kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ хандығына 550 жыл толуына байланысты сыныптан тыс іс-шараның сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ хандығына 550 жыл толуына байланысты сыныптан тыс өткізілген іс-шараның сценарийі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ хандығына 550 жыл толуына байланысты сыныптан тыс іс-шараның сценарийі»

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

Тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» 
Мақсаты
: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Оқушыларды отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
(гимн )
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Биылғы 2015 жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. 

2-жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасап, бастарын біріктіру Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді. 
Рухы мен тілін жанындай сүйген, 
Адамдар неге санаулы? 
Ұлт үшін дәуір отына күйген, 
Аталар болды алаулы. 
Армандай асқар, 
Жолдарға бастар, 
Ісіңнен ұрпақ от алар. 
Қалмайсың көштен, 
Шықпайсың естен, 
Тағдыры шыншыл аталар. 


1-жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды. 

Көрініс (Керей Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы)

Керей: «Уа, халайық! Халқымыздың басына қиын-қыстау кезеңдер келді. Әбілхайыр хандығы құлдырау үстінде. Шығыстан төнген жауға әйел, бала-шағамызды құлдыққа бермейміз, осы мәселені бірлесіп шешкен жөн.

Жәнібек: Ел болып,өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең қолайлы кезең. Осы кезді пайдалана алмасақ,енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып отыр. Олардың қолына түсіп, талан-тараж болып кетуіміз де мүмкін. «Қазақ» деген атпен жеке дара мемлекет құрайық!

Халық дүбірлесіп, талқылауда: «Сұлтандардың айтқаны жөн. Ия, жеке дара мемлекет құрайық, мемлекет қазығын қазатын кез осы».

Жәнібек: Ендеше қазақ руларының игі жақсыларын жинаңдар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын!




2-жүргізуші:1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыта қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды. Суы мол, топырағы құнарлы, жер жанаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды. 

1– оқушы
Қалмаққа барлық қазақ қарсы тұрды, 
Бас қосып хан мен билер ақыл құрды 
Орыс, қытай, қалмақтан аман шығар. 
Ұлт тағдырын ойлайтұғын күн туды. 
Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек 
Халық баға береді әділ хан деп 
Бар қазақтың алғашқы ханы болған 
Керей ханның билікте аты ерек. 

2 - оқушы
Тәукенің заманында дана халқымыз 
Алтын ғасыр болады деп тауып айтты. 
Мәмілеге көреген хандар тұсында 
Қазақ жері кетпеді жау уысында 
Керісінше, Мәскеумен көрші елдермен 
Қарым-қатынас орнатты Қасым тұсында. 

1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс 
Біздің жаққа келген екен жылы ағыс 
Хандық құрып жеткен екен мұратқа 
О, халайық ,құтты болсын қуаныш!



(муз. Номер «Көк тудың желбірегені») 



2-жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата-баба рухына 
Үлгі бізге аталардың ерлігі 
Ұлағаты өнегесі еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары 
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

(муз. номер би)


1-жүргізуші: Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес.Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыздың аманаты. Ұшқан құстың қанаты талатын, қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен алған. 


3 – оқушы: 
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, 
Ұранға Алаш деген атты аламын 
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ 
Мен неге қазақтықтан сақтанамын. 


4 – оқушы:

Қонақжай халқымыз, жомартпыз, дарханбыз 
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз 
Таныған жұмыр жер алаштың баласын 
Қазақтың елімен даңқты даласын 

1- жүргізуші:
Еркіндігім 
Қасиеттім 
Қастерлім 
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! 
Кеше сенің келбетіңді арман ғып, 
Боданына бұғауландық басқа елдің. 
Бабалардың басын тігіп бәйгеге, 
Аналардың жанарына жас бердің! 
- Уа, Еркіндік, қош келдің! 
Өзегімді өртке ораған қоғамда, 
Өз үйіме өзім өгей болам ба?! 
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш 
Азаттығым! Қадіріңде жоқ онда! 
... Саған жету қиын болса қаншалық 
Сақтап тұру қиынырақ одан да! 
Алла берген азаттықтың әр сәті- 
Аманат қой 
Маған, 
Саған, 
Оған да! 
Уа, Еркіндік! 
Құның немен өлшенді?! 
Сені көксеп 
Боздақтарым өлсе өлді! 
Сенің, менің ең ғажайып өлеңім, 
Ең шуақты, 
Ең шырайлы, 
Ең шерлі! 
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын – 
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі! 

2-жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па 
Өз-өзінен жүрегім ән салады. 


1-жүргізуші:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан 
Асыл елім жан жүректі ұғысқан 
Ата-бабам аңсап өткен бақытым 
Айналайын, байтақ елім Қазақстан! 


Ән: Жаса, Қазақстан!


2-жүргізуші: Осымен қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған Қазақ мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын болсын! Қош сау болыңыздар!






















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Қазақ хандығына 550 жыл толуына байланысты сыныптан тыс іс-шараның сценарийі

Автор: Жаркымбаева Гуля Кайратовна

Дата: 21.12.2018

Номер свидетельства: 492049


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства