Просмотр содержимого документа
«Қош бол,даярлығымыз!»
ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы
Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі
Мектепалды даярлық сыныбы
Тәрбиеші: Актаева Жазира Мертаевна
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар.Сіздер «Жолын болсын балдырған» атты даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар.Алдарыңызда тұрған балалар кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған кіп кішкентай балғындар еді.Енді міне биыл күзде бірінші сынып табалдырығын аттағалы тұр. «Талаптарына нұр жаусын,тек ата-ананың ғана емес,халқының ұлы болсын,өз еңбегімен алған білімдері өзі үшін де,елі үшін де таусылмас қазына.Сол қазынаны әрі қарай шыңдай түсіндер» демекпін.Сәт сапар бүлдіршіндер!
Балалар хормен: Баулап,баптап өсірдіңіз
Бұзықтық етсек кешірдіңіз
Ұмытпаймыз сөзіңізді
Ұмытпаймыз өзіңізді.
Тәрбиеші: Көп сөйлеп жөн жобадан аспайық біз,
Ән шырқап,би билеуден қашпайық біз.
Ал енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Сонымен ертеңгілігімізді бастайық біз.
Әлем: Оқимыз, білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Ойыншықпен қоштасып
Біз мектепке барамыз
Алуа: Кітаппенен дос болып
Жалқаулықпен өш болып
Өседі ой мен санамыз
Біз мектепке барамыз
Ернұр: Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлықпен
Біз мектепке барамыз
Медина: Күндей нұрлы ертеңім,
Шақырады мектебім
Даярлығым қош енді,
Оқушымын мен енді.
Ұлағат:Мектеп-қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз
Айсауле: Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттік біз
Бір белестен өтіп-ап
Мектепке біз барамыз
Ералы: Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер,білім үйреткен
Өзіңізді қимаймыз
Ажар: Үлкендердей тап таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана
Тілек: Жақсы оқушы боламын
Кілең бестік аламын
Тәрбиелі,үлгілі
Қазақстан азаматы боламын
Айым: Әліппені дұрыстап
Түгел танып аламын
Қыркүйекте гүл ұстап
Мен мектепке барамын
Ислам: Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы баламыз
Малика: Салем саған мектебім
Салем білім ордасы
Жасыл бақты мектебім
Жастық шақтын жолдасы
Алижан: Алты жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата-ананы
Мектепке кетіп барамыз
Мөлдір: Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлықпен
Біріншіге барамыз
Бекзат: Мен мектепке барамын,
Қуанышым менің мол
Мектебіме тарттым жол
Даярлығым қош сау бол.
Аяулым: Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып, ән жаттап
Оқып, жазып үйрендік
Имамали: Іші толған әріпке
Жақсы кітап әліппе
Әліппені аламыз
Біріншіге барамыз
Әдема: Даярлығым бесігім
Тағы бір той жасайық
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық
Қайсар: Біріншіге барамын
Кілең бестік аламын
Жақсы баға алғанда
Қуанып бір қаламын
Балнұр: Алтын ұям мектебім
Армандарым көп менің
Атқарамын деп келдім
Асыл анам мектебім
Жарас: Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапті да оқимыз
Суретті де саламыз
Тәрбиеші: Мектеп деген білім кені,жыр кені,
Мектеп деген даналардың мекені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген білімнің ең үлкені – дей отыра «Мектепке енді барамыз» әнін қабыл алыңыздар
Ән: «Мектепке енді барамыз»
Тәрбиеші:Ал енді балалар орнымызға отырайық. Балалар,сендер осы даярлық сыныбына не үшін келдіңдер? Қандай сабақтар бізде болды? Жақсы балалар, ал сауат ашу сабағы бізге не үйретті? Ал математика сабағы ше? Қоршаған орта сабағы, дене шынықтыру,музықа,сурет сабақтарын не істедіңдер? Ал ендеше бүгін осы даярлық сыныбында сауат ашу,математика,қоршаған ортамен танысу және көркем әдебиет сабақтарында алған білімдеріәмізді көрсетіп жіберейік
Сауат ашу: Сәлеметсіндер ме, балалар. Мен сауат ашу сабағы
Дыбыс дегеніміз не? Дыбыстар нешеге бөліеді? Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгіленеді? Дауыссыз дыбыстар ше?
Өте жақсы. Ал енді менің қолымда қандай әріпті көріп тұрсындар? «О». Ендеше осы «о» дыбысынан басталатын қандай сөздер білесіңдер?. Жақсы, «отан» сөзіне дыбыстық талдау жасап жіберейік. Жақсы ал енді менің қолымда қандай дыбыс көріп тұрсындар? «М». Ендеше «м» дыбысынан басталатын қандай сөздер білесіңдер? Жарайсындар балалар,ал енді «мектеп» сөзіне дыбыстық талдау жасап жіберейік. Жақсы балалар,ал енді мына лентаға назар аударайық Айсұлу деген қыз жазылып тұрған сөздерді оқиалмай тұр. Қане кім көмектесіп жібереді. Өте жақсы балалар,сауат ашу сабағында алған білімдерінді көрсете білдіңдер.
Математика: Ал енді мен математика сендерге бірнеше тапсырма әкелдім орындауға дайынбыз ба? Жалпы математика сабағы сендерге не үйретті? Жақсы ондай болса бірінші тапсырма 0-10ға дейін тура,кері кім санап береді? Қане есеп шығарып көрейік 1+1=2, 2+2=4,
3+3=6, 4+4=8, 5+5=10. Жақсы балалар есеп те шығара аласындар екен. Келесі тапсырма математикалық жұмбақтар барлығымыз тақтаға назар аударайық.
Төрт қабырғасы тең болса
Төрт бұрышы тең болса
Жауап берер балақай
Ой өрісі кең болса «шаршы»
Келеді көп құс ұшып
Кептер,аққу,қос шымшық
Сауысқан,қарға,торғайда
Ұшып жүр осы тоғайда
Қанша құс бар қосып шық
Емес ол төртбұрыш
Мұнда мүлде жоқ бұрыш «дөнгелек»
Бір бірімен жарысқа
Төрт аю бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді?
Өте жақсы жұмбақты да шеше алдындар. Ал енді кім санамақ біледі?
Рахмет балалар.
Қоршаған ортамен танысу: Сәлеметсіндерме балалар, қоршаған ортамен танысу сабағында немен таныстындар?
Дұрыс айтасындар балалар ал табиғат дегеніміз не?
Жақсы табиғат нешеге бөлінеді?
Тірі табиғатқа не жатады? Өлі табиғатқа ше? Бір жылда неше мезгіл бар? Қандай жыл мезгілдерін білесіндер? Табиғат құбылыстарға не жатады?Табиғаттың сәнін не келтіреді? Өте жақсы, ал құстарға қандай қомқорлық жасайсындар? Құстар нешеге бөлінеді? Үй құстарына қандай құстар жатады? Ал қандай дала құстарын білесіндер? Ал орманның сәнін не келтіреді? Жануарлар да екіге бөлінеді екен. Қандай үй жануарларын білесіндер? Ал қандай жабайы жануарларды білесіндер?
Көркем әдебиет: Балалар,көркем әдебиет сабағында қандай ертегілермен таныстындар
Бауырсақ ертегісі,Қайырымды қоян,Сәруар ертегісі,Жыл басына таласқан хайуанаттар
Жақсы Бауырсақ ертегісі немен аяқталды? Қайырымды қоян ертегісі ше? Ал Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісі немен аяқталды?Ал ондай болса Мақта қызбен мысық ертегісін сахналап беріндерші
Көрініс: «Мақта қыз бен мысық»
Тәрбиеші. Өте жақсы балалар даярлық сыныбында алған білімдерінді көрсете білдіндер.
Келесі кезекті балалардың өнеріне берейік бекзаттың орындауында «балалықшақ» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Балалықшақ»
Би: «Домбыра»
Би: «Флешмоп»
Ән: «Қош бол даярлығымыз»
Тәрбиеші: «Батаменен ел көгерер» дейді дана халқымыз.Бізде жақсы оқу,үлгілі болу үшін үлкендердің ақ тілек баталарын,тілектерін алып,болашаққа жол бастайық. Сөздің кезегі мектеп директоры Қажет Джунусбековқа беріледі, тәрбие ісінің меңгерушісі Тлебалдина.С.М беріледі
Біздің жамандығымызды жасырып,жақсымызды асыратын – ана! Бұл өмірде барлығымыз оған қарызбыз. Ендеше келесі сөз кезегін ата-аналарға берейік..
Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар даярлық тобымен қоштасу мерекесіне орай ұйымдастырылған «не білдік, не үйрендік» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Барлықтарыңызға рахмет,сау-саламатта болыңыздар.