№19 жалпы орта білім беретін мектепте ұжыммен Қазақстан Республикасының конституциялық реформалар бағдарламасын насихаттау жұмыстары жүргізілуде.Осыған байланысты мектепте ақпаратты-насихаттық топ құрылып, Қазақстан Республикасының конституциялық реформалар бағдарламасы мектеп ұжымымен талқыланды және 8-11 сынып оқушылармен сауалнама жүргізілді. Әр дүйсенбі күні Қазақстан Республикасының конституциялық реформалар бағдарламасы туралы ақпараттық жұмыстар өтеді. Мектеп кітапханасында ҚР конституциялық реформалар бағдарламасына көрме ұйымдастырылып, сынып оқушыларымен конференция, сыныптан тыс шаралар жоспарлануда.