kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған "Достық шуағы" фестивалі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына арналған

«Достық шуағы» фестивалін 5-6 сыныптар арасында сабақтан тыс тәрбиелік шара ретінде өтті. Фестивальдің мақсаты:  халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта әр оқушының бойында ынтымақтық, достық қарым-қатынас сезімдерін ояту.Өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған "Достық шуағы" фестивалі»

Өскемен қаласы әкімдігінің «№1 орта мектебі» КММ



Достық шуағы

фестивалі

























І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. Тәуелсіздік.Қандай қасиетті,ұғым..

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл және 25 жұлдызды күн аясында өткелі тұрған ұлыстар достығы бірлігіне арналған «Достық шуағы» фестиваліне қош келдіңіздер!

Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан,

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған. 

1. Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

2. Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Ендігі кезекте фестивальдің өтілу жоспарымен таныстырып өтейін

Фестивальдің өтілу формасы: Әр ұлт өкілдерімен отбасылық сыр-сұхбат

Қатысатын ұлт өкілдері: қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, үнді

Қатысатын оқушы саны 10 нан кем болмауы тиіс

Өтілу барысы:

  1. Композициялық қойылым

а) «Сәлем – сөздің анасы» сәлемдесу (отбасы мүшелерін сол тілде таныстыру)

ә) «Әр елдің салты басқа...» отбасылық ырымдар (бір салт-дәстүрді көрсету 10 минут)

б) «Ас – адамның арқауы» дастархан мәзірі (таныстырып, қорғау)

в) «Өнерлінің өрісі кең» өнер көрсету (сол ұлттың нақышында)

г) «Тәу етем саған, Тәуелсіздігім!» Тәуелсіздікке тілек (сол ұлттың тілінде)

3. Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Қазақстанда 130 астам ұлт өкілдері тұрады. Бүгін міне сол ұлттардың бірнешеуімен тереңірек танысып, сұхбаттасатын боламыз.

1. Бірінші тоқтайтын аялдамамыз осы ұлан байтақ елдің иесі қазақ халқы.

2. Екінші аялдама көрші еліміз орыс халқы

Мы дружной семьей живём в Казахстане,
Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов
3. 3 аялдама қазақ жерене талай саяхаттап келіп, салт-дәстүріне қызыға қараған саяхатшы халық ағылшындар
Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
4. Түбі бір, туыстас халық грузиндер
Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
5. Соңғы аялдама Тілі де, діні де ұқсас көрші өзбек халқы
Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

Бір шаңырақта табысқан
Дос, бауыр көп туысқан
Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Ән (хор) «Ақпыз, қара, сарымыз»
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша - бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз

марапаттау




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған "Достық шуағы" фестивалі

Автор: Отарбаева Маржан Муратбековна

Дата: 16.01.2017

Номер свидетельства: 379827


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства