kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош келді?, Жа?а жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балаларды «Жа?а Жыл» мерекесімен таныстыру. Орман а?дарыны? ж?не д?ние ж?зіні? адамдары шырша тойын ?алай т?сінетіні ж?не оны ?алай тойлайтыны жайында т?сінік беру; балаларды? к??іл-к?йін к?теру; ?лендерді, та?па?тарды еске са?тау?а ?йрету; балаларды досты??а ?йрету. Балалар?а мерекелік к??іл-к?й тудыру; шыршаны? ?алай ?демі де с?нді безендірілгеніне, балаларды? Машаны?, Аюды?, Аязатаны?, А?ша?арды?, ?ойы?, ?ас?ырды?, Т?лкіні?, Мешінні? карнавалды? киімдеріне назар аударту; к??ілді ойындар ойнату, досты? ?арым - ?атынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош келді?, Жа?а жыл»

!!! Қош келдің, Жаңа жыл!

ЖАРДЕМОВА Ж.С.,

Сырым аудандық білім беру бөлімінің

МКҚК «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі.

Орал қаласы, Сырым ауданы, Жымпиты

************************************************


Мақсаты: Балаларды «Жаңа Жыл» мерекесімен таныстыру. Орман аңдарының және дүние жүзінің адамдары шырша тойын қалай түсінетіні және оны қалай тойлайтыны жайында түсінік беру; балалардың көңіл-күйін көтеру; өлендерді, тақпақтарды еске сақтауға үйрету; балаларды достыққа үйрету. Балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Машаның, Аюдың, Аязатаның, Ақшақардың, Қойың, Қасқырдың, Түлкінің, Мешіннің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар (кейіпкерлер): Аю, Маша қыз, Аяз ата, Ақшақар, Қой, Түлкі, Қасқыр, Мешін, Балалар.

Көрнекі құрал жабдықтар: Сиқырлы таяқшалар, әсемделген шырша, ойын өткізуге арналған құралдар.

( Әуенмен балалар залға кіреді, Машаны көреді)

Маша: Сәлеметсіздер ме! Жаңа жылдарыңмен! Сіздер мені таныдыңыздар ма? Мен – Машамын.

Балалар: Сәлеметсің бе, Маша! Жаңа жылыңмен!

Маша: Балалар, сендер жаңа жылды тойлауға келдіңіздер ме?

Балалар: Иә.

Маша: Сендер Жаңа жыл мерекесін жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Иә, жақсы көреміз.

Маша: Мен де Жаңа жыл мерекесін жақсы көремін. Жаңа жылды да қарсы алуымызға аз ғана уақыт қалды. Сіздерге қонаққа Аяз ата және оның немересі Ақшақар келе жатыр. Әрбір ақылды, айтқанды тыңдаған балаларға сыйлықтарын алып, қалың орманды аралап, өте алмайтын қарлы, қараңғы жерлермен, үлкен-үлкен күртік қарлар үстімен келе жатыр. Балалар, бірақ Аяз ата мен Ақшақарға үлкен-үлкен қарлар да, қараңғы жерлер де, боран да түк емес. Бәрінен өтіп, сендерді Жаңа жылдарыңмен құттықтауға келіп, сыйлықтар береді. Ол келгенше бір ән орындайық.

Ән: «Шыршаның қасындағы би»

Маша: Балалар, сендердің шыршаларың өте әдемі екен. Аяз ата қуанатын болды, оған әдемі шырша ұнайды. Сұрауға ұмытып бара жатырмын. Менің досым аюды көрмедіңдер ме? Ол әлі келмеді ме?

Балалар: Жоқ, ұйықтауға кеткен шығар. Олар қыста ұйықтайды.

Маша: Кәнекей, балалар, аю келгенше барлығымыз әдемі би билейік. Сонда аю досым естіп, ұйқысынан оянады.

Би: «Утята»

( әуенмен орындарына отырады)

Аю: Қатты әндеткен кім десем,

Мені оятқан кім десем?

Эх, Маша бұзық екенсің.

Аюлардың қыста ұйқыға жататынын білмейсің бе?

Маша: Қарашы, аю досым, балалар Жаңа жылды қарсы алайын деп жатыр. Аю, Жаңа жылды балалармен бірге қарсы алайықшы. (Ортаға аюдың орындығын, бал ыдысын, ағаш қасықтар әзірлеп қою)

Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Жарайды, Жаңа жылды сендермен бірге қарсы алуға дайынмын. Олай болса бәріміз бір ән салайық.

Ән: «Елочка»

(Әуен ойналып, қасқыр шыршаны айнала қойды қуады)

(Қасқыр қойды қуады, жете алмайды. Аю мен Маша басын шайқайды)

Қой: Тимеші маған, Жаңа жылды тойлауға бара жатырмын.

Қасқыр: Жоқ, жоқ. Менің қарным ашты. Мен сені жеп қоямын.

Аю: Тиме қойға. Жаңа жылда бір – біріңді ренжітуге болады ма екен?

Қасқыр: Жарайды (қойға қарап қолын бір сілтейді). Бірақ, сендер мені Жаңа жылды тойлауға шақырған жоқсыңдар ғой. Мен сендердің шыршаларыңды сындырамын.

Маша: Қасқыр. Олай істеме! Одан да Жаңа жылды бізбен бірге қарсы ал! Аяз ата саған Қоян суреті бар тәтті әкеледі.

Қасқыр: Олай болса менімен бір қызықты ойын ойнандаршы.

Ойын: «Тунель»

Қасқыр: Балалар Аяз атамыз әлі алыста сияқты, ол келгенше «Қонжық» биін тамашалайық.

Би: «Қонжық»

(Аяз атаның айқайлап, әндетіп келе жатқан даусы алыстан естіледі)

Аю: Балалар естідіңдер ме, Аяз ата бізге жақындап қалған сияқты. Кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен Аяз ата, Аяз ата деп айқайлайық.

Балалар: Аяз ата, Аяз ата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Түлкі кіріп келеді.)

Түлкі: Ойбай түрлерін қара! Неге сонша тамақтарыңды ауыртып, айқайлап жатырсыңдар?!

Аю: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе? Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?

Түлкі: Жоооқ.

Маша: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?!

Түлкі: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аяз ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха – ха.

Аю: Неге олай еттің? Аяз ата мен Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Түлкі тоңа бастайды да, балалардың киімдерінің астына кіріп, тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)

Маша: Балалар күн суытып кетті жылынып бір би билейікші:

Би: «Қояндар»

(Алыстан Аяз атаның дауысы қаттыға естіледі)

Аю: Аяз ата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, қол соғып, шақырайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар: Аяз ата, Ақшақар! (3 рет айқайлайды)

(Көңілді әуен ойналып, Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым?

Амансыңдар ма, қыздарым.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме! Жаңа жылдарыңызбен!

Барлығы: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата, Ақшақар.

Аяз ата: Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Шаршап келіп алыстан,

Өздеріңе оралдым.

Бар сыйлығым дорбамда,

Керемет бір ән тыңдап

Келіп тұр-ау демалғым.

Ақшақар: Біз сіздерді қатты сағындық. Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Аяз ата шаршасақта, балалармен бірге ән шырқасақ қайтеді?

Ән: «Шыршамызға арнаймыз»

Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар. Дауыстарыңды естіп, қуанып тұрмын. Балалар, шыршаларың әдемі екен, енді шамдарың жағатын уақыт болды. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант бізді, таңырқат, шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Балалар: Қуант бізді, таңырқат, шамдарыңды жарқырат. (қолдарын шапалақтайды шырша жарқырайды)

Ақшақар: Балалар енді біз Жаңа жылды шақырайық. Мешін жылын қарсы алайық.

(Әуен ойналады, Мешін кіреді)

Мешін: Сәлеметсіздер ме...

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын сіздерді,

Балаларға сыйлық әкеп тұрмын мен!

Жаңа жылдарың құтты болсын, ағайын.

Аю: Қош келдіңіз, Мешін жылы. Төрлетіңіз!

Ескі жыл (Қой): Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан.

2015 жыл қадам басқан

Гүлденіп, көркейе бер, Қазақстаным.

Келесі жыл бастауын Мешінге беремін.

Мен сендермен бір қызықты ойын ойнап кетейін:

Ойын: «Қар жинау»

Қой: Ал, балалар, сау болыңдар!

Барлығы: Қош бол, қой, қош бол!

(Қой жылы және, түлкі, қасқыр қонақтармен және балалармен қоштасып шығып кетеді)

Мешін: Мен тағы бір қонақпын,

Он екі жылда оралар.

Үлкендерге ақ ниет,

Сіздерге де ақ ниет,

Сіздерге де мың рахмет!

Аю: Қош келдің жаңа жыл. Ал Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мешін жылының келу құрметіне ән салмаймыз ба?

Маша: Дұрыс айтасың! Барлығымыз бірге ортаға шығып, ән салып, би билейік.

Би: «Шырша»

Ән: «Аяз ата»

Аяз ата: Ой, менің бір қолғабым жоқ?!

Маша: Аяз ата, міне, ол! (қолғапты көрсетіп, айнала қашады).

Аяз ата айнала жүгіреді, балалар қолғапты бір-біріне лақтырып ойнайды.

Ойын: «Аяз ата мен балалар»

Аяз ата: Тентек екенсіңдер! Қазір мен сендерді мұздатамын.

Балалар: Ал, біз аяздан қорықпаймыз.

Аяз ата: Қалай қорықпайсыңдар?!

Балалар: Міне, былай деп айнала жүгіреді.

Аю: Аяз ата, сіз шаршаған шығарсыз. Отырыңыз. Демалыңыз.

Аяз ата: Балаларым кәнекей, Аяз атаны бір қуантыңдаршы. Қандай өнерлерің бар?

Балалар тақпақтарың айтады.

Аяз ата: Жарайсыңдар. Тағы қандай өнерлерің бар?

Би: «Аққала»

Аяз - ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де, өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сендерге сыйлықтарымыз бар. Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

Ал Мешін жылы мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер. Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын. Сау болыңдар, балалар!

Қолдарын бұлғап шығып кетеді.

Барлығы: Сау болыңыздар!

Аю: Жаңа жыл құтты болсын, Жаңа жыл қуаныш алып келсін


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ош келді?, Жа?а жыл

Автор: Жардемова Жанна Сергеевна

Дата: 14.06.2016

Номер свидетельства: 334480

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "«?ош келді?, Жа?а жыл» "
    ["seo_title"] => string(25) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "150073"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420391707"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""?ош келді?, Жа?а жыл!" ерте?гілік кеш"
    ["seo_title"] => string(38) "koshkieldinzhanazhyliertienghilikkiesh"
    ["file_id"] => string(6) "272745"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452059417"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?ош келді?, Жа?а жыл!!!"
    ["seo_title"] => string(21) "koshkieldinzhanazhyl4"
    ["file_id"] => string(6) "290381"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454947978"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?ош келді?,  Жа?а жыл! "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-4"
    ["file_id"] => string(6) "169469"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423411760"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "?ош келді?, Жа?а жыл! (жа?а жылды? мереке) "
    ["seo_title"] => string(50) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-zhan-a-zhyldyk-mieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "194512"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427788390"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства