kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қош бол, Айгөлек" (шағын орталықпен қоштасу сценарийі)

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Қош бол, Айгөлек" атты шағын орталық тобының тәрбиеленушілеріне арналған қоштасу сценарийі. Шағын орталыққа  3-4 жасар балалар қатысады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қош бол, Айгөлек" (шағын орталықпен қоштасу сценарийі)»

Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шағын орталықпен қоштасу ертеңгілігіне  Семей қаласының №41 жалпы орта білім беретін мектебінің «Айгөлек» шағын орталығының түлектері «Бақытты балалық шақ» ұшағымен  келіп қонды. Ертеңгілік барысында ұялы телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып,  қолдарыңыздан келгенше әр  баламызды  қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап,  өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.
Залға балалар шармен  музыка әуенімен кіреді.

Барлығы:                                  

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс! (Шарларын жібереді)

Тәрбиеші:Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын

Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Алғашқы құттықтау сөзді №41 мектеп директоры Түкенова Айгүл Тұрсынқызына береміз.

Тәрбиеші:Алдымдағы балалар
    Мектепке кетіп барады
    Тақпақ айтып бір – бірден
    Қимай кетіп барады- дей отырып  ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз.

Мейрамбекова Маржан: Шағын орталық Шағын орталық
Шаңырағы шаттықтың
Орталық қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Орталықпен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

Қанатұлы Нартай: Орталықтың есігін
Үшке тола ашқанбыз
Едік аппақ нәресте
Көп- көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде

Аубакиров Ансар: Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

Магуфарова Аружан: Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын

Есенов Ерболат: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Орталықпен қоштасып
Даярлыққа барамыз

Дайрабаева Нұрай: Орталық базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты

Опалев Ростислав: Открыла школа двери,

Нас парты ждут и класс.

Уходим мы, но верьте

Мы не забудем вас!

ӘН: «Біз тәртіпті баламыз»

Біз тәртіпті баламыз

1.Әрқашанда тыңдаймыз

Әке менен ананы

Еңбек етіп шындайыз

Білім менен сананы

Қ-сы:Біз тәртіпті баламыз

Айтқан тілді аламыз

Аман болсын әке мен анамыз

2.Мейірімі мен шапағат

Анашымнан тарайды

Әділдік пен парасат

Әкешімнен арайлы

Қ-сы

3.Атам –анамнын айтқанын

Жанымызда сақтаймыз

Жарқыратып әр таңын

Сенімдерін ақтаймын.

Ортаға «Білгішбек» келеді
Білгішбек: Балалар сәлеметпе мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы  білімдісіңдер  мен сендерді өз әлемімі шақырамын,менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік  асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?

Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді
Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр кеттік балалар ойнауға не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр кеттік .

Тәрбиеші: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде  талпынуың керек емспе?
Жалқаубек: Ой мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз аналарымыз, әжеміз оқиды басымызды ауыртпаймыз.

Тәрбиеші: Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен  апаңнан  қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып , біліп алған кәне отыршы көресің.

Білгішбек: Апай мен балалармен ойын ойнап көрейінші балалар мектепке дайын ба:
Ойын: «Бұл не?»
Шарты: Ортаға әр түрлі суреттер тасталады, балалар сол суреттерді айтады.

Тәрбиеші: Ал Жалқаубек қалай екен біздің балалар?
 Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.    Мектепке біз барамыз ба?
2.    Кілең бестік аламыз ба?
3.    Айтқан тілді аламыз ба?
4.    Ақылды бала боламыз ба?
5.    Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6.    Ертеңгісін тұрамыз ба?
7.    Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8.    Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 
9.    Екі алғанда жылаймыз ба?
10.     Оқушы біз боламыз ба?

Жалқаубек: Ой балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек?
Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.    Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2.    Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3.    Тамағын уақытылы бересіз бе?
4.    Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5.    Сериал көріп жатасыз ба?
6.    Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7.    Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8.    Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9.    Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10.     Бала үшін асулардан асасыз ба?

 Тәрбиеші: Рахмет  көп- көп
                      Балаларымыз көңілді
                       Шақырамыз ортаға
                      Тойымызға сән беріп
                       Би билейік тамаша
Ертеңгілігімізді одан әрі жалғасын биге берейік

Би: «Гүлдер»

Смирнов Павел: Сегодня скажем «До свиданья»

И воспитателям и няням.

Всем кто любил нас, был нам рад,

Прощай любимый мини центр.


Абдилова Айзере: Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше

Орталықпен қоштасатын,

 Бүгінгі той ерекше.



Кинаятулы Аядиль: Мектепке ертең барамыз,

Оқимыз, сауық құрамыз.

Қашық та болмас арамыз,

Сіздерге келіп тұрамыз



Уалихан Айзере: Орталығым қош енді,

Әркез аман бол деймін.

Әкем менен анамды,

Ертіп енді келмеймін.



Әбілқақова Ақбота: Сезімді туған баламыз,

Оянды ақыл санамыз.

 Адамдықтың бастауын,

Өзіңнен алып барамын.



Аманжолова Камилла: Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып орталықпен

Даярлыққа барамыз.

Ата – аналармен ойын жүргізіледі. Ортаға 4 ата – ана шақырылып, 4 конверт ұсынылады. Әр конверттің ішінде Әріп бар: А, Б, Е, Қ. Сол әріпке басталатын адам атын, тағам атын, киім атын, қаланың атын және бір жылы сөз – тілек айту керек.



Тәрбиеші: Сөзіме құлақ салыңыз,

                       Бір серпіліп қалыңыз

                       Қоштасуға арналған,

                       Әнімізді қабыл алыңыз.

Ән «Оқуда озат боламын».

  1. Оқуда озат боламын

Білімім тасып толамын

Мектепке барып күн сайын

Теқ қана бестік аламын

Қ-сы

Оқуда озат боламын

Әрқашан таудай талабым

Тәртіпті бала атанып

Бәріне үлгі боламын

  1. Оқуда озат боламын

Білімім тасып толамын

Әр сөзін тындап ұстаздың

Санама құйып аламын

Қ-сы

Тәрбиеші: Келесі сөз кезегі бүгінгі түлектердің ізін басып келе жатқан бүлдіршіндерге береміз:



Бауыржанқызы Малика:

Қош балалар, сәт сапар,

Бақытты бәрің болыңдар.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік алыңдар.





Ербол Венера: Қызық күндер өткіздік,

Орталық бағында,

Көп оқыдық, көп білдік,

Ел мен Отан жайында



Ануарханова Аяла: Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың!



Ақан Әмір: Алыңдар терң білімді,

Сәтті болсын жолдарың.



Уалханов Али: Сүйкімді балғын бала шақ,

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.



Әбілқақова Айгерім: Бірге ойнап, бірге жүрген,

Күндерді біз қимаймыз.

Естелік болсын біздерден,

Ән – жырды біз сыйлаймыз.



ӘН: «Балдырған»

«Балдырған» әні


1.Біз кішкентай балдырған,

Қылығымен таң қылған.

Біздің орта көңілді,

Отты үрлеп жандырған.


Қайырмасы: 2 рет


Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Балдырғанға құлақ ас.

Секір, жүгір, тоқтама,

Ой болмасын жасырмас.


2. Балдай тілді балдырған,

Құмарымды қандырған.

Өнер тамған саусақтан,

Жоқ нәрсені бар қылған


Қайырмасы: 2 рет


3. Біз бақытты балдырған,

Ыршып аяқ талдырған.

Сөздің сырын түсінбей,

Не бір сұрақ жаудырған.


Қайырмасы: 2 рет



Орындайтындар: Бауыржанқызы Малика, Әбілқақова Ақбота, Ақан Әмір, Уалханов Али, Ануарханова Аяла.



Тәрбиеші:             Жақсы оқып алтын ұя мектепте

                             Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар

                            Бәріңді де сәбиім деп сүйетін

                            Өздеріңді сағынып біз жүрейік

                            Құтты болсын қадамдарың аттаған

                             Біз сендерге сәтті сапар тілейік!



Келесі тамашалайтындарыңыз тәрбиеленушілердің қоштасу биі. Қабыл алыңыздар.

ВАЛЬС.



Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар ертеңгілігіміздің келесі кезеңіне көңіл бөліңіздер. Балаларға және ата – аналарға алғыс хатпен дипломдар тапсырылады.

Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!

Ата - аналардың құттықтау сөзі.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Қош бол, Айгөлек" (шағын орталықпен қоштасу сценарийі)

Автор: Шажибаева Бактыгуль Каржауовна

Дата: 14.06.2017

Номер свидетельства: 421723


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства