kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош с?йікті ?ліппем!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ана тіліні? ?ажайып ?рі шынайы ?леміне б?л-діршіндердід?л жетелейтін, о?у?а, білімгедеген ?мтылыс?а ша?ыратын ?ліппемен ?ош-тасу ерте?гілігінекеліп отырсыздар. ?ліппені ая?тау тойлары?ыз ??тты болсын! ?ліппені бітіру алды??ы ?мірге бастайтын к?п белестерді? бірі. Ендеше, біз б?гін к?ні сол белесті? бірінен асты?. Сонды?тан б?гінгі ерте?гілік сіздер мен біздер ?шін орта?та салтанатты мереке.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош с?йікті ?ліппем! »

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қалалық №2 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Шакибаева Алия Сагидуллақызы

Қош сүйікті Әліппем!

1-жүргізуші: Ассалаумағалецкум, халайық!

2-жүргізуші: Армысыздар, Ұстаздар, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қағаздар,

Құшақ жая қарсы қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар

1-жүргізуші: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

2-жүргізуші: Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер

Қыран құстай болашағын мәпелер

Бүгін міне, әліппемен қоштасады

Азамат боп кешегі сәби еркелер.

Армысыздар, қонақтар! Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, себебі алғаш сауатымызды аш-қан, жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз. Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын дей отырып, той иелері 1 «А» классоқушылармен сынып жетекшісі Шакибаева Алия Сагидуллақызын ортада қарсы алайық.

/Слайдтан мектептегі мерекелер көрсетіліп тұрады/

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүл-діршіндердідәл жетелейтін, оқуға, білімгедеген ұмтылысқа шақыратын Әліппемен қош-тасу ертеңгілігінекеліп отырсыздар. Әліппені аяқтау тойларыңыз құтты болсын! Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгін күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақта салтанатты мереке.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым!

Өзі оқып, жазатын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың!

Ата-ана қуанып шаттанады.

Оқыды деп баласы мақтанады.

Алдарына бұлардың кім шығыпты.

Барлық маман мектептен аттанады.

2-жүргізуші: Шашу, шашу шашайық

Дүбірлетіп тойды бастайық

Бұл мереке,бұл тойды.

Хормен: Шашуменен ашайық.

2-жүргізуші: Бала деген шіркін-ай балдай екен!

Тәттілігі жая мен жалдай екен!

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен!-деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.

1-оқушы: Өтті оқу салтанат

Оқулықпен достаспақ

Әліппемен қоштаспақ

Ой білімі жаңғырмақ

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш балдырған,

Құтты болсын тойларың!

2-оқушы: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Анадеген тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар!

3-оқушы: Мен бүгін бұрынғыдан саналымын

Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім

Дәптердің жазылмаған ақпарағы

Ақ көйлектей жеті жасар балалығым!

4-оқушы:Мектеп-кеме, білім-теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.

5-оқушы: Қадірлі мектеп, бұл мектеп,

Оқығаната-анамыз.

Атыңдысенің құрметтеп,

Әрқашан еске аламыз.

Хор: Ұстазым

2-жүргізуші: Көп рахмет бүлдіршіндеріміздің құрметіне шапалақты аямайық!

Мың бұрала билетін,

Биді жақсы көретін

Қыздарымыз бар біздің

Би «Роли- поли»

1-жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би-билеп ал біреуі ән салыпты,

«Өнерлі өрге жүзер» дегендей.

2-жүргізуші: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қояйын.Сендер соғанжауап беріңдер.

Іші толған әріпке,

Болашаққа жарық не?

Хормен: Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті Әліппе!

Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Балалар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе: Армысыңдар, жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Менің атым-Әліппе

Мені анаңдай әріпте,

Мені оқып ержеткен,

Ағаң менен әпкең де.

Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Аленді бүгін маған өз білімдеріңді көрсетесіңдер.

6-оқушы: Әліппе деген-алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа

7-оқушы: Білімге жолдыбастаған,

Әліппем саған мың алғыс

Оқы деп ұрантастаған

Әліппем саған мың алғыс.

8-оқушы: Әліппежарты жылдайжолдасболдым

Ана тілге әкеліп жалғастырдың

Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,

Хат танытып, алғаш сен көзімдіаштың

9-оқушы: Бар әріпті үйреткен

Міне менің Әліппем

Жақсы оқимын кітапты

Әріптерді танып мен

1-жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би-билеп ал біреуі ән салыпты,

«Өнерлі өрге жүзер» дегендей

Келесі кезекті әнге береміз

Ән:

2-жүргізуші: Құрметті Әліппе сіз біздің балалардың Әліппе оқулығынан қалай оқиты-нын қалай оқитынын көргіңіз келе ме? Олай болса біздің сынды оқушыларымыз журнал, кітап оқып берсін.

Әліппе: Бәрекелді кітапты тамаша оқиды екенсіңдер! Талаптарына нұр жаусын!

1-жүргізуші: Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен дей келе 1 «А» класс оқушыларының орындауында хор «Әліппе»

2-жүргізуші:Ендігі кезекте оқушыларымыздың өлең шумақтарын тағы бір тыңдап көрейік.

10- оқушы: Әріптерді үйретіп

Жақын болған кім бізге?

Хор: Ол мұғалім

Жамандықтан жиреніп

Ақыл болған кім бізге?

Ол мұғалім

11-оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызығып қарай бердім әліппені.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді.

Ұстазым оның кілтін ашып берді.

12-оқушы: Әліппе оқуға,

Үйреткен әр күні

Үйретіп санауды,

Көп еңбек сіңірген

Мұғалім апай ғой!

13- оқушы: Үйретіп мұғалім бізге әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ақыл-ойы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

14-оқушы: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

15-оқушы: Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасыты.

Әліппе сырын ұқтырған

Хормен: Рахмет, ұстаз алғашқы!

Ән: «Мұғалім ол біздің».

16-оқушы: Әліппем, менің Әліппем,

Өмірді көрем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет!

1-жүргізуші:Ал, балалар Әліппеміз асығып тұр, басқа мектептерде де сендер сияқты

1-класс оқушылары Әліппемен қоштасып жатыр.

Әліппе: Сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ. Ендігі кезекте Ана тілін ортаға шақырайық.

Бәрі: Рахмет, саған, Әліппе.

17-оқушы: Қош бол, құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

18-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Әліппе: Әліппе ал, балалар ойын сауықтарыңды жүргізе беріңдер! Мен кетейін.

Сабақтарыңды жақсы оқып, мұғалімдеріңді, ата-аналарыңды қуанышқа бөлеп жүре бе-ріңдер! Сау болыңдар!

2-жүргізуші: Барлығымыз әліппеге не дейміз?

Хормен: Қош бол, құтты Әліппем

Ана тілі келеді. Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам,

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Ана тілі: Маған арнап қандай өнерлерің бар?

19-оқушы: Ана тілің-біліп қой,

Бостандығың теңдігің.

Ана тілің-біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

20-оқушы: Анам алғаш осы тілде

Бесік жырын жырлаған

Ұзақ түндер анам айтқан

Ертегілер тыңдағам.

21-оқушы: Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желікбас,

Ана тілін сүймеген.

Халқын сүйіп жарытпас.

Ана тілі: О, жарайсыңдар! Менің сендерге арнап әкелген бір ойыным бар еді. Сұрақтар.

  1. Біздің туған жеріміз, өскен жеріміз, Отанымых қалай аталады? (Қазақстан)

  2. Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

  3. 1-ден 10-ға кім кім тура және кері санап береді?

  4. Балалар ең алғаш «Әліппені» кім жазды? (Ахмет Байтұрсынов)

  5. Табиғат нешеге бөлінеді? (екіге) Атын ата? (тір және өлі табиғат)

  6. Ана, Отан, бала сөздерін кім жазып береді?

  7. Математикалық жұмбақ

Табақта 8 алма,

Қолымда 2 алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма? (10 алма)

  1. Математикалық жұмбақ.

Қолымдағы 9 алманың

1-еуі атам, 1-еуі апама

Айтшы сонда қолымда нешеуі қалады? (7-еуі қалады)

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? «2-ге дауысты, дауыссыз)

  2. 10 санының құрамын айт

  3. 9 санының құрамын айт.

Ана тілі: Балалар сендер жақсы білім алыпсыңдар! Сіздерді шын жүректен құттықтай-мын сіздерге жаңа табыс, үйлеріңізде ынтымақ, бірлік, береке, балаларыңыз сабақты «4» пен «5» оқуларына тілектеспін. Ал енді балалар мен тойдың соңына дейін сендердің бі-лімдеріңді тамашалайын, мен сендермен оқу жылының сңына дейін боламын, жақсы бі-лім алуларыңа тілектеспін!

2-жүргізуші: Сіз төрге жайғасып бізбен бірге болыңыз. Төрлетіңіз, төрге шығыңыз.

Баланың ба тірегі

Дананың да тірегі

Шаншылмасын ешқашан

Аналардың жүрегі- дей келе әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз.

1-жүргізуші: Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң- қуанып, ренжісең- жұбататын асыл адам-Ана! Ана біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау парызымыз. Ана сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар:

1-оқушы: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың,

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!

2-оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем, еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін...!

3-оқушы: Ата-анаға еркелеп,

Ортасыңда өстік біз.

Жақсы оқып, қуантып,

Бестік күнде алдық біз...

4-оқушы: Болашағын баланың,

Талабынан білесің,

Жақсы оқыса сабағын,

Жақсы көріп жүресің....

5-оқушы: Әліппені бітірдім,

Әріптерді танимын.

Мен атаның баласы,

Мен оқушы баламын...

6-оқушы: Ата келші тезірек,

Ана тілін бастадым,

Өзіңе айтар тағы да,

Дайын менің тақпағым:::

Хормен: Ата-анаға мың рахмет!

Қыздардың орындауында «Айгөлек» әні

1-жүргізуші: Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын

Жас санаға төгіп білім шуағын

Хат танытып, жол сілтеген өмірге

Барша жанға құрметті жан- мұғалім, демекші барша бастауыш класс ұс-таздар қауымына шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

2-жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер,

Көтерілсін қанекей, көңіл күйлер,

Алдарыңызда қазіргі «Флэшмоб» биі.

1-жүргізуші: Әліппені оқып, білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар болар, сол армандарың орындал-сын деген ниетпен балғын шақтың белгісі сары түсті шарларыңды аспан әлеміне жібе-рейік. Қане, барлығымыз іштей тілек тілейік.

2-жүргізуші: Қане, тілектеріңді тыңдап көрейік.

1-оқушы: Мен әкім боламын. Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.

2-оқушы: Мен білім министрі боламын. Мектептегі бастауыш кластарға компьютер әперген болар едім.

3-оқушы: Мен дәрігер боламын. Кез келген аурудың алдын алып, балалардың денсаулы-ғына көп көңіл бөлер едім.

1-жүргізуші: О, жарайсыңдар ойлаған арман тілектерің орындала берсін, аңсаған арман-дарыңа жетіңдер!

2-жүргізуші: Ақ тілеу аямайтын баталарын,

Өздеріңнен күш қуат бата алатын.

Сынығындай асылдың ардақтысың

Ақ, жүрек, қасиетті паналарым,

«Аталы сөз, баталы сөз» дегендей ортаға атамызды шақырайық. Батасын берсін.

1-жүргізуші: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.

2-жүргізуші: Шәкірттердің қанаттары талмасын,

Көк аспанда қыран болып самғасын

Ақ жол тілеп, барша мына ұл-қызға,

Ақ батасын мектебіміздің директоры арнасын.

Келесі сөз кезегін директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына беріледі.

1-жүргізуші: Ана деген не деген

Ақ тілеулі жан еді

Алғысын алып ананың

Өсе бергіміз келеді- демекші сөз кезегін аналарымызға беріледі.

Құрметті қонақтар! Осымен 1 «А» класының «Әліппеге мың алғыс» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ош с?йікті ?ліппем!

Автор: Шакибаева Алия Сагидуллаевна

Дата: 29.06.2015

Номер свидетельства: 221713


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства