kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош,бол с?йікті ?ліппем!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сауат аш?ан "?ліппеге" деген ?ле?,та?па?тарын м?нерлеп айту?а, "?ліппеден" ал?ан білім-білік да?дыларын к?рсету.Оларды? ой-?рістерін, тіл-байлы?тарын, тап?ырлы?, ізденімпазды? ?асиеттерін дамыту.Отанын, жерін, мектебін с?юге, ?аза?стан Республикасыны? білімді азаматы ж?не азаматшасы болу?а жетелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош,бол с?йікті ?ліппем! »

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Игілік ауылы «Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгуль Жамантаевна

Қош,бол сүйікті Әліппем!

Мақсаты:
А) Сауат ашқан «Әліппеге» деген өлең, тақпақтарын мәнерлеп айту, «Әліппеден» алған білім-білік дағдыларын көрсету.

Ә)Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу,байқату,олардың ой-өрісін,тіл байлықтарын,тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

б) Отанын, туған жерін,мектебін сүюге, Қазақстан Республикасының білімді азаматы мен азаматшасы болуға жетелеу.

Көрнекілігі:Әріптер,гүлдер,шарлар,әліппе,ана тілі,қазақ тілі,математика макеті

I бөлім

Барысы:
Мұғалім:Қымбатты аталар мен ақ жаулықты аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін 1 «Ә»сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр.Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі Әліппені бітіріп отырмыз.Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Олай болса сүйікті Әліппемізді ренжітпей рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай іні-сіңлілерімізге табыс ету міндетіміз.Сондықтан қазір осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп ән-күймен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық.
Шашу шашу шашыңдар,
Ақ сандықты ашыңдар.
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасаңдар.
(Шашу шашылады)
Бала деген, шіркін-ай, балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен-деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық !
Арнұр: Ассалаума алейкум халайық!
Гүлнұр: Армысыздар құрметті қонақтар. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз.Себебі алғаш сауатымызды ашқан досымыз Әліппемен қоштасамыз. Арнұр: Тақпақ айтып,ән салып, Әзіліміз жарасып. Күмбірлетіп күй төгіп, Би билейміз бұралып. Гүлнұр: Айтыс пенен термені, Орындаймыз сіздерге. Шапалақпен қол соқсаң, Сол жетеді біздерге.



Екеуі қосылып:
Өнерлі жас өрендер, Күлкіден шашу шашады. Рұқсат болса сіздерге , Шымылдықты ашады.

Мұғалім: Жеміске құты тола ма? Бір-бірлеп теріп алмасаң. Әп-сәтте шыға қоя ма? Еккен дәнің ойласаң. Білім де сондай қарағым, Біртіндеп сіңер ойыңа. Ұғып ал білім боларын Шам-шырағың жолында. Көлге ойнаған бұлақтың, Қайнар көзін көріп пе ең? Том-том қалың кітаптың Басы болар «Әліппең»- деп Әліппені ортаға шақырайық. 2 жүргізуші мен мұғалім: Әліппе,Әліппе, Әліппе. Әліппе: Армысыңдар жас достар,
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға. Ау, достарым! Әліппе тойы болады деп шақыру қағазы бойынша осы сыныпқа келдім. Балалар қайда? Әріптер неге көрінбейді?
Мұғалім: Сәлеметсіз бе Әліппе!Төрлетіңіз, той осында,кешіккен жоқсыз. (Ортаға әріптер кіріп келеді) Әліппе: Мен әуелі әріптерімді түгелдеп алайын. Дауыстылар қайдасыңдар? Дауысты дыбыстар: Біз мұндамыз. Әліппе: Дауыссыздар қайдасыңдар? Дауыссыз дыбыстар: Біз де мұндамыз. Әліппе: Жіңішкелік пен жуандық белгілері жоқ қой. Рамазан: Біз барлық сөзде жазыла бермейміз деп өкпелеп жүр. Әліппе: Біреуің барып шақырып келіңдер. (Олар өкпелегендей,тартыншақтап кіріп келеді) (Әліппе оларға қарап) Жіңішкелік пен жуандық белгілері.Сендердің де өз орындарың бар. Тәртіпсіздік жасамай орындарыңа барыңдар.Балалар,мені оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Барлығы: Дыбысты танып, буыннан сөз құрауды, сөзден сөйлем құрауды,дұрыс сөйлеуді үйреттіңіз. Әліппе: Жарайды менің ақылды достарым. Арнұр: Әліпбиді біліңдер Әр әріпті танып ал. Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар



Гүлнұр: Барлық әріп бағалы, Айттық әділ бағаны. Әріпсіз сөз болмайды, Буын онсыз болмайды. Адам барлық әріпті, Ардақтайды, қолдайды. Мұғалім: Әліппе, балалар өзің туралы өлең,тақпақ үйренді. Енді соны тыңдаңыз. Әліппе: Жарайды,тыңдайын

Қалипа: Әліппем,менің Әліппем Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің Ертеңгі сәуле жарықпен. Озода: Қош,бол, құтты Әліппем! Көп нәрсені үйреттің Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттіің Ұлмекен: Ашыла берді алдымнан Кең дүние есігі Соғылған сомдар алтыннан Әліппе- білім бесігі.

Көрініс «Әріптер айтысы» Нұртөре: Әліппе деген алтын жол Апарар сені алысқа. Жеңіл емес ауыр жол Тырмысып бақ намысқа. Нұрлыбек: Оқуды көп ойладық, Қызығына тоймадық. Әріптерді үйреніп, Сауат аштық,тойладық. Хор «Әліппе» әні Тәңірберді: Енді біз жаза аламыз
Әріпті қосып әріпке
Ырза боп саған жүреміз
Қош бол сүйікті Әліппе Қаныбек: Арта берді кітапқа Бойымдағы қуатым. Бірге жүрген қасымда, Кітап болды сыңарым. Нұрсұлу: Әліппе менің Әліппем
Өшпейтін нұрлы әріппен
Есігін аштым білімнің
Өзіңнен кілітті алып мен.
Көрініс «Әліппе мен дәптер» Әнасыл: Үйретті бізге Әліппе 42 дербес әріпке Сөз,сөйлем құрап әріптен, Лайық болдық дәріпке Ырысбек: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекте
Үйреттің оны Әліппе.
Рамазан: Әліппе даңғыл жол ашты Жаңадан пәндер жалғасты. Әліппе сырын ұқтырған Рахмет ұстаз алғашқы

Көрініс «Кім неден күшті?» Ернұр: Мама,папа атын сен , Бізге үйреттің Әліппе Бізге нағыз жақын сен, Сенен білдік әріпті. Құрманғазы: Іші толы әріпке Мынау әйбат Әліппе Барлық ілім-білімнің Әжесі осы –Әліппе!

Хор«Мұғалім-ол біздің» әні

Ербол: Бар кітапқа бас болған Әліппе-ғылым анасы Әліппеден басталған Даналықтың данасы Елдос (2) Әліппе алып қолыма
Білімнің аштым есігін
Ақ ниет тілеп жолыма
Жазылды тұңғыш есімім.

Әліппе: Жақсы достар, тағы не үйрендіңдер? Сағидулла: Біздер көп нәрсе үйрендік.
Елдос(1) Есеп шығаруды санауды.
Серік: Ән айтуды ойнауды.
Ырысбек: Сурет салуды бояуды.
Рамазан: Денемізді шынықтыруды. Әліппе: Жақсы достар, тағы қандай өнерлерің бар? Қалипа: Біз жұмбақтар үйрендік.
Елдос(1) : Сүңгіген жетер әрең, Теңіздей түбі терең. (білім) Серік: Қабат-қабат қаттам, Ақылың болса аттама. (кітап) Сағидулла: Ортасында шегесі, Жіп-жіңішке денесі. (қалам)

Елдос (2) : Аяғы жоқ, қолы жоқ, Таппайтұғын ізі жоқ. (хат) Озода: Турайсың,турайсың да жылайсың. (пияз)

Ән «Ертегілер» Орындайтын Бердибай Гүлнұр

Мұғалім: Балалар, өнер-білім барлығы да мектептен басталады. Алғашқы ұғынып, меңгеретін асыл сөздері-Ана,Отан, мектеп,бала. Балалар осы сөздерді қатыстырып өлең,тақпақ жаттап,мақтанышпен айтып жүр. Ұлмекен: Жарқын жүзді жан анам, Сендей болсын бар адам. Сендей болса бар адам, Шаттық кетпес баладан. Нұртөре: Отан- менің ата-анам, Отан-досым, бауырым. Отан-өлкем,астанам, Отан-туған ауылым. Мұғалім:
Бүгін біраз ойнайық
Сөздер сырын айтайық
Ал сонымен әріптер
Шежіресін бастайық.
Нұрлыбек: А-ға й-ды қоссаңыз
Көкте тұрған ай болар
Нұртөре: Т-ны алдына тоссаңыз
Бәсірелі тай болар
Қаныбек: Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақылғөй
Гүлнұр: Б дегенің бабамыз
Бауыржандай батыр ғой
Ернұр: В-дегенің вал болар
Толқын күшін шомылар
М-дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар
Әнасыл: Г әріпімен гүлденген
Қызғалдақты қырат тау
Ғ әріпімен бір келер
Ғылым атты ұлы тау
Нұрсұлу: Д әріпінен бастасаң
Дархан, дария далам бар
Арнұр: Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жарандар
Ұлмекен:Ж-дегенің жөргегің
Туып өскен жерлерің
Ырысбек: З-әріпімен зердедім
Зергерлердің зергерін
Қалипа: И-дегенің иманың
Адалдықтың асқары
Тәңірберді: К-дегенің күй-дарын
Домбыраның дастаны
Рамазан: Ұ әріпі ұлысың
Ағайының өз-елің
Сағидулла: Ы-дегенің ырысың
Орман-тоғай өзенің
Озода: О-дегенің отбасы
Отан деген ұғым бар
Елдос (1): Я-дегенің Яссы
Қала болған бұрындар
Жанқожа: Р-дегенің рақым
Мейірің мен пейілің
С әріпінен тұратын
Сый,сияпат,сенімің
Ерболат: Ш-дегенің шапағат
Тие берсін баршаға
Х-дегенің сәлем-хат
Қуанышың қаншама Серік: Ө Өгіз өңкиген, Өн бойы дөңкиген
Ф Футбол ойыны, Аяқ доп дейді оны Елдос(2): У жалауша мұны біл
Еліміздің туы бұл. Мұғалім:
Әліппенің тойында
Әркім құштар ойынға
Әріптер сыр ашады
Қыздар биге басады.
Қазақша би. Қыздар тобы.

Әліппе: Мен сендерге ризамын. Мені жақсы игеріпсіңдер. Ал,қош болыңдар. Үнемі биіктен көріне беріңдер. (Қол бұлғап шығып кетеді)

Ән «Қошақаным» Орындайтын Жақсыбай Нұрлыбек. Мұғалім: Кешегі сәби балаңыз
Жарады міне қараңыз
Ғылым білім жолына
Енді қайық саламыз.
Құрметті ата-аналар Балаларыңыздың осындай дәрежелерге жетулеріне сіздердің жәрдемдеріңізде өте күшті.

Көрініс: «Шалқан»
Мұғалім: Балалар біздің бүгінгі тойымызға тағы бір қонақ келе жатыр.Орын дайындайық.Міне, балалар күткен қонағымыз да келіп қалған екен, қарсы алайық.(Ана тілі кіріп келеді) Балалар бұл қонағымызды танисыңдар ма? Кім екен?
Хор: Ана тілі!
Ана тілі: Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Балалар енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып мені ұқыпты оқысыңдар көп нәрсені үйренесіңдер.Мен жалғыз келген жоқпын. Сендердің сауатты жазуға үйрететін қонақты ала келдім. (Қазақ тілі кіріп келеді) Қазақ тілі: Балалар,мен сендердің сауатты азамат болатындарыңа сенемін. Қазір

«Ұйқасын тап» ойынын ойнаймыз, әрі жұмбақтың шешуін табайық: 1. Құйрығы сүйір, Алаботаға үйір. Оның аты (сиыр)
2. Тастан тасқа секірген, Шұнаңдап ойнап,секірген, Құйрығы келте шұнақ, Оның аты (лақ) 3. Тоны түкті, түрпі, Оның аты (кірпі) «Қояндар»биі Математика кіріп келеді: Достарым. Мені де Әліппе сияқты оқыдыңдар. Мені қалай меңгердіңдер? 1 саны: Әнасыл: Сан бір цифрынан басталады, күн біреу, ой біреу, жер біреу. 2 саны: Ырысбек: Екі санындағы көрініс, әке мен шеше, ұл мен қыз, күн мен ай. 3 саны: Қалипа: Үш саны мықты, жараңдар, үшінші орын тұрағы, үлікті қосып тұрады. 4 саны: Тәңірберді: Үштен кейін төрт болар,
Бір жылда төрт мезгіл бар: Қыс мезгілі күн суық, ақ қар жатыр, жер жауын.
Көктемде келер жер жаңа, Егейін егін далаға.
Жазғытұрым күн ұзақ, Аптап тұрар күн шуақ.
Алтын күз бізге берер нұр, Жеміс-жидек пісіп тұр.
5 саны: Нұрсұлу: Басталады саусағым бас бармақтан 1-ші,
Балаң үйрек келеді санағанда 2-ші,
Ортан терек, биігі, тұрып қалған 3-ші,
Шылдыр шүмек келеді кезегім деп 4-ші,
Кішкене бөбек таласпай қалған екен 5-ші.
6 саны: Қаныбек: Алты саны-ұлық па,
Ұқсас өзі құлыпқа.
Алты саны, ол-алтау,
Бестен кейін келеді,
Тапқыр бірден біледі.
7саны:Арнұр: 1 аптада жеті күн бар: 1-ші күн – дүйсенбі, 2-ші күн - сейсенбі, 3-ші күн - сәрсенбі, 4-ші күн - бейсенбі, 5-ші күн - жұма, 6-шы күн - сенбі, 7-ші күн – жексенбі.
8 саны: Рамазан: Қараңдаршы көз тігіп,
Сегіздікте - қос жүйрік.
Бас аяғы жоқ оның,
«8» саны, ал біліп.
Көзілдірік ол білсең
Жүрер көзге ел іліп.
9 саны: Нұртөре Тоғыз алты сияқты білмегенге,
Құйрығы бірақ қарап қалған төменге.
10 саны: Нұрлыбек: Тоғызға бір қосамыз,
Он санын енді тосамыз.
Қос таңбаны кім білсе,
Олар бір мен дөңгелек.
0 саны:Ұлмекен: Кетсе бәрі дөңгелеп,
Ұшып, қонып, не керек? Жоқтығын заттың білдірер
Қояйық нолді ертерек.

Би «Қара жорға»

Математика: Достарым!Әліппеден көп қызық әңгімелер, тақпақтар үйрендіңдер, енді математикадан алған білімдеріңді тексерейік.
1.Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма? (7 алма)
2.Менің 5 ешкім бар, Сенің 5 ешкің бар Менің екі ешкімді ал, Енді неше ешкім бар? (3) Математика: Терең ғылым сананың
Тегі деп ой саламын
Маңызды етіп оқыңдар
Математика сабағын

Мұғалім: Сендердің Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқуларың ата-аналарыңның қосқан үлесі мол. Қане, рақметімізді айтайық. Бәрі хормен: Рахмет сіздерге!


Ән «Балалық шақ» орындайтын Сейлхан Қалипа

Мұғалім: Қымбатты балалар! Мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптерімен таныстырып қойған жоқ. Сендерді бір-бірлеріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың құтты болсын! Әліппені бітірді балаларым, Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын қадамы балалардың.
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.





Осымен мерекелік кешіміз аяқталды.Ендігі сөз кезегі ата-аналарға,мектеп әкімшілігіне.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?ош,бол с?йікті ?ліппем!

Автор: Полатова Айгуль Жамантаевна

Дата: 20.01.2015

Номер свидетельства: 158406


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства