kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздінің 25-жылдығына арналған «Менің елім, менің Қазақстаным» атты кітапханалық сабақтың жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Студенттердің Отанға деген патриоттық сезімдерін оятумен қоса, ел тарихын білулерін қарастыру және дамыту. Тарихи белестер мен кітапханалық білімдерін ұштастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздінің 25-жылдығына арналған «Менің елім, менің Қазақстаным» атты кітапханалық сабақтың жоспары»


Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі












Қазақстан Республикасының Тәуелсіздінің 25-жылдығына арналған «Менің елім, менің Қазақстаным» атты кітапханалық сабақтың жоспары




Құрастырған: Танатова Г.А.

Кітапхана меңгерушісі



Петропавл


ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында

1 курс студенттеріне арналған кітапханалық сабағы

«МЕНІҢ ЕЛІМ, МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ»


Мақсаты:
Студенттердің Отанға деген патриоттық сезімдерін оятумен қоса, ел тарихын білулерін қарастыру және дамыту. Тарихи белестер мен кітапханалық білімдерін ұштастыру.

Қатысатын топ: 156 топ.

Жүргізушілер: Бауыржан Хавдыжалел – 156 топ.

Қамбар Зарина – 156 топ.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

Ортаға екі жүргізуші шығады. 

1-жүргізуші: 
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 
2-жүргізуші: 
Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Менің елім, менің Қазақстаным» атты кітапханалық сабағымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: 
Бабадан қалып жеткен көрегендік, 
Еркіндік жастығында өлең өрдік. 
Арқалап аманатын келіп жеткен, 
25 жыл! Құтты болсын егемендік! 
2-жүргізуші: 
Иә, тарих толқынында толқып отырып, телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды. Мереке құтты болсын! 

1-жүргізуші: 
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. 

2- Жүргізуші: 
Тұңғыш еліміздің егемендігін мойындаған соң ең алғаш президентімізді де сайладық. ҚР-ның президенті болып елбасы Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Атаң заңға сай елдің бірлігі мен келешегі үшін тер төгуге жол алған елбасының елмен бірге ауыр жүк көтеріп келе жатқанына 25 жыл! 

1-жүргізуші: 

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
2-жүргізуші: 
25 жыл ішіндегі еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген бейне-роликке назар аударыңыздар!


«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ» БЕЙНЕРОЛИК

ДПК «Ровесник» бүлдіршіндерінің тақпақтары және «Қазақстан» сөзі


1-жүргізуші: 

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
2-жүргізуші: 

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.


тәуелсіздікке арнау өлеңдерін оқиды күймен өрнектелген

Хавдыжалел, Жания, Жүзім


1-жүргізуші: 
Керемет! 25 жыл ішінде қаншама жетістікке жеттік, көптеген қиындықтарды бастан кештік. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. 
2- жүргізуші: 
Осы бір бейне-роликтен кейін рухтанып алсақ қайтеді?! 


«ТӘУЕЛСІЗДІК 25 ЖЫЛ»БЕЙНЕРОЛИК


1-жүргізуші: 

Тәуелсіздік ел мұраты,

Жас ұрпақтың болашағы

Ұялатып берік сенім,

Бағымызға жол ашады.

Тәуелсіздік мақтанашым,

Бізге бақыт сыйлаған

Бейбіт күнде мен тынышпын,

Әрбір таңым нұр маған.
2-жүргізуші: 
Пай, пай, пай! 
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер, 
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, 
Сарылып сал-сері кеткен жер. 
Бас иіп, иіскеп топырағын 
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай келесі кезекті мектебіміздің ақындарына берсек. Шабыттарына от тиіп, жалын түссін. 


тәуелсіздікке арнау өлеңдерін оқиды күймен өрнектелген

Ақберген, Рахат, Әділхан, Асылхан


1-жүргізуші: 

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
2-жүргізуші: 

Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!


библиографиялық көрсеткіш- кітапханашы Кожанова Д.Қ. 


1-жүргізуші: 

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

«Қазақстан – ортақ үйіміз»рефлексия 


2-жүргізуші: 

Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!

Мықты болсын еліміздің керегесі.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаган.

Әлі де шығар аланға Отан үшин

Карсы аккан өзеннен өтетіндер.

Жүректе намыс оты сөнбейді

Кезінде ызғарына аяздың төзгендей–ақ

Түсинеміз, ұғамыз

Бұл күннің онайлықпен келмегенін.

Еліміз тыныш, халкымыз аман болсын!
Құрметті студенттер. Бүгінгі «Менің елім, менің Қазақстаным » атты кітапханалық кешіміз мәресіне жетті. 
1-жүргізуші: 
Елдің ертеңі жарық болсын! Келесі кездескенше аман болыңыздар! 


Естелік фотосуретке түсу







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Танатова Гульмира Аманжоловна

Дата: 26.02.2018

Номер свидетельства: 459638


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства