kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош келдің, жаңа жыл.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша балаларына арналған Жаңа жыл мерекесіне сценарий. Өте қызықты әрі балаларды жалықтырмайтын бағдарлама.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің, жаңа жыл.»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жасаралас екінші сәбилер және ортаңғы тобы


Күні:_________

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеуді үйрету. Жаңа жыл қонақтары мен ертегі

кейіпкерлері туралы түсініктерін бекіту. Бақылау жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізу

іскерліктерін жетілдіру. Мерекені өткізуге дайындыққа қатысу ниетін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:мерекелік фотосуреттер, қардан, пенопластан жасалған аққала мүсіндері.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық


Шаттық шеңберіне тұрғызу.


Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Қоңыраудың дыбысы алыстан естіледі де жақындай түседі. Қонаққа Сайқымазақ келеді. Сайқымазақ балалармен амандасып болғаннан кейін өзінің мерекеге кетіп бара жатқандығын айтады. Педагог Сайқымазақтан қандай мерекеге бара жатқандығын сұрайды. Сайқымазақ әрі ойланып, бері ойланып таба алмайды. Балалардан өзінің қандай мерекеге бара жатқандығын сұрайды.

-Балалар, Сайқымазаққа көмектесейік. Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауап беруге тырысыңдар, мүмкін сонда Сайқымазақтың есіне түсер.

-Ол мереке жылдың қай мезгілінде болды?

-Жарайсыңдар, балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін табыңдар. (Шешуі: Аязата).

Педагог балалардан Аязата мен Ақшақардың не себепті қыс мезгілінде ғана келетінін сұрайды.

Сайқымазақ қуанып, өзінің бара жатқан мерекесі Жаңа жыл екендігін айтып, жүгіріп шығып кетеді.

-Балалар, биылғы Жаңа жыл мерекесіне Сайқымазақта келетін

сияқты. Қалай ойлайсыңдар, тағы да қонаққа кімдер келеді екен?

-Балалар, Жаңа жылды көптеген елде қарсы алады және сендер сияқты көптеген балалар оны асыға күтеді.

Не үшін бұл мерекені балалар ерекше жақсы көреді?

-Жаңа жылға қалай дайындалады?

-Жаңа жылды не себепті отбасылық мереке деп айтады?

-Ал сендер үйде Жаңа жылды қалай қарсы аласыңдар?

-Балабақшада қалай қарсы аламыз?

- Үйдегі мереке мен балабақшадағы мерекеде айырмашылық бар ма?

-Сендер Жаңа жылда шыршаны қандай ойыншықтармен безендіресіңдер?

-Тыңдап тұрсам, шыршаны неше түрлі ойыншықтармен безендіреді екенсіңдер.

Ал шыршада ілініп тұрған аққаланы көргендерің бар ма?

Педагог қардан жасалған бірнеше аққаланы алып келеді де балаларға береді.

-Балалар, аққала неден жасалған?

- Аққала неге қыстыгүні ғана болады?

-Аққаланы кез келген қардан жасауға бола ма?

-Дұрыс айтасыңдар, аққаланы кез келген қардан мүсіндей алмайды екенбіз. Мысалы, алғашқы жауған қардан аққала мүсінделмейді екен.

Себебі: алғашқы жауған қар бір-біріне жабыспайды.

-Мына қардан жасалған аққаланы шыршаға ілсек бола ма?

-Неге іле алмаймыз?

Педагог аққала туралы айтып жатқанда

Аққалалар ери бастайды. Осы кезде балалардың назарын еріп жатқан Аққала мүсініне аударып, неліктен еріп жатқандығын сұрайды.

-Кәне, балалар, ойланып көрейікші, шырша ойыншықтарын неден жасауға болады?

-Олай болса біз де аққаланы пенопласт пен мақтадан жасайық.

Балаларды өздерінің таңдауы бойынша екі орталыққа бөледі.

Бірінші орталықтағы балаларға аққаланы пенопластан, екінші

орталықтағы балаларға мақтадан жасайтындықтарын айтып түсіндіреді.


Балалар

білмейтіндіктерін

айтады.

Балалар келісетіндіктерін

білдіреді.

-Қыс мезгілінде.

-Аязата мен Ақшақар суықты жақсы көреді. Себебі: олар қардан, аяздан жасалған, Сондықтан да Аязата, Ақшақар деп аталады.

-Жаңында келеді.

-Мен тақпақтарымды

жаттап болғаннан кейін

келеді.

-Жаңа жыл.

-Өйткені Аязата келіп,

сыйлықтар таратады.

-Шыршаға ойыншықтар іледі.

Үлкендер түрлі салаттар жасап, дәмді тамақтар пісіреді.

-Өйткені, адамдар өз

үйлерінде отбасымен тойлайды.

-Біз Жаңа жыл мерекесіне қарсы шыршаны

ойыншықтармен

безендіреміз.

-Мен Аязатаға хат

жолдаймын. Өзім

жаза алмайтын

болғандықтан, хатты

ағам жазады.

-Біз Жаңа жылға

көп дайындаламыз.

Анам тәтті тағамдар

дайындайды. Түн болғанда мерекелік салюттар атамыз. -Қардан жасалған.

-Өйткені олар суықты

Жақсы көреді.


Аққала жабысқақ

қардан ғана жасалады.

-Жоқ, іле алмаймыз.

-Өйткені ол еріп кетеді.

Балалар бөлменің іші

жылы болғандықтан

еріп жатқандығын

айтады.

-Қағаздан, резеңкеден,

матадан.

Балалар ойланып

қалады.

Екі орталықтағы

балалар да үш бөліктен

тұратын аққаланы

жасайды. Жасаған

ойыншықтарымен

топтағы шыршаны

безендіреді. Қуанып,

көңіл күйлері

көтеріледі.

Өлең мазмұнына сәйкес

қимылдар жасайды.

Балалар дәптердегі тап­

сырманы орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, Жаңа жылға қандай дайындық жасағандарын сұрайды.

Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: отбасылық мерекелер туралы әңгімелеуді, оны өткізуге дайындық жасау керектігін.

Игереді: Жаңа жыл мерекесінің отбасылық мерекеге жататындығын; жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелуді, жаңа жыл мерекесін өткізуге дайындық жасау керектігін.

Меңгереді: аққала туралы, оны әртүрлі материалдардан жасауға болатындығын, бақылау жасау, зерттеу, салыстыру жұмыстарын жүргізуді.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қош келдің, жаңа жыл.

Автор: Мендекина Назым Оразовна

Дата: 08.01.2017

Номер свидетельства: 376421

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?ош келді? жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-9"
    ["file_id"] => string(6) "246209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446310294"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Қош келдің, Жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_12"
    ["file_id"] => string(6) "448069"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170379"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Қош келдің Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(24) "kosh_keldin_zhana_zhyl_3"
    ["file_id"] => string(6) "498077"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549037543"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Жа?а жыл жарыл?асын""
    ["seo_title"] => string(20) "zhanazhylzharylkasyn"
    ["file_id"] => string(6) "275308"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452537938"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(46) "zhana_zhyldyk_ertengilik_keldi_mine_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "493003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545888027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства