kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« ?аза?стан хал?ы Ассамблеясы – бірлікті? , келісім мен досты?ты? символы »

Нажмите, чтобы узнать подробности

« ?аза?стан хал?ы Ассамблеясы – бірлікті?, келісім мен  досты?ты? символы »

Саба?ты? ма?саты :  о?ушылар?а   ?аза?стан  хал?ыны?  бірлігін   , ?о?амда?ы  Мемлекет  Басшысыны?  бейбітшілік  пен  келісім  саясаты  

аясында  ,  ?лтты?  ??ндылы?тар туралы білімдерін ке?ейту.

Міндеті :

Білімділік міндеті : о?ушылар?а  бірлік, бейбітшілік, ?о?амды?  келісім, т?ра?тылы?, экономикалы?  даму  туралы  білімдерін  на?тылау.

Дамытушылы? міндеті : ел, этностар достасты?ы, толеранттылы? туралы о?ушыларды? талдауын, сараптауын ?йымдастыра  отырып, ойлау ж?йесін жетілдіріп, таным  к?кжиегін  арттыру.

Т?рбиелік міндеті : еліміздегі ?лыстар досты?ы мен ел бірлігін т?сінетін, ?рекет ететін елжанды о?ушылар т?рбиелеу.

Саба? т?рі : аралас  саба?.

Саба? типі : жа?а  білім  беру.

Саба? ?дісі :  жалпы с?хбат ж?ргізу, ?зіндік ж?мыс, к?рнекілендірумен ?атар с?хбат-д?ріс ?ткізу, СТО, а?таратты?, ??жаттармен ж?мыс.

П?наралы? байланыс :  ?аза?стан тарихы,   ?дебиет, география.

Саба? к?рнекілігі : «  Бізді? к?ш – бірлікте » на?ыл с?здер топтамасы,  суреттер, интерактивті  та?та,  слайд.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« ?аза?стан хал?ы Ассамблеясы – бірлікті? , келісім мен досты?ты? символы »»

Сабақтың тақырыбы :

« Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірліктің , келісім мен достықтың символы »


Сабақтың мақсаты : оқушыларға Қазақстан халқының бірлігін , қоғамдағы Мемлекет Басшысының бейбітшілік пен келісім саясаты

аясында , ұлттық құндылықтар туралы білімдерін кеңейту.


Міндеті :

Білімділік міндеті : оқушыларға бірлік, бейбітшілік , қоғамдық келісім , тұрақтылық , экономикалық даму туралы білімдерін нақтылау .

Дамытушылық міндеті : ел, этностар достастығы , толеранттылық туралы оқушылардың талдауын , сараптауын ұйымдастыра отырып , ойлау жүйесін жетілдіріп , таным көкжиегін арттыру.

Тәрбиелік міндеті : еліміздегі ұлыстар достығы мен ел бірлігін түсінетін , әрекет ететін елжанды оқушылар тәрбиелеу .


Сабақ түрі : аралас сабақ .

Сабақ типі : жаңа білім беру.

Сабақ әдісі : жалпы сұхбат жүргізу, өзіндік жұмыс, көрнекілендірумен қатар сұхбат-дәріс өткізу , СТО , ақтараттық , құжаттармен жұмыс.

Пәнаралық байланыс : Қазақстан тарихы, әдебиет, география.

Сабақ көрнекілігі : « Біздің күш – бірлікте » нақыл сөздер топтамасы, суреттер, интерактивті тақта , слайд .

І. Ұйымдастыру кезеңі : а) сәлемдесу , б) түгелдеу

с) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Негізгі бөлім : слайд пайдалану арқылы

Сабақтың тақырыбы : « Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірліктің , келісім мен достықтың символы »

Жаңа сабақ өту барысы : слайд, көрнекіліктерді пайдалану

Жоспар :

1. « Біздің күш – бірлікте » этносаралық қоғамдық келісім , ел бірлігін нығайту

2. Қазақ хандығына 550 жыл толды.

3.Конституциямыздың 20 жылдығы және Ұлы Жеңіске 70 жыл

Кіріспе сөз :

Құрметті ұстаздар, білімгерлер және қонақтар « Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірліктің , келісім мен достықтың символы » сабағымызға қош келдіңіздер !

Тәуелсіз ел - Қазақстан арайлы ,

Бүгін саған әлем түгел қарайды .

Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның ,

Бейбітшілік таңы әр кез арайлы

1995 жылғы 1 наурызда жаңа институт – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойды. Бұл тарихи күн егеменді Тәуелсіз Қазақстанның құрылуының , қазіргі мемлекеттік құрылымның орнығуының , түпкілікті әлеуметтік – экономикалық жаңғыртулар жүргізудің , бейбітшілік , бірлік пен Қазақстан халқының қоғамдық келісім идеясын іске асырудың бастапқы нүктесіне айналды.

Ассамблеяның негізгі міндеттері Қазақстан халқының бірлігін нығайту , қоғамды Мемлекет Басшысының бейбітшілік пен келісім саясаты аясында шоғырландыу. , « Қазақстан – 2050 » Стратегиясының , 2020 жылға дейінгі

Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасының мақсаттарына жету болып табылады.

Нұртілеу : Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясаты және Ассамблеяның басты идеясы – « МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ ».

Мемлекет басшысының қазақ елін біріктіретін және болашақ іргетасын құрайтын « Қазақстандық жол 2050 : Бір мақсат , бір мүдде , бір болашақ » және « Нұрлы жол – болашаққа бастар жол » Жолдауларында көрсеткен басты құндылықтары.

Қазақстан халқы үшін ең қасиетті және басты құндылық ол – Тәуелсіздік.

Тәуелсіздік – биігі бұл санамның,

Тәуелсіздік - таза ауасы даламның ,

Тәуелсіздік – бұл арманы бабамның .

Тәуелсіздік – бақ дәулеті баламның !

Ерболат : « Нұрлы жол – болашаққа бастар жол » - халықтың бірлігі – біздің барлық жетістіктеріміздің кілті . Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік.

Нұрман : Қоғамдық бірлік пен келісім туралы – Қазақстан – 130 – дан астам ұлттар мен ұлт өкілдері мекендейтін полиэтникалық мемлекет. Қазақстан қоғамының мәні - әр ұлт өкілдерінің өзара түсіністік , төзімділік және рухани , мәдени құндылықтарына құрметпен қарау және қабылдау. Республикадағы тұрақтылық, азаматтық татулық және ұлтаралық келсім – бұл, біріншіден, бүкіл қазақстандықтардың ділінің, толеранттылығының,достығының, тілектес, мұраттастығының көрінісі болса,, екіншіден, мемлекеттік ұлт саясаты көрегенділігінің айғағы.Байтақ ел , күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолында.

Ерлан : Қазақстанда этносаралық толеранттылық - өзара сыйластың бірегей үлгісі қалыптасқан. Толеранттылық дегеніміз – басқалардың тұрмыс қалпына , мінез –құлқына , әдет-ғұрпына , сеніміне ,сезіміне , пікіріне , идеясына төзімділік таныта білуі. Конфессия - діни сенім түрі. Қазақстанның даму стратегиясында көпэтносты және конфессиялы қоғамды руханилық пен азаматтық қалыпта нығайту.

Мөлдір : Конституциямыздың 20 жылдығы - Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ( Ата Заңын ) 1995 ж 30 тамызда қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 9 бөлімнен , 98 баптан тұрады.

  1. бөлім. Жалпы ережелер .

  2. бөлім. Адам және азамат.

  3. бөлім. Президент.

  4. бөлім. Парламент.

  5. бөлім. Үкімет.

  6. бөлім. Конституциялық Кеңес.

  7. бөлім. Сот және сот төрелігі.

  8. бөлім .Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.

  9. бөлім.Қорытынды және өтпелі ережелер.

Ғалымжан :

« Біздің күш – бірлікте » . Бірлік – халық салты . Бұл - өмір заңы. Ел болу ерлікке , еңбекке , бірлікке шақырады. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып , бүкіл елдің , барлық адам баласының бірлігімен ұласады. Халқымыздың берік бірлігі , ұйымшылдығы , басқа ұлттармен одақтаса, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізіп , жеріміздің кеңдігін , еліміздің елдігін сақтап қалуға тірек болады. Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстанды «Ортақ үйіміз » деп бағалауы, «Отаным» деп білуі мәдениетінің өркендеуі, рухани жақындық пайда болуы қазақтың қонақжайлығының арқасында.

Қазақ осы – айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-кесір.

Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы – өнер алды дейтін.

Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба?

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадір Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта,сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім.

Өткен тарихымызға көз жүгіртсек :

Азамат: Қазақ хандығына 550 жыл

Керей мен Жәнібек (1456-1480)жж, Бұрындық (1480-1511) жж, Қасым (1511-1518) жж, Мамаш (1518-1523) жж, Тақыр (1523-1533) жж, Бұйдаш (1533-1534)жж, Қожа Махмұт (1534-1535) жж, Тоғым (1535 -1537) жж, Хақназар ( 1537 -1580)жж, Шығай (1580-1582) жж, Тәуекел (1582- 1598) жж, Есім (1598 – 1613) жж, Жәңгір (1629-1652) жж, ӘзТәуке ( 1657 -1718) жж, Батыр( 1718-1726) жж, Болат (1726-30) жж,,Әбілмәмбет (1730-1771)жж , Абылай (1771-1781)жж. Шыңғыс ұрпақтарының өзара тартысы Әбілхайыр хандыңын әлсіретті. Әбілхайырдың қарсыластарын аяусыз басып жаныштауы мен езгіні күшейтуі хан билігін нығайта алмады. Орыс ханның немересі,Ақ Орданың билеушісі Барақ ханның баласы Жәнібек пен оның туысы Керей көшпелі халықтың өздеріне тәуелді топтарын біріктіріп, ХV ғасырдың 50- 60 жылдарында Жетісу жеріне, Моңғолстанға көш бастады.Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне ,қазақ хандығының құрылуына негіз қалады. ХV ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығы күшейе түсті.

Қазақтың батырлары: Қаракерей Қабанбай 1691- 1769 жж

Бөгенбай батыр 1690 -1775жж , Райымбек батыр 1730 -1829жж

Шапырашты Наурызбай батыр 1706 -1781жж

Қазақтың билері: Әлібекұлы Төле Би 1663 – 1756 жж ,Қаз Дауысты Қазыбек Би 1667 – 1764 жж , Әйтеке би 1666 – 1722 жж

Нұрдос пен Индира : Бауыржан Момышұлы (1910 – 1982)

Екінші Дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Ол Жамбыл Облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында 1910 жылы дүниеге келген. Бауыржан Момышұлы 1941 жылы соғыс басталысымен генерал- майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанып, батальон,полк командирі болды. Кейін гвардиялық дивизияны басқарды Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі аңызға айналды.

Алтынхан мен Рауан : Қазақстан халық – Ассамблеясы туралы

Қазақстанда 1989 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықта гректердің «ЭОС» қоғамы,дағыстан ,кәріс, дүнген, күрд, ұйғыр, түрік, шешен- ингуш мәдени орталықтары, қырғыздардың «Мекен», буряттың «Саяны», карел мен финдердің « Суоми», еврейдің, «Шолом», қалмақтың «Бумба», қарашай- балқардың «Минги тау», венгердің «Клет», армиянның «Луис» , азербайжанның «Озан», украин ұлттық мәдени орталықтары және Жетісу қазақтарының қоғамдық бірлестігі ашылған.

Самат : Әзірбайжандар,өз тілінде азербайжанлылар немесе азерилер. ХХ ғасырдың 30 – жылдары оларды кавказдық түрікте, татарлар деп атаған. Қазақстанда 78295 әзірбайжан халқының өкілі тұрады.

Альмира :Неміс халқы Сталиннің бұйрығымен Поволжьеден жер аударылған. Қазір Қазақстанда – 353441, ал қала бойынша9390 неміс ұлты тіршілігін жалғастыруда. 1957 жылдан бастап, неміс тілінде радио бағдарламалар, 1966 жылдан бері «Фроиншафт» газеті шықты. 1980 жылы Теміртау қаласында неміс драма театры ашылды, кейіннен ол Алматы қаласына көшірілді.

Бекіту сұрақтары :

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсат пен міндеттері ?

2.« Біздің күш – бірлікте » этносаралық қоғамдық келісім , ел бірлігін нығайтуда қандай жетістіктеріміз бар ?

3. Қазақ хандығына қанша жыл ?

3.Конституциямыздың 20 жылдығы және Ұлы Жеңіске 70 жылдығы туралы түсінік беру?

4. Толеранттылық дегеніміз не ?

5. Конфессия - діни сенім түрінің қалыптасуы ?

Үйге тапсырма беру: « Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірліктің , келісім мен достықтың символы » туралы реферат жазу.

Оқушыларды сабақтағы ынтасы үшін мадақтап , бағасын беру.







































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
« ?аза?стан хал?ы Ассамблеясы – бірлікті? , келісім мен досты?ты? символы »

Автор: ?мірбекова Г?лжазира Бейсенбек?ызы

Дата: 19.03.2016

Номер свидетельства: 307696


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства