қырағылықпен ата-бабаларымыз - Әбілқайыр, Абылай, Кенесары хандарымыз, Наурызбай, Қобыланды батырларымыз, Төле би, Асан қайғы, Бұқар жырау даналарымыздың егемендігіміз үшін жасаған үлкен еңбектерін түсіне аламыз. Бұл адамдар және олардың серіктестіктері мен ізбасарлары өз елін шексіз сүйді, оның болашағына сенді, осынау көкейкесті мұратқа жету үшін аянбай күш-қайрат жұмсады. Ендігі жерде жастар бұл шығармадан рухани мықтылықтың, адамгершілік пен отаншылдықтың үлгісі мен тағылымына мөлдір бұлақтан су ішкендей қана алады. Ал енді аға ұрпаққа келетін болсақ, кітапты қайталап оқып шыққаннан кейін олар өздері осыдан біраз ғана бұрын байыбына бара алмастай көрінген көкейкесті сұрақтардың көпшілігіне жауап таба алады. Олардың ең бастысы, жеке және ортақ мүдделері үйлесім тауып біріккен халық, өзін түлетіп өсірген жерге адал берілген халық тауды қопарып тастауға, ең қиын мәселелерді шешуге қабілетті екендігін түйсінуде болса керек» - деп, тарихи туындыны аса жоғары бағалаған екен.


Бұл трилогия тарихи аңыз қаһармандарының портретінен бастап көркем суреттеліп, аса шеберлікпен жазылған. Тарихи оқиғаларды осылай жазба әдебиеттің қажетіне жарату І.Есенберлин сияқты ұлы қаламгердің ғана шеберлігіне байланысты деп білеміз.

Осы тарихи трилогияның авторы өз күнделігіне былай деп жазған: «Жазушы алыста қалған уақытты тарихи зерделеумен ұзақ айналысқан кезде, өтіп кеткен адамдар мен оқиғалар оның санасында қайта тіріліп, ол еріксізден осының бәрінен тек адамды ғана көреді. Менде де осылай болды. Кенесары ханға қатысты XIX ғасыр оқиғаларын зерттей келе, мен осы өткен тарихи оқиғалардың бәрінен де қасіретті адамның тұлғасын көрдім. Ол маған бүкіл күрделі мінезімен, табыстарымен, сәтсіздіктерімен көрінді де, мен ол жайында роман жазып шықтым. Ақтаған да, қаралаған да жоқпын, өмірде қалай болса, солай етіп жаздым» - деген екен. Шынымен де, кітапты түгелдей оқып шыққан адам жазушының шығарманы жазудағы ой тебіреністерін сезіне алады.

«Көшпенділер» трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы  Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі.

Шығарма кейіпкерлері – негізінен, тарих тұлғалары, Шыңғысхан дәуірінен басталып  Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы — партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. 
Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсыну жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді.

  1. Алмас қылыш романында ХV –ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттеледі.

  2. Жанталас романында ХVІІ –ХVІІІ ғасырлардағы Қазақстанның шетел басқыншыларымен күресі және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі сипатталады. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы, Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңілістері туралы жазылған.

  3. Қаһар романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі, Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттеледі.

Кітапханашы: Осы романдарда суреттелген басты кейіпкерлердің образдарын тарихтағы деректер бойынша ұштастырып, салыстыра отырып оқушылардың дайындап әкелген баяндамаларын тыңдап және пікір таластырып, талқылап отырсақ .

  1. Алмас қылыш романы бойынша Әбілқайыр хан, Жәнібек хан, Керей хан

Қуандыққызы Әсемнұр 10-с - Әбілқайыр хан, Құсайын Ақнұр 10-с – қазақ хандығын құрушы Жәнібек хан, Керей хан

  1. Жанталас романы бойынша Қасым хан, Хақназар хан, Абылай хан, Бұқар жырау

Мұхтар Жаннұр 8-с - Қасым хан, Марат Фариза 10-с –«Қазақ жерін біріктіруші Хақназар хан», Зейнел Арқат 10-с - Абылай хан, Дәулетхан Нұрқат 10-с - Бұқар жырау

  1. Қаһар романында бойынша  Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр 

Қарсыбек Толқын 10 –с - Асан қайғы, Мейірханова Ақтоты 9-с - Қазтуған, Бейсембай Айдана 9-с – «Қазақтың соңғы ханы -Кенесары хан», Ағыбай батыр Қалел Олжас 10 – с.


Ілияс Есенберлин өз өмірінде артқыға жетерлік мол қазына жазып қалдырды. Біз оның осы шығармасын оқи отырып, бұрын тек тарихтан ғана есімдерін біліп, ерлік істерімен ғана шектелетін батырларымыздың өмір тұрмысын, арғы тарихы мен терең сырларын біле аламыз. Шығармадағы тарихтың әр сәті өте көркем әрі дәл суреттеледі. Қаламгер өз заманын болашақ заманы, ұрпақ өмірі деп білген, сол себепті өткен өмірдің баға жетпес деректерін көркем әрі түсінікті тілде ұрпаққа жеткізген. Еліне деген, өмірге деген ыстық сүйіспеншілік оның осы туындыны жарыққа шығаруына септігін тигізген болса керек.

Не десек те біз, кейінгі ұрпақ, оның осынау тағылымынан үлгі алып, ұлт жауһарларын қадірлей білгеніміз жөн. Себебі, бұл - ерлік белгісі, ұлт болып ұйысудың алтын діңгегі, халықтың асыл мұрасы. Ол өз сөзінде: «Бұл арада барлық мәселе жазушының жеке басына келіп тіреледі. Ол өмірден нені көрсе, өмір, адамдар жайында нені біліп, нені пайымдаса, жадында нені ұстаса, неге алаңдаса, азаматтық, адамгершілік көзқарасы қалай болса, оның шығармашылығы да солай болады» - деген. Демек, бұл трилогия - жазушының да көрген-білгені, білімі мен адамгершілік көзқарасы.

Ілияс Есенберлиннің шығармалары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, әдебиетке серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар.

Есенберлиннің шығармалары бұрынғы Кеңес Одағы дәуірінде барлық республикалар оқырмандарының сұранысына ие болды, ал Қазақстанда бүгінгі күнге дейін сөреде жатып қалған емес. Әсіресе 15 ғасырдан берідегі тарихымызды толғай жазған «Көшпенділері» Тәуелсіздік жылдарының өзінде сан мәрте басылып лезде қолдан қолға тарап кетті.

Ұлттың рухын оятқан «Көшпенділер» трилологиясы орыс тілінің өзінде 12 рет басылып, 1,5 миллион тиражбен тарады. Жалпы бұл трилология әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылды. 2005 жылғы есеп бойынша, дүние жүзіне таралған жалпы тиражы 3 миллион дана. Сондықтан әрбір өзін сыйлайтын адам Ілияс Есенберлиннің тарихи трилогиясын оқуы қажет. Өйткені бұл атақты тарихи шығарма эпикалық құлаш-қарымымен‚ оқиғалардың серпінділігімен‚ қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғалардың бейнесімен‚ тілінің шынайлығымен және айқындылығымен ерекшеленеді. Тарихта ешқандай «жоғалып кетулердің» болмағанын‚ осы ғасырлардың бәрінде де қазақ халқы өзінің ежелгі жерінде өмір сүріп‚ еңбек еткенін сенімді түрде көрсетеді.

Құрметті ұстаздар, қонақтар осы конференциядан алған әсерлеріңізбен бөлісіп, қорытындылап өтсеңіздер.

Құрметті оқушылар сонымен «Бір ел – бір кітап» акциясына арналған оқырмандар конференциясы аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«?аза?ты тарихымен ?ауыштыр?ан»

Автор: Турганбаева Айгуль Хабдуллаевна

Дата: 29.02.2016

Номер свидетельства: 300381


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства